|
^ ![]() ![]() Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың ортақ проблемаларын шешумен қатар ауыл халқының жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете отырып, тірек АЕМ-ді кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет. ^ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының құрлық арқылы жалпы ұзақтығы 13 394 км құрайды. Республикада 11 шекара маңындағы облыс, 62 шекара маңындағы аудан және олардың аумақтарында орналасқан 1297 елді мекен бар. Осындай жағдай даму және осындай орналасуға байланысты барлық артықшылықтарды пайдалану өзектілігінің жоғары деңгейін және осыдан туындайтын кемшіліктерді ескеру және нивелирлеу қажеттілігін белгілейді. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтары қалың қоныстанғандықтан және дамыған инфрақұрылым мен көліктік қолжетімділіктің болуына байланысты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің серпінді өсуі үшін барлық алғышарттар бар. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы шекара маңындағы өңірлерде көршілес мемлекеттер экономикасының қарқынды өсуі, халықтың қалаларға кетуі, елеулі аумақтардың депопуляциясы, көршілес мемлекеттердің тарапынан шекара маңындағы өңірлерге демографиялық қысым сияқты жағымсыз факторлар күшейеді. Сонымен, 2000 жылы Қытайда «Батысты кең ауқымды дамыту стратегиясы» бағдарламасы қабылданды. Қытайдың алдағы жылдарға экономикалық дамуының ресми ұраны «Тұрақты Шығыс, дамып келе жатқан Батыс» деп жария етілді. 2000 – 2009 жылдары Батыс Қытайда ЖІӨ жыл сайын орташа есеппен 11,9 %-ға өсті, бұл ел бойынша орташа деңгейден артты. 2009 жылы ел әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде қиын кезеңдерді бастан өткізгеннің өзінде, мемлекетте қарқынды даму үрдісі сақталды. Батыс Қытайда елдің шығыс бөлігіне қарағанда, ЖІӨ 2,8 %-ға жоғары болды5. Бұл ретте, ШҚО халқы санының депопуляциясы байқалады, 2003 жылы 1 466 мың адамды құраса, 2013 жылы халық саны 1 394 мыңға дейін төмендеді. Сонымен қатар, Қытаймен серпінді дамып келе жатқан тауар айналымы, халықаралық шекара маңындағы сауда орталықтарын құру, басқа мемлекеттерге шығумен республика аумақтарының ішіне қарай көлік байланыстарын дамыту жөнінде қабылданған шаралар, үлкен туристік әлеует осы өңірлердің экономикасын дамыту үшін алғышарттар жасайды. Көліктік қолжетімділік жоғары болғандықтан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 12 ресейлік және 7 қазақстандық өңір орналасқан шекара маңындағы аумақтарының жоғары ықпалдасуы байқалады. Қазақстандық өңірлер Қазақстан үшін Ресейге, БЭК-ке және батысқа шығатын жол болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша даму деңгейі жоғары шекара маңындағы өңірлерге Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы ресейлік аймақ) және Атырау облыстары, дамыған өңірлерге – Оңтүстік Қазақстан облысы, орташа дамыған өңірлерге – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы қытайлық аймақ), Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары, даму деңгейі төмен өңірлерге – Қызылорда облысы жатады. Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың жалпы проблемаларын шешумен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шекара маңындағы аумақтарды кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет. ^
Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін жағдайлар жасау. ^
|
![]() | «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1... | ![]() | 2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы |
![]() | 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1... | ![]() | 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы... |
![]() | «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық... | ![]() | 1. Бағдарламаның паспорты Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы |
![]() | БАҒдарламаның паспорты Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы | ![]() | Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты |
![]() | Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты | ![]() | Қамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты |