|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ![]() 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал Астана 2 ![]() Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама). 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент). Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 87 б. Әдістемелік құралда үлгілік оқу жоспарында бейіндік пәндер бойынша оқу жүктемесінің ерекшеліктері, пәндер бойынша бейіндік білім беру мазмұны, мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың жолдары және бейіндік сыныптарда білім алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне қойылатын талаптар қарастырылады. Құралда бейіндік оқытуды ұйымдастыруда оқушылар мен ата-аналардан алдын ала сұрақтар бойынша пікірлерін білу және нақты аймақ, қала, ауданның еңбек нарығының сұранысы тірек ретінде алынады. Мектептің (мамандар, материалдық-техникалық қоры) мүмкіндігі де маңыздылығы жағынан жоғары көрсеткіш болып саналады. Әдістемелік құрал мұғалім-экспериментаторларға, білім беру ұйымдарының басшыларына, 12-жылдық білім беруге көшу бойынша экспериментке жетекшілік ететін облыстық (қалалық) педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының әдіскерлеріне арналады. © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013 ![]() Кіріспе Бейіндік оқыту мектепте білім беруді дамытуда өзекті және маңызды қадам болып табылады. Осы сияқты көлемдегі барлық басқа жаңа енгізілімдер сияқты, бұл қадам да барынша ойлануды, тындырымды нақтылауды керек етеді. Ең алдымен, «бейіндік оқыту» және «бейіндік мектеп» ұғымдарын ажырату қажет. ^ – саралай және даралай оқытудың құралы, білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін ескеретін, жоғары сынып оқушыларының бейіндік қызығушылықтарына және таңдаған бағыттарына білімді жалғастыруына сәйкес оқыту жағдайларын жасау. ^ – осы мақсатқа жетудің институционалдық формасы. Бұл негізгі форма болғанымен, жекелеген жағдайларда бейіндік оқытудың басқа формалары перспективалы бола алады, оның ішінде білім стандарты мен бағдарламаларды жүзеге асыруда жеке білім беру ұйымынан тысқары шығара алатын формалар да болады. Бейіндік оқыту жеке тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталады. Бұл ретте оқушылардың индивидуалдық білім алу траекториясын реттеу мүмкіндігі кәдімгідей кеңейеді. Бейіндік оқытуға көшудің көздеген мынадай негізгі мақсаттары бар:
Бейіндік білім беру ұйымы бүгінгі күні аса қажет ететін мәселелер:
Жалпы білімнің жоғары сатысын жаңалаудың басты идеясы - мұндағы білім беру барысының неғұрлым индивидуалдануы, функционалдануы мен тиімді болуы. Көпжылғы тәжірибе көрсеткендей, жасөсіпірім шақтың 15 жас шамасынан бастап білім беру жүйесінде оқушылардың өз қызығушылықтарының, қабілеттерінің және мектептен кейінгі өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына жағдайлар жасалынуы керек. Әлеуметтік зерттеулер жоғары сынып оқушыларының көпшілігі (70% шамасы) «негізгі пәндердің басты қағидаларын білу, ал терең оқуға тек мамандануға байланысты пәндер ғана таңдалуына» мүдделі екендігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, жоғары сынып оқушыларында оқытуды бейіндендіру жоғары сынып оқушыларының көпшілігінің білімдік және өмірлік ұстанымдарына сәйкес келеді. 15-16 жасқа таман көптеген оқушыларда болашақ кәсіби қызметіне бағдар қалыптаса бастайды. Қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының ЖОО-ға түсу мен сынақтардан өтуі бойынша мектепте қосымша мамандандырылған даярлықтың қажеттілігі туралы тұрақты пікір қалыптасқан. Жалпы білім беретін ұйымдардағы жоғары сынып оқушыларының дәстүрлі бейіндік емес даярлығы мектеп пен ЖОО арасындағы сабақтастықтығы бұзылуына алып келді, ЖОО-ларда көптеген даярлық бөлімдерін, репетиторлық, ақылы курстар т.б. ашуға жетеледі. Жалпы орта білім беретін мектептің міндеті – жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдар алуына жағдайлар жасау. Әлемдік ақпараттық кеңістіктің дамуына байланысты, білім беру саласын да жаңа қарқынмен, жаңа мазмұн байлығымен дамыту керек. Білім мазмұнында қоғамның құндылықтары, рухани және шығармашылық әлеуеті қалыптасатындай күш болуы керек. Ол үшін білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгеруі керек, атап айтқанда, оқушылар тек білім, білік, дағдыны меңгеріп қоюы ғана көзделмей, есесіне, адамдық болмысының қалыптасуына, әрқайсысының қайталанбас өзіндік тұлғасы қалыптасуына ден қою керек. Бейіндік оқытудың түпкі көздейтін мақсаты осындай болуы керек. ^ Елімізде білім беру үдерістерін реттеуші негізгі құжат болып 2007 жылы қабылданып, 2011 жылы өзгертулер енгізілген ҚР «Білім туралы» Заңы табылады [1]. Сонымен бірге бейіндік оқытудың нормативтік-құқықтық негізіне:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, интеллектуалдық мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуға арналған «Бейіндік мектеп» бағдарламасы іске қосылады деп атап көрсетілген. Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады. Бейіндік мектепте 10 сыныпты аяқтаған түлектердің 60% оқиды деп күтіледі. Бұл ретте бейіндік мектептер ашып, олардың жанынан жатақханалар ашылып, олардың жартысынан көбі – ауылдық жерлерде болады деп күтілуде. Осымен бір мезгілде, базаларында бейіндік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын мектептер ашылатын 40 базалық ЖОО анықталған (11-12 сынып) [2]. Жинақталған тәжірибе мен халықаралық практиканы ескергенде, Қазақстанның білім беру жүйесі 2015 жылдан бастап БХСЖ сатыларына сәйкестендіріледі. Арнайы техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім жіктелісі қайта қарастырылатын болады. Жекелеген орта кәсіби білім бағдарламалары үшіншілік білім беруге (қолданбалы бакалавриатқа) жатқызылатын болады, сөйтіп колледждердің мәртебесі жоғарылайды. Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін толық жалпы орта білімді аяқтау міндетті болып табылады. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі дамытыла бастайды. Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектепті аяқтаған соң жүргізілетін болады:
2015 жылға қарай білім алушылардың құзыреттілігі қалыптасу деңгейін анықтауға арналған, жазба тапсырмалар қосылған тестілік тапсырмалардың қоры қалыптасады. Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жүргізілетін компьютерлік тестілеу бойынша жүргізіледі. Жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу формасындағы қосымша бейіндік емтихандар тапсырады [2]. 2 Үлгілік оқу жоспарындағы бейіндік пәндер бойынша оқу жүктемесінің ерекшеліктері |
![]() | Тұжырымдама Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту Осы Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік... | ![]() | «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсы туралы ереже Жалпы ережелер Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» аудандық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін... |
![]() | Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы Наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде өз бетінше... | ![]() | Дамыта оқыту технологиясы Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің... |
![]() | Павлодар облысы білім беру басқармасының 20 жылғы Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін... | ![]() | ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық, Алаш қозғалысының 90-жылдық, Әміре Қашаубаевтың 120-жылдық, Қасым Қайсеновтың... |
![]() | «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті Ығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік... | ![]() | Мужебаева Айнұр Самарқанқызы №27 орта мектебі Аралас мектепте білім беруді ұйымдастыру арқылы оқу үрдісіне қатысушылардың құзыреттілігін дамыту |
![]() | Мойылды ауылы әкімінің 2011 жыл бойынша есебінің тезистері Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік класс – 1, оның ішінде 5 компьютер, мектепте 1 интерактивтік... | ![]() | Мойылды ауылы әкімінің 2012 жыл бойынша есебінің тезистері Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік... |