|
^ Қойылған міндетке қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) шекара маңындағы аудандардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру; 2) перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін және оларды дамыту бойынша шараларды анықтау; 3) шекара маңы ынтымақтастығы елді мекендерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру; 4) шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту. Бөлімнің қатысушылары шекара маңындағы аумақтарда орналасқан елді мекендер болып табылады. Көрсетілген бағыттарды іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шекара маңындағы ынтымақтастықтың инфрақұрылымын дамыту, өндірісті әртараптандыруды жүзеге асыру, шағын бизнестің қалыптасуын ынталандыру, жергілікті инвестициялық климатты жақсарту және әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту арқылы мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 5.1. Шекара маңындағы аудандардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру. Осы шекара маңындағы аумақтардың қоныстары іргелес мемлекеттермен өзара іс-қимылдың маңызды байланыстыратын буынының, трансконтинентальдық экономикалық көпірінің функцияларын орындайды және ішкі экономикалық ықпалдастыруды күшейтуге, шекара маңындағы аумақтардың экономикасын дамытуға, орналастырылатын жүктерді өңдеу бойынша өндірістерді құруға және көліктік жолдардың жұмыс істеуіне ықпал ететін болады. Шекара маңындағы аумақтардың ірі қоныстарын серпінді дамыту оларға еңбекке қабілетті халықтың ресурстары мен көші-қон ағындарын тартуға ықпал етеді, бұл елдің демографиялық және экономикалық әлеуетіне оң әсерін тигізеді. Шекара маңындағы аумақтардың серпінді дамып келе жатқан ірі қоныстарының айналасында агломерациялардың қалыптасуы өмір сүрудің жоғары деңгейде ұйымдастырылған урбандалған ортасының аймағын құруға мүмкіндік береді. Шекара маңындағы аумақтардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру мақсатында: - көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, бар көліктік және транзиттік дәліздер арқылы жүк ағындарын ұлғайту; - өнеркәсіпті, жаңа технологияларға негізделген экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы өндірістерді дамыту, сауда және экспорт көлемдерін ұлғайту, озық басқарушылық тәжірибесін енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады. 5.2. Перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін және оларды дамыту бойынша шараларды анықтау. Осы елді мекендерде жаңа өндірістерді, тиісті көліктік инфрақұрылымды құру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасалады. Перспективалы елді мекендердің – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерінің тізбесін облыс әкімдіктері әдістемелік ұсынымдарға сәйкес анықтайды және өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін жергілікті атқарушы орган бекітеді. Перспективалы елді мекендерді дамыту бойынша шаралар экономикалық белсенділіктің өсуін және ивестициялық тартымдылықты ынталандырудың әртүрлі тетіктері арқылы, оның ішінде қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады. Перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін дамыту мақсатында: - мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне және басқа елді мекендерге еркін және жылдам жүруге мүмкіндік беретін шекара маңындағы жолдар торабын құру; - азаматтарды, көлікті және тауарларды шекара арқылы өткізудің жаңа пункттерін ашу (тиісті көліктік және кедендік инфрақұрылымды құрумен); - пайдалы қазбалардың трансшекаралық кен орындарын бірлесіп пайдалану, халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бар өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыру; - перспективалы елді мекендердің – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерінің осы елді мекендердің әлеуметтік сыйымдылығын арттыру мақсатында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. 5.3. Шекара маңы ынтымақтастығы елді мекендерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру. Осы дамыту көршілес мемлекеттермен шекара маңы ынтымақтастығының инфрақұрылымын бірлесіп салу және пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды дамытуға (шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу және кеден бекеттері және басқалар) бағдарланатын болады. Шекара маңы ынтымақтастығы пункттерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында: 1) кедендік және шекаралық инфрақұрылымды дамыту, шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу және кедендік бекеттердің, санитариялық-карантиндік, ветеринарлық, фитосанитарлық және басқа бақылау органдарын техникалық жарақтандырылу деңгейін арттыру; 2) шекаралық, кедендік, иммиграциялық, экологиялық, фитосанитариялық және бақылаудың өзге түрлерінің рәсімдерін жетілдіру; 3) оның өткізу қабілетін арттыру мақсатында мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырудың технологиялық схемасын жетілдіру; 4) экспорттық және импорттық операцияларды ресімдеудің мерзімдерін қысқартуға ықпал ететін жағдайлар жасау, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін электрондық құжат айналымы жүйесімен және автоматты сәйкестендіру жүйесімен жайластыру, кеден қоймалары мен терминалдарын жаңғырту бойынша шаралар қабылданатын болады. 5.4. Шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту жаңа маманданудың мүмкіндіктерін ескере отырып, жүзеге асырылады. Шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру мақсатында: - шекара маңындағы аумақтарда бар резервтер мен пайдаланылмайтын шаруашылық активтерді (айналымнан шығарылған тоқтап тұрған өндірістерді және басқаларды), пайдалы қазбаларды экономикалық айналымға тарту және бар инженерлік және көліктік инфрақұрылымды тиімді пайдалану; - өңірлерде бар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді (егістіктер, оның ішінде суармалы, жайылымдар, шабындық, көпжылдық екпелер, тыңайған жерлер) экономикалық айналымға тарту; - мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне,оны дайындауды және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған нақты жобаларды іске асыру; - халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бар өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыру; - шекара маңындағы аумақтардың шаруашылық субъектілері арасындағы өңіраралық өзара тиімді байланыстарды белгілеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кооперациясы,құрылыс, қаржы, технологиялармен алмасу салаларына және заңнамаға және іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарының режимдеріне қайшы келмейтін басқа салаларға инвестициялар тарту мақсатында шарттар жасасу; - іргелес елдердің озық технологияларын, заманауи машиналары мен жабдықтарын пайдалану арқылы шекара маңындағы сауданы, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. Іс-шараларды қаржыландыру көзделген бағдарламалық құжаттар шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылады. Осы басымдықтың шеңберінде іске асырылып жатқан іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған шаралар кешенімен үйлестірілуге тиіс. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары. 1-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту. Ауылдық жерлердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде шекара маңындағы аумақтардағы тірек АЕМ-ге артықшылық беріледі. Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1 және 4-қосымшаларда көзделген. 2-басымдық. АӨК-тегі және туризм саласындағы өңірлік индустрияландыру жобалары үшін инфрақұрылымды дамыту. 2-басымдықтың шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуде тірек АЕМ-дегі БИЖ-ге, артықшылық 2-басымдықтың шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуде шекара маңындағы аумақтардағы, сондай-ақ барынша мультипликативті тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін шекара маңындағы аумақтарда тірек АЕМ-де БИЖ-ге артықшылық берілетін болады. Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және жүргізу жөніндегі БИЖ-ді қарау кезінде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі: 1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан: бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының саны; өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуі; өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы; БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар саны; 2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы; 3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі. ^ Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады. млн. теңге
|
![]() | «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1... | ![]() | 2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы |
![]() | 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1... | ![]() | 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы... |
![]() | «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық... | ![]() | 1. Бағдарламаның паспорты Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы |
![]() | Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты | ![]() | Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты |
![]() | Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты | ![]() | Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты |