12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



Название12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)
страница2/9
Дата конвертации24.10.2013
Размер1.49 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9
^

Бейінді оқытудың әдістемелік негізі


Бейінді оқыту – білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұнында және ұйымдастырылуындаға өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары, бейімдіктері және қабілеттері толық есепке алынғанда, оқуды жалғастыруға байланысты жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығушылықтары мен ниеттеріне сәйкес білім алулары үшін жағдай жасалған кездегі білімді дифференциациялау және даралау құралы. Бұл ретте оқушының жеке білім траекториясын құру мүмкіндігі ұлғаяды.

Бейіндік мектеп осы мақсатты іске асырудың институциналды түрі, әрине бірегей емес негізгі түрі болып табылады. Жекелеген жағдайда, бейінді оқытудың басқа түрлері де перспективті болуы мүмкін, мысалы,жеке бір мектеп қабырғасында,ы сәйкес білім бағдарламаларын іске асыратын түрлер. Экспериментке қатыастын жалпы білім беретін мектептер «сынақ алаңы» ретінде ғана емес, бейінді оқытудағы жаңа құрылымды ашудағы серіктес ретінде танылады.

Профиль базистік оқу жоспарымен (ТОЖ) бекітілетін оқу уақытының минимальды көлемі, санитарлық жүктеменің максималды лимиті сияқты оқу жүктемесінің нормасына қатысты жалпы шекті талаптарға жауап беретін негізгі, бейіндік және элективті курстардың бірігуі болып табылады. Демек, негізгі, бейіндік және элективті курстарды біріктіру арқылы оқушыларға әртүрлі дайындық деңгейімен (оқушымен таңдалған) оқу орнын бітіріп шығуға мүмкіндік беретін толық орта білімді алып шығудың жеке бағдарламасын немесе жеке бағытын құруға мүмкіндік [3].

Бейінді оқыту – бұл оқушылардың қызығушылықтары, бейімдіктері және қабілеттері есепке алынатын, оқушылардың кәсіптік таңдауларына сәйкес олардың дамуына жағдай жасалатын, оқу қызметін ұйымдастыру түрі, оқуды дифференциациялау және даралау түрлерінің бірі.

Бейінді оқытудың әдістемелік тәсілдері, стратегиясы, мақсаты мен міндеттері қандай? Алдымен түсініктердің мағынасын ашып алу қажет.

Жалпы орта білім – оқушылардың функцоналдық сауаттылығы мен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге, оларды қоғамдық және азамттық өзін-өзі анықтауына атсалысуға бағытталған жалпы білімнің соңғы сатысы. Бұл функциялар өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тани алатын, өзінің әлеуетті мүмкіндіктері, таңдаған өмірлік жолын іске асыру ресурстары мен тәсілдерін анық тани білетін, әлеуметтік сауатты және әлеуметтік мобильді тұлғаны қалыптастыруға мақсаттардың бағытталғанын көрсетеді. Аталған мақсаттарды тиімді іске асыру оқытуды даралар және оқушыларды әлеуметтендіруге бағдарланған, соның ішінде бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім ұйымдарымен мектептердің жоағыр сатылары профилі мен кооперациясының икемді жүйесін жасау сияқты еңбек нарығының шынайы қажеттілігі есебімен, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарда «мамандандырылған дайындау жүйесі» болып табылатын, бейінді оқытуды енгізген кезде ғана мүмкін. Оқушылардың бейінді оқытуы ұйымдастыруын құру және эксперименттік тексеру білім беруді жаңалау стратегиясына негізделеді (білімді оның тұлғалық дамушы бағытталуын даралау және дифференциациялау, қызметтік және құзыреттік тәсілдерді іске асыру, коммуникативтік дамыту, аймақтың еңбек нарығы қажеттілігі мен геоэкономикалық кеңістігін есепке алу) [4].

Оқушының оқыту профилін таңдауы бейіндік мектепті құрудың негізі болып табылады. Алайда бұл таңдау әлі жеке шешім қабылдау субъектісі болып табылмайтын жастағы мектеп оқушысына міндеттеледі. Сондықтан метептегі бірінші оқуды бастаған күннен бастап оқушыларды тұрақты іздеуге және өз жолын таңдауға шақырып отыру қажет. Сондықтан мектептерге бейіндік және элективтік курстар (міндетті және таңдау бойынша) енгізу керек, себебі олар оқушы қызығушылығы мен кәсіптік бейімделуін дамытуға әсер етеді. Бұған қоса, оқыту бейінін анықтау оқушының танымдық қызығушылығы негізінде ғана емес, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін, аймақтық білім жүйесінің құрылымы, әлеуметтікмәдени орта дәстүрі мен ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

Бейінді оқыту тұжырымдамасын құрудың әдістемелік негізі «таяу даму аймағын» құратын, ілеспелі оқыту үдерісімен сәйкес келмейтін оқыту мен дамыту үдерістерінің динамикалық қатынасы туралы Л.С.Высотскийдің гипотезасы болып табылады. Бейінді оқыту теориясын құруда В.В.Давыдовтың дамытатын оқыту теориясы елеулі үлес қосты, ол теория бойынша дамытушы оқыту мазмұнының әдісі – оқушылар мен педагогтардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыру, ал даму өнімі – басты психикалық жаңаашылымдар болатын теориялық білім болып табылады.  Кейінірек бұл идеялар Ш.А.Амонашвили, В.В.Рубцов, И.С.Якиманский және т.б. жұмыстарында қарқын алды [5].

Бейіналды дайындық пен бейінді оқыту үдерісіндегі оқушылардың өзін-өзі дамыту феноменінің әдістемелік негізін әр оқушының даралығы, өзіндік ерекшелігі, өзін-өзі бағалауын мойындау негізіне кіретін, білім берудегі жаңа тәсіл – антропоэкологиялық тәсілді (А.А. Макареня, С.В. Кривых, И.В. Иванов, Е.В. Бускина, А.Н. Макарчук) ашады. Адамзат табиғатының терең біліміне (онтогенез дағдарысы, жас физиологиясы мен психологиясы, идентификация заңдары, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту) негізделген тәсіл - білім берудің гуманистік тұжырымдамасы талаптары: толеранттық, педагогикалық қолдау, атсалысу және т.б. талаптарды есепке алатын, субъект-субъекттік қатынас. Баланың барлық даму сатысын: дене, эмоционалдық, зияткерлік, рухани-адамгершілік, әлеуметтік және т.б. оның қалауы, қызығушылығы мен талпысынына сәйкес, оқушы денсаулығын сақтау кезіндегі оның жеке даму қарқынын дамытуды қамтамасыз ететін когнитивті, перцевтивті, креативті қабілеттері мен мүмкіндіктерін есепке алатын тәсіл. Білім беру міндеттерін шешудің антропоэкологиялық тәсілі адамзаттың жоғары құндылығынан және адамдар мен олардың қаоғамдастығын («іскер қоғам») ұйымдастыру тәсілі ретінде өркениеттің тиімділік өлшемінен туындайды [6].

Жалпы орта білімнің бейіндік оқыту мазмұны екі - жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық білімдік - бағыттан тұрады. Бейіндік пәндер бойынша көптілді оқыту мүмкіндігі болады.

Жаратылыстану-математикалық бағыт құрамында екі бейін болады: физика-математикалық және химия-биологиялық.

Физика-математикалық бейінге «Математика» (ілгері деңгей), «Физика» (ілгері деңгей), «Информатика және АКТ», «English for specific purposes», «Графика және жобалау» пәндері кіргізіледі.

Физика-математикалық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі керек:

  • математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді практикада қолдануға бағыт алу;

  • математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді болмысты танудың бір ғылыми әдісі ретінде меңгерту;

  • білім алушыларда математикалық және физикалық модельдеу аппаратын білу құзыретін қалыптастыратын білім, білік, дағдыларды меңгерту;

  • түрлі сипаттағы қолданбалы физика-математикалық модельдерді құрастыра алатын практикалық дағдыларды меңгерту;

  • басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;

  • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

  • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Химия-биологиялық бейінге «Химия» (ілгері деңгей), «Биология» (ілгері деңгей), «Рекреациялық география», «Englishforspecificpurposes», «Информатика және АКТ» пәндері кіргізіледі.

Химия-биологиялық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі керек:

  • жаратылыстану циклы пәндерін пәнаралық байланысты ескере отырып тереңдете және кең ауқымды етіп оқыту;

  • білім алушылардың қазіргі кезеңдегі жаратылыстану білімі тұжырымдамасын меңгеруі;

  • химия, биология, географиядан білім мазмұнының жоғары білім деңгейіндегі білім беру мазмұнымен сабақтастығы және бейініне сәйкес оқуды жалғастыруы мен мамандық таңдауы мақсаты қойылуы;

  • қазіргі кезеңдегі жаратылыстану таным әдістері мен оларды оқу іс-әрекетінде практикалық қолдану негіздерін игеруі;

  • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

  • күрделілігі жоғары теориялық және қолданбалы сыпаттағы есептерді шығарудың практикалық дағдыларын дамыту;

  • жаратылыстану нысандары мен үдерістерді танып-білу мен модельдеуді жүзеге асыру біліктері мен қабілеттерін дамыту;

  • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта үш бейін болады: филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық.

Фиологиялық бағытқа мынадай пәндер кіреді: қазақ мектептеріне арналған «Қазақ тілі» (ілгері деңгей), «Қазақ әдебиеті» (ілгері деңгей), орыс тілді мектептерге арналған «Орыс тілі» (ілгері деңгей), «Орыс әдебиеті» (ілгері деңгей), «Әлем әдебиеті», «Екінші шет тілі», «Информатика және АКТ».

Филологиялық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  • мемлекеттік тілдің қоғамның ресми, саяси-қоғамдық, қоғамық-экономикалық, ғылыми, күнделікті бейресми сияқты түрлі салаларында қызмет ету ерекшеліктерін білуі, басқа да тілдердің ерекшеліктерін білуі т.б.;

  • қазақ тілінің түрлі коммуникативтік жағдаяттарда қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру;

  • қоғамда мемлекеттік тілде қарым-қатынас құруда ауызша және жазбаша сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;

  • танылатын нысандарды өзара салыстыру, салғастыру, бағалау және жіктеме жасаудың критерийлерін өз бетімен сұрыптай алатын білік-дағдыларды меңгерту;

  • білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды игеруге баулу, дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;

  • сөз сөйлеуге дайындалу (тақырыпты таңдау, аталымды жинақтау, ішкі, психологиялық көңіл-күй т.б.) және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру;

  • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

  • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Тарих-құқықтық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Қазақстан заңнамасы»,«English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Этика және қарым-қатынас психологиясы».

Тарих-құқықтық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  • қазақстандық патриотизмге, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;

  • оқушылардың тарихи және құқықтық сауаттылығын дамыту;

  • қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік коммуникацияға кіру мәдениетін дамыту;

  • оқушыларда қоғамдық-тарихи ақпаратарды талдау, мәнін түсіну және түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;

  • қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүретін басқа да ұлттардың тіліне, тарихына, дәстүріне және мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу;

  • басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;

  • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

  • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Әлемуеттік-экономикалық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Экономики және кәсіпкерлік негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Қазақстанның қазіргі кезеңдегі геоэкономикасы».

Әлемуеттік-экономикалық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  • қазақстандық патриотизмге, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;

  • әлеуметтік өмірдің түрлі салалары, қазақстандық қоғамның даму заңдылықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінігі болуы;

  • кәсіби бағдар беру және білім алушылардың экономика мен кәсіпкерлік салаларда табысты еңбек ету дағдыларын дамыту;

  • Қазақстанның индустриалды-инновациялық жаңашаландырылуы және әлеуметтік-экономикалық даму жолдары туралы жүйелі білім қалыптастыру;

  • адамзаттың жаһандану жағдайында тұрақтылықпен даму заңдылықтары, мәселелері мен жолдары туралы заңдылықтары туралы білімді меңгерту;

  • оқушыларда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпараттарды талдау, мәнін түсіну және түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;

  • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

  • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, өзіндік кәсіби келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

^ 3 Оқыту бағыттарын есепке ала отырып, бейіндік сыныптарда мектеп және оқушы компонентінің үлгілік мазмұны


Оқушылар жүктемесінің жоғарғы шегі Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартында көрсетілген оқу жоспары негізінде анықталады.

Бейіндік оқытудың ерекшеліктері оны жүзеге асырудың сан алуан түрлі формаларынан туындайды. Түрлі деңгейдегі мектептерді осылай ұйымдастыру арқылы тек таңдалған бейін мазмұны жүзеге асырылып қана қоймайды, сонымен оқушылардың әрқайсысы үшін қызықты әрі маңызды болып табылатын бірге басқа бейіндік пәндердің де мазмұнын меңгеру мүмкіндігі беріледі. Ол мүмкіндік білім беру үдерісін ұйымдастырудың сан алуан формалары (қашықтан оқу курсы, экстернат) арқылы да және түрлі білімдік ұйымдардың (жалпы білім беру, қосымша білім беру, бастауыш, орта кәсіби білім беру т.б.) қауымдасуы (білімдік ресурстардың бірлестігі) арқылы да іске асырылады. Бұл жағдай бір жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына білімдік тұрғыдан қажеттіліктері мен қызығушылықтарын толық жүзеге асыруға тірек болатын екінші білім беру ұйымдарының қызметтерін пайдалануға мүмкіндік туғызады [7].

Жоғары сатыдағы бейіндік оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен байланысы маңызды болып табылады. Егер білім беруді жаңашаландыру бағытында ұлттық тестілеуді енгізуді қарастыратын болса, егер мәселе білім сапасын тексерудің жалпыұлттық жүйесі туралы болса, онда мұндай жүйенің шынайылығы мен жүзеге асырылуы тек соған лайықты білім беру стандарттарының ендірілуімен және тек базалық жалпы білім беру ғана емес, сонымен бірге бейіндік жалпы білім беру пәндері үшін де қамтамасыз етілуімен мүмкін болады.

Осымен де байланысты, жоғары сатыдағы мектепте бейіндік оқыту ұлттық тестілеумен тікелей байланысты болуы тиіс. Негізгі сатыдағы оқушының өзіндік жолын айқындай алуына ықпал ететін білім беру кеңістігін қалыптастырудың қажетті шарты болып таңдау курстары негізінде бейіндік даярлауды енгізу алынады.

Осы мақсатта:

  • Типтік оқу жоспарында жалпы орта білім берудің негізгі сатысындағы түлек сыныпта вариативтік (мектеп) компонентінің сағатын көбейту;

  • міндетті пәндерді оқытуда сыныпты керекті топ санына бөлу;

  • білім беру ұйымдарына вариативтік компонент сағаттарын, ең алдымен, бейіналды даярлықтарына пайдалану көзделінеді.

Бейіналды даярлық мектептің психология-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде енгізіліп, оқушылардың болашақ бейіндік оқыту бағытын саналылықпен таңдауға дайындауды іске асырады.

Бейіналды дайындауды жоспарлауда негізгі мектеп оқушыларының жоғары бейіндік мектептегі білім кеңістігіндегі өзінің индивидуалдық маршрутын таңдаудың күрделілігі мен өзіндік ерекше болатынын ескеру керек [8].

Көп жылдық педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, өзін-өзі анықтау жағдаяттарына даярлық 11 сынып оқушыларында жеткіліксіздік танытады. Түлектердің үштен екісі (2/3) өз оқуларын жалғастыруда кездейсоқ факторларды себеп қылатынын көрсетеді.

Бұл мәселе бейіналды даярлық аясында кәсіби бағдар беруге ерекше назар аудару қажеттілігін дәлелдей түеді. Бұл ретте оқушыларға оқуды жалғастырудың түрлі нұсқаларын жобалауы және жасөспірімнің әлеуметтік, кәсіби, мәдени тұрғыдан даярлығын жоғарылатуы барысында психология-педагогикалық сүйеу болуға бағытталған арнайы қызмет ұйымдастырылуы керек.

^ Таңдау курстарын ұйымдастыру ерекшеліктері. Таңдау курстарының басты функциясы – кәсіби бағдар беру. Осымен де байланысты, мұндай курстардың саны мол болғаны дұрыс. Ол курстар қысқа мерзімді және өзара алмасып отыратындай және оқу модульдері ретінде ұйымдастырылуы керек. Таңдау курстарын біртіндеп енгізу керек. Курстардың сан алуан түрлерін бірден енгізу арқылы оқушының (оның отбасының) алдына күрделі міндеттер туындатып жіберу қаупі бар. Таңдау курстары,оқушыларғаөз мүмкіндіктерін айқын танып, бағалауға және оқу бейіндерін таңдауда дұрыс бағдар беруге көмектесуі тиіс. Осыған байланысты оқушылардың шешім қабылдау тетіктерін меңгеретін мақсатты түрдегі, оза ұйымдастыру жұмыстары өзінің «мүмкіндіктері мен жауапкершіліктерін» тани алатындай ретте ұйымдастырылуы керек [8].

^ Негізгі мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы және жоғары бейнідік мектепке түсуді ұйымдастыру.

Маңызды жаңа қадам ретінде атап өтілетін нәрсе –бейіндік мектептер мен сыныптарға қабылдауғa байланысты сұрақтардың реттелуі мен олардың неғұрлым шынайы, әділетті негізге түсірілуі. Бұл мәселе негізгі саты түлектерінің қорытынды аттестациясының формаларын өзгертуді, сөйтіп 10 сынып оқушыларының бітіру емтихандарын неғұрлым шынайы, «сыртқы», жөн-жосықтарына өтудіталап етеді.

Негізгі мектеп түлектерінің білімдік рейтингісін құру идеясы жоғарыда айтылғандармен байланысты.

^ Шамалауымыз бойынша, рейтингінің негізгі құраушылары ретінде:

а) қорытынды аттестациялаудың нәтижелері (10 сыныптан соңғы «сыртқы» емтихандар);

ә) «портфолио» яғни оқушының сабақтан тыс кезде қолы жеткен жеке оқу жетістіктерінің жиынтығы (жеке «оқу жетістіктері портфелі»).

9-10 сынып оқушылары үшін мамандық таңдау оңай шаруа емес. Олардың көбі өз өмірлерінде алғаш рет жауапкершілікті қадам басу туралы ойланады.

Бұл тұста бейінді дұрыс таңдаудың өзі жоғары сынып оқушысының болашақ өмірімен тікелей байланысты болатынын ұмытпаған жөн.

Мотивтер және бейін мен болашақ мамандықты таңдауды зерттеу барысы көрсеткеніндей, жоғары сыныптарда бейін мен болашақ мамандықты таңдауда басым мотивтер ретінде әлеуметтік жайлы мотив алынатыны анықталған. Бұл ретте әлеуметтік жайлы мотивті оқушылардың жартысынан астамы маңызды мотив ретінде таңдаған. Бұл көрсеткіш бойынша, ішкі тетіктер, ішкі қозғаушы күштер (ішкі мотивация) зерттеу кезінде әлсіз қалыптасқан деуге болады. Бейінді таңдауда оқушының өзінің жеке басы ерекшеліктерінен, қызығушылықтары мен қабілетінен гөрі достары мен ата-аналарының пікірлері үлкен ықпал етеді. Бұл ретте оқушылардың өз қызығушылығын, қабілеті мен тұлғалық бағдарын анықтау қажеттілігі зор болып келеді [9].

Ғалымдар атап көрсеткеніндей, «мамандықты таңдау, барлық басқа таңдауды дұрыс жасауды талап ететін жағдаяттар сияқты, жеке тұлға құрылымындағы күрделі түзілім болып табылады. Кәсіби бағдарын анықтауда қозғаушы күш болып табылатын факторлар ретіндегі компоненттер өзара бір-біріне ықпал етені тығыз байланыста тұрады. Шешім қабылдау және таңдау жасау - қай адамнан да белгілі бір деңгейдегі пісіп-жетілген ақыл-ой болмысын қажет етеді» (Е.А.Климов).

^ Психологияда адамның кәсіби тұға ретінде пісіп-жетілгенін танытатын мынадай параметрлер анықталған:

  • автономдық;

  • мамандық әлемі туралы ақпараты болуы және ол ақпаратты өзінің болмыс ерекшеліктерімен сәйкестендіре салыстыра білуі;

  • шешім қабылдай алу білігі болуы;

  • өзінің кәсіби өмірін жоспарлай алатын білігі болуы;

  • шешім қабылдау бойынша туындаған жағдаятты сезімталдықпен тани білуі.

Жеке тұлғаның дербестігі өзін қоршаған адамдардан даралай алатын қасиетімен өлшенеді, өзінің мақсатын ата-ананың және басқа да өзінің сыйлас адамдарының көрсеткен мақсатынан бөлек анықтай алатын қабілетінен танылады, өзінің жеке тұлғасының тұтастығын тану және сақтауға ұмтылуынан, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ұмтылысынан, мансаптық шешімдер қабылдау барысындағы шынайылықты анықтай алу деңгейінентанылады.

Дербестікті қалыптастыру есею үдерісін танытады. Егер есею үдерісінде жеке тұлғаның бейімделу ресурстары болмаса, үлкен қиындықтарға ұшырайды. Бұл ретте сөз бейіндік оқытудың оқушының алдын ала даярлығынсыз басталғанда және сыныптарды қайта құру, басқа мектепке ауысу жасөспірімді әлеуметтік жағдаят пен тұлғааралық өзара қарым-қатынастардың жаңа жүйесіне бағдарлайды. Көбінесе жасөспірім басқа бейінді таңдап алған өз достарымен тұрақты қарым-қатынасынан айрылып қалып жатады-дағы, бейімделу мүмкіндіктерін төмендетіп алады [10].

Сөйтіп, психолог маманның өзіндік сананы дамытуға, мақсаттылықты айқындай алуға, шешемі қабылдауға байланысты жүргізетін жұмысы 7-9 сыныптарда ұйымдастырылуы орынды екенігі айқындала түседі.

Мамандықты таңдау үшін адам сол мамандық турлы мол ақпаратқа ие болуы керек; мамандық әлемін тани білуі керек, еңбектің пәні мен мақсатын, мамандықтың адамға қоятын негізгі талаптарын түсінуі керек, таңдалған мамандықты қай жерде игеруге болатындығын, осы мамандық бойынша кәсіби өсу бағытын тани білуі керек.

^ Мамандық таңдауға кең ақпараттық даярлықпен келу арқылы адам өз санасында көптеген өзіндік ақпараттық қорды қалыптастырады. Ол ақпараттық қорда:

  • мектептен соң өзі қалаған мамандық бойынша білім алу тәсілдері туралы;

  • сол білімді алуға жіберетін күш-қуат туралы;

  • жеке басында таңдаған білімді меңгеруге керекті практикалық даярлық пен қабілеттер туралы;

  • білімінің арқасында игеретін мамандықтар туралы;

  • меңгеруі мүмкін мамандықтардың мазмұны мен шарттары туралы;

  • оқуды аяқтаған соң кездесетін жағдайлар туралы (яғни осы мамандыққа нарықтың сұранысы, еңбекақы өтемі, жеке басының және мансаптық өсу жолдары т.б.);

  • таңдаған білімі арқылы өзінің өмірлік мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыру үмкндіктері және кәсіби қызметі туралы.

Осындай мазмұндағы ақпараттарды оқушыларға меңгерту әлеуметтік педаогтің, сынып жетекшісінің, тәрбеи жұмысын ұйымдастырушылардың қязмет аясына кіреді. Солай десек те, ата-аналармен жүрізілетін ақапарттық жұмыстың бір бөлігін психолог өзіне алуы жөн. Атап айтқанда, оқушылардың жас ерекшелігі, жеке тұлғаның таңдау мәселелері, ата-аналардың емтихан, бәйге іріктеулері, қиындықты басынан өткеру деген түрлі сынақтардыөз балаларымен бірге бөлісуі сияқты мәселелерді түсіндіру жұмыстары психолог жүргізгені дұрыс.

Ер жетіп есею, сонымен бірге адамның таңдау барысында практикалық және мотивациялық дайындығы болуын керек етеді.

^ Практикалық дайындықтың құрамында мыналар болады:

  • мектеп түлектерінің өз білімін әрі қарай жалғастыруды таңдау біліктеріне ие болуы;

  • оқушыларда мектептен соң өзі таңдаған бағыт бойынша білім алуға керекті практикалық білім мен білік болуы.

Таңдау жасау білігі оқушыда бірнеше басқа біліктердің болуын талап етеді:

  • өзінің қажеттіліктері мен мүмкінктеріне орайы келетін білім алудың баламаларын айрықшалау;

  • олардың артықшылықтары мен жетіспестіктерін бағалау;

  • қолда бар нұсқалардың ең жақсысын таңдау.

Мотивциялық-құндылық немесе психологиялық дайындықтың құрамында мыналар болады:

  • түлектің алғысы келетін біліміне сәйкес келетін өз қабілеттері мен мүмкіндіктерінөзіндік бағалауы;

  • құндылық бағдардың болуы және индивидуалдық айқын мақсаттар болуы, олардың білім алудың әрі қарайғы тәсілдері мен болашақ мамандықпен байланысты болуы.

Саналы таңдау романтикалық немесе кездейсоқ таңдаулардан өзіндік ерекше болады, өйткені онда оқушы өзінің өмірлік мақсаттары мен жоспарларын саналылықпен түйсініп, оларды жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктерін анықтықпен бағалайды, ал жасаған таңдауы оның ішкі құндылық бағдарларын ерекшеленбейді, сөйтіп өзінің жеке ниетін іске асыруға тірек болады [11].

Орта буын оқушыларының (6-8 сыныптар) мақсатты тұжырымдар жасай алуы үшін, саналылықпен таңдап, мамандықтар әлемімен белсенді әрі жүйелі танысуы үшін белгілі бір мамандықтың қыр-сырын тану үшін психологиядан арнайы сынып сағаттарын, сабақтар, факультативтер өткізіп, бүгінде басылымдарда жарияланып жатқан ойындардың, тренингтердің бай қорын пайдалану керек.

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconТұжырымдама Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту
Осы Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon«12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс»
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» аудандық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconЖұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде өз бетінше...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconДамыта оқыту технологиясы
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconПавлодар облысы білім беру басқармасының 20 жылғы
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі
Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық, Алаш қозғалысының 90-жылдық, Әміре Қашаубаевтың 120-жылдық, Қасым Қайсеновтың...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
Ығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМужебаева Айнұр Самарқанқызы №27 орта мектебі
Аралас мектепте білім беруді ұйымдастыру арқылы оқу үрдісіне қатысушылардың құзыреттілігін дамыту
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМойылды ауылы әкімінің 2011 жыл бойынша есебінің тезистері
Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік класс – 1, оның ішінде 5 компьютер, мектепте 1 интерактивтік...
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) iconМойылды ауылы әкімінің 2012 жыл бойынша есебінің тезистері
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы