12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



Название12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)
страница6/9
Дата конвертации24.10.2013
Размер1.49 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ Ауыл мектенбіндегі бейінді оқытудың моделі

Бейінді оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Бейінді оқытудың қамтитыны:

1) оқушылардың жеке пән бойынша жалпы білім алуын тереңдетіп оқыту;

2) жоғары білім алуға дайындау;

3) оқушылардың сәтті әлеуметтенуі;

4) оқушылардың жеке оқу бағдарламасын құру.

Бейінді оқыту оқушының даралығын қарастырады, білім беруді ұйымдастыру мен құрылымындағы өзгерістер есебінен баланың бейімі, қабілетіне қарай оқуды жалғастыруы көзделеді.

Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін:

1) бейінді оқытудың бағдарламасын жасау керек (ол оқушының ЖОО түсуіне, өзінің жекелеген білім траекториясын құруына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс).

2) ол бағдарламаларды ЖОО, ата-аналармен және жұртшылықпен келісіп жасау керек;

3) 9-сынып оқушыларына бейін алды оқытудың бағдарламасын түсіндіру қажет, сонда олар негізделген бейінді оқытуды таңдап алады;

4) бейінді оқытудың бағдарламасын меңгерту бойынша эксперимент өткізу;

5) бейінді оқытуды іске асыруға крісу.

Елдімекендегі мектептер санының типтік ахуалы.

Біздің еліміз үшін мына ахуалдар типтік болып саналады:

А. Бір елдімекенге таяу жерде бірнеше ірі мектептер болады.

В.бір елдімекенде бір ірі немесе бірнеше шағын мектептер болады.

С. Бір елдімекенде бір мектеп болады.

Д. Бір елдімекенде бір шағын, бір толық емес мектеп болады.

Осындай мектептер саны төрт типті болады. Мұнда жалпы орта білім беру жүзеге асырылады.

Бейінді оқытуды ұйымдастырудың негізгі моделі.

Ауыл мектептерінде бейінді оқытудың төрт түрлі моделін айтуға болады: екі мектепаралық және екі мектепішілік [35].

1.Мектепаралық бейінді оқытуды бірнеше мектепке таратып бір бейінді етуге болады. Ондай жағдайда бейінді еместі тереңдетіп оқытуға болады.

2. Бейінді оқытуды мектепаралық етіп бөлгенде мектеп екі не одан да көп бейінді болады. Бұл мектеп саны аз болғанда мүмкін болады. Көп бейінді мектеп ауыл үшін ресурстық орталық міндетін атқарады. Ондай жағдайда бейінді сыныптар сол мектепте болады.

3. Бір мектептің ішінде бейінді оқытуды сыныптарға бөлу . Мұндай мектеп көп бейінді деп аталады. Бейінді емес сыныптарда тереңдетіп оқыту көзделмейді.

4. Әр жастағы балаларды топқа бөлу әр жастағы оқу тобын құруға мүмкіндік (9-11 сыныптар) береді [36].


^ Бейінді оқытуды психологиялық сүйемелдеу

Бейіндік сыныптар шеңберінде оқитын оқушылардың әлеуметтік жағдайын ата-ана және мұғалім бейнесіндегі қоғам балаға кәсібилену, бір бағытқа бет бұру, сонымен бірге әмбебап білім алу, тұлғалық сапа мен кең ой-өріс сияқты бірқатар қасиеттерге ие болуды талап ете отырып қалыптастырады. Әлеуметтік жағдай өз қатарластарымен қарым-қатынас жасауға бағытталған жасөспірім кезеңнің әлі қайтпаған мотивтерінің сақталуымен толықтырылады. Бұл жағдайлар қызмет түрлерін туындатады (жеделдетілген оқу және ерекше әуесқойлық). «Хобби-реакцилардан» олардың айырмашылығы оқушы түсінігінде олардың кәсіптілігімен байланысқан, оның өз қатарластарымен тығыз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етуінде, өз әуестігін қоғамдық маңызды іске асыруға ұмтылуында. Көбінесе жеке әуесқойлық әмбебап сипат алады. Компьютермен немесе жеке оқу пәндерімен әуестену маңызды болып табылады – бұлар түрлі мамандықтарды іске асыру құралы. Осындай айрықша әуестенушілік барлық белгілері бойынша жетекші қызметпен ұқсас болып келеді. Жаңа жас кезеңі үшін бұл жетекші қызмет жаңа ойдың қалыптасуына, мысалы, псевдокәсіби дүниетаным, яғни өзін ересек сезінетін кезең басталады, бұл кез қызмет мен айрықша әуесқойлық ішінде пайда болады [37].

Псевдокәсіби дүниетаным ойлаудың, уайымдаудың және өзін-өзі ұстау сияқты стереотиптердің жиынтығынан тұрады, ал мұндай мінез-құлық қасиеті белгілі бір саланың мамандарына тән. Осындай дүниетаным ерекше байқалады және жасөспірімнің тұлғалық қалыптасу орталығына айналады.

Бейінді оқытуды психологиялық қолдау үш міндетті алға тартады: 1) оқушы дамуындағы мүмкін болатын тұрақсыздыққа мониторинг жасау және уақтылы алдын алу; 2) оқушының терең кәсіптік бейімделуі; 3) бейіндік сыныптарға оқушыларды іріктеу кезінде психологиялық диагностика жасау.

Осы міндеттердің әрқайсысын қысқаша сипаттап өтейік. Арнайы түзетусіз бейінді оқыту біржақты психикалық дамуға әкеп соқтыруы мүмкін. Осындай жағымсыз әсерлерді болдырмас үшін, бейінді оқыту кезінде жүйелі түрде оқушының дамуын қадағалап отыру қажет. Тәжірибе жүзінде осы мақсаттарға жету үшін интеллект тесті мен жетістікке жету тестін пайдаланады. Интеллект тесті әртүрлі интуитивті таңдалған мазмұн негізінде логикалық операциялардың даму деңгейін өлшеуне бағытталған. Жетістікке жету тесті оқушының логикалық операция дамуының деңгейіне қарамастан, нақты білімін және дағдысын бағалауға мүмкіндік береді. Кәсіптік бейімдеу жұмысы тек психологиялық қызмет міндеті ғана емес, сонымен бірге оқу үдерісінің әмбебап құрамдас бөлігі болуы тиіс. Кәсіптік бейімдеу жұмысы оқушының тұлғалық белсенділігі дамуына, сыни емес тұрғыда меңгерілген ересек кәсіптік жоспарлар мен бағаларды қайтажасауға бағыттау қажет [38].

Оң кәсіптік уәждеме қандай да бір қызмет саласына оқушының кәсіптік қызығушылығымен анықталатыны белгілі. Бұл жерде қабілеттіліктер екінші кезекке қалады, себебі әсер ететін мамандықтардың басым көпшілігі үміткерлерден кәсіби жарамдылықты ғана талап етеді, жеткілікті мөлшердегі уәждеме жасалған жағдайда қажетті кәсіптік маңызды сапалар қызметтің жеке стилінің қалыптасуынан келіп туындайды.

Осылайшы, психологиялық қолдаудағы анықтауыш бөлігі дегеніміз оқушының мүмкін болатын кәсіптік қызығушылық танытқан және таңдаған саласына диагностика жасау арқылы анықтау болып табылады.


^ 6 Бейіндік сыныптарда білім алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне қойылатын талаптар


Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ерекшелігі сонда, ол оқушыны тек қана біліммен қаруландыруға ғана қабілетті болып қоймай, сонымен қатар өздігінен үздіксіз және шығармашылық тәсіл арқылы жаңа білім алуға деген құштарлықты қалыптастыру, өздігінен білімін жетілдіруде біліктілігі мен дағдыларын шыңдауға жағдай жасау. Білімді жетілдірудің басты нәтижесі ретінде мектеп бітірушілердің, жастардың өз амандығы үшін де, қоғамның амандығы үшін де жеке жауапкершілікті көтеруге дайын болуы мен қабілеттілігі қарастырылады.

Бейінді оқытудың жемістілігінің басты және негізгі шартының бірі, жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің артықшылық бағыты ретінде мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру болып саналады.

Бейінді мектепке жаңа кәсіби сана-сезімді мұғалімдер қажет, тәжірибеде:

- білім беру үдерісін нұсқалық және тұлғалық бағыттылығын;

- білім беруді тәжірибелік әрекетке бағыттаушы;

- оқушылардың кәсіби өзіндік таңдауын аяқтауын қамтамасыз ететін мұғалімдер қажет.

Бейінді мектептің мұғалімі оқушылардың жобалау, іздеу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастырудың әдістерін меңгеруі тиіс. Мұғалімдердің кәсіби қиыншылықтарын оқып-білу, дәл қазіргі уақытта жоғары мектепте бейінді оқытуды енгізу мұғалімнің өз қызметінің сапалы өзгеріске ұшырауына дайындығына байланысты екендігі жайлы қорытынды шығарылды. Оларға:

1) пәннің бейінді және базалық деңгейіндегі мазмұнын меңгеру;

2) сабақтың барысында және сабақтан тыс уақытта әрекеттің әр түрлі тәсілдерін қолдану: оқушылардың зерттеушілік және жобалық жұмыстары, танымдық әрекетті ұйымдастырудың топтық және жеке түрлері;

3) мектепішілік бағалау жүйесінің өзгеруі, бағаны жинақтау технологиясын меңгеру;

4) элективті курстардың сабақтарын ұйымдастыру әдістерін меңгеру;

5) оқудағы құзіреттілік көзқарастың мәнін түсіну. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім әрдайым өз білімін жетілдіріп отыруы, жаңа технологияларды (сонымен қатар компьютерлікті де) және жұмыстың әдістерін меңгеруі тиіс.

Бейіндік оқытуды енгізудің бір шарты - бейіндік мектепте қызмет ететін педагог мамандарды дайындау, біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау.

Бейіндік мектептің мұғалімі тек жоғары деңгейдегі маман, бейінге сәйкес және өз қызметінің маманы болып қана қоймай, мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  • білім беру үдерісінің вариативтілігі мен жеке тұлғаға бағдарлануын (жеке білім алу траекториясын жобалау);

  • білім беру үдерісіне интерактивтік, қызметтік компоненттерді енгізе отырып, практикалық бағдарын қамтамасыз ету (жоба-зерттеушілік және коммуникативтік әдістерді игеру);

  • жоғары сынып оқушыларының бейіндік еректенуінің аяқталуын және олардың таңдаған кәсіби саласы бойынша білім алуына қажетті қабілеті мен құзыреттері қалыптасуын.

Мұғалімге қойылатын жаңа талаптар бейіндік оқытуға көшу жағдайында педагогикалық білім берудің әрі қарай жалғасуын және қызметте жүрген педагог мамандардың біліктілігін жоғарылатудың қажет әрі талап екенін дәлелдейді.

Жуық арадағы жылдарда бейіндік мектептегі оқытушылық жұмыстың негізгі көлемін қазіргі қызметттегі педагогтердің корпусы атқаратын болады. Осымен де байланысты, мұғалімдердің кәсіби дайындығының керекті деңгейін қамтамасыз ету үшін, бейіндік мектепте жұмыс жасауға ниет білдірген арлық мұғалімдерге арналған қайта даярлау немесе біліктілікті жоғарылатудан өтіп, арнайы куәлік (сертификат) алу міндеттеледі.

Педагогтерді дайындаудан басқа тағы да бір маңызды мінде бой көтеріп отыр, ол – бейіндік оқытуға кезеңмен көшу.

Бейіндік оқытуды енгізуді жоспарлау барысында назарда болатын маңызды тетік – білім беру мазмұнын жаңартуға және оны қамтамасыз етуге (стандарттар, оқуқұралдары, үлгі бағдарламалар, оқулықтар мен әдістемелік құралда, мамандарды қайта даярлау т.б.) дайындық жұмыстарының айқын қажеттілік танытуы.

Бейіндік оқытуды енгізудің алдын ала кезеңі – мектептің негізгі басқышыныда бейіналды оқытуға көшу. Білім беруді басқару органдарының қолдауымен мұғалімдер мен басшылардың біліктілігін жетілдіруді ұйымдастыру керек, мектепті бейіндік оқыту талаптарына жауап беретін оқу құралдарымен, керек тұста оқулықтармен қамтамасыз ету.

Бейіндік оқытуды енгізер алдында жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың бейіндік оқытуды таңдауы бойынша қомақты жұмыстар атқарылуы керек (сауалнама жүргізу, ата-аналармен әңгімелесу т.б.).

Осылармен бір қатарда бейіналды сынып түлектерін бейіндік мектептерге (сыныптарға, топтарға) қабылдаумен байланысты іс-шаралар жүргізіліп жатады. Түрлі деңгейдегі білім беруді басқарушы органдар білім беру ұйымдарының бір-бірімен желілік өзара байланыста жұмыс істеуіне мұрындық болып, ұсыныстар беруі керек. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде жоғары сынып оқушылары бейіндік деңгейде, бейіндік емес (жалпы білім беретін) мектептерде, сыныптарда, топтарда толыққанды орта білім алу мүмкіндігіне ие бола алады.

Келесі кезеңде жұмыс жаңа замандағы оқу әдебиеттерін жасаумен, базалық оқу жоспарын нақтылаумен, бейіндердің үлгілік оқу жоспарларын әзірлеу мен қабылдаумен, жыл сайынғы сәйкес аймақтық бағдарламалар негізінде бейіндік оқытуға көшетін мектептер мен оқушылардың саныны көбейтілуімен жалғастырылады.

Мектептің бейіналды дайындауға көшуі - маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Жоғары басқыштың бейінділігі идеясының жүзеге асырылуы негізгі басқыш түлегін жауапкершілігі жоғары таңдау жасау қажеттілігіне алып келеді – өзінің болашақ мамандығын таңдаудың тірегі болып табылатын бейіндік бағыт алдындағы оқушының еректенуі басталады.

Бейіналды дайындықты таңдау курстары арқылы енгізу - білім кеңістігін құрудың қажетті шарттары ретінде танылады. Таңдау курстарының басты қызметі - кәсіби бағдар беру.

Осымен де байланысты, мұндай курстардың саны, мүмкіндігінше, мол болғаны дұрыс. Ол курстар қысқамерзімді және алмаспалы болып келуі және оқу модульдері түрінде жинақталып берілуі керек.

Одан әрі негзгі басқыш түлегінің аттестациялануы мен олардың мектептің жоғарғы бейіндік сатысына түсуін ұйымдастыруы туралы мәселе қойылады. Қазіргі бар тәжірибеге сүйенетін болсақ, білім алуды нақты жалпы білім беру ұйымдарының жоғары сыныптарында (лицей, гимназия) жалғастырудың бейіндік сыныптардан гөрі көп екенін көреміз. Бейіндік оқытуға көшу жағдайында өзекті болуы мүмкін конкурстық іріктеу жағдаяты туындауы мүмкін. Сондықтан мұндай конкурстық іріктеудің ашық жариялы өткізілу жайы туралы мәселені шешу керек.

Атап өтетін мәселе, жекелеген жалпы білім беру ұйымдарының жоғары сныптарына конкурстық іріктеу әр баланың жалпы білім алуға деген бекітілген құқығына қайшы келмейді.

Осымен байланысты, мектептің негізгі басқышы түлектерінің қорытынды аттестациясымен қатар, оқушылардың белгілі бір бейін бойынша білімін жалғастыруға дайындық деңгейін айқын бағалаудың белгілі бір формасын анықтау керек. Сонымен бірге бейіндік мектепке конкурстқы іріктеудің рационалды және жариялы ашық тетіктерін жаппай тәжірибеге енгізетін негіздемелерді жасау қажет.

Бұл ретте маңызды орын жинақтау бағасын (портфолио – «жетістіктер портфолиосы») енгізуге беріледі, онда оқушының түрлі жобаларды орындаудағы, реферат жазу, шығармашылық жұмыстар орындаудағы, таңдау курстары бойынша қолл жеткізген нәтижелерінің жетістіктері белгіленіп отырады.

Облыстық білім беруді басқармалары қол жеткізуге ұмтылған әрбір оқушының жалпы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі заманның бейіндік мектебі тек қажетті мамандар болғанда ғана аяғына тік тұрып кете алады. Ондай мамандар бейіндік пәндерді жүзеге асырып, оқыту барысын негізсіз ұсақ бөлшектенген оқу материалдарымен ауырлатпайды, және де бейіндік емес курстарды оқытуға қойылатын талаптарды күрделендірмейді.

Бейіндік сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер мыналарды айқын есте тұтулары тиіс:

  • бейіндік сыныптардағы білім мазмұнын өзгерту;

  • білім беру технологияларын өзгерту;

  • бейіндік оқытуды нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету;

  • оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

  • оқушылардың бейіндік дайындығын бағалау критерийлерін анықтау.

Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытатын педагог мамандардың дайындығы мәселелісн шешуде жоғары педагогикалық білім беретін ұйымдар мен педагог мамандарды қайта даярлау жүйесіне ерекше орын беріледі.

Бейіндік мектеп мұғалімінің алдына қойылатын жаңа міндеттер оның барлық күш-қуатын бойына жинап, педагогикалық еңбек еткен жылдарда жинақтаған білімін, білігін жайып шығара алатын болуы керек.

Бүгінгі күні бейіналды және бейіндік оқыту енгізіліп жатқан облыстарда оны жүзеге асырып жатқан педагогтердің алдында қалыпты бір қиындықтар туындап жатыр. Ол қиындықтарды атап айтатын болсақ:

  • мұғалімдердің бейіндік оқытудың енгізудің нормативтік-құқықтық базасын білмеу, мақсаты мен міндеттерін айқын түйсінбеуі;

  • бейіналды және бейіндік оқытудың арасындағы мақсат пен міндеттерінің, жүзеге асырылуының айырмашылықтарын түсінбеуі;

  • бейіндік білім берудіңмазмұнын, оны оқу-дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз етудің жолдарын толық білмеуі;

  • жобалау біліктерін меңгермеуі: мұғалімдер базалық, бейіндік не элективтік курстарды жобалай білмейді, белгіленген курстардың мақсатын айқындай алмайды, ол курстардың мазмұнын әзірлей алмайды;

  • мұғалімдердің психологиялық білімдерінің таяз болуы; сөйтіп оқушылардың еректену, өзін таныту және ойлағынын іске асыру, ішкі «Мен-бейнесін» қалыптастыру барысын сауаттылықпен ұйымдастыра білмеуі;

  • қолжетімді диагностиканыі әдістемесі мен жүргізу жолын білмеуі;

  • озық педагогикалық технологияларды және оларды білім беру үдерісінде өз орнымен қолдана білмеуі;

  • оқытудың белсенді әдістерінің қорыжеткіліксіз білуі, оның ішінде базистік оқу жоспарында көрсетілген жоба әдісі, ізденім-зерттеу әдісі, оқу тәжірибесі бар;

  • компьютерлік сауаттылығының төмен болуы, сөйтіп оқыту барысында ақпараттық, мультимедиалық, ғаламторды және интерактивтік әдістерді қолдану мүмкіндігінің шектелуі; ал оқушылардың өз бетімен білім алуын қалыптастыру мүмкіндіктерін пайдалана алмауы т.б.

Бұл тұста бейіндік мектепте жұмыс жасауы тиіс болашақ мұғалімдерді даярлайтын педагогикалық ЖОО-ң орны аса үлкен. Жоғары сынып оқушыларына бейіналды және бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін, негізгі модельдері мен құралдарын танытатын таңдау курстарын енгізу ғана қажет емес. Осымен қатар, жоғарыда көрсетілген мәселелерді кең танытатын психология, педагогика, жекелеген пәнді оқыту әдістемесінің базалық курстарын қайта құру мәселе де аса маңызды болып табылады.

^ Бейінді оқытудағы педагогтың рөлі

Үкіметтің білім беру саясатында оқушылардың танымдық және жасампаздық қабілеттерін дамытуға, жеке жауапкершілігі мен жүйелі білім алуларына басымдық беріледі.

Қазіргі бейінді мектептер мәселесін кадр шешеді. Олар жетекші пәндердің бағдарламаларын іске асырып артық материалдармен балаға салмақ салмайды.

Қорытындысында әрбір мектеп бейінді оқыту бойынша оқушының моделін жасайды. Модель мынадай болады:

* бейінді сыныптардағы білім мазмұнын қзгерту;

* білім беру технологияларын өзгерту;

* бейінді оқытуды нормативтік қамтамасыз ету;

* оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

* оқушылардың бейіндік дайындығын бағалаудың өлшемі.

Бейінді мектептің мұғалімі өз мамандығын ғана жетік білмей, бейінді бағдарламаларды озық технологиялар арқылы іске асырыатын жан болуы керек.

Бейінді мектепте жұмыс істеуге дайын мұғалімге 4 құрылымдық компонент тән:

Арнайы-әдістемелік;

Мәдениеттанымдық;

Гуманистік;

Психофизиологиялық.

^ Арнайы-әдістемелік компонент мұғалімнің педагогикалық қызметінде –пән мұғалімінің мамандығы бойынша білім, білігі болып балаларды ғылым негіздеріне үйретуі тиіс.

^ Мәдениеттанымдық компонент мұғалімнің жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейіне байланысты, ғылымда кәсіби мәдениетті бағалаудың 3 өлшемі қалыптасқан:

Аксиологиялық (құндылық);

Тұлғалық;

Кәсіптік.

^ Гуманистік компонентті мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі тұлғалық қасиетінен бөле-жара қарауға болмайды. Гуманитарлық білімнің мазмұны адамның рухани тілегін, оның ішкі әлемін ашуға, адамгершілік ұрығын себуге бағытталған.

Аталмыш қасиеттер мынадай жұмыстар нәтижесінде іске асады:

-оқушымен демократиялық стильде қарым-қатынас жасап,

қызығушылықтарын ескеріп, оқу-танымдағы бейімділік ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды ұйымдастырғанда;

-оқу материалдарын таңдағанда оның балаға тұлға ретінде адами қасиеттерге тәрбиелеуі керек;

-мектеп курсының мазмұны оқушыны өмір тәжірибесін және денсаулығын сақтауға тәрбиелеуі керек.

^ Психофизиологиялық компонент мұғалімнің өзіне тән (темперамент, ойлау, қабылдау) ерекшеліктері бейінді сыныптардағы оқушылармен табысты жұмыс істеуіне кепілдік береді. Бейінді оқыту сыныптарына беретін мұғалімдердің тұлғаллық қасиеттеріне және осы сыныптарда жұмыс істеуге деген ынтасына қарау керек.

Бүгінгі таңда пән-мұғалімі емес, мұғалім-зерттеуші, мұғалім-технолог қажет, ол өз пәнінен ғылыми-әдістемелік, жұмысына жаңалық енгізетін істермен белсенді айналысатын жан болуы керек. Ең бастысы мұғалімнің тұлғалық қасиеті, өз пәнін жаңаша жобалайтын бағдары болуы ауадай қажет. Бұл арада мұғалімге кәсіби бейіндік мәселелері бойынша ашық сабақтар мен сынып сағаттары пайдасын тигізеді. Мысалы, 9-сыныпта «Мен және менің мамандығым» деген сынып сағатының оқушылардың мамандық таңдауына көмегі тиеді. Осы сияқты басқа да жаттығулар ұсынуға болады.

1 жаттығу. Жүргізуші қатысып отырғандарға қандай мамандық қызықтыратыны туралы сауал қояды да, тақтаға 10-15 мамандықтың атауын жазады. Жаттығу кезінде олар ұнағанын өздері айтады. Бірнеше секунд ішінде қатысушылар құрбыларына қандай мамандықтың оған лайық екендігін айтып береді. Жүргізушінің белгісінен кейін өздері ұнатқан мамандықты көрсетеді. Содан кейін дауыс беру қорытындыланады.(Құрбыларының болжамы мұғалімнің және ата-аналарының болжамынан да дәлдірек болады).

2 жаттығу. Топтың ішінен бір адам дәлізге шыға тұрады. Қалғандары бір адамды ың-шыңсыз таңдайды. Әрбір қатысушы бір мамандықты айтуы керек. Кімнің айтылған мамандыққа лайықтылығы айтылады.

Бейінді сыныптың мұғалімі-оқушының жетекшісі, ақыл-кеңес берушісі және оқу ісін ұйымдастырушы. Осының бәрі бейінді оқытуды ұйымдастыруды кадрмен қамтамасыз етуді талавп етеді. Бейінді мектептің мұғалімдері алдында жаңа міндеттер тұр. Бейіналды және бейіндік оқытуды ендірудің өзіндік қиынждықтары бар. Ол қиындықтар:

-бейіндік оқыту мазмұнының толық әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етілмеуі;

-оқушының өзіндік белсенділігі, өзін-өзі іске асыруына психологиялық білімі және оны сауатты ұйымдастыруға, мамандық таңдауда «Мен-бейнесі» жетіспейтіндігі.

-білім беру үрдісінде алдыңғы қатарлы пед. Технологияларды өз деңгейінде білмеуі жатады.

Мұғалімнің біліктілігін жетілдіруге іштей және сырттай оқу курстарының, теориялық семинарлардың, стажировкадан өтудің маңызы зор. Осы мәселелерді шешуде барлық әдіс жақсы: тәжірибе алмасу семинарлары, көшпелі және қашықтықтан біліктілік көтеру курстары.

Әріптестерінің сабағына қатысу және нормативтік құжаттарды оқу арқылы мұғалім бейінді мектептің құзырлы маманына айналады.

^ Мұғалім білуі:

-оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмыстарға баулуда бағыт беруді жобалай білуі тиіс;

-оқушылармен жұмыс істегенде қызметтің әр түрлісін (топтық, жұптық) қолдана білуі керек;

-алуан түрлі ақпарат көздері және дерек базаларымен өз бетінше жұмыс істей білуі керек;

-оқу үрдісінде ашық білім беретін ақпараттық технологияларды пайдалана білуі керек.

-оқушылардың кәсіптік таңдауына ықпал ете білуі тиіс.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі бейіналды және бейінді оқытумен белсенді түрде айналысып жүргендер үшін пайдалы болмақ.

^ Бейінді оқыту ауыл мектебіндегі білім сапасын жоғарылату құралы ретінде

Ауыл мектебін жаңарту педагогикалық ғылымның назарында ерекше орын алуы қажет. Ауыл мектебі, оқушылардың жалпы мәдениетін дайындаумен қатар, ауылда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда және ауыл халқының мәдени деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарады. Сол себепті ауыл мектебінде неге және қалай оқыту сұрағы ойдан шығарылмаған, ол білімнің тұлғалық, өмірлік және кәсіби қажеттілігінің маңыздылығынан туындаған шындық.

Бейінді оқыту проблемалары бойынша қазіргі кездегі зерттеулердің, ауыл мектебі қызметінің нәтижелерінің, еңбек нарығындағы әлеуметтік жағдайлардың талдауы мынадай әлеуметтік қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік тудырады: экономиканың әр түрлі салалары үшін қоғамның білікті мамандарға сұранысы мен жалпы білім беретін мектепте білім, біліктілік пен дағды түріндегі білім нәтижелерін жоспарлануының арасындағы; бейінді білім берудің көптүрлілігі мен ауыл мектебінің оны жүзеге асыру мүмкіншілігінің шектеулігі; бейінді оқытудың көрсетілген мақсаттары мен ауыл мектебінің оған жетудегі нақты мүмкіншіліктері. Ауыл мектептерінде бейінді оқытуды енгізу ауылды дамытудың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайында жүзеге асырылуда, олар үшін келесі сипаттар тән: экономиканың көпқұрылымды түрлерінің дамуы, ауыл шаруашылық саласы мамандарына сұраныстың жоқтығы, өндірістік және әлеуметтік салаларда жаңа мамандықтардың пайда болуы, халықтың жұмыспен қамтылу құрылымындағы өзгерістер, ата-аналар мен балалардың білім алуға сұранысы, ауыл оқушыларының қолайлы да сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған, жалпы білім беретін ұйымдар жүйесін қайта құрылымдау.

Бейінді оқыту жағдайында болашақ мұғалімнің мектеп жұмысына теориялық және тәжірибелік дайындығын қалыптастыру: педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттерді даярлаудың тьюторлық үлгісінің кейбір аспектілері

Болашақ оқытушыны даярлаудың дәстүрлі жүйесінің негізгі функциясы регламенттелген білім көлемін трансляциялау болып табылған, бүгінгі таңда бұл жүйе әлеуметтік мәдениеттегідей, ұйымдастырушылық-педагогикалық және ғылыми-мазмұндық жоспарда да қоғам мен мектеп қажеттіліктерін қанағаттандырмайтын күйде. Білім беру жүйесін жаңалаудың басым бағыттары бейінді оқытуға ауысу болып табылады. Бейінді оқыту тұжырымдамасы оқытуды даралауға және оқушыларды әлеуметтендіруге, бейіналды және бейінді деңгейлерде іске асырылатын бейіндердің икемді жүйесін жасап шығаруға бағытталған, мамандандырылған даярлау жүйесін құруды негізге алып отыр.

Құрамдас бөлігі оқушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін, олардың әлеументтенуін және өзін-өзі танытуларын қанағаттандыру болып табылатын бейінді оқытудың қалыптасып келе жатқан жүйесі белсенді даму үстіндегі инновациялық үдерістер жағдайында қызмет етуге қабілетті маман даярлауды қамтамасыз ету талабын алға тартады.

Оқу үдерісіне жаңалық енгізуге деген педагогтың дайындығы көп жағдайда оның жоғары оқу орнында оқыған кезеңде қаланған негізімен анықталады. Болашақ ұстазды даярлауға арналған жүйелі-қызметтік тәсілге сәйкес, оның жоғары оқу орнында білім алуы маман қалыптастырудың мақсатты бағытталған үдерісін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке басы мен педагог қызметі моделіне бағдарлануы тиіс.

Психолого-педагогикалық әдебиетте жаңа типтегі педагогқа деген мектеп пен қоғамның өзекті сұранысы ретінде, әлемдік білім кеңістігін дамыту тенденциясына бағдарланған модельдер ұсынылған. Заманауи педагогикалық білім беру стратегиясы өзекті білім беру міндеттерін шешу жағдайында жауапты және кәсіби әрекет еуге қабілетті оқытушы тұлғасын қалыптастырудан тұрады. Бұл стратегия тұтастай гуманистік дүниетанымға, терең кәсіби білімге ие, кәсіптік қызметінде өзінің шығармашылық әлеуетін кешенді іске асыра алатын оқытушының рухани дамыған, мәдениетті тұлғасын қалыптастыруға бағытталған оқу үдерісінің мазмұны, түрі және әдісін игеруді жүзеге асырады.

Теориялық зерттеулердің түрлі бағыттарына қарамастан бейінді оқыту жағдайындағы болашақ ұстаздарды оқыту үдерісі толық зерттелмеген. Осыған орай тәжірибе барысында оқытушылардың маңызды бөлігі, еңбек өтілдеріне және біліктілік деңгейлеріне қарамастан, заманауи мектепте бейінді оқытуды жүзеге асыруда айтарлықтай қиындықтарға тап болуда. Бұл жаңа білім беру жүйесі жағдайында жас мамандардың бейімделуі мен кәсіби өсу үдерісін қиындатады. Оқытушылардың өздері мұндай қиындықты өздерінің жоғары оқу орнында оқыған кезеңдегі теориялық және тәжірибелік дайындықтарының шалалығымен байланыстырады.

Бейінді оқытуды іске асыру аясында оқытушының инновациялық қызмет субъектісі ретінде қалыптасуы оны жоғары педагогикалық білім жүйесінде даярлау үдерісіне, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен бағытталуына қарай жоғары оқу орнында оқытудың бастапқы бағдарына сапалы өзгерістер енгізуді талап етеді.
Жаңа білім беру моделінің қалыптасуы жағдайында, бейінді оқыту кезіндегі мектептегі жұмысқа педагогты даярлауды белсендіретін, инновациялық қызмет түрлерін меңгерумен байланысты оқытушының педагогикалық функциясын дамыту жүзеге асады.

Педагогтардың кәсіби бейімделуі жағдайларын және белсенді даму үстіндегі инновациялық үдерістер жағдайында бейінді оқыту мен кәсіби-педагогикалық қызметті іске асыруға қабілетті педагогқа қоғам мен мектептің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктеріне бағытталуы мен сипатын есепке ала отырып, болашақ оқытушыларды даярлауды жүзеге асыруды алдыңғы қатарға қою қажет. Оқытушыны даярау ісі бейінді оқытудың мазмұндық және процессуалдық аспектілерін қамтитын, оқытушының инновациялық қызметке теориялық және тәжірибелік дайындығы моделіне бағдарлануы тиіс. Болжамалы модельді пайдалану мектеп пен қоғамның мұғалімге қоятын заманауи талаптарына жауап беретін, бұрын белгіленген параметрлермен маманның қалыптасуының мақсатты үдерісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бейінді оқыту жағдайында болашақ ұстаздың мектептегі жұмысқа теориялық және тәжірибелік даярлығын қалыптастыру үдерісін келесі әлеуметтік-педагогикалық шарттар негізінде атауға болады:

- педагогтың кәсіби қызметіне қойылатын талаптардың жаңа мазмұнын оқытуға бағдарлау;

- бейінді оқыту жағдайында оқытушыға инновациялық ізденісті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, мақсатты тұжырымдау деңгейінде теориялық білім мен сәйкес дағдылар жиынтығын (талдау-болжамалы, жобалық және рефлексивтік) есепке ала отырып, бейінді оқыту жағдайында мектеп жұмысына студенттерді даярлау моделін құру;

- бейінді оқыту жағдайында студенттерді педагогикалық білім беру жүйесінде және олардың мектептегі кәсіптік қызметке оқыту үдерісінің сабақтас байланыстарын іске асыру.

Болашақ ұстаздарды даярлау моделінің мазмұндық аспектісі бейінді оқыту жағдайында оқытушыға инновациялық ізденісті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа сапалы деңгейде теориялық білім мен дағдылар жиынтығына (талдау-болжамалы, жобалық және рефлексивтік) негізделген, мақсатты болжамдық деңгейдегі қызметке педагогтың дайындығын қосуы тиіс. Модель аспектісінің процессуалдық (технологиялық) аспектісі тапсырмалар мазмұнын, түрін және оқыту құралын таңдау негізінде дидактикалық тапсырмалардың шешімі мен берілуінің бірізділігін қамтамасыз ететін, көпдеңгейлі педагогикалық білім кезеңдерінің ерекшеліктерін есепке алатын, студенттерді оқыту үдерісін кезеңдік ұйымдастыруды көздейді.

Бейінді оқыту жағдайында мектеп жұмысына оқытушының теориялық және тәжірибелік дайындығы, біздің түсінігімізше, ұстаздың талдау-болжамалы, жобалық және рефлексивтік қабілеттерін теориялық білім негізінде меңгеруді болжайтын, оларды жаңа білім беру жағдайында тәжірибеде өз білімдерін іске асыратын, мақсатты тұжырымдау деңгейінде оқытушының қызметке қабілеттілігі болып саналады. Бейінді оқыту жағдайындағы мектеп жұмысына оқытушының теориялық және тәжірибелік дайындығы моделі жаңа сапалы деңгейдегі теориялық білім мен тәжірибелік дағды жиынтығы (талдау-болжамалы, жобалық және рефлексивтік) ретінде қарастырылады.

Ұстаз даярлау үдерісінде теория мен тәжірибені ықпалдастыруға, алған білімді өзектілендіруге, студенттердің негізгі кәсіптік дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, психолого-педагогикалық практикум басты роль атқарады. Тәжірибелік білім алу барысында студенттердің қызметі бейінді оқыту жағдайында педагогикалық міндеттер жүйесін құру, педагогикалық жобалау нысандарын таңдау жолымен, ойын модельдеудің түрлерін кеңінен пайдалану, бейінді оқыту жағдайында оқушылардың жеке білім траекториясын жасау жолымен оқытушының инновациялық қызметін модельдеуге бағытталуы тиіс.

Болашақ ұстазды даярлау үшін ең маңыздысы - жалпыкәсіптік пәндер, арнайы курстар мен арнайы семинар циклдері бойынша таңдалатын пәндер. Бұл пәндер педагогикалық жоғары оқу орын студенттерін даярлаудың негізгі деңгейін ұлғайтады және толықтырады және кәсіби қызметте болашақ оқытушылардың тиімді бейімделуге мүмкіндік туғызады. Бейінді оқыту жағдайында пәндерді тағдау бойынша меңгеру аясында пәндік салалардың ықпалдасуы (педагогика, психология, оқыту әдістемесі) айрықша өзектілікке ие болады.

Ауылдық шағынжинақты мектептер туралы кейбір мақалаларда ауылдық аз ғана мектептерде бейінді оқытуды іске асырудың күрделілігі айтылады.
Біріншіден, ауылдық шағынжинақты және аздаған мектеп мұғалімдерінің бейінді оқытуды жүзеге асыру үшін оқу сағаттарының аз болуы әсер етеді, себебі олардың жүктемесі мектептегі жиынтық-сыныптар санына байланысты.

Екіншіден, азын-аулақ мектеп жағдайында барлық бағыт бойынша жоғары деңгейлі мамандар тапшы болып келеді.

Кейбір ауыл мектептерінде аздаған кедергілерге қарамастан, бейіндік және элективтік курстарға бірден, болмаса, екі профиль бойынша өткізеді. Қазір, бұрынғы замандағыдай, ауыл оқушысы таңдай алмайды, себебі шешімін таппаған кадрлық проблема – педагогтардың жеткізілксіз даярлығы кедергі. Сондықтан ауыл оқушыларды бейінді оқыту сапасы қалалық оқушылармен салыстырғанда айтарлықтай төменгі деңгейге бағдарланады.

Алайда ауыл оқушыларын бейінді оқыту сапасын желілік ұйымдар есебінен көтерудің әлі де мүмкіндіктері бар.

^ Бірінші нұсқа, тұжырымдамада көрсетілген жағдай мектеп арасының ұзақтығына байланысты ыңғайсыз саналады. Бір-біріне жақын орналасқан
(9-30 км) мектептер арасынан өзгелері үшін «ресурс орталығы» болатын біреуін таңдау қажет. Алайда, қарашадан бастап сәуірге дейін жалғасатын сібір қысында оқушыларды «ресурс орталығына» жеткізу денсаулыққа зиян болуы да мүмкін. Экономикалық тұрғыдан бұл да тиімсіз.

Және екінші нұсқа, тұжырымдама авторларының ұсынғанын біздің жағдайда жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл тағы да елді мекендер-ауылдар және аудандық әкімшілік орталықтары немесе қалалары арасының қашықтығымен байланысты. Бұл жерде ара-қашықтық 20 дан 500 км аралыққа дейін саналады. Жоғары оқу орындары ауыл оқушыларына көшпелі ақылы «жексенбілік мектеп» сияқты дайындық курстарын ұйымдастырады, бірақ бітірушілер оқытушыларымен аптасына бір рет қана кездеседі. Мұндай курстар аудан орталығының білім беру ұйымдарының бірінің негізінде өткізіледі. Қазіргі көлік мәселесінің туындауына байланысты аудан орталығында тұрмайтын аздаған оқушылар ғана осындай курстарға қатысып жүр. Бұған қоса, ауыл шаруашылығында қолдары босамайтын, 6-7 жыл бойы жалақыларын ала алмайтын ата-аналар балаларының оқуын төлеуге қауқарсыз.

Жоғары сынып оқушыларын бейінді оқыту міндетін шешу үшін басқа да идеяларға жүгініп көрдік. Олардың бірі мектептердің педагогикалық ұжымдарын өзара әрекеттестіру есебінен пайда болды.

Бейінді оқыту ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы қашықтықтан оқыту режимінде іске асады. Бес жалпы білім беретін «серіктес» мектептердің жоғары сатыларында, негізінен қашықтықтан оқитын оқушылардың бейіндік тобы қалыптасады.

Бейінді оқыту әртүрлі мектептерде қызмет ететін педагогтар тобымен жүзеге асырылады. Топта – жетекші ұстаз (ұстаздар), элективтік курс оқытушылары, кәсіптік топ кураторлары қызмет етеді. Жетекші ұстаздар «серіктестіктің» әлдеқайда жетік даярланған педагогтары қатарынан шығады. Бейіндік және элективтік курсқа жетекшілік ететін жетекші ұстаздар міндетіне оқушыларға арналған оқу материалдарын әзірлеу және оларды қашықтықтан оқыту режиміне үйрету кіреді. Бейіндік топ кураторлары оқушылардың жеке білім беру бағдарламаларын құру және оларды іске асыру үдерісін ұйымдастырады. Сонымен қатар, кураторлар қашықтықтан оқыту үдерісінде балаларды «сүйемелдеушілер» болып табылады. Олар әртүрлі жастағы және түрлі деңгейлі оқу топтары жағдайында алған тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады, оқу үдерісі кезінде туындаған қиындықтарды анықтауға көмектеседі, жетекші ұстаздар немесе элективті курс ұстаздарының сұраныстарын ресімдейді, күндізгі кеңес беру қажеттілігін анықтайды, оқушылардың ата-аналарымен өзара байланысын қолдайды және т.с.с.

Тоқсанына бір рет оқушылардың профиль оқытушыларымен күндізгі кездесуі ұйымдастырылады (күндізгі сессия). Күндізгі сессияның мақсаттары мен міндеттері әртүрлі болуы мүмкін – нұсқаущы, сынақ, зертханалық-тәжірибелік, іздеу-зерттеу және т.б. Мұндай кездесулер қатарына «қысқы және жазғы мектептер» кіреді, онда бейінді оқыту міндеттері ғана емес, бітіруші түлектерін тәрбиелеу және әлеуметтендіру міндеттерін шешу жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқыту режимінде іске асырылатын профильдермен қатар «күндізгі» оқыту да жүргізіледі. Мысалы, технологиялық профиль - «тракторшы-машинист» мамандығы, «шаштараз» және т.б.

Негізгі жалпы білім беретін пәндер әр мектептің пән-мұғалімдерімен қарапайым режимде жүреді.

Бейінді оқыту үдерісін басқару «серіктестіктің» директорлық корпусымен жүзеге асырылады. Жауапкершілік мектеп директорларының арасында төмендегідей бөлінген:

  • оқушылардың әртүрлі жастағы бейіндік топтарын ұйымдастыру;

  • оқыту бейініне қарай оқушылардың өзін-өзі анықтау үжерісін қамтамасыз ету: жаратылыстану-математикалық, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, технологиялық;

- оқыту үдерісін ұйымдастыру: негізгі, бейіндік және элективтік курстарға арналған оқу кестесін құру;

- бейінді оқытудағы ұстаздар тобында кадрлар даярлау және функционалдық міндеттерін бөлу (жетекші мұғалім, куратор, кеңесші және т.с.с).

Директордың жедел-тактикалық мәселелерді шешетін, бейінді оқытуды басқаратын өз командасы бар.

Бейінді оқытуға жетекшілік етуді аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері мамандары жүргізеді.

Бұл модельді іске асыру міндеттер қатарына қайта ресімделетін белгілі бір қиындықтар мен проблемалармен байланысты. Олардың ішінде:

- ақпараттық-коммуникативтік технология құралдарымен жұмыс істеуге бейінді оқыту педагогтарын және болашақ бейіндік топ оқушыларын даярлау;

- оқу материалдарын қашықтықтан оқыту режиміне бейімдеу;

- педагогтар мен оқушылардың күндізгі және кешкі оқудағы өзара әрекеттерін ұйымдастыру және құру;

- эксперимент режимінде қашықтықтан оқытудың түрлі элементтерін еңбекпен өтеу;

- қашықтықтан оқытудың «техникалық негізін» даярлау – білім беру мекемелерін компьютерлік техникамен қосымша жабдықтау, техникалық ақпараттық арналарды дайындау;

- бейінді оқытуды басқару жүйесін, нормативтік-құқықтық негізін және басқа да міндеттерді жасау.

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconТұжырымдама Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту
Осы Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс»
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» аудандық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconЖұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде өз бетінше...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconДамыта оқыту технологиясы
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconПавлодар облысы білім беру басқармасының 20 жылғы
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі
Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық, Алаш қозғалысының 90-жылдық, Әміре Қашаубаевтың 120-жылдық, Қасым Қайсеновтың...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
Ығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМужебаева Айнұр Самарқанқызы №27 орта мектебі
Аралас мектепте білім беруді ұйымдастыру арқылы оқу үрдісіне қатысушылардың құзыреттілігін дамыту
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМойылды ауылы әкімінің 2011 жыл бойынша есебінің тезистері
Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік класс – 1, оның ішінде 5 компьютер, мектепте 1 интерактивтік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМойылды ауылы әкімінің 2012 жыл бойынша есебінің тезистері
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы