Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



НазваниеӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница8/16
Дата конвертации20.08.2014
Размер3.6 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

^ 5.2. «Екінші деңгейдегі» қалаларды (облыс орталықтарын, Семей және Түркістан қалаларын) дамыту

«Екінші деңгейдегі» қалаларды дамыту бойынша міндеттерді іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Кеден одағы нарықтарында «екінші деңгейдегі» қалаларды экономикалық позициялау;

2) агломерацияның аймағына кірмейтін «екінші деңгейдегі» қалалардың (облыс орталықтарының, Семей мен Түркістан қалаларының) аумағын тиімді қала құрылысы жоспарлау;

3) «екінші деңгейдегі» қалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын тиімді дамыту;

2.1. «Екінші деңгейдегі» қалаларды кеден одағы нарықтарында экономикалық позициялау.

Облыс орталықтарын тиімді экономикалық дамыту және облыстың барлық аумағы үшін «локомотив» ретінде олардың рөлі қазақстандық нарықта және Кеден одағы аумақтарында тауарлар мен қызметтеріне «тауаша» іздестірумен байланысты болады.

Жергілікті атқарушы органдардың өңірлердің ғылыми қоғамдастықтарымен бірлесе отырып, Кеден одағының кеңістігінде өз брендтерін («фишкаларын») іздеу бойынша маркетингтік зерттеулерді жүргізуі аса қажет. Қала кәсіпорындарының кедендік шекаралары жоқ ортақ экономикалық кеңістікке шығуы бойынша өңірлік деңгейде шаралар қабылдау қажет. Сыртқы нарықтарға шықпай облыстардың экономикасы дамуының келешегі жоқ.

Біздің елдің іскерлік климатын, салықтық артықшылығын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар да облыстардың кәсіпорындарына инвестицияларды тартуға міндетті.

Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымын – технопарктерді, индустриялық аймақтарды дамыту жөнінде шаралар қабылданады. Осы процессте әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, «Даму» КДҚ жетекші рөлді атқаруға тиіс.

2.2. Агломерация аймағына кірмейтін «екінші деңгейдегі» қалалар аумақтарын (облыс орталықтарын, Семей мен Түркістан қалаларын) тиімді қала құрылысы жоспарлау.

«Екінші деңгейдегі» қалалардың (облыс орталықтарын, Семей мен Түркістан қалаларын) бас жоспарларын түзету осы қала құрылысы жоспарларының жобалық есептік мерзімі 5 жылды, ал перспективалық есептік мерзім 10-15 жылды құрайтынына байланысты және осы кезеңде аталған қалалар бойынша қала құрылысы жағдайы қала құрылысы саясаты өзгергендіктен түбегейлі өзгеру мүмкін.

2.3. «Екінші деңгейдегі» қалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын тиімді дамыту.

Облыс орталықтарына алыс ауылдық аудандардан халықтың көшіп келуін ескере отырып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды адекваттық дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет.

Халықтың қалың жігі үшін қолжетімді тұрғын үй салу бойынша шаралар қабылданады.

Облыстар ішінде және оның сыртында көліктік байланыс жүйелерін жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.

«Жасыл экономиканы» дамыту бойынша шаралар қабылданады.

«Екінші деңгейдегі» қалаларды дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары.

1-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

Уәкілетті органда қаржыландыру басымдылығына іріктеуден өткен «екінші деңгейдегі» қалалардың инженерлік инфрақұрылым объектілерін (су құбыры, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау) салу және реконструкциялау жөніндегі БИЖ қаржыландыруға жатады.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді қараған кезде «екінші деңгейдегі» қалаларға көліктік қолжетімділікті арттыруға және оларда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 1-басымдық бойынша мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:

1) жобаны іске асырудан алынатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық әсердің:

бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;

жол жүру уақытының қысқаруынан;

қозғалыс жылдамдығының ұлғаюынан;

коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауынан;

жұмыссыздық деңгейін төмендетуде, өзін-өзі жұмыспен тиімсіз қамтыған адамдардың санын қысқартуда көрінетін мөлшері;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.

Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1 және 4-қосымшаларда көрсетілген.
2-басымдық. Қолжетімді тұрғын үй салу

Бағдарламаның шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделеді:

1. облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй

2. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй

3. Жас отбасылар үшін тұрғын үй

4. «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі

5. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі

6. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.

Осы басымдықты іске асыру тетіктері 2-қосымшада көрсетілген.
3-басымдық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту

Бағдарлама шеңберінде агломерацияларда күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2020 жылы 8,7 %-дан 3,6 %-ға дейін азаяды.

Осы басымдық бойынша іске асыру тетігі осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген.

4-басымдық. Индустрияландыру, АӨК және туризм саласындағы ірі өңірлік жобалар үшін инфрақұрылым дамыту.

4-басымдықтың шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуде барынша мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін БИЖ-ге артықшылық берілетін болады.

Қаржыландыруға ірі бизнес жобаларды іске асыру үшін инженерлік-көлік инфрақұрылымын (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, темір жолдың тұйық жерлерін, қосалқы электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау) салу және жүргізу жөніндегі БИЖ жатады.

Инфрақұрылымды салу мен жүргізу бірнеше бизнес жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және жүргізу жөніндегі БИЖ-ді қарау кезінде мынадай критерийлер негізінде жобаларға артықшылық беріледі:

1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің, олар:

өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санында;

өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуінде;

өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында;

БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санында көрініс тапқан мөлшері;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
5-басымдық. Қалаларда қоршаған орта жағдайын жақсарту және энергия тиімділігін арттыру.

5-басымдық бойынша қаражат бөлу қоршаған орта жағдайын жақсарту және энергия тиімділігін арттыру бойынша, оның ішінде:

  1. қалдықтарды кәдеге жарату тиімділігі бойынша;

  2. атмосфералық әуе жағдайын жақсарту бойынша;

3) салынып жатқан және бар коммуналдық тұрғын үй қорына кешендік энергияны үнемдейтін және экологиялық (жасыл) технологияларды енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталады.

Бұл ретте, БИЖ-ді іріктеу осы бағдарламаның, сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қолданыстағы бағдарламалардың, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің Бас жоспарларының, «Жасыл экономика» тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған 5-басымдық бойынша БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:

1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан:

бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының саны;

атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын төмендету;

ластаушы заттар төгінділерінің деңгейін төмендету;

қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесін ұлғайту;

энергия үнемдейтін технологиялар енгізу;

өнім өндіру көлемінің өсімі;

бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
^ 5.3. «Үшінші деңгейдегі» қалаларды (шағын және моноқалаларды) дамыту

Бағдарлама шеңберінде шағын және моноқалаларды дамыту бойынша міндеттерді шешу үш бағытта жүргізіледі:

1) шағын және моноқалалардың брендингі, олардың кешенді даму жоспарларын әзірлеу;

2) шағын және моноқалаларда экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту;

3) шағын және моноқалалардың инфрақұрылымын дамыту.

Осы бағыттарды іске асыру үшін уәкілетті органдар нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды.

Уәкілетті орган мен облыс әкімдерінің арасында Бағдарламамен айқындалған шағын және моноқалаларды дамыту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның ұсынымдарына сәйкес (2-кесте) моноқалаларды экономикалық әлеуеті жоғары, орташа және төмен қалаларға топтау жүргізілді, оның негізінде олардың проблемаларын шешу тәсілдері (шаралары) де сараланады.
5-кесте. Әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары, орташа және төмен шағын және моноқалаларды анықтау үшін критерийлер

Р/с



Шағын және моноқала перспективалылығының критерийлері

Шағын және моноқала перспективасыздығының критерийлері

1.

Қаржылық-шаруашылық қызметінің оң көрсеткіші, тұрақты табиғи-шикізат факторы бар (кен базасының таусылу қауіпі жоқ, шығарылатын өнімге тұрақты сұраныс және т.б.) ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорынның болуы:

  • өндірудің ағымдағы деңгейінде

келешекте 25-30 жылдарғы перспективада пайдалы қазбалар қорларының болуы;

- ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорынның өніміне тұрақты сұраныстың болуы және өндіріс көлемін төмендетін факторлардың болмауы;

Қаланың ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорнында өндіріс көлемінің азаюы және оның өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі:

- ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорында өндіріс көлемінің соңғы 10 жылда айтарлықтай азаюы

2.

Қаланың облыстық немесе республикалық маңызы бар ірі қалаға жақын, агломерация құрамында, сондай-ақ шекара маңындағы аумақта (мемлекеттік шекара сызығына тікелей жақын) орналасуы

Ірі қалалардан, агломерациялардың ықпал ететін аймағынан және халықаралық және республикалық деңгейдегі негізгі көліктік дәліздерден алыс орналасуы (радиусы 75 км алыс немесе 1-сағаттық қолжетімділікте):

- шағын қаланың тұйықтықта орналасуы (республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының және темір жолдарының болмауы);

- қаланы басқа қалалармен және өңірлермен байланыстыратын көліктік инфрақұрылым өте тозған күйде.

3.

Қаланың логистикалық инфрақұрылым (теміржол станциялар, қоймалар) ұйымдастыру мүмкіндігі бар ірі көліктік дәліздердің қиылысында (республикалық маңыздағы темір және автомобиль жолдары бойында) орналасуы.




4.

Қалада бірегей әлеуеттің (табиғи-ресурсты, географиялық, тарихи):

  • қалаға тікелей жақын орналасқан, игеру мен қайта өңдеуге перспективасы бар пайдалы қазбалар қорларының;

  • басқа әлеуеттердің (туристік, рекреациялық, бірегей қорық аймақтарының), ғылыми және инновациялық әлеуеттің болуы

Қорлары сарқылған минералды-шикізаттық база:

- кенде пайдалы құрамдауыштың төмендеуі;

- соңғы 10 жылда қала құраушы кәсіпорындағы өндіріс көлемінің едәуір қысқаруы;

5.

Дамыған әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым болған кезде қаланың мемлекеттік, білім беру, медициналық, инфрақұрылымдық, көліктік-логистикалық, қаржы-делдалдық, мәдени-бос уақыт, дене шынықтыру-спорттық және өзге сервистік қызметтерді, оның ішінде іргелес ауылдық аумақтарға көрсету қабілеті

Әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымның апатты тозуы:
      - авариялық тұрғын үйлердің жоғары үлесі;

     - су, электр, жылу инфрақұрылымының тозуы 80 %-дан асады     

6.

Белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың үлесі:

 - қалада дамыған шағын және орта кәсіпкерліктің болуы (қызмет көрсету саласында, өңдеу өнеркәсібінде және басқалары);




7.

Кадрлық әлеует:

- қалада жоғары білікті техникалық, оның ішінде қала құраушы кәсіпорында жұмыс істеп жатқан мамандардың болуы;

Қала халқының тұрақты кетуі (санының азаюы):

- соңғы 10 жылдағы көші-қон сальдосының теріс серпіні (халық санының азаюы негізінен жоғары білікті еңбекке қабілетті халық есебінен іске асады);

8.

Жағымды экологиялық жағдай:

  • экологиялық апат аймақтарынан тыс экологиялық нормалардан жоғары асатын ластану көздерінің болмауы

Қолайсыз экологиялық жағдай:
   - қала аумағының экологиялық апат аймағында орналасуы және экологиялық нормалардан жоғары ластағыш көздердің болуы;

9.

Қала халқының жалақысы республикалық деңгейден төмен емес

Халықтың жалақысы орташа облыстық көрсеткіштерден төмен

5-кестеде көрсетілген, перспективалылық жағдайы (критерийлері) жоқ немесе оларды іске асыру мүмкіндігі жоқ шағын қала экономикалық әлеуеті жоғары қалаға жатпайды.

5-кестеде көрсетілген, перспективасыздық критерийлеріне сәйкес келетін шағын қалалар экономикалық әлеуеті төмен қалаларға жатады.

5-кестеде көрсетілген критерийлерге сәйкес экономикалық әлеуеті жоғары немесе төмен қалалардың қатарына кірмеген шағын қалаларды облыс әкімдіктері экономикалық әлеуеті орташа елді мекендердің тізіміне енгізеді.

3.1. Шағын қалалар брендингі, олардың кешенді дамыту жоспарларын (бұдан әрі – КДЖ) әзірлеу.

Аталған бағыт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар университеттерді немесе өзге ғылыми-зерттеу институттарын және орталықтарды тарта отырып, әрбір шағын қаланың даму перспективалары бойынша жүйелік диагностика мен маркетингтік зерттеулер жүргізеді, оның аясында шағын қаланың экономикалық әлеуеті, оның дамуына жағымсыз әсер ететін факторлар, сондай-ақ перспективалық жаңа мамандану анықталады.

Осы Бағдарламада «шағын және моноқаланың брендингі» деп шағын және моноқаланың аумағында қалыптастыру (іске асыру) үшін әлеуетті ықтимал және қалыптастырылып жатқан (іске асырылып жатқан) және оған әлеуетті оң имиджді құратын немесе әлдеқашан құрған (онымен байланыстыратын) табысты және тиімді қызмет түрлерін анықтау үшін құралдар түсініледі.

Мемлекеттік қолдау шағын және моноқаланың әлеуетін барынша іске асыруға бағытталады.

Бұл ретте мемлекеттік қолдау саясатының тетіктері моноқаланың әлеуетіне қарай әртараптандырылатын болады. Экономикалық әлеуеті төмен шағын және моноқалаларға инфрақұрылымды өмір сүру сапасының ең аз қажетті деңгейінде ұстау үшін Бағдарламаның ағымдағы бюджетінің шеңберінде көрсетіледі. Әлеуеті орташа және жоғары шағын және моноқалаларға одан жоғары санатқа жоғарылату немесе олардың әлеуетін толық пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде мақсатты түрде қолдау (даму бюджетін қоса алғанда) көрсетіледі.

Бұдан басқа, агломерациялардың ықпал ету аймағына кіретін шағын және моноқалаларға, сондай-ақ шекара маңындағы аумақта орналасқандарға Қазақстанда агломерациялар мен шекара маңы аумақтарын дамыту бойынша жалпы мемлекеттік саясат шеңберінде өнеркәсіптік, әлеуметтік және өзге әлеуетті дамыту бойынша ерекше қолдау көрсетіледі.

Уәкілетті орган моноқалаларды дамытудың орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан қолдануын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Осы бағытта іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар шағын қалалардың КДЖ әзірлейді, олардың негізінде жүргізілген маркетингтік зерттеулердің және қаланың жүйелік диагностикасының нәтижелері жатыр.

Маркетингтік зерттеу шағын қаланы дамытудың перспективалық және шығыны аз бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді және мыналарды қамтиды:

қаланың SWOT-талдауын жүргізу, яғни оның басымдықтарын, кемшіліктерін және тиісінше қауіптері пен мүмкіндіктерін бағалау. Нәтижесінде қаланың ағымдағы жағдайына кешенді баға беріледі;

қала имиджін жақсарту (брендтеу), қаланың экономикалық мәселелерін шешуде жеке және қоғамдық секторлар күштерін шоғырландыру жөніндегі шараларды анықтау, жергілікті билікке және өмір сүруге және инвестицияларға арналған жер ретінде қалаға сенімді арттыру;

мақсатты маркетинг жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу мақсатында барынша маңызды сыртқы нарықтарды және шағын қала брендін тұтынушылардың мақсатты тобын анықтау және бағалау, осы іс-шараларды іске асыру орта мерзімді перспективада қала имиджін айтарлықтай жақсартуға және қажетті ресурстарды тартуға мүмкіндік береді;

жаңа сыртқы нарықтарда шағын қаланың брендімен байланысты жеке брендтерді ілгерілету және бекіту жөніндегі маркетингтік іс-шаралардың жеке бағдарламалары кешенін әзірлеу;

шағын қала брендімен байланысты жеке брендтерді күшейту және олар орналасқан сыртқы нарықтарды кеңейту жөніндегі маркетингтік іс-шаралардың жеке бағдарламалары кешенін әзірлеу;

маркетингтік ақпаратты таратудың қолданыстағы арналарын қолдану тиімділігін арттыру және жаңаларын құру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру (қолдану сапасы тұрғындар арқылы таратылған қала туралы ақпарат сапасына тікелей тәуелді «бейресми» каналдарды қоса алғанда);

қалалық әкімшілік ресурстарының көмегімен оларды шешудің мүмкін жолдарына талдау жүргізу; жекелеген салаларды дамытудың ұсынылатын жобалары арасында бюджетті және басқа қалалық ресурстарды бөлу жөнінде басқарушылық шешімдерді қабылдаған кезде қолданылатын басымдықтарды анықтау.

КДЖ шағын қалалардың даму перспективаларын, халықтың болжамды санын және жаңа мамандануын (брендтерін) анықтаумен ұзақ мерзімге әзірленеді.

КДЖ жоспарлы мерзімде республикалық және жергілікті бюджеттерден әрбір шағын қаланы қаржыландыру көлемін анықтау үшін басты критерий және негіз болып табылады. КДЖ облыстық атқарушы органдар мен уәкілетті органдар деңгейінде келісуден өту керек.

КДЖ экономикалық базаның, кәсіпкерлік пен іскерлік белсенділіктің дамуын, бәсекеге қабілеттіліктің өсуін, халықтың өмір сапасы мен деңгейін жоғарлатуды, жалпы ұзақ мерзімді перспективада шағын қалалардың тұрақты дамуын, тиісті инфрақұрылымды дамыта отырып, өңірдің және жалпы елдің дамуына олардың ықпалдасуын қамтамасыз етуге тиіс.

Осы жұмыс шеңберінде қала экономикасының күшті және әлсіз жақтары талдануға, қаланың бірегей тұлғасын қалыптастыруға қабілетті функциялар таңдалуға, оны инвестициялар нарығында бәсекеге қабілетті етуге, жылдар өсетін, тиімді өндірістерді осында тартуға тиіс.

КДЖ-ды мақұлдағаннан кейін жергілікті экономикалық саясаттың жекелеген бағыттарын іске асыру бойынша нақты жұмыспен айналысатын ұйымдастыру құрылымдары құрылады. Құрылатын құрылымдар инвестицияларды тарту және инфрақұрылымды дамыту үшін қала имиджін құру бойынша жергілікті биліктен қажетті импульстер алады.

КДЖ-да мақсаттар, міндеттер тіркеледі, экономиканың маңызды секторлары мен дамудың жалпы шарттары анықталады, SWOT (күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіптер) талдау жүргізіледі, стратегиялық жоспар дайындалады. КДЖ құрылымы уәкілетті органымен анықталады.

КДЖ тәжірибелік іс-қимыл жоспарымен немесе салалық жоспарларға бөліне алатын жоспарлы іс-шаралармен толықтырылады (мысалы, экология саласындағы, аса маңызды салалардағы, шағын және орта кәсіпорындар саласындағы іс-қимыл жоспарлары).

Жоспарлау процесі, мақсаттар мен талдауды белгілеу көп адамдарды барынша тартумен ұйымдастырылуы маңызды. Бұл үшін көшбасшы және үйлестіруші ретінде қаланың белсенді ұстанымы қажет.

КДЖ-да шағын қалалардың бас жоспарларын және (немесе) өзге қала құрылысы құжаттамасын түзету бойынша мәселелер көрсетілуге тиіс.

Бас жоспарларды және (немесе) өзге қала құрылысы құжаттамасын түзету орта және ұзақ мерзімді перспективада болжанған халық санын, сондай-ақ шағын қалалардың КДЖ ережелерін ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және жаңғыртуға бағытталатын болады.

Агломерациялардың аймағына кіретін шағын және моноқалалардың және агломерациялардың аймағына кірмейтін шағын және моноқалалардың бас жоспарларын түзету Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеумен қатар оның стратегиясына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Шағын қалалардың әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоспарлар тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты халықтың перспективалы санын ескере отырып, шағын қалаларды дамыту, жаңғырту және оңтайландыру жөніндегі шараларды қамтуға тиіс.

Шағын қалалардың КДЖ-ын әзірлеу мынадай алгоритм бойынша жүргізіледі:

1) облыстардың әкімдіктері университеттерді немесе басқа да ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарын тартумен шағын қала брендингінің перспективалары бойынша (әлеуметтік сауалдаманы өткізу арқылы) жүйелік диагностика мен маркетингтік зерттеу жүргізеді, олардың шеңберінде экономикалық әлеует, оның дамуына кері әсерін тигізетін факторлар, сондай-ақ перспективалық жаңа мамандану анықталатын болады;

2) облыстардың әкімдіктері уәкілетті орган ұсынысының, брендинг перспективалары бойынша жүргізілген жүйелік диагностика мен маркетингтік зерттеулер негізінде ұзақ мерзімді кезеңге әрбір шағын қаланың ДБЖ-сын әзірлейді, онда әрбір шағын қаланың даму перспективалары, халықтың болжамды саны және жаңа мамандануы (брендтер) анықталатын болады.

Шағын қалалардың КДЖ-сын әзірлеу мерзімі – ДБЖ-ны іске асырудың жоспарланған кезеңінің алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейін;

3)  КДЖ-ды уәкілетті орган жанынан құрылған жұмыс тобы қарайды.

Жұмыс тобы әрбір КДЖ-ды егжей-тегжейлі зерделейді, пысықтау бойынша ұсынымдар береді және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және кейін ВАК-тың қарауына енгізу үшін инвестициялық жобаларды іріктейді;

4) ВАК жұмыс тобының ұсыныстарын ескере отырып, ДБЖ-ды, сондай-ақ республикалық бюджет, даму институттары мен ұлттық компаниялар есебінен іске асыру үшін инвестициялық жобаларды мақұлдайды;

5) ВАК мақұлданған КДЖ мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

3.2. Шағын қалалар мен моноқалаларда экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту.

Осы бағыттың шеңберінде шағын және моноқалалардың экономикалық базасын дамыту бойынша мынада шаралар іске асырылатын болады:

- агломерациялардың ықпал ету аймағындағы, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіптің орталықтары, көліктік-өнеркәсіптік орталықтар (тораптар) болып табылатын немесе туристік-рекреациялық әлеуеті бар әлеуеті жоғары және орташа шағын және моноқалалар халқының оңтайландырылған санына шаққанда тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын салуды және реконструкциялауды басым қаржыландыру;  

- шағын және моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру.

Жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әрбір шағын және моноқалада іске асыру үшін 1-3 «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іріктейді.

Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі – ӘКК) «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шағын және моноқалаларда құрылатын, компанияның ерекшелігін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын ескере отырып, ұйымдардың жарғылық капиталына кәрі мүмкіндігі қаралатын болады.

Бұл ретте, ӘКК-тің аталған жобаларға қатысуы үшін шағын және моноқалаларда Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен белгіленген тәртіпте ӘКК-тің жарғылық капиталын ұлғайту жүргізіледі;

- шағын және моноқалаларда олардың ерекшелігін ескере отырып, ұлттық холдингтердің қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жобаның қаржылық-экономикалық және өндірістік мақсатқа сәйкестігін, компанияның ерекшелігін ескере отырып, инвестициялық жобаларды шағын және моноқалаларда ықтимал іске асыру бойынша шаралар қабылдайды;

- шағын және моноқалалардың ерекшеліктерін ескере отырып, қала құраушы кәсіпорындардың қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарын орналастыруы.

Жергілікті атқарушы органдар қала құраушы кәсіпорындармен бірлесіп, әрбір шағын және моноқалада оның мамандануына сәйкес кемінде бір инвестициялық жобаны іске асыру бойынша шаралар қабылдайды;

- шағын және моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру.

Бұл шаралар мыналар арқылы іске асырылады:

1) қолданыстағы мамандандыруды жаңғырту немесе жаңа мамандандыруды құру үшін стратегиялық инвесторды тарту.

Бағдарлама шеңберінде стратегиялық инвесторды тарту үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдайтын болады.

Бұдан басқа, әлеуеті төмен және орташа моноқалаларда инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға газға, электр энергиясына кететін шығындардың орнын толтыру немесе бір бөлігін төлеу, жер учаскесін сатып алу және ғимараттар, құрылыстар сатып алу (салу) жолымен өнеркәсіптік жеңілдіктер ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, пайдалы қазбалардың өңделетін кен орнын шектеулі пайдалану мерзімі бар кәсіпорындарға уәкілетті органмен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру мүмкіндіктері қарастырылатын болады;

2) моноқалаларға жақын орналасқан перспективалы пайдалы кен орындарын, «Казгеология» ҰК» АҚ-ның немесе кәсіпорындардың шикізат базасын ұлғайтуға мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен, оларды толығымен барлау шараларын айқындай отырып, анықтау.

- «тұйыққа тірелу» проблемаларын шешу және моноқалалардың транзиттік әлеуетін дамыту.

Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесе отырып, тұйыққа тірелу проблемасын шешу үшін көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдайтын болады.

3.3. Шағын қала мен моноқалалардың инфрақұрылымын дамыту

Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында шағын және моноқалалардың инфрақұрылымын дамыту қалаларды дамыту әлеуеті дәрежесіне байланысты оларды дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын ескере отырып жүзеге асырылады.

Осы бағыттың шеңберінде агломерациялардың ықпал ету аймағындағы, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіптің орталықтары, көліктік-өнеркәсіптік орталықтар (тораптар) болып табылатын немесе туристік-рекреациялық әлеуеті бар әлеуеті жоғары және орташа шағын және моноқалалар халқының оңтайландырылған санына шаққанда тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын салуды және (немесе) реконструкциялауды басым қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.

ВАК одан әрі дамыту бойынша шешім қабылдаған әлеуеті жоғары және орташа шағын және моноқалалар бойынша инвестициялық жобалар бюджеттік заңнамада бекітілген тәртіпте қаржыландырылады.

Бұл ретте, бірінші кезектегі тәртіпте қала тыныс-тіршілігінің неғұрлым өткір мәселелері шешіледі (жылумен, сумен, электрмен, газбен жабдықтау, жолдар, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді ысыру, абаттандыру және экология).

Сонымен қатар, осы бағыттың шеңберінде шағын және моноқалаларды абаттандыру бойынша шығыстар қаржыландырылатын болады.

Бұдан басқа, осы басымдықтың шеңберінде шағын және моноқалаларды жайластыру көзделеді:

1) көліктік инфрақұрылымды жөндеу (қалаішілік жолдар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);

2) коммуналдық шаруашылық: тұрғын үйлер қорын сақтау және қоқыс шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылыту жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату;

3) елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс-шаралар.
Шағын және моноқалаларды дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары

1-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға уәкілетті органда қаржыландыру басымдылығына іріктеуден өткен, «үшінші деңгейдегі» қалаларда (шағын және моноқалаларда) инженерлік инфрақұрылым объектілерін (су құбыры, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау) салу және реконструкциялау жөніндегі БИЖ жатады.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған 1-басымдық бойынша БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:

1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан:

бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы;

жол жүру уақытының қысқаруы;

қозғалыс жылдамдығының ұлғаюы;

коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауы;

жұмыссыздық деңгейін төмендетуде, өзін-өзі жұмыспен тиімсіз қамтыған адамдардың санын қысқартуда көрсетілген жиынтық мөлшері;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.

Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1, 4-қосымшаларда көрсетілген.
2-басымдық. Қолжетімді тұрғын үй салу.

Бағдарлама шеңберінде мынадай бағыттар көзделеді:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй

2. Жас отбасылар үшін

3. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.

Осы басымдықты қаржыландыру және әске асыру тетіктері осы Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.
3-басымдық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту

Бағдарлама шеңберінде үшінші деңгейдегі қалаларда (шағын және моноқалаларда) күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2020 жылға қарай 4,6 %-дан 1,9 %-ға дейін төмендейді.

Осы басымдықты қаржыландыру және әске асыру тетіктері осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген.
4-басымдық. Индустрияландыру, АӨК және туризм саласындағы «зәкірлік» өңірлік жобалар үшін инфрақұрылымды дамыту

4-басымдықтың шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуде өңірде және жалпы республикада барынша мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін БИЖ-ге артықшылық берілетін болады.

«Зәкірлі» жобаларды іске асыру үшін инженерлік инфрақұрылым (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, темір жолдың тұйық жерлерін, қосалқы электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау) салу және тарту жөніндегі БИЖ қаржыландыруға жатады.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және жүргізу бойынша БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:

1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан:

өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санында;

өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуінде;

өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында;

БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санында;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
5-басымдық. Қалаларда қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және энергия тиімділігін арттыру.

6-басымдық бойынша қаражатты бөлу «үшінші деңгейдегі» қалаларда (шағын және моноқалаларда) іске асырылатын қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және энергия тиімділігін арттыру бойынша, оның ішінде:

1) қалдықтарды тиімді кәдеге жарату бойынша;

2) атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту бойынша;

3) салынатын және қолданыстағы коммуналдық тұрғын үй қорында энергия үнемдеу және экологиялық («жасыл») технологиялар енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталатын болады.

Бұл ретте, БИЖ-ді іріктеу осы бағдарламаның, сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қолданыстағы бағдарламалардың, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің Бас жоспарларының, «Жасыл экономика» тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған 6-басымдық бойынша БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаларға артықшылық беріледі:

1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан:

бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының саны;

атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын төмендету;

ластаушы заттар төгінділерінің деңгейін төмендету;

қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесін ұлғайту;

энергия үнемдейтін технологиялар енгізу;

өнім өндіру көлемінің өсімі;

бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы.

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
^ 5.4. Тірек елді мекендерді қоса алғанда ауылдық аумақтарды дамыту

Ауылдық аумақтарды дамыту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) аудан орталықтары мен тірек АЕМ-ді дамыту;

2) ауылдық округтер, ауылдар мен кенттердің орталықтарын дамыту;

3) даму әлеуеті жоғарғы және орташа басқа АЕМ-ді дамыту;

4) ауылдық жердің кадрлық әлеуетін арттыру;

5) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

Ауылдық аумақтардың ағымдағы жағдайын бағалау үшін жергілікті атқарушы органдар АЕМ-нің өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымына мониторинг жүргізеді және оның негізінде оларды дамыту әлеуеті анықталатын болады.

Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді анықтау үшін критерийлерді өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

4.1. Аудан орталықтарын және тірек АЕМ-ді дамыту ауылдық жерде тірек АЕМ-ді, сондай-ақ аудан орталықтарын анықтау және жайластыру арқылы экономикалық өсу орталықтарын құруға бағдарланған.

Тірек АЕМ тізбесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Тірек АЕМ-ді және аудан орталықтарын дамыту жеке кешенді даму жоспарларының негізінде жүзеге асырылады, оларда жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін дамыту, тұрғын үй салу, мемлекеттік, қаржылық, сервистік және басқа да қызметтерді дамыту бойынша шаралар көзделетін болады.

Тірек АЕМ-ді және аудан орталықтарын кешенді дамыту жоспарларын өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар әзірлейді, олар мынадай құрауыштардан тұрады:

  1. Тірек АЕМ-де экономикалық қызметті дамыту.

Бұл құрауыш тірек АЕМ-де өндірістік саланы дамытуға, ауыл шаруашылығы өндірісін және өнеркәсіптік өндірісті тұрақты жүргізу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған.

Бірінші құрауыш шеңберінде міндеттерді шешу қала құраушы кәсіпорындарды қалыптастыру, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жүзеге асырылады.

«Зәкірлік» инвестициялық жобаларды енгізу базалық қала құраушы өндірісті құруға мүмкіндік береді, ол тірек АЕМ-нің өндірістік әлеуетін дамытудың негізгі тетігі болып табылады, экономиканы көтеруге, экспорттық әлеуетті ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңғырту жаңа технологияларды, өнімділігі жоғары техниканы, заманауи жабдықтарды, тұқымдардың жаңа сорттарын қолдану және өнімді асыл тұқымды мал басы есебінен жүзеге асырылатын болады.

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін тірек АЕМ-де ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге құқықтық, қаржылық және басқа да қызметтерді көрсету үшін кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылатын болады.

«Зәкірлік» инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік және салалық бағдарламалардың (Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы және басқалары), сондай-ақ облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

2. Тірек АЕМ-де әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту. 

Бұл құрауыш тұтастай алғанда, тірек АЕМ-де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Инфрақұрылымдық жобалар мыналарды қамтиды:

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің объектілері) салу, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;

- инженерлік-көліктік инфрақұрылымды (кентішілік және ауылішілік жолдар, кіреберіс жолдар, бөгеттер, тоғандар және көпірлер) салу, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;

- тұрғын үйлер салу және күрделі жөндеу, авариялық үйлерді бұзу;

- елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, гүлзарларды жарықтандыру мен көгалдандыру, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулеттік нысандарды, қоршауларды, балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын жайластыру);

- шағын сәулет нысандарын реконструкциялау, орнату.

Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тірек АЕМ-ді дамытудың кешенді жоспарында көзделген іс-шараларға сәйкес мемлекеттік және салалық бағдарламалардың (Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарлама, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы) шеңберінде көзделген, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

3) Тірек АЕМ-де көліктік қолжетімділікті дамыту.

Үшінші құрауыш өткізу және жабдықтау нарықтарына көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ететін облыстық және аудандық маңызы бар, тірек ауылдар мен тірек АЕМ-нің тартылыс аймағына кіретін басқа да елді мекендердің арасындағы жолдарды дамытуға бағытталған.

Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының желісін дамыту халықтың ұтқырлығы мен материалдық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, көліктік шығындарды төмендету мен тасымалдауға кететін уақытты азайту есебінен ауыл экономикасының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Автокөлік жолдарын дамыту және олардың техникалық жағдайын нормативтік талаптарға сәйкес келетін деңгейге жеткізу мақсатында мынадай жұмыс түрлері іске асырылатын болады:

- облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын салу және реконструкциялау.

Бүгінгі күні жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары, әсіресе қалалар мен аудан орталықтарынан алыс орналасқан жолдар негізінен тек қана күрделі, орташа және көбінесе, ағымдағы жөндеу жүргізу есебінен ғана ұсталады. Жалпы пайдаланымдағы жолдар желісінің үштен бір бөлігінің техникалық жай-күйі қанағаттанғысыз және реконструкциялауды қажет етеді;

- облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу.

Бұл құрауыш іске асырылған жағдайда, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру тірек АЕМ-нің қызмет көрсету аясының оңтайлы шеңберінің аймағына кіретін елді мекендердің көліктік қолжетімділігін жақсартуға ғана бағытталатын болады.

Бұл құрауышты мемлекеттік қолдау негізінен Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның, басқа да салалық және өңірлік бағдарламалардың шеңберінде, сондай-ақ жергілікті бюджет пен жеке инвесторлардың қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.

4) Мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын дамыту және құру.

Бүгінгі күні мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтары негізінен аудан орталықтары мен қалаларда орналасқан, бұл ауыл халқына, әсіресе шалғай аумақтарда қажетті қызметтерді алуда қиындықтар туғызуда.

Бұл құрауышты іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ басқа да көздердің есебінен ТАЕМ-де кепілдендірілген мемлекеттік, әлеуметтік және коммерциялық қызметтерге қолжетімділік мәселесін шешуге мүмкіндік береді, олар өз кезегінде ауылдық елді мекендердің белгілі бір тобына қызмет көрсететін болады.

Бұл құрауышты іске асыру:

- халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдерін, полицияның азаматтық хал актілерін тіркеудің тірек пункттерін және басқаларын ашу арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету орталықтарын дамыту және құру;

- екінші деңгейдегі банктердің, микрокредиттік ұйымдардың, ауылдық кредиттік серіктестіктердің, сақтандыру компанияларының, нотариустардың, сервистік-дайындау орталықтарының, техникалық қызмет станцияларының және басқалардың бөлімшелерін ашу арқылы қаржыландыру жеке инвесторлардың және басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылатын коммерциялық қызметтерді көрсету орталықтарын дамыту және құру арқылы жүзеге асырылатын болады.

4.2. Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдарды және кенттерді дамыту облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамытуға бағытталатын болады.

Осы бағытты іске асыру үшін облыстық іс-шаралар жоспарлары әзірленеді, оларда жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау және кеңейту, орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру, шағын және орта бизнесті, ауылдық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй салу бойынша шаралар көзделетін болады.

Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту бойынша облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде табиғи-климаттық жағдайлар, АЕМ экономикалық бағыты, ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуы, ауылдық инфрақұрылымның дамығандығы және басқалары ескерілетін болады.

Бұдан басқа, жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен бас жоспарларды әзірлеу немесе түзету қажет, олардың стратегиясы орта және ұзақ мерзімді перспективада болжанатын халық санын ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын болады.

2020 жылға дейін агломерацияның аймағына кіретін АЕМ-нің бас жоспарларын және құрылыс салу схемаларын әзірлеу және түзету бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.

Агломерацияның аймағына кіретін АЕМ-нің бас жоспарларын және құрылыс салу схемаларын әзірлеу және түзету міндеттерін іске асыру оның стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеумен қатар жүзеге асырылатын болады.

Бұл бағытты мемлекеттік қолдау қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, сондай-ақ облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

4.3. даму әлеуеті жоғары және орташа басқа АЕМ-ді дамыту үшін аудандық іс-шаралар жоспарлары әзірленеді, оларда жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау және кеңейту, ұсақ тауарлы өндірістерді орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына біріктіру, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымның объектілерін нормативтік қамтамасыз етілуге жеткізу, ауылдық инфрақұрылымды қалыпты жағдайда ұстап тұру бойынша шаралар көзделетін болады.

Аудандық іс-шаралар жоспарларында шаруа (фермер) және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, дайындау ұйымдарының желісін кеңейту, өткізу нарықтарына дейін көліктік қолжетімділікті жақсарту және басқа да шаралар көзделетін болады.

Осы бағытты мемлекеттік қолдау қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде, сондай-ақ облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Тірек АЕМ-ді және аудан орталықтарын кешенді дамыту жоспарларын өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен және мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін облыстық мәслихаттар бекітетін болады.

Ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің орталықтарын дамыту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарлары өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін сондай-ақ облыстық мәслихаттар бекітеді.

Даму әлеуеті жоғары және орташа басқа АЕМ-ді дамыту жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарларын облыстардың және аудандардың аумақтарын дамытудың бағдарламаларына өзгерістер енгізу жолымен, аудандық мәслихаттар бекітетін болады.

АЕМ-ді дамыту жөніндегі кешенді даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын қаржыландыру кезінде қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру тетіктері пайдаланылатын болады. Бұл ретте ауылдық аумақтарды дамыту бойынша барлық бюджеттік инвестициялық жобалар кешенді дамыту жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларына сәйкестігі тұрғысынан өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілуі керек.

4.4. Ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін жоғарлату ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамытуға бағдарланған және ауылдық жерлерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету түрінде мемлекеттік қолдауды көздейді.

Осы бағытты мемлекеттік қолдау «Дипломмен ауылға» жобасының және облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

4.5. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту АЕМ-ді дамытуға және ауыл халқының тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған іс-шараларды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеуге халықтың өзін тартуға бағытталған.

Осы бағыттың шеңберінде іс-шараларды іске асыру жергілікті өзін-өзі қаржылық қолдау шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды анықтау бойынша ұсыныстарды әзірлеуге тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа АЕМ-де ғана жүзеге асырылады.

Ауылдың, кенттің ауылдық округтің әкімдері жергілікті қауымдастықтың жиналысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, онда бірінші кезектілігі мен өзектілігін негізге ала отырып («төменнен жоғары қарай» іс-шараларды іріктеу қағидаты), іс-шараларды іріктеу бойынша ұсыныстар талқыланады және шешімдер қабылданады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

1) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу;

2) коммуналдық шаруашылық: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылу жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату;

3) көлік коммуникациялары: кентішілік жолдарды және көпірлерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, бағдаршамдар орнату;

4) ауыл шаруашылығы: су қоймаларын тазарту, иесіз қалған су техникалық құрылыстарын қалпына келтіру. 

5) елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс-шаралар. 
Ауыл аумақтарын дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары.

1-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

Ауылдық жердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде аудан орталықтары мен тірек АЕМ-ге артықшылық беріледі.

Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1 және 4-қосымшаларда көрсетілген.
2-басымдық. Ауылдық жерде қолжетімді тұрғын үй салу.

1. Ауылдық жерде қолжетімді тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде аудан орталықтары мен тірек АЕМ-ге артықшылық беріледі.

2. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.

Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетігі осы Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.
3-басымдық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту.

Ауылдық елді мекендердегі кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу (терможаңғырту) халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Бағдарлама шеңберінде ауылдық елді мекендерде, оның ішінде шекара маңындағы елді мекендерде күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2020 жылы 1,2 %-дан 0,5 %-ға дейін төмендейді.

Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетігі осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген.
4-басымдық. АӨК-ті индустрияландырудың өңірлік жобалары үшін инфрақұрылымды дамыту.

4-басымдық шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуде барынша мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін БИЖ-ге артықшылық берілетін болады.

Қаржыландыруға АӨК-ті индустрияландырудың өңірлік жобаларын іске асыру үшін инженерлік инфрақұрылымды (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, темір жолдың тұйық жерлерін, қосалқы электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау) салу және тарту жөніндегі БИЖ жатады.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және жүргізу жөніндегі БИЖ-ді қарау кезінде мынадай критерийлер негізінде жобаларға артықшылық беріледі:

1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан:

бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының саны;

өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуі;

өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы;

БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар саны;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
5-басымдық. Ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамыту.

Ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
6-басымдық. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасының негізінде жергілікті бюджеттің шығыстар базасына енгізілген жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде жүзеге асырылады.

Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетігі мен қатысушылардың өзара іс-қимылы осы Бағдарламаға 5-қосымшада көрсетілген.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16



Похожие:

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconБАҒдарламаның паспорты
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы