12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



Название12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)
страница8/9
Дата конвертации24.10.2013
Размер1.49 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ 5 Оқушыларды оқудан шығару негіздемесі және тәртібі

5.1. Мектеп әкімшілігі бейіндік сынып мұғалімдерінің ұсынуы бойынша, оқушыларды бейіндік сыныптан шығаруға мыналар негіздеме болып табылады:

- оқушының бір не бірнеше пән бойынша ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде үлгірмеуі;

- оқушының сабаққа ұзақ уақыт бойы себепсіз қатыспауы;

- оқушылардың өзін-өзі ұстау ережесін дөрекілікпен бұзуы.

5.2. Оқушыларды оқудан шығару мәселесі Жарғыда бекітілген тәртіпке сай, комиссия мен жалпы орта мектептің не бейіндік мектептің педагогикалық кеңесінің біріккен шешімі негізінде жүзеге асады. Шешім мектеп директорының бұйрығымен рәсімделеді.


6 Бейіндік оқыту сыныптарын басқару

6.1. Бейіндік оқыту сыныптарының іс-әрекеті Жарғымен және мектептің ішкі тәртіп ережелеріне сай ұйымдастырылады.

6.2. Бейіндік оқыту сыныптарында оқыту барысын мектеп мұғалімдері және мектептің уақытша азаматтық-құқықтық келісім негізінде шақырған мамандарыжүргізеді. Педагогикалық ұжымды мектеп директоры қалыптастырады.


^ 7 Оқушының құқықтары мен міндеттері

Бейіндік сыныптың оқушылары мектеп Жарғысында, осы Ережеде және мектептің басқа жергілікті актілеріне сай көрсетілген барлық құқықтарды пайдаланады және барлық міндеттерді жауапкершілікпен орындайды.

Ә қосымшасы


Бейіналды оқытуды ұйымдастыру бойынша

эксперименттік мектептердің пән мұғалімдерімен жүргізілген

сауалнама нәтижелері


2012-2013 оқу жылында бейіналды оқытудың мақсаты оқыту бағытын оқушылардың өздігінен таңдауға мүмкіндік беретін оқыту бағыттарын анықтау болып табылады.

Сауалнамада бейіналды сыныптарды еңгізудің өзекті мәселелері ескерілген. Ондағы алты сұраққа берілген жауап нәтижелері келесі диаграммаларда көрсетілген.

Сауалнамаға 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының 12 жылдық оқытудағы эксперименттік мектептердегі барлығы ^ 274 мұғалім қатысты.


1-сұрақ. Сіздің мектепте бейінді сыныптар жеткілікті ме, олар көпшілік оқушылардың мүддесіне сәйкес келе ме?

Жауаптардың нұсқасы:

а) иә

б) жоқ


^ Жауаптардың таралуы:




Мұғалімдердің 63,1 %-ының көрсетуі бойынша мектептерде бейіндік оқыту жеткілікті деңгейде жүзеге асырылуда, бұның өзі көптеген оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес болып отыр. Мұғалімдердің 36,9%-ы мектептердегі бейіндік сыныптар жеткіліксіз деп есептейді.


^ 2-сұрақ. Келесі оқу жылында мектептер қандай бейіндерді жүзеге асыруы тиіс?


Жауаптардың нұсқасы:

а) физикалық-математикалық;

б) физика-химиялық;

в) химия-биологиялық;

г) әлеуметтік-экономикалық;

д) әлеуметтік-гуманитарлық;

е) филологиялық;

ж) ақпараттық-технологиялық;

з) спорттық сауықтыру;

и) көркем-графикалық;

к) қорғаныс-техникалық;

л) гуманитарлық;

м) өз ұсынысыңыз___________________________________________


^ Жауптардың таралуы:





Диаграммада әртүрлі бейіндік оқытудың ұсыныстарының әртекті екендігі жақсы көрініп тұр. Мұғалімдердің 52,5%-ы физика-математикалық бағытты ұсынса, 25,2%-ы химия-биологиялық, 12,4%-ы физика-химиялық және қоғамдық бағыттарды ұсынған, мұғалімдердің 10,2%-ы өз нұсқасын, яғни, информатика-математикалық бағытты ұсынған. 9,5%-ы ақпараттық-технологиялық бағытты таңдаған, мұғалімдердің 8,8%-ы өз мектептерінде спорт-сауықтыру бағытын атап отыр, мұғалімдердің 8,4%-ы әлеуметтік-қоғамдық және филологиялық бағытты таңдаған, әлеумет-экономикалық бағытты – 5,8 %-ы, ал көркем-графикалық бағытты 3,3%-ы ұсынған болса, мұғалімдердің 0,3%-ы қорғаныс-техникалық бағытты таңдаған.

Сонымен бірге, физика-математикалық бағытты 144 мұғалім таңдап отырса, көркем-графикалық бағытты 9 мұғалім таңдаған. Ең төменгі процентті қорғаныс-техникалық бағыт құрайды.

Берілген сауалнама қорытындысы бойынша, жалпы білім беретін ұйымдардағы мұғалімдердің бейіндік бағыт деген не екендігін түсінбегендіктері байқалады. Мамандыққа дайындау бейіндік болып табылмайды. Бейіндік - кең мағынадағы ұғым. Ол қызмет саласын анықтайды.


^ 3-сұрақ. Бейінді таңдауда Сіз нені басшылыққа алдыңыз?


Жауаптардың нұсқасы:

а) балалар мен ата-аналар сұранысын;

б) кадрлардың жеткіліктігін;

в) осы бағыттағы тәжірибенің болуын;

г) басқасы __________________________________________________


^ Жауаптардың таралуы:





Мұғалімдердің 76,3%-ының пікірінше бейіналды таңдауда оқушының және ата-ананың қажеттілігі ескерілу қажет, 43%-ы берілген бағытта жұмыс тәжірибесінің болуын атап өткен, 23%-ы кадрлардың жетіспеушілігіне ерекше назар аударған; бейінді таңдауда еңбек нарығын және оқушылардың қалауы бойынша ескеруді мұғалімдердің 1,8% -ы көрсетті.


^ 4-сұрақ. Бейінді мектептегі өз орныңыз қалай елестетесіз?


Жауаптардың нұсқасы:

а) бейінді сыныпта жұмыс жасайтын мұғалім;

б) бейінді пәнді оқытатын мұғалім;

в) элективтік курсты жүргізетін мұғалім;

г) бейінді сыныптың сынып жетекшісі;

д) жауапқа дайын емеспін

^ Жауаптардың таралуы:





Экспериментатор-мұғалімдердің көпшілігі (55,5%) бейіндік сыныптарда жұмыс істейді немесе істегісі келеді, мұғалімдердің 51,4%-ы элективті курсты жүргізгісі келеді; 31,4%-ы бейіналды пәндерден сабақ бергісі келетін мұғалімдер, 8,4%-ы өздерін бейіндік сыныптардың сынып жетекшісі ретінде көреді, 0,7% мұғалімдер бұл жауапқа дайын еместігін білдірді.


^ 5-сұрақ. Сіз келесі оқу жылында оқушыларға кандай элективтік курстар (11-сынып) немесе таңдау курстарын (10-сынып) ұсынар едіңіз?


Экспериментатор мұғалімдер өздерінің авторлық арнайы курстарын ұсынды:

^ Ақмола облысы: салауатты өмір салты, қызықты грамматика, дизайн, аспаздық курстар бойынша, стандарттық емес мәселелерді шешу амалдары, Бурабайтану, сызу элементтері бар компьютерлік графика, журналистика, сөйлеу мәдениеті, биология және биохимия негіздері;

Алматы қ: заманауи генетика негіздері;

Астана қ: риторика – шешендік өнер, бизнестік ағылшын, математиканың таңдаулы сұрақтары, елтану, әлемдік көркем мәдениет, әлем әдебиеті;

^ Шығыс Қазақстан облысы: экология, жаратылыстану, астраномия, орыс тілінің стилистикасы, қолданбалы математика, комбинаторика, әлем мәдениеті және дін, алгоритмдік ойлау, инженерлік және компьютерлік графика, Web – дизайн, биохимия негіздері, талдамалық химия негіздері, қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын тереңдету курстары, аударма ісі, сәндік-қолданбалы өнер, ҚР азаматтық құқығы, іскерлік хат;

^ Жамбыл облысы: ағылшын тілді елдерді тану, АҚШ және Ұлыбритания әдебиеті, математикалық есептерді шешу практикумы, жалпы психология, этика және психология, қарым-қатынас психологиясы, таңдау курстары, «Теңдеу және теңсіздік шешу», көркем мәтіндердің лингвистикалық талдауы, ақпараттық-технологиялық, грамматика әлемінде, химия талдау негіздері, халықтық педагогиканы тереңдете үйрету, елтану негіздері, туризм, қазіргі әдеби процесс, биология есептерін шешу, химия-биология, өлкетану, қазіргі замандағы Қазақстан тарихы;

^ Батыс Қазақстан облысы: қолданбалы математика, фотошоп, ҰБТ-ға дайындық кезіндегі бақылау және білімді қорытындылау әдісі ретіндегі тестер, химия өмірде, физика және экология, құқықтану, экология: қоршаған ортаның өзекті мәселелері және табиғатты пайдалану, риторика, іскерлік ағылшын, Қазақстан тарихындағы философияның маңызы.

Қарағанды облысы: адам физикасы, тұрақты даму үшін экология, электротехника, функционалдық теңдеу, Қарағанды облысының химиялық өндірісі, бөлме өсімдіктері, Қарағанды облысының флорасы мен фаунасы, графикалық физика, рационалды теңдеу және теңдеулер жүйесі, механика бойынша есептерді шешу әдістері, генетика негізгі бойынша жалпы биология, жалпы химия негіздері, экономика және қаржы сауаттылығының негіздері, экономикадағы математикалық әдістер, мектеп театры, елтану.

Қостанай облысы: 10-сынып: жануарлар экологиясы, шешендік өнер, химия және құрылыс, зерттеу-жобалық қызмет, дебат, іскерлік қарым-қатынас, Қазақстандағы туризмнің дамуы, 11-сынып: Macromedia и Flash-анимации негіздері, қоршаған ортадағы геометрия, үй жағдайындағы химия, біздің айналадағы химия, медицина географиясы, әлеуметтік-экономикалық статистика негіздері;

^ Павлодар облысы: механика бойынша есептерді шешу, генетика бойынша есептерді шешу, жалпы риторика негіздері, тригонометриялық теңдеуді және теңсіздікті шешу, мәтін есептерді шешу, ағылшын тілді елдердің салт-дәстүрі мен ғұрыптары;

^ Солтүстік-Қазақстан облысы: органикалық химия негіздері, зат және оның қасиеттері, онлайн (ағылшын тіліне) режимінде оқушылардың сөйлеу құзыреттіліктерін дамыту, практикада логикалық есептерді шешу (математика), мультимедиялық технология, әлем картасындағы мемлекеттің картографиясы, молекулярлық биология, олимпиадалық есептерді шешу, адам физиологиясы, радиотехника және радиоэлектрониканың негіздері, азаматтану, тілстилистикасы, сөйлеу мәдениеті, қоғам және құқық.


^ 6-сұрақ. Бейінді оқытуды енгізу мәселесі бойынша қандай ақпарат, көмек алғыңыз келеді? Сіздің пікіріңізше жақын уақыттарда қандай мәселелерді қарастыру қажет?


Мұғалімдердің пікірінше көпсалалы мектептерде курстарды ұйымдастыруды қарастыру қажет.

Көпсалалы мектептің материалдық-техникалық базасының нашарлығы да проблема болып табылады. Мектептерді қазіргі заманға сай арнайы курстарды өткізу үшін компьютер, мультимедиялық, лингафон құралдарымен және ОӘК жабдықтау қажет. Бейіндік сыныптарды құруда оқушылардың үлгірімін ескеру қажет.

Бейінді мектептер тиімділігінің негізгі көрсеткіштерді: өмірлік жағдайды жобалауда оқушының субъектілік белсенді араласуы, олардың қабілеттері мен бейінділіктеріне сәйкес оқытудың таңдалған бейіннің қанағаттандыруы.

Бүгінгі таңда экспериментші мұғалімдердің пікірінше бейіндік оқытуды жүзеге асыру бойынша қажетті құралдар жетіспейді: еңбек нарығы талаптарын есепке ала отырып, оқушыларды әлеуметтендіруге бағдарланған, кәсіптік білім беретін ұйымдар мен мектептер арасындағы оңтайлы байланыс механизмі жасалмаған. Бейінді курстың басты міндеті – оқушыларды болашақтағы жолын өзі саналы таңдауға дайындау;

11,3 % пән мұғалімдері элективті курстарды ұсына алмады.

Ұсыныстар: 

  1. Элективтік курстар бағдарламаларының практикалық бағытын күшейту.

  2. Қысқа мерзімді курстарды жүргізудің қазіргі технологияларын қолдана отырып, элективті курстарды өткізудің формаларын кеңінен қолдануды ұсыну.

  3. Бейінді таңдауда еңбек нарығы мен оқушылардың пікірі ескеру.

  4. Таңдау курстарында қазіргі инновациялық технологияларды қолдану.

  5. Бейінді таңдауда оқушылар мен ата-аналардың пікірін ескеру.

  6. Бейіндік сыныпта жұмыс атқаратын сынып жетекшісіне әдістемелік көмек беру.

  7. Облыстық білім жетілдіру институттары бейіндік оқыту және тәжірибе тарату бойынша семинарлар ұйымдастыру.

  8. Колледждер, жоғарғы оқу орындары және кәсіпорындарымен әріптестік қатынас орнату.

^ Оқушыларға арналған сауалнама

Құрметті жоғары сынып оқушысы!

Осы оқу жылының соңында Сізге болашақ өміріңізге маңызды әсерін тигізетін, яғни арнайы орта кәсіби оқу орнына немесе 11-ші бейіндік сыныпта білім жалғастыруды таңдау мүмкіндігі туады. Барлық жағдайда да бұл таңдау Сіздің болашақ маманыңызға, Сіздің өмірлік және кәсіби өзін-өзі айқындау - басқаша айтқанда, көптеген маңызы зор сұрақтарға ойланып жауап беру қажеттілігі туындайды.

^ Сауалнама сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз.

1. Жоғарғы сыныпта оқудың қай бағытын таңдайсыз?

а) қоғамдық-гуманитарлық

б) жаратылыстану-математикалық

2. Неліктен Сіз бұл бағытты таңдадыңыз?


3. Жоғарғы сыныптарда қай бейіндік оқытуды (профильное обучение) таңдайсыз (қажеттіні дөңгелектеңіз):

1. химия-биологиялық

2. физика-математикалық

3. филологиялық

4. тарихи-құқықтық

5. әлеуметтік-экономикалық

6. Егер бұл тізімде Сізге қажетті бейіндік оқыту болмаса, оның атын жазыңыз________________________________________.


4. 10 сыныпты аяқтағаннан кейін Өзіңіздің біліміңізді қалай жалғастыруді көздеп отырсыз?

1) мектепте оқуды жалғастыру

2) 11-ші бейіндік сыныпта оқуды жалғастыру

3) Экстернатта оқу


^ 5. Бейіндік 11-ші сыныпты және болашақ кәсіпті таңдауға қандай факторлар әсер етті?


1)

Өзіңізге таңдаған нақты болашақ мамандығыңыз

2)

Белгілі бір кәсіптік оқу орнында оқуды жалғастыру мақсатында

3)

Ата-анамның мамандығы

4)

Өзіңіз тереңдетіп оқығыңыз келген мектептегі пәндер

5)

Көркем әдебиет, кино, видеофильмдер, баспасөз

6)

Өзіңіздің кәсіптік практикалық жұмысыңыздың тәжірибесі

7)

Достарыңыздың, таныстарыңыздың тәжірибесі және еліктеу

8)

Ата-ана немесе басқа да туыстардың кеңестері

9)

Мұғалімдердің ұсынысы

10)

Сыныптан тыс қосымша білім алу

11)

Әзірше ештене әсер еткен жоқ, таңдау әлі жасалмады



^ 6. 11-12 сыныптарда Сіздің кәсіби аықйндылығыңыздың табысты болуына қандай ұсыныстарды жүзеге асыру қажет деп санайсыз?


1)

Еңбек, адам және мамандықтар туралы мәлеметтерді көлемін молайту

2)

«Сенің кәсіби мансабың» атты пәнді мектеп бағдарламасында енгізу

3)

Кәсіптік маңызды қасиеттерді өзін-өзі диагностикалау және диагностикалау мүмкіндігін ұлғайту

4)

Әр түрлі оқу орындарында оқыту ерекшелдіктері туралы мәліметтер көлемін ұлғайту

5)

Әр түрлі өндіріс орындарына жиірек саяхат жасау

6)

Технологиялық және кәсіптік практиканы ұйымдастыру

7)

Бейінді сыныптарда келешектегі мамандықтарды таңдауға аса зор мән беру

8)

Негізгі мектеп пәндерінде кәсіби сынамаларды өткізу мүмкіндігін беру

9)

Білім мазмұнын адамдардың практикалық әрекеттерімен жақындату

10)

Мектеп пәндерін оқытуда оқушылардың бейімдерін және ынтасын ескеру

11)

Кәсіби өзін-өзі айқындаудауды қолдау үшін психологиялық-педагогикалық кеңестер беруді ұйымдастыру

12)

Ештеңені өзгерту қажет емес


7. ^ Таңдау курстарын оқытудың қандай формасы Сіз үшін өте тиімді деп ойлайсыз?

1) сабақтар, дәстүрлі оқыту;

2) жоба, рефераттар, курстық жұмыстарды дайындау және қорғау;

3) ғылыми зерттеулер, эксперименттер жүргізу;

4) Өндіріс орындарында тәжірибелік оқыту;

5) жағдайларды талдау және ойын барысында модельдеу;

6) Ұстаздардан, арнайы мамандардан жекелей кеңестер алу;

7) тренингтер, іскерлік ойындар;

8) басқа (атап көрсетіңіз)____________________________________________


8^ . Таңдау курстарына қатыспауға не кедергі болу мүмкін? Жауаптың нұсқаларын көрсетіңі:

а) курстар үйден алыс орналасқандықтан, курс өтетін жерге бару қиын;

б) курстар қолайсыз уақытта жүргізіледі;

в) таңдаған курстың бағдарламасы қызықсыз;

г) курсты беру сапасы қанағаттандырмайды;

д) таңдау дұрыс жасалмағандықтан;

е) курстың материалды-техникалық базасы әлсіз;

з) басқа (атап көрсетіңіз)____________________________________________


^ 9.Өзіңіздің болашақ мамандығыңызды қандай саламен байланыстырасыз?




^ Білім саласы

1)

Техника, өндіріс, материалды технологиялар

2)

Ақпараттық техника және технологиялар

3)

Медицина

4)

Құрылыс

5)

Көлік

6)

Сауда

7)

Халыққа қызмет көрсету

8)

Педагогика

9)

Экономика, басқару және ұйымдастыру

10)

Әскер, полиция

11)

Құқық, заң

12)

Психология

13)

Өнер

14)

Фундаментальды ғылым

15)

Әдебиет, тарих

16)

Басқа

17)

Әзірше білмеймін

10. Сіздің ата-анаңыздың білімі қандай?

1.аяқталмаған орта

2. орта

3. бастауыш кәсіптік

4. орта кәсіптік

5. жоғары

6. білмеймін

Анам _____________________________

Әкем ____________________________


11. Ата-анаңыздың мамаңдығы?

Ана және әке

1)

Жұмыскерлер

2)

Жоғары квалификациялы жұмысшылар

3)

қызметкерлер

4)

Медициналық қызметкерлер

5)

Педагогтар

6)

Ғылыми қызметкерлер

7)

Саудагерлер

8)

Әскери қызметкер, полиция қызметкері

9)

Экономист, есепші

10)

Халыққа қызмет көрсету қызметкерлері

11)

Өнер қызметкерлері

12)

Басқарушы, менеджерлер

13)

Заңгер

14)

Басқа

15)

Білмеймін

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconТұжырымдама Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту
Осы Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс»
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» аудандық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconЖұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде өз бетінше...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconДамыта оқыту технологиясы
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconПавлодар облысы білім беру басқармасының 20 жылғы
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі
Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық, Алаш қозғалысының 90-жылдық, Әміре Қашаубаевтың 120-жылдық, Қасым Қайсеновтың...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
Ығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМужебаева Айнұр Самарқанқызы №27 орта мектебі
Аралас мектепте білім беруді ұйымдастыру арқылы оқу үрдісіне қатысушылардың құзыреттілігін дамыту
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМойылды ауылы әкімінің 2011 жыл бойынша есебінің тезистері
Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік класс – 1, оның ішінде 5 компьютер, мектепте 1 интерактивтік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМойылды ауылы әкімінің 2012 жыл бойынша есебінің тезистері
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы