Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



НазваниеӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница7/16
Дата конвертации20.08.2014
Размер3.6 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




Көрсеткіш атауы

Өлш.

бірлігі

2014 жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл

2019
жыл

2020
жыл

4. Орталықтандырылған

%























- сумен жабдықтауға




49

55

61

65

70

75

80

- су бұруға қол жеткізу




11

12

13

15

17

18

20




5. Ауылдық, оның ішінде шекара маңындағы аумақтарда тұрғын үйді іске қосу, барлығы

Өлш. бірл.

2014 жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл

2019
жыл

2020
жыл

5.1. облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй

мың шаршы метр

0,0

27,9

30,3

30,0

30,7

31,3

32,7

5.2. ЖТҚ

0,0

273,9

278,2

282,7

287,4

318,2

355,9




6. Ауылдық елді мекендерде, оның ішінде шекара маңындағы аумақтарда күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту

Өлш. бірл.

2014 жыл

2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл

2019
жыл

2020
жыл

%

1,2

1,1

1

0,8

0,7

0,6

0,5


Шекара маңындағы аумақтар

2020 жылға қарай:

1. Шекара маңындағы аумақтарда орналасқан тірек АЕМ-дегі халық санының өсуі 10 %-ға артады (2013 жылғы факт – 229,6 мың адам).

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

175,2

178,2

181,1

184,0

186,9

189,8

192,8

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және ресурстары министрлігі, облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының әкімдері.

^ 5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
Бағдарлама кезеңдерге бөлмей 2014 – 2020 жылдары іске асырылатын болады. Бағдарлама шеңберінде:

1) өңірлерді экономикалық позициялау және бәсекеге қабілетті экономикалық мамандануын қалыптастыру;

2) елді тиімді аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыру;

3) халықтың тұруы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту;

4) халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету;

5) халық үшін тұрғын үй қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу бойынша міндеттерді шешу көзделген.

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған осы міндеттер жоғары деңгейде урбандалған аймақтарды қарқынды дамытудың, халықтың тіршілігі үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етудің, адамдар мен капиталдың перспективалық аудандар мен:

1) «бірінші деңгейдегі» қалалардың (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялардың);

2) «екінші деңгейдегі» қалалардың (облыс орталықтарының, Семей және Түркістан қалаларының);

3) «үшінші деңгейдегі» қалалардың (шағын және моноқалалардың);

4) тірек ауылдық елді мекендерді қоса алғанда (ТАЕМ) ауылдық аумақтардың;

5) шекара маңындағы аумақтардың басым өсу нүктелерінде аумақтық шоғырлануын қамтамасыз етудің негізінде жүзеге асырылатын болады.
^ 5.1. «Бірінші деңгейдегі» қалаларды дамыту (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар)
Қалалық агломерацияларды дамыту бойынша міндеттерді іске асыру:

1) республикалық және өңірлік нарықтарда қалалық агломерацияларды экономикалық позициялау;

2) инновациялық технологияларды пайдалана отырып қалалық агломерациялар инфрақұрылымдарын үйлестіре дамыту;

3) қалалық агломерацияларды дамытудың аумақтық, қала құрылысы және институционалдық саясатын жетілдіру бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

1.1. Республикалық және өңірлік нарықтарда қалалық агломерацияларды экономикалық позициялау.

Осы бағыт шеңберінде Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларының кәсіпкерлік ахуалын жақсартудың және имиджін жаңартудың мақсатқа бағдарланған саясаты әлемдік бизнес үшін олардың тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын болады (Дублин, Дубай, Үрімші қалалары мысалында).

Агломерацияларда бизнесті жүргізу тартымдылығын айқындайтын факторлар білікті жұмыс күшінің болуы, тауарлар мен қызметтер нарықтарына жоғары қол жетімділік, өңір мен әлемнің ең ірі қалаларымен дамыған көліктік және телекоммуникациялық байланыстар, қалалардың ішінде қозғалу жеңілдігі, қолайлы кәсіпкерлік ахуал, өмірдің жоғары сапасы және қоршаған ортаның тазалығы, тілдік қол жетімділік болып табылады.

Осы факторларды іске асыру дәрежесі бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерациялар өзінің даму стратегиялары шеңберінде өңірдің көрші елдерінің ірі жақын орналасқан агломерацияларымен табысты бәсекеге түсе алады.

Агломерцияларды дамытуды қолдау экономикалық белсенділік және инвестициялық тартымдылықтың өсуін ынталандырудың әртүрлі тетіктері арқылы, оның ішінде, инфрақұрылымдардың барлық түрлерін (инновациялық, инженерлік, әлеуметтік, көлік-коммуникациялық және басқа) дамытуға арналған инвестициялар, сондай-ақ ұлттық холдингтердің, даму институтарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, осы агломерациялардың жоғары ұйымдастырылған шоғырлану ортасын құру және оларды жаңа рөлде орнату үшін мыналар көзделетін болады:

1) агломерацияларда және оларға тартылатын аумақтарда көп функционалды аймақтарды қалыптастыру:

жалпы ұлттық және перспективада, орталық азиялық дистрибуция (сауда және қызметтер);

перспективада өңірдегі ең ірі сауда-логистикалық орталықтарды (мысалы, Сингапур, Гонконг), авиатранзит орталықтарын («хабтар») қалыптастыра отырып, көлік-логистикалық және процессинг қызметтер;

технологиялық трансферт: жалпы стандартты технологиялардың импорты, ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарланған жетекші шетел компанияларының процессинг орталықтарын ашу (филиалдар, бірлескен ұйымдар);

инновациялық дамыту (Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» мысалында), яғни білім беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдау кешендерін біріктіретін өңірлік инновациялық жүйелер (ӨИЖ) орталықтары;

азық-түлік мамандануы (азық-түлік белдеуі);

халықаралық қаржы орталығы

2) ірі мемлекеттік жобаларды іске асыру, оның ішінде қалалық агломерациялардың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) тетігі арқылы (мысалы, «Назарбаев университетінің», «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының, G4 City серіктес қалаларының, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысы сияқты және басқа да жобалар);

3) қалалық агломерациялардың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы шеңберінде арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА), индустриялық парктерді, инновациялық өсу аймақтарын, өнеркәсіптік алаңдарды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын қалыптастыру;

4) халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен кеңселерін, ең ірі трансұлттық компаниялардың филиалдарын қалалық агломерациялар орталықтарында орналастыруды ынталандыру;

5) мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көзделген құралдарды қолдану («Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», туризмді, көлік және коммуникацияны және басқаларды дамыту).

Белгіленген іс-шараларды іске асыру агломерациялар аймағына кіретін әкімшілік аумақтарды қамтуды көздейді, ол бір жағынан оларды дамытуға түрткі болады, екінші жағынан басқаруды үйлестіру (өңірліктен жоғары реттеу), шектес өңірлердің біріккен іс-шараларын өткізу (кооперативтік жобалар) қажеттілігіне алып келеді.

1.2. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қалалық агломерациялар инфрақұрылымдарын үйлестіре дамыту

Осы бағыт шеңберінде агломерацияларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар оларды дамытудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қабылданатын болады. Агломерациялар ішінде көліктік коммуникацияларды жеңілдету және олардың қоршаған аудандармен және басты базарлармен байланысын жақсарту, сондай-ақ кросс-агломерациялық көліктік инфрақұрылымдарды дамыту аумақтарды агломерациялық дамытудың маңызды алғышарты болып табылады. Бұдан басқа, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолын салу, Ақтау теңіз портын дамыту сияқты және басқа да халықаралық жобаларды іске асыруды ескере отырып Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау қалаларында орталықтар бар агломерацияларды дамыту:

1) елдің тірек қаңқасын құруды,

2) елдің әлемдік шаруашылық жүйемен үйлесімді кіріктірілген экономикалық белсенділіктің өсуіне жағдай жасауды және бірыңғай ішкі экономикалық кеңістік қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Елдің тірек қаңқасын және бірыңғай ішкі экономикалық кеңістігін қалыптастырудың міндетті шарты ретінде агломерациялардың бір-бірімен көліктің жүргек түрлерімен, коммуникациялық инфрақұрылымның барлық кешенімен байланысы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте озық инновациялық және технологиялық шешімдерді қолдана отырып (әлемдік үрдістерді ескере отырып) өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды үйлестіре дамыту жолымен агломерациялар халқының өмір тіршілігі үшін қолайлы орта құру (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы) қамтамасыз етілетін болады.

Қалалық агломерацияларының инфрақұрылымын (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы) үйлестіре дамыту:

1) мыналар:

көп магистральдердің оңтайландырылған желілерінің құрылысы;

көліктің жаңа жүргек түрлерін енгізу (жүрдек рельсті көлік);

агломерациялар шегінде қала маңы және қала ішілік қатынас жүйелерін реконструкциялау арқылы ықпалдастырылған көлік жүйесін;

2) мыналарды:

кең жолақты (цифралық тепе-теңдік) қол жетімділікті енгізудің жоғары дәрежесін қамтамасыз ету;

желілердің жылдам таратылу және ауыстырылу мүмкіндігін (сымсыз технологиялар) қамтамасыз ету арқылы ақпараттық коммуникацияны;

3) мыналарды:

энергия және ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету;

«жасыл белдеулер» және саябақ аймақтарын дамыту;

экологиялық таза көлікті пайдалану;

өндірістерді қалалардың сыртына шығару арқылы «жасыл экономиканы» құруды көздеуі тиіс.

Жалпы, адамның өмір сүруіне жоғары урбандалған орта құру, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау, Smart City («ақылды қала», яғни агломерация білім аумағы ретінде) стратегиясын іске асыру қажет.

Қалалық агломерациялар халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи және техногендік сипаттағы апаттарға жол бермеу жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Осылайша, селге қарсы дамбаларды салу, су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, арналарын кеңейту және күшейту арқылы селге қарсы тұру инфрақұрылымы құрылатын болады, сондай-ақ мыналар:

1) жаңа өрт деполарын салу және қолданыстағы өрт деполарына күрделі жөндеу жүргізу;

2) әлеуметтік және өндірістік маңызы бар объектілерді, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар объектілерді өрт автоматикасы қондырғыларымен жабдықтау;

3) өртке қарсы су жабдықтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы агломерацияларды тиісті өртке қарсы қорғау қамтамасыз етілетін болады.

Инженерлік-қорғау құрылыстарын салу және ғимараттар мен құрылыстарды сейсмологиялық күшейтуді жүзеге асыру арқылы селге, көшкінге, қар көшкініне, жер сілкіністеріне қарсы тұру инфрақұрылымы құрылатын болады.

1.3. Қалалық агломерацияларды дамытудың аумақтық, қала құрылысы және институционалдық саясатын жетілдіру.

Агломерацияларды үйлесімді дамыту үшін агломерациялық дамытуды әкімшілік-аумақтық басқару құралдарын жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының агломерациялық құрылымдары әртүрлі әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылған, олар мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы қатынастарды құрудың сараланған моделін талап етеді. Бұл ретте агломерацияны басқару моделдерін қалыптастыру маңызды мәнге ие. Осыған байланысты:

1) Астана және Алматы агломерацияларына қатысты Астана, Алматы қалалары, Ақмола және Алматы облыстары әкімдіктерінің арасындағы шарттық қатынастар негізінде, сондай-ақ Үкімет жанынан осы агломерациялардың дамуына жауапты Комиссия құру арқылы басқаруды жүзеге асыру;

2) Шымкент, Ақтөбе және Ақтау агломерацияларына қатысты облыс әкімдіктері деңгейінде, сондай-ақ арнайы облыстық комиссия құру арқылы басқаруды жүзеге асыру көзделеді.

Агломерацияларды дамыту жөніндегі өңірлік және салалық бағдарламаларды үйлестіру мақсатында:

1) Үкіметтің қаулыларымен (Астана және Алматы агломерациялары бойынша) және облыстық мәслихаттар шешімдерімен (Шымкент, Ақтөбе және Ақтау агломерациялары бойынша) бекітілетін агломерацияларды дамыту жөніндегі өңіраралық іс-шаралар жоспарларын;

2) тұжырымдамалық-әдістемелік негіздерін әзірлей отырып, өңірлердің біріктірілген үш орталықтары бойынша (орталық, оңтүстік, батыс) Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын;

3) жоғарыда көрсетілген өңіраралық іс-шаралар жоспарларын қала құрылысы құжаттарымен байланыстыру мақсатында ұзақ мерзімді кезеңге Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларының құрамында агломерациялар аумағын дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу көзделеді. Осы құжат:

1) агломерацияны дамытуда өңіраралық және салааралық мүдделерді үйлестіруді (өйткені, бұл бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты);

2) агломерация аумағын барынша нақты функционалдық аймақтарға бөлуді;

3) жерлерді түгендеу жүргізу, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервте қалдыру арқылы ерекше қала құрылысын реттеу аймақтарын белгілеуді (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистральды инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл белдеулер және басқалар);

4) өзек-қаланы, қала маңын, тартылу аймақтарын үйлестіріле дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

Қала құрылысы саясатын жетілдіру бос аумақтарды игеру, сондай-ақ бар алғышарттар (экономика-географиялық жағдай және табиғи-ресурстық әлеует) негізінде агломерациялардың тірек қаңқасын айқындау есебінен агломерациялар өзегінің аумақтық кеңістігінің өзгеруін ескере отырып қалалардың және оның маңындағы елді мекендердің бас жоспарларын қайта қарауды көздейді.

Агломерациялардың тірек қаңқаларын айқындау кезінде табиғи (су тасқыны, сел, жер сілкінісі қаупі), техногендік (өнеркәсіптік объектілердегі апаттар), экологиялық, көліктік, ресурстық және басқа (мысалы, қалалардағы қылмыс деңгейі) қауіптердің болуы және бар қауіптерді есепке алу маңызды болып табылады. Атап айтқанда, мысалы Алматы агломерациясын Қапшағай қаласы жағына тас жолдың бойымен солтүстікке қарай дамыту Рихтер шәкілі бойынша сейсмикалық қауіпті автоматты түрде 9-дан 6-7 баллға азайтады.

Агломерациялардың аумақтарын тиімді дамыту Қазақстан Республикасының аумағын, оның ішінде агломерация аумағын тиімді қала құрылысы жоспарлау бойынша міндеттерді іске асыру кезінде мүмкін.

Бұл ретте, ақпараттық көздің бар болуы өңірлерді аумақтық дамытуды мемлекеттік жоспарлау кезінде қажетті элемент болып табылады, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы осындай ақпарат көзі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады.

Осы бағыттағы жұмыс мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын өңірлердің біріктірілген 3 орталығы бойынша (орталық, оңтүстік, батыс) жұмыстарды 2014 жылы бастай отырып әзірлеу;

2) Агломерация аумағын дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру және қалыптастыру.
Агломерацияларды дамыту бойынша мемлекеттік қолдау басымдықтары.

«Өсу полюстері» саясатының контекстінде Қазақстан үшін инновациялық өндірістерді қалыптастыру мен дамыту үшін ғылыми, зияткерлік, кадрлық және инфрақұрылымдық әлеуетке ие агломерациялардың дамуын қолдау барынша өзекті міндеті болып табылады. Сондықтан агломерациялардың дамуын қолдау жөніндегі міндеттер басым және бөлінетін қаражаттың үлкен көлемін талап етеді.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – БИЖ) іске асыру кезінде мынадай басымдықтар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету көзделеді.

1-басымдық. Көліктік қол жетімділікті арттыру және халықтың «маятникті» еңбек көші-қоны мен тиімді жұмыспен қамтылуы үшін жағдай жасау.

Агломерацияларда іске асырылатын мынадай БИЖ қаржыландыруға жатады:

1) халықтың «маятникті» еңбек көші-қонын қалыптастыру (жәрдемдесу) үшін агломерациялық құрылымдар ішінде жол желілерін дамыту бойынша;

2) облысішілік көлік коммуникацияларын салу мен жаңғырту бойынша.

Бұл ретте, БИЖ-ді іріктеу осы бағдарламаның, сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарламалардың, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің Бас жоспарларының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен жабдықтау жүйелері)

Уәкілетті органда қаржыландыру басымдылығына іріктеуден өткен агломерациялардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен жабдықтау жүйелері) салу және реконструкциялау жөніндегі БИЖ Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға жатады.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді қараған кезде агломерацияларға көліктік қолжетімділікті арттыруға және оларда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 1 және 2-басымдықтар бойынша мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық берілетін болады:

1) жобаны іске асырудан алынатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық әсердің:

бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;

жол жүру уақытының қысқаруынан;

қозғалыс жылдамдығының ұлғаюынан;

коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауынан;

жұмыссыздық деңгейін төмендетуде көрінетін мөлшері;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.

Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1 және 4-қосымшаларда көрсетілген.
3-басымдық. Қолжетімді тұрғын үй салу

Бағдарламаның шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделеді:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй.

2. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй:

1) халықтың барлық санаттары үшін;

2) жас отбасылар үшін.

3. «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі.

4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі.

5. Авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберінде тұрғын үй.

6. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.

Осы басымдықты іске асыру тетіктері осы Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.
4-басымдық. Тұрғын үй қорын жаңғырту (терможаңғырту)

Бағдарлама шеңберінде агломерацияларда күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2020 жылы 14,5 %-дан 6 %-ға дейін азаяды.

Іске асыру тетігі осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген.
5-басымдық. Туризм және энергияның баламалы көздері саласында индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешенінің ірі өңірлік жобалары үшін инфрақұрылымды дамыту.

5-басымдықтың шеңберінде Бағдарлама қаражаты есебінен қаржылық қолдау көрсетуде республика үшін барынша мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін агломерацияларда іске асырылатын БИЖ-ге артықшылық берілетін болады.

Қаржыландыруға ірі бизнес жобаларды іске асыру үшін инженерлік-көлік инфрақұрылымын (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, темір жолдың тұйық жерлерін, қосалқы электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау) салу және жүргізу жөніндегі БИЖ жатады.

Инфрақұрылымды салу мен тарту бірнеше бизнес жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және жүргізу жөніндегі БИЖ-ді қарау кезінде мынадай критерийлер негізінде жобаларға артықшылық беріледі:

1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің, олар:

өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санында;

өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуінде;

өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында;

БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санында көрініс тапқан мөлшері;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.

Бағдарлама шеңберінде баламалы энергия көздерінің инфрақұрылымын дамыту жобалары бойынша қаражат бөлу агломерациялардың ықпал ету аймағында орналасқан АЕМ-де, сондай-ақ туристік рекреациялық әлеуеті бар жерлерде іске асырылатын БИЖ-дерге:

1) коммуналдық және өндірістік мақсаттарға электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында фермерлік шаруашылықтар (қолданыстағы және жаңадан құрылатын);

2) шалғайдағы энергиямен жабдықтаудың негізгі және/немесе резервті көздері ретінде АЕМ;

3) вахта (уақытша) кенттері;

4) туристік-рекреациялық әлеуеті бар алыс жерлер үшін жаңартылатын энергия көздерінің бір түрінен көп энергия өндірісі үшін пайдаланылатын гибридті қондырғыларды қоса алғанда, бастапқы жаңартылатын энергия көздерінен (су ағыны, жел, күн және басқа да энергиясы) электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін қондырғылар сатып алу мен монтаждауға (қоса қаржыландыру түрінде көмек) бағытталатын болады.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:

1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің:

өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санында;

өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуінде;

өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында көрініс тапқан мөлшері;

2) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
6-басымдық. Қалалардағы қоршаған ортаның жағдайын жақсарту.

6-басымдық бойынша қаражатты бөлу агломерацияларда іске асырылатын қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және энергия тиімділігін жоғарылату бойынша, оның ішінде:

1) қалдықтарды тиімді кәдеге жарату бойынша;

2) атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту бойынша;

3) салынатын және қолданыстағы коммуналдық тұрғын үй қорында кешенді энергия үнемдеу және экологиялық («жасыл») технологиялар енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталатын болады.

Бұл ретте, БИЖ-ді іріктеу осы бағдарламаның, сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарламалардың, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің Бас жоспарларының, «Жасыл экономика» тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған 6-басымдық бойынша БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:

1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан:

бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының саны;

атмосфераға зиянды заттардың шығындыларын төмендету;

ластаушы заттар төгінділерінің деңгейін төмендету;

қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесін ұлғайту;

энергия үнемдейтін технологиялар енгізу;

өнім өндіру көлемінің өсімі;

бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16



Похожие:

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconБАҒдарламаның паспорты
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы