12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



Название12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)
страница7/9
Дата конвертации24.10.2013
Размер1.49 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚР білім беру жүйесіндегі 12 жылды білімдегі бейіндік оқыту

ҚР Білім жөніндегі Заңына сәйкес ҚР 2011-2020 жылғы білім дамуының мемлекеттік бағдарламасында 12 жылдық білім беру құрылымы келесі деңгейлерден тұрады:

  • Бастауыш білім беру(1-4 сыныптар), баланың танымдық процеске оң уәжі болуын, оқыту әрекетіне жеке қабілеттіліктерінің дамуын және ептілігін, баланың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етеді;

  • Негізгі орта білім беру (5-10 сыныптар), оқушының жоғары рухани-адамгершілік мәдениетінің қалыптасуын, тұлғааралық, этноаралық қатынас мәдениетінің, өз басына өзі жауап беруін және бейінді дайындығын, ғылым жүйесінің базалық негіздерін қамтамасыз етеді.

  • Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар), алдағы интеллектуалдық, рухани, физикалық өсуінің жасалу шарттарын, келешек мамандығының таңдау бағытының жіктелу, бірігу негізінде білім беру мазмұнының кескінделуін, қоршаған орта, адам, қоғам туралы оқушының қорытындалған білімдерін біртұтас игеруін қамтамасыз етеді.

Бейінді оқытумен байланысты 12 жылдықбілім берудің келесі негізгі ерекшеліктерін атап өту керек:

  1. Таңдаулы бағыт бойынша (табиғи-математикалық, қоғамдық-математикалық және технологиялық) 11-12 сыныптарда бейінді оқыту. Түлектерді жоғары дәрежеде дайындаумен байланысты:

  • Жоғары білім беруде келешек мамандықты таңдауға;

  • Жоғары оқу орнында оқуларына.

Осыған орай, жоғары білімді, жоғарыквалификацияланған мамандар, келешек ғалымдар дайындаудың бастапқы базасының, негізінің құрылуы – бейінді оқытудың мақсаты болып табылады.

Бұл ретте бейінді оқыту мектеп қабырғасында оқушылардың бастауыш деңгейдегі мамандықтарын ұсынуды өзінің мақсаты етіп қарастырмайды.

  1. Оқушыларға бастауыш буын кәсіптерін меңгерту колледждерде міндеті техникалық және кәсіи білім беру аясында шешіледі. Бүгінде колледждер қалалық та, ауылдық та (ірі ауылдық мекендер) жерлерде жұмыс жасайтыны белгілі.

  2. Негізгі мектептің жоғары сыныптарында (9-10 сыныптар) бейіналды дайындықты жеке пәндерді тереңдете оқитын оқушылар санатында негізгі мектепті бітірген соң ЖОО-ға түсу үшін бейіндік мектепте (11-12 сыныптар) білімін жалғастыруды жоспарлағандары ғана оқиды.

  3. Ұсынылатыны: негізгі мектепті бітірген соң (10 сыныптан соң): - оқушылар, өз қалаулары бойынша, түсу емтиханысыз, оқуды техникалық және кәсіби білім беру және ортадан скейінгі ілім беру ұйымдарында жалғастырады. Емтихансыз түсу оқушылардың өз жеке тұлғасының даму траекториясын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Осының негізінде колледж оқушыларының алдында өз кәсіби дамуын жалғастырудың үш жолы ашылады.

2-курсты аяқтап, оқушы жалпы білім берудің базалық мазмұнын меңгереді (11-12 сыныптардың қажетті минимумы), сонымен қатар біліктіліктің бастапқы деңгейін бітіргені туралы куәлік алу үшін керекті пәндер оқытылады. 2 курстан соң, колледж студенттерінің қолынан келетіні:

а) осы ұйымда оқуын жалғастырып, 3-4 курстарда біліктіліктің орта буынын алады (үлгерімнің керекті деңгейіне ие болғанда);

игерген кәсібі бойынша жұмысқа орналасып (кіші маман кәсібі бойынша), сол мезгілде колледждегі оқуын қашықтан оқу не сырттай оқу формасында жалғастырады;

б) кешенді тестілеу (КТ) негізінде толық оқыту бағдарламасын аяқтауға жоғары оқу орнына түсу.

Колледжді ТжКБ-нің және ортадан соңғы білімнің (1-4 курс) толық оқу бағдарламасын аяқтаған соң, оқушылар орта буын маманының дипломын алады, ол иплом мынадай құқықтар береді:

а) мамандығы бойынша білім деңгейіне сай жұмысқа орналаса алады (орта буын маманы);

ә) кешенді тестілеу нәтижесі бойынша ЖОО-ға түсіп, қысқартылған бакалавриат бағдарламасымен оқи алады (4 жылдың орнына 3 жыл оқиды).

5. Бейіндік сыныптардағы (11-12 сыныптар) оқушылар, бейіндік пәндерді тереңдете оқудан басқа, ҚР БҒМ-мен келісілген көлемдегі жоғары оқу орындарының жалпы білімдік пәндерін оқиды ( саясаттану, мәдениеттану т.б.). 12 жылдық мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) негізінде жалпы орта білім туралы аттестат алып, тәуелсіз ұлттық тестілеу формасындағы бейіндік емтихандарнегізінде ЖОО-ғатүсе алады.

6. Өзінің түпмәні жағынан, 11-12 сыныптардағы бейіндік оқытудан кейін түлектер ЖОО-ға емтихансыз түседі. Бейіндік оқытуға (11-12 сыныптар) түсудің осындай мақсаты 5-10 сыныптарда оқудың уәжділігін жайлы жағынан жоғарылата алады.

Оқушылар 10 сыныптан соң ТжКБ-ге түсу емтиханысыз түсе алады және алғашқы екі курсты тегін (бюджет есебінен) оқи алады (бұл – олардың конституциялық құқығы), не болмаса, кем дегенде, базалық орта білім тегін берілуі тиіс.

  1. Жалпы орта білім (бейіндік оқыту) 11-12 сыныптарда білім беруді ұйымдастырудың мынадай түрлері арқылы жүзеге асырылады:

- бейіндік сыныптары бар жалпы білім беретін мектептерде;

- үш бағыттағы 11-12 сыныптар (ЖМБ, ҚГБ, технологиялық);

- бір бағытта оқытуды іске асыратын «Бейіндік мектептерде» (лицейлер – ЖМБ, не гимназиялар - ҚГБ) (бірбейінді мектептер);

- ірі ауылдық мекендерде ашылған тірек мектептерде («Ресурстық орталықтар»).

^ Жалпыбілім беретін ұйым (бейіндік мектеп) қалалық және ауылдық жерлерде жұмыс жасап жатқан жалпы орта білім беретін мектептер негізінде құрылады және оқыту 3 бағыт бойынша жүргізіледі (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық).

^ Бірбейінді мектеп дегенде, бір бағыттағы жалпы білім беретін ұйым түсінілетіні белгілі. Бірбейінді мектептің бағытын анықтауда мектептің материалдық-техникалық және мамандар әлеуеті назарда ұсталынады. Мысалы, жұмыс жасап жатқан лицейлерде – жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік мектепті ашудың алғышарттары бар, жұмыс жасап жатқан гимназияларда – қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейіндік мектептер ашуға керекті алғышарттар бар. Аймақтың экономикалық сұраныстарын ескергенде, облыс орталықтары мен ірі қалаларда қосымша жаңа бейіндік мектептер салынуы мүмкін.

^ Тірек мектебі (ресурстық орталық) - білім беру ұйымы, оның базасында жақын жатқан ШЖМ-ң білім беру ресурстары жинақталады, Әрбір ресурстың артында бірнеше ШЖМ тіркеледі. ШЖМ оқушысы он күннен үш рет тірек мектебінде оқып, онда аралық қорытынды аттестация тапсырады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектебінің мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтан оқыту технологияларын қолданумен өткізіледі. Осылай, ШЖМ мәселесі тірек мектептер, интернаттар мен тасып жеткізу есебінен шешіледі (БДМБ қағидалары бойынша).

  1. БДМБ-на орай, бастауыш, негізгі бейіндік мектептерді аяқтаған соң, ұлттық тестілеу жүйесі жүргізіледі:

  • бастауыш мектепте – таңдалып жүргізіледі, оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу мақсатымен;

  • негізгі мектепте – оқытудың одан әрі қарайғы траекториясын анықтау мақсатымен;

  • жалпы білім беретін (бейіндік) мектепте- ұлттық бірыңғай тестілеу түріндеалынған білім, білік, дағдылардың деңгейін анықтау мақсатымен;

  • бұдан басқа, БДМБ-ге сәйкес, жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу түрінде қосымша бейіндік емтихандар тапсыратын болады.

  1. 11-12 сыныптарда үшінші - технологиялық бағытты енгізудің негіздемесі.

Қазақстан экономикасының өсуі жұмысшы мамандығы негізгі болып саналатын орта іскерліктің дамуымен тікелей байланысты болып келеді. Ерте еректенудің қажеттілігі мен білім алып жатқан жастардың жұмысшы мамандығына бағдар алуы технологиялық бағытты енгізуді талап етеді.

Осымен де байланысты, ҚР «Білім туралы» заңының 16 бап. 3 т. бұрынғы ережесін қайта қалыпқа келтіруді жөн деп санаймыз. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары саралау,икіріктіру және кәсіби дайындыққа бағдар ұстануымен ерекшеленіп әзірленеді. Бейіндік оқытуды енгізу әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық және оқушыларды кәсібиге дейінгі дайындыққа бағдарлайтын басқа бағыттарды жүзеге асыруды көздейді. Жалпы орта білім берудің жалпыбілімдік оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл. (бұл тармақша "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
24 қазандағы № 487-ІV Заңымен алынып, онда технологиялық бағдар алынып тасталынды).

Үшінші технологиялық бағыттың енгізілуі қажеттілігі туралы негіздеме.

Бұған Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы
24 қазандағы № 487-ІV Заңының 1 бабының 18 т. негіздеме бола алады.

Осы ұсынысқа орай, БДМБ-ның сәйкес ережесіне өзгеріс енгізу керек, онда: «2014 жылға қарай «Бейіндік мектеп» атты бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленіп, сынақтан өткізіледі. Онда мынадай бағыт көрсетілген: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар болады.

Тәуелсіз бағасапасы (ТБС) - оқушылардың еңбек қызметіне шығарылуының ерекшелігі болып табылады.


Қорытынды


Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда оқушылар мен ата-аналардан алдын ала сұрақтар бойынша пікірлерін білу және нақты аймақ, қала, ауданның еңбек нарығының сұранысы тірек ретінде алынады. Мектептің (мамандар, материалдық-техникалық қоры) мүмкіндігі де маңыздылығы жағынан жоғары көрсеткіш болып саналады.

Әрине, бейіндік оқытуды енгізу экспериментін іске асыру барысында көптеген мәселелер туындайтны белгілі. Мысалы, мұғалімдерді қайта оқыту, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту, емтихандар алу, оқушыларды іріктеу.

Бірақ ештеңеге қарамастан, болашақ – бейіндік мектептікі. Ол болашақты сауаттылықпен басқаратын азаматтар даярлайтын бейіндік мектептікі.

Әрине тұспалдауымызша, оқушыларға белгілі бір тартыншақтық тән болып келеді, ол тартыншақтық ата-аналардың, мұғалімдерің консервативтілігі арқасында күшейе де түсуі мүмкін. Шынтуайтына келгенде, сөзсіз, балалардың көпшілігі өздері іштей таңдаған мамандығына қарай ұмтылып тұратыны белгілі.

^ Ресми статистиканың мәліметінше: жоғары сынып оқушыларының тең жартысы мектеп бағдарламасын игермейді. Бірақ сәтсіздіктің себептері – оқытуға дұрыс тұрғыдан келмеуі, мұғалімдердің өз әріптестерінің озық тәжірибесін, үлгілі әдістемелері мен технологияларын қолданғысы келмеуі, жеке тұрғыдан келу ұстанымдары, оқытудың ұжымдық тәсілдері т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрине, көптен бері айтылып келе жатқандай, бейіндік оқытуды тәжірибеде жүзеге асыруға құлқы болмауы да басты себептердің бірінен саналады. Көп жағдайда, негізсіз айтылып келе жатқаны белгілі.

Барлығы демесек те, көптеген ата-аналар, өз перзенттерінің белгілі бір бейіндік бағыттағы мектепте оқуына тілектестігін білдіреді. Еліміздің барлық мектептерінде бейіндік оқытуды енгізу – қоғамдағы көптеген құбылыстар үшін қиғаш және төңкеріс сипатында болатын мәселе. Бұл ретте осындай жаңалықтарды енгізуге аса сақтықпен қарайтын адамдармен жасалатын жұмыстардың түрлі баламаларын қарастырып қойған дұрыс болады.

Түптеп келгенде, егер бұл мәселе жеке тұлғаның көздегендеріне байланысты болса, нақты бір мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру ата-аналар мен балалардың тілегін ескере отырып шешілуі керек. Бұл тұста нақты мектептің мүмкіншіліктері де алдыңғы орында болады.

Мектептің жоғары сыныптарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру оныншы сынып оқушысы үшін әрі қарай білім алуды бейіндендіруді маңызды және өзекті мәселеге айналдырады. Егер, негізгі мектеп түлегінің көпшілігі жоғары сыныпта оқуға бет алатын болса, бейінді таңдау бұқаралық сипатқа ие болады.

9-сыныпта таңдау курстарының, факультативтің жүйесін енгізу керек, олар модульдік негізде құралған болуы тиіс, соған қарап әр оқушы өзінің белгілі бір білім саласы бойынша танымдық қызығушылығын, мүмкіндіктерін бағалай алатын болуы керек.

Осылай, бейіндік оқыту - оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағдарланғанбілім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы саралай оқыту теориясын іске асыру және дамытудың заңды нәтижесі. Ол біздің қоғамымызда, әлеуметтік өмірімізде, құндылықтар жүйесінде болып жатқан күрделі өзгерістермен шартты байланыста. Бейіндік оқытуды енгізу – қазіргі білім беру саласындағы реформаның негізгі бағыттарының бірі. Жаңа бейіндік мектеп құру – жауапкершілікті, білім мазмұнын қалыптастыру мен білім беруді ұйымдастырудың формаларын таңдауда, мамандарды қарқынмен даярлауда сапалы өзгерістерді қалайтын маңызды үдеріс.




^ А қосымшасы

Ж О Б А


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Жалпы білім беретін ұйымдардың

бейіндік 11 сыныбына қабылдау

ЕРЕЖЕСІ


Астана-2012

1 Жалпы қағидалар


1.1 Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 24 қазанындағы 487-ІҮ «Білім туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сәйкес әзірленді.

1.2. Жалпы орта білім білім алушылардың табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас аяқталған білім жүйесін игеруді, жеке тұлғаның олардың әрі қарайғы интеллектуалдық, рухани және дене өсуі мен дамуы, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығын таңдауын қамтамасыз етеді.

1.3. Жалпы орта білім үш бағытта – қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, технологиялық бағытта - жүргізілетін бейіндік оқыту негізінде екі жыл бойы жүргізіледі.

11-12 сыныптардағы таңдалған (қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, технологиялық) бағыт бойынша бейіндік оқыту түлектерді:

  • болашақ мамандығы бойынша жоғары білім алуды таңдауға;

  • жоғары оқу орындарында оқытуғадайындау қажеттілігімен анықталады.

Осыға сәйкес, бейіндік оқытудың мақсаты – жоғары білімді биік біліктілігі бар мамандар мен болашақ ғалымдарды дайындаудың алғашқы іргетасын қалыптастыру болып табылады. Саралай оқытуды іске асыру және білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аталған үш бағыт аясында оқытуды туыстас пәндер бойынша бейіндеу енгізіледі.

Бұл ретте бейіндік оқытудың мақсаты мектеп қабырғасында мамандықтың алғашқы буынын ұсыну болып табылмайды.

1.4. Жалпы орта білім (бейіндік оқыту) 11-12 сыныптарда білім беруді ұйымдарының мынадай түрлерінде:

- үш бағыттағы (ЖМБ, ҚГБ, технологиялық) бейіндік сыныптары бар жалпы орта білім беретін мектептерде;

- бір бағыт бойынша (ЖМБ -лицейлер, ҚГБ – гимназия) (бір бейінді мектептер) оқытуды жүргізетін «Бейіндік мектеп» бейіндік мектептерінде;

- ірі ауылдық мекендерде ашылған тірек метептерінде («Ресурстық орталықтарды»)іске асырылады.

Қалалық немесе ауылдық мекендердегібейіндік сыныптары бар жалпы орта білім беру ұйымдары немесе бейіндік мектептер жұмыс істеп жатқан жалпы орта білім мектептерінде құрылып, оқыту үш (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық) бағыт бойынша жүргізіледі.

^ Бірбейіндік мектеп дегеніміз – бір бағыттағы оқытуды жүргізетін жалпы білім беру ұйымдары. Бірбейіндік мектептің бағытын анықтауда оның материалдық-техникалық қоры мен мамандар әлеуеті баса ескеріледі. Мысалы, жұмыс жасап жатқан лицейлерде жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік мектептің ашылуына лайықты, гимназияларда – қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейіндік мектептің ашылуына лайықты алғышарттар қалыптасқан. Облыс орталықтары мен ірі қалаларда аймақтардың экономикалық сұраныстарын екере отырып, қосымша жаңа бейіндік мектептер салынуы мүмкін.

^ Тірек метептері («Ресурстық орталықтар») дегеніміз – жақын өрісте орналасқан ШЖМ-лардың білімдік қоры шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталықтың өзіне бекітіліп тіркелетін бірнеше ШЖМ болады. ШЖМ-да білім алушылар үш рет он күннен тірек мектебінде оқып, онда аралық және қорытынды аттестация тапсырады. Сессияаралық уақытта ШЖМ-да оқутірек мектептің мұғалімдері мен қашықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізіледі. Осылай, ШЖМ мәселесі тірек мектептер, интернаттар мен тасып-жеткізу есебінен шешіледі (ББДМБ қағидаттары бойынша). Осы ереже негізінде «Бейіндік мектеп» тірек бейіндік мектебі ірі ауылдық мекендерде құрылып, қосымша – балаларға арналған жатақхана салынады, оқыту ұзақтығы барлық бейіндік мектептерді оқыту тәртібіне сәйкес 34 апталық болады.

1.5. Бейіндік сыныптар білім беру ұйымдарының мәртебесіне сай, білім беру басқармаларының бұйрығымен ашылады.

2 Бейіндік сыныптарды құрамдау

2.1. Он бірінші сыныптарға қабылданатын оқушыларға қойылатын басты талап – олардың негізгі орта білім бағдарламасын аяқтауы және оны дәлелдейтін куәлік алуы.

2.2 Қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, технологиялық бағыттардың бейіндік сыныптарын құрамдауда бейіналды дайындықтары мен негізгі орта білімді аяқтауда өткізілген тестілеу нәтижелері баса ескерілерід.

2.3 Бейіндік сыныптары бар қалалық және ауылдық орта мектептеріне куәліктерінде «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» бағалары және бейіналды дайындыққа сай келетін бір-екі сертификаты бар негізгі орта мектептің түлектері қабылданады.

2.4 Шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлғалар бейіндік мектептерге түсерде Қазақстан Республикасында тұрақты мекен етуге құқық беретін құжатын көрсетуі, ол құжатта тұратын мекенжайына тіркелгені көрсетілуі, ҚР ратификацияланған, халықаралық келісімдерге сәйкес (ҚР «Білім туралы» Заңы, 56 б. 1 т.), Қазақстан Республикасында танылатын негізгі орта білім деңгейін бітіргені туралы құжатын көрсетуі міндетті.

2.5.Қалалық бірбейіндік мектепке не ауылдық «Бейіндік мектеп» тірек мектебіне куәліктерінде «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» бағалары және бейіналды дайындыққа сай келетін бір-екі сертификаты, сонымен бірге «Жекелеген пәндерді меңгерудегі ерекше жетістіктері үшін» (бейіндік пәндер бойынша) мақтау грамоталары бар, сонымен қатар таңдалған бағыттың бейіндік пәндері бойынша қалалық, аудандық және республикалық олимпиада жеңімпаздары мен қалалық, аудандық, республикалық конференциялардың дипломанттары болған негізгі орта мектептің түлектері қабылданады.

2.6. Ашылатын он бірінші бейіндік сыныптардың саны мен бейіндік білім мазмұны мына мәселелерді шешуге міндетті:

- негізгі орта білім бағдарламасын меңгеріп, жалпы орта білім алуды жалғастыратын оныншы сынып түлектерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға;

- түлектер берген өтініштер бойынша және білім беру үдерісін ұйымдастырудың санитарлық нормаларының ескерілуі бойынша мәселелердің білім беру басқармаларымен келісілген болуы.

2.7. Бейіндік сыныптарға тіркеу үшін төменде көрсетілген құжаттар ұсынылуы керек:

- негізгі орта мектеп түлегінің өтініші;

-білім алушының белгіленген үлгі бойынша толтырылған медициналық картасы;

- таңдаған бейіні бойынша оқуға жарамдылығы туралы медициналық анықтаманың типтік формасы;

- негізгі орта білім туралы куәлік;

- бейіналды дайындық қорытындылары бойынша алған сертикаттары (егер болса);

- «жекелеген пәндерді меңгерудегі ерекше жетістіктері үшін» (бейіндік пәндер бойынша) мақтау грамоталары (егер болса);

- таңдалған бағыттың бейіндік пәндері бойынша қалалық, аудандық және республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздары дипломы (егер болса);

- қалалық, аудандық, республикалық конференцияларға қатысқаны туралы сертификаттары және жарияланған жұмыстары (құрастырылған модельдері, сызбалары т.б.).

2.8 Өтініштерді қабылдау 16 маусымнан бастап 31 тамызға дейінгі аралықта жүргізіледі.

2.9. Ұсынылған құжаттар жалпы орта мектептердің немесе бейіндік мектептердің хатшылық арқылы 11 сыныпқа қабылдау журналдарында тіркеледі.

2.10. Бейіндік сыныптарды құрамдау қоғам үшін шынайы, әділ және айқын негізде іске асрылуы тиіс, ол үдеріске үміткер-оқушылардың, олардың ата-аналарының (олардың орнындағы тұлғалардың), сол жалпы орта білім ұйымдарының педагогтерінің, жергілікті атқару органның, өндірістік мекемелердің өкілдерінің, психологиялық қызмет мамандары қатыстырылуы керек.

2.11. Жалпы орта мектептердің бейіндік сыныптары мен «Бейіндік мектеп» бейіндік мектебіне тіркеу осы Ереженің 2.8. т. көрсетілген тізімге сәйкес құжаттардыңұсынылуы негізінде, үміткер-оқушылардың, олардың ата-аналарының (олардың орнындағы тұлғалардың), сол жалпы орта білім ұйымдарының педагогтерінің, жергілікті атқару органның, өндірістік мекемелердің өкілдерінің, психологиялық қызмет мамандары қатысқан жалпы орта білім ұйымдарының кеңейтілген Педагогикалық кеңесінің қорытындысы негізінде өткізіледі.

2.12. Бейіндік сыныптарға тіркеу мектептің кеңейтілген педагогикалық кеңесінің Шешіміне сүйене отырып жасалған мектеп директорының бұйрығымен рәсімделеді.

2.13. Жалпы орта мектептің бейіндік сыныптарына түскенде оқушылар мен олардың ата-аналары (олардың орнындағы тұлғалар) барлық құжаттармен, мектеп Жарғысымен, бейіндік оқыту сыныптары туралы Ережемен, басқа да керекті нормативтік-құқықтық актілермен таныс болуы тиіс.

2.14 Бейіндік оқыту сыныптарындағы оқушылардың саны жиырма бестен (25) аспауы тиіс.

2.15 Оқушыларды қосымша қабылдау оқу жылы басталмай тұрып, жалпы білім ұйымдарының Педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде оқушылардың жеке оқу жетістіктерінің портфелін және білім рейтингін ескере отырып бос орындар болған кезде (егер сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспаса) жүргізіледі және мектеп директорының қосымша бұйрығымен рәсімделеді.

2.16 Оқушының бейіндік сыныпқа тіркелгені туралы бұйрықпен танысу Актісі оның ата-анасының (олардың орнындағы тұлғалардың) қолымен сендіріліп бекітіледі.

3 Білім беру үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырылуы

3.1. Бейіндік оқыту сыныптарындағы оқу мерзімі - 2 жыл (11-12 сыныптар), оқу түрі – күндізгі.

3.2. Бейіндік оқыту сыныптарыміндетті базалық компонент, бейіндік пәндер, элективтік курстар, оқу тәжірибесі, сонымен бірге сыныптан тыс іс-әрекеттер жүйесі, жалпымектеп іс-шаралары, қосымша білім алу енгізілген бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. Бағдарламаларды педагогикалық ұжымы әзірлейді, мектептің әдістемелік кеңесі бекітеді.

3.3 Бейіндік оқытуды қамтамасыз ететін жалпы орта білім жүйесін қаржыландыру шарттары Қазақстан Республикасының барлық жалпы білім беру ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Жалпы орта білім беру ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету – кепілденген тегін жалпы орта білім беру үшін, жалпы орта ұйымдарында қажетті материалдық-техникалық база құру үшін, бейіндік оқыту барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға жағдай жасауға, әсіресе, оқу тәжірибесін жүрізу барысында керекті жағдай жасауға жеткілікті болуы міндетті.

^ 4 Материалдық база

Жалпы орта білім ұйымдары санитарлық-гигиеналық талаптар мен нормаларға жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі.

Жалпы орта білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасының құрамында мыналар болады: бейіндік оқытуды, демалысты, тамақтануды, дәрігерлік қызмет көрсетуді, спортпен айналысуды, мәндеи-көпшілік іс-шаралар өткізуді және оқушылардың шығармашылығын дамытуды, сонымен қатар, санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сай келетіндей қауіпсіз және жайлы жағдайда ұйымдастыру ережеріне сәйкес инфрақұрылымы бар ғимарат; заман талабына сай (байланыс және коммуникация құралдары, желілік қатынас, кеңжолақты интернет, мультимедиалық кабинеттер, интерактив тақта, есту- және көру техникалары, цехтар, шеберханалар) оқыту құралдарымен жабдықталған пәндік оқу кабинеттері; үй-жайдың қажетті жарықтық және ауа-жылыту тәрітібіболуы, санитарлық-гигиеналық нормаларға жауап беретін санитарлық орындар мен жеке бас гигиенасына арналған бөлмелер; ғимараттағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларға үшін арнайы қарастырылған жабдықтар; мектеп-интернат болса, оқушылар тұратын, тамақтанатын, және демалатын мекенжайлар; мектепалды учаскелер болуы міндетті.

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconТұжырымдама Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту
Осы Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс»
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» аудандық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconЖұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде өз бетінше...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconДамыта оқыту технологиясы
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconПавлодар облысы білім беру басқармасының 20 жылғы
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі
Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық, Алаш қозғалысының 90-жылдық, Әміре Қашаубаевтың 120-жылдық, Қасым Қайсеновтың...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
Ығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМужебаева Айнұр Самарқанқызы №27 орта мектебі
Аралас мектепте білім беруді ұйымдастыру арқылы оқу үрдісіне қатысушылардың құзыреттілігін дамыту
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМойылды ауылы әкімінің 2011 жыл бойынша есебінің тезистері
Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік класс – 1, оның ішінде 5 компьютер, мектепте 1 интерактивтік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМойылды ауылы әкімінің 2012 жыл бойынша есебінің тезистері
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы