Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту icon

Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту



НазваниеШағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту
страница1/6
Дата конвертации24.10.2013
Размер0.85 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында

ағылшын тілін кіріктіре оқыту


Әдістемелік құрал


Астана

2013


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама).


Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 65 б.


Әдістемелік құралда шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқытудың теориялық аспектілері мен әдістемелік жүйесі ұсынылған.


© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013


Алғысөз


Қазіргі таңда түрлі жастағы топтардағы білім беру үрдісін ұйымдастыру шағын жинақты мектептердегі оқыту жүйесін ізгілендірудің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Шағын жинақты мектеп – бұл оқушылардың саны аз, біріктірілген сыныптардан тұратын, оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар жалпы білім беретін мектеп. Нақты айтқанда, 2007 жылғы шілденің 27-сінде (№319-ІІІ ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (24.10. 2011 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп [1]. ШЖМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері мұндай үлгідегі мектептің өзекті мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.

Елімізде ШЖМ-ді оңтайландыру мәселесі соңғы кезде көп айтылып келеді. Басты себеп – ШЖМ-те білім беру үрдісін ұйымдастырудың әдіснамалық, мазмұндық, әдістемелік, технологиялық компонентерінің нашар әзірленуі. Осы мәселенің шешімі ретінде Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады [2].

Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша біріктірілген 1-4 сыныптар 5743, 5-9 сыныптар - 3035, 10-11 сыныптар – 54. Қазақстанның 7398 жалпы білім беретін ұйымының 4145-і – ШЖМ. Бұл жалпы санның 56 %-ын құрайды. Бұлар оқушы санының аздығымен, сыныптарды біріктірумен, мұғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен сипатталады.

Елдегі халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың өңірлік аспектісіне негізделген: ШЖМ-ның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (облыстағы барлық мектеп санының 88,1 %-ын құрайды), Ақмола (81 %), Қостанай (77,5 %), Павлодар (76,5 %), Батыс Қазақстан (72,9 %), Ақтөбе (67,5 %), Шығыс Қазақстан (67,9) Қарағанды (58,9 %) облыстарында [2].

Соңғы 15 жылда ШЖМ-ның саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім ШЖМ жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында оқиды.

Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5,6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқытудың өзектілігі: қазіргі республикадағы шағын жинақты мектептерде орын алып отырған бірқатар мәселелерді шешу мақсатында және жаһандық экономикаға кірігу тілі – ағылшын тілінің маңыздылығын айқындау үшін 5, 6-сыныптарда ағылшын тілін кіріктіре оқытудың тиімді әдістемесін әзірлеу қажет.

Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:

  • сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;

  • бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы;

  • көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;

  • оқушылардың оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі;

  • сабақ тақырыбының өзара байланысы;

  • пәнаралық байланыстың дұрыс айқындалуы;

  • сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;

  • сабақтардың кестесін дұрыс жасау;

  • тиімді оқыту әдістерін таңдау;

  • сабақтың мақсатқа сай келетін құрылымын анықтау;

  • оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;

  • мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;

  • барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.

Шағын жинақты мектептерде толық кешенді мектептерге қарағанда оқу шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде «үлкен» сабақтың құрамындағы «кіші» сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай «кіші» сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне сәйкес болуы шарт.

Шағын жинақты мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар:

  • сыныптағы оқушылар санының аздығынан мұғалімнің оқытудың түрлі технологиялары мен әдіс-тәсілдерін (жаппай оқыту, топтық оқыту, ұжымдық оқыту әдістері) қолдана алмауы;

  • ағымдық бақылаудың дұрыс ұйымдастырылмауы: мұғалімнің жұмысының тығыздығынан оқушылар мұғалім тарапынан көмек ала алмайды, яғни мұғалімнің оқушы білімін тексеруге және қорытындылауға уақыты жоқ;

  • шағын жинақты мектепке арналған кіріктірілген пәндерді оқыту әдістемесінің жасалмауы;

  • өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы;

  • шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы;

  • шағын жинақты мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы;

  • шағын жинақты мектептердің коммуникация құралдарымен (компьютер, интерактивті тақта, аудио-, видеоқұралдар, ғаламтор) толық қамтамасыз етілмеуі;

  • шағын жинақты мектептер мен тірек мектептер (ресурстық орталықтар) жағдайында дайындық пен қайта даярлаудан өткен білікті педагог кадрлардың жетіспеушілігі;

  • өңірлік орталықтар, шағын жинақты мектептер мен тірек мектептері (ресурстық орталықтар) басшылары мен мұғалімдеріне арнаулы курстар, семинарлар, online-конференциялар, дөңгелек үстелдердің ұйымдастырылмауы.

Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл, көбінесе 5-8 және 7-9 сыныптарға қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді.


^ 1 Біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқытудың мақсаттары мен міндеттері


Ағылшын тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде шағын жинақты мектепте шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады .

Шағын жинақты мектепте шетел тілін оқытудың басты мақсаты коммуникативтік мақсат болуға тиіс [3]. Шынымен де біз тілді басқа адамдармен, ағылшын тілі ана тілі болып келетін адамдармен қарым-қатынас жасау үшін меңгереміз, белгілі бір мәселе бойынша өз пікіріміз бен көзқарасымызды білдіру, дискуссияларға қатысу үшін меңгереміз. Яғни орта мектепті бітіруші бағдарламада белгіленген көлемде оқыған шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруге тиіс. Демек сөз әрекетінің негізгі түрлерін: монолог және диалог түрінде сөйлеу ауызша айтылған сөзді тыңдап, түсіну, жазбаша мәтіндерді оқып, ондағы ақпаратты қабылдай білу іскерліктерін меңгеруге тиіс. Сонымен қатар оқушылар тілді ғана емес, тілін оқып жатқан елдің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін де меңгеруі тиіс. Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере келе, ағылшын тілін кіріктіре оқытудың мақсаты бір сыныпта отырған 5 және 6 сынып оқушыларының сөз әрекетінің төрт түрі бойынша білімдерді берік меңгеруін; аталған білім, білік, дағдыларды нақты коммуникативтік қарым-қатынас жағдайларында қолдануын; оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастықта және жеке-жеке жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіруді көздейді.

Ағылшын тілін оқыту үрдісінде тек мәдениетаралық қарым-қатынас біліктерін қалыптастыру ғана емес, эвристикалық стратегиялар мен іс-әрекеттердің тиімділігін, нақты мәдениет түрлерінің ерекшеліктерін және олардың өзара әрекет етуін қаматамасыз ететін біліктерді қалыптастыру көзделеді [4].

Мектепте ағылшын тілін оқыту осындай практикалық мақсатпен бірге білімдік мақсатты да көздейді, яғни, шетел тілін оқыту барысында оқушылардың филологиялық білімін арттыру және жалпы дүниетанымын кеңейту мақсаты жүзеге асады. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілін оқып жатқан елдің мемлекеттік құрылымы, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрлері, мәдени мұралары, көркемөнері, ұлттық құндылықтарымен танысады. Сөйтіп шетел тілі пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.

Ағылшын тілінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық құралдарын игеру барысында оқушылардың бойында білім алуда белсенділік, өз бетімен жұмыс істеуге қабілеттілік, қорытынды жасай білу іскерлігі қалыптасады. Жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Оқушылардың білімін арттыру олардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылады. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалану, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және оның кейбір жерлерін түсінгендерін қысқаша айтып беру, шағын хабарламалар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.

Ағылшын тілі пәні оқушылардың жан-жақты дамып жетілуіне, дүниеге көзқарасының, сана-сезімінің, рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруына игі әсер етеді. Шетел тілін оқып үйрену барысында оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, сөз әдептерін дұрыс пайдалануға дағдыланады.

Шағын жинақты мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуге тиіс. Осыған орай ағылшын тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғы шарты – оқыту әдіс-тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.

Коммуникативтік лингвистика саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері шетел тілдерін оқытуда көптеген теориялық және практикалық мәселелерін, оның ішінде ең алдымен оқытудың мазмұны туралы мәселені жаңа тұрғыдан шешу қажеттілігін көрсетуде. Қазіргі кезде шетел тілінің атқаратын ролі ерекше. Қазір адамдардың тіл саласындағы қызметі тіл арқылы қарым-қатынасқа түсуі, комуникативтік және танымдық мәні бар міндеттерді ойдағыдай шешуде және ойдағыдай түсінісуде көмекке келетін тәсілдер мен құралдар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлуде.

Мұғалім оқушыларға шетел тілін үйрету үшін, біріншіден шетел тілі бізге неге керек? Не үшін оқимыз? Қандай пайдасы бар? – деген сұрақтарға жауап беру керек. Осы сұрақтарға жауап берген соң әрбір мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сабақтың қызықты да әсерлі өтілуі жаңа сабақтың тартымды түсіндірілуіне де байланысты. Көрнекілік пен техникалық құралдарды ұтымды пайдалану жоғарыдағы міндетті ойдағыдай шешуге ықпал етеді. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруіне мүмкіндік туғызады, олардың ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар шетел тілін үйренумен қатар шетелдің тарихымен, әдет-ғұрпымен, әдебиетімен танысады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдарының бірі сыныптан тыс жұмыстар және қосымша материалдар беру. Қосымша материалдарды пайдаланып отыру оқушылардың сөздік қорын кеңейтіп, тіл байлығын жетілдіреді, шетел тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

ШЖМ мұғалімінің негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу. Бұл үшін оқу-тәрбие үрдісін кіріктіре оқытудың әдістерін тиімді пайдалана отырып өткізу керек. 2-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс әзірлеу, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет. Мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстарды оқушылардың өз бетімен орындауға дағдылануы – шағын жинақты мектептердегі оқытуды ұйымдастырудың басты ерекшелігі болып табылады. Ал оқушылардың басты мақсаты сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу және жазу дағдыларын бірізді және жүйелі түрде жетілдіру болып табылады.

Шағын жинақты мектептегі біріктірілген 5, 6 сыныптарында ағылшын тілін оқыту міндеттері:

  • біріктірілген сынып жағдайында меңгерілген материалдың бірізділігі және жүйелілігі принципін ұстану;

  • коммуникативті міндеттерді шешу үшін тілдік материалды қолдану және бейімдеу қабілеттерін дамыту;

  • түрлі құрылымдық-мазмұндық сұхбаттар жүргізу қабілетін жетілдіру;

  • монолог сөзді дағдыларын қалыптастыру;

  • шетел тіліндегі сөздерді қабылдау, түрлі жанрдағы түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну біліктерін қалыптастыру және ізгілендіру;

  • оқылған мәтінге өзінің ойын/ пікірін білдіру біліктерін дамыту;

  • жеке хаттар жазу, сауалнама толтыру, оқылған мәтін бойынша қысқаша мазмұндама жазу дағдыларын дамыту.



2 Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5,6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту сабақтарының ғылыми-әдістемелік негіздемесі


  1. Шағын жинақты мектептердегі интеграция

Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден бастау алады. Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп жазған. ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті [5].

ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.

Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына арналған кітаптар пайдаланылды.

Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады [5].

Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі мен оған ие болуы ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта қарауға мүмкіндік берді.

Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 385342 оқушы дәріс алады, ол барлық жалпы білім беру ұйымдарындағы 2491239 оқушының 15,5%-ын құрайды (2012). Мұндай мектептерде 51796 мұғалім қызмет атқарады [6]. Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.

Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4145-ке жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер. Байқағанымыздай, шағын жинақты мектептердің саны артты, ал мұндай мектеп жағдайында дәріс беретін мұғалімдердің саны әлі де аз. Республиканың жоғарғы оқу орындарында «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» мамандығы оқытылады, ал арнайы шағын жинақты мектепте оқыту әдістемесі бойынша мамандар дайындалмайды. Білікті педагог кадрлардың жетіспеушілігінен ШЖМ-дегі білім сапасы сын көтермейді. Мұндай мектеп жағдайында жұмыс істеу үшін мұғалімнің ШЖМ-дің ерекшеліктерімен танысуы қажет.

Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді;

  • өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

  • тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

ШЖМ-тегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

Шағын жинақты мектептің жоғарыда аталған ерекшеліктерінің бірі – сабақтарды кіріктіре оқыту, басқаша айтқанда интеграция.

Интеграция – ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференциация үрдісімен қатар жүреді. Интеграциялық сабақтың дәстүрлі сабақтан айырмашылығы – пәнаралық байланыстардың қолданылуы. Пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады.

Интеграция үдерісі (латынша integratio – біріктіру, қалпына келтіру) өзара байланысы мен өзара бірін-бірі толықтыруының негізінде жүйенің жекеленген бөлімдері мен элементтерін бір бүтінге біріктіру [7].

Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы – сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімінің жинақталуы, яғни әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. Оның жүргізілу әдіс-тәсілі әр түрлі: семинарлар, конференциялар, саяхаттар, т.б. [8]. Ал біріктірілген 5, 6 сыныптарда ағылшын тілін кіріктіріп (интеграциялап) оқыту пәнаралық байланыспен қоса тіларалық және тілішілік байланысты қолдануды көздейді.

^ Біріктірілген сыныптарда пәнішілік мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі:

  • оқушылар әр түрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір тақырыптың мазмұнына аударуға мүмкіндік жасалады;

  • әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып тиянақты меңгеруі қамтамасыз етіледі;

  • жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға және жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза оқытуға мүмкіндік туады;

  • мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа баулиды;

  • оқушылардың бірін-бірі тексеруі және бағалауы жүзеге асады, үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімінің сапасын анықтай алады;

Осының нәтижесінде бірпәндік, біртақырыптық ұстанымдарға негізделген мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытудың тиімділігі айқындалады.
  1   2   3   4   5   6



Похожие:

Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconШағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconШағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту принциптері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconШағын жинақты мектепте көптілділікті оқыту мәселелері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама)
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconУправление школой / педагогический менеджмент как условие развития субъектов образовательного процесса
Мемлекеттік тілін оқыту дәрежесінде коммуникативтік оқыту қолдана отырып оқушылардың ынтасын көтеру
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconҚазақстан республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың
Кіріспе
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconАгенттікте мемлекеттік тілді оқыту курсы өтті
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеруіне жәрдемдесу үшін және мемлекеттік...
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу қызметтері бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту iconР. З. Ауелейсена «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған №31 мектебі» М. М
Ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы