Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



НазваниеӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница2/16
Дата конвертации20.08.2014
Размер3.6 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2. Кіріспе
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы жаңа өңірлік саясаттың «доктринасы» болып табылады, оның мақсаты экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымын құру және халықтың тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Мемлекет басшысы қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, өңірлік дамытудың барлық жүйесін заманауи қағидаттарда жаңғырту қажет. Стратегиялық басқару жүйесін республикаішілік өңіраралық (трансөңірлік) және макроөңірлік деңгейде ұйымдастыру мемлекеттің стратегиялық жоспарлау институттарының, өңірлердің, қоғамдық бірлестіктердің, бизнестің және сараптама қауымдастығының рөлін арттырумен қоса жүргізілуі тиіс.

Өткен жылдары Қазақстанда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту деңгейлерін теңестіруге бағытталған Өңірлік саясаттың екі тұжырымдамасы іске асырылды. Бұдан басқа, ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған, шағын қалаларды дамытудың 2004 – 2006 жылдарға арналған, Елді аумақтық дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламалары іске асырылды. Сонымен қатар, көптеген бағдарламалық құжаттар, оның ішінде әлеуметтік блоктың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың (ҮИИД) мемлекеттік бағдарламалары, салалық бағдарламалар, жұмыспен қамту және басқа да бағдарламалар қабылданды (және қазіргі уақытта қолданыста). Олардың барлығы да реттелетін салалардағы өңірлік дамудың жеке аспектілерін белгілі бір шамада қозғайды.

Сонымен бірге, аталған бағдарламалық құжаттар шектеулі ведомстволық тәсілді көздей отырып, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында тұжырымдалған мемлекеттік өңірлік саясаттың басымдылықтарына әлсіз тоғыстырылған мойындаған жөн. Сондай-ақ, қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды сынап талдау оларда көзделген институционалдық және әкімшілік ресурстар іс жүзінде өзара жеткілікті үйлеспегендігі, көбінесе – бір-бірін қайталайтындығын анықтады.

Осындай жағдайларда жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттардың ережелерін бір өзектің – өңірлерді дамыту немесе өңірлердің экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру төңірегінде біріктіру талабы туындайды.

Өңірлік саясаттың базалық идеологиясы ретінде перспективалық экономикалық өсу орталықтарын басымдық дамытудың тиімді теңгеріміне және экономикалық әлеуеті төмен өңірлерді (елді мекендер жүйелерінің әртүрлі типтерін) өмір сүру сапасы стандартының ең аз жеткілікті деңгейінде ұстап тұруға негізделген теңгерімді даму стратегиясы ұсынылады. Бұл ретте, осындай бірыңғай Бағдарлама жеке өңірлер, сондай-ақ жалпы ел шеңберінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру басымдықтарына сәйкес өңірлердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің нақты және түсінікті құралдарын қамтитын болады.

Осы Бағдарлама мынадай 5 (бес) қолданыстағы: «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын», Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын (ТКШ) жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын, «Ақбұлақ», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламаларын біріктіру базасында әзірленді.

Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға (тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды – энергия және жылу көздерін, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтауды, су бұруды дамытуға), өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған, олардың нарықтық бастамада ішкі шоғырлануына, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға көшуге ықпал ететін әкімшілік-құқықтық және экономикалық сипатының шектерін белгілейді.

Бұл ретте, Бағдарламаның бағыттары қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламаларда, әсіресе «Су ресурстарын басқару», «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Агробизнес 2020» сияқты бағдарламаларында белгіленген көрсетілген негізгі салалық басымдықтармен тікелей байланысты.

Жалпы республика бойынша жыл сайын республикалық бюджет есебінен өңірлер бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамытуға шамамен 300 млрд. теңге бөлінеді.

Осыған орай, инженерлік құрылымдарды дамыту жөніндегі барлық жобаларды өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган арқылы орталықтандырып қарау қажет.

Жобалар мемлекеттік органдардың қолданыстағы салалық және бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, өңірлік даму саласындағы уәкілетті органның келісімімен, оның ішінде материалдардың, жабдықтар мен технологиялардың қолданылуы тұрғысында іске асырылатын болады.

Осы құжаттармен кешенде Бағдарлама өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады.

Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізген кезде осы Бағдарламаның ережелерін ескеруі тиіс.

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге (бағыттарға), нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, сондай-ақ Бағдарламада қолданылатын терминдер:

1)   агломерация – тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге байланыстармен бір-бірімен біріккен, сондай-ақ аумақтық араласып кетуге бейім бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көп орталықты) өзек-қалалардың айналасында жақын орналасқан елді мекендердің урбанизациялық жинақталуы.

Қазақстандағы агломерацияларды айқындаудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:

өңір халқының тығыз орналасуын, көші-қоны ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтитын демографиялық сыйымдылық;

ыңғайлы географиялық орналасуын, халықаралық көлік дәліздерінен өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіретін логистикалық әлеует;

экономикалық әлеует, яғни өзек-қаланың дамуы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржы, ғылыми әлеует);

өзек-қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі, бұл бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейтіндіктен Қазақстан жағдайларында маңызды;

2) моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы (монобейінді) қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процесстерді айқындайтын кәсіпорындарда өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20 % және одан астамы) шоғырландырылған қала.

Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:

қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 %-дан астамын құрайтын (мономамандандыру);

қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 %-дан астамы жұмыс істейтін;

қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді.

Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста;

3) шағын қала – халқының саны 50 мың адамға дейін болатын қала;

4) тірек ауылдық елді мекен – абаттандырылған елді мекен, онда сол жерде тұратын халыққа және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылатын болады;

5) шекара маңындағы аумақтар – мемлекеттік шекарадан 50 шақырым арақашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің және елді мекендердің аумақтары;

6) экономикалық өсу орталықтары – елдің немесе өңірдің экономикасында инновация мен прогресс көздерінің функциясын орындайтын, «масштаб әсерінің» арқасында өндіріс факторларының тартылыс полюстері (шоғырлануы) болып табылатын, сондай-ақ жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулер шығаратын қарқынды дамып жатқан салалардың кәсіпорындары орналасқан нақты аумақтар (елді мекендер).

Осы Бағдарламада экономикалық даму орталықтарының санына:

елдің масштабында – «бірінші деңгейдегі» қалалар (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары);

өңірдің масштабында – «үшінші деңгейдегі» қалалар (перспективалы шағын және моноқалалар), аудан орталықтары, тірек АЕМ, шекара маңындағы аумақтар енгізілген;

7) «бірінші деңгейдегі» қалалар – Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар;

8) «екінші деңгейдегі» қалалар – дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалық және мәдени орталық болып табылатын облыс орталықтары, сондай-ақ Семей және Түркістан қалалары;

9) «үшінші деңгейдегі» қалалар – экономикалық даму және халық санының өсу перспективалары бар шағын және моноқалалар;

10) депрессивті өңір – өндірістің ұзақ (бес және одан да көп жыл) құлдырауы, төмен инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (жолдар, телефон байланысы, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау) нәтижесінде жұмыспен қамту, экология, әлеуметтік қызмет саласында бар жағымсыз үрдістермен сипатталатын әкімшілік-аумақтық бірлік;

11) уәкілетті орган – өңірлік даму саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

12)  Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі – Бағдарламаны жергілікті жерде іске асыру үшін жауапты облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімі айқындайтын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

13) өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ВАК);

14) «зәкірлік» инвестициялық жоба – Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларында іске асырылатын және шағын немесе моноқаланың экономикасын әртараптандыруға бағытталған, кемінде 50 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген Индустрияландыру картасының орта және ірі инвестициялық жобасы.

^ 3. Ағымдағы жағдайды талдауы
Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік даму саясаты ұлттық экономиканың маңызды экономикалық өсу нүктелері болып табылатын урбандалу және агломерациялар процесстерін ынталандыруды және реттелетін дамуды, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтитын ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған, бұл урбандалу даму процесстерін дамытудың және өңірлік дамудың әлемдік үрдістеріне сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Қазақстанда урбандалу коэффициенті шамамен 54-55 % құрайды, бұл Орта Азия елдері үшін ең жоғары болып табылады, бірақ дамып келе жатқан елдерден тым кейіндеп қалуда. Австралия, Канада және АҚШ сияқты елдердің осы әдістемені ескере отырып, анықталған урбандалу коэффициенттері 70-80 % диапазонда болуда.

Өсіп келе жатқан қалалар, халықтың артып келе жатқан ұтқырлығы және өндірісті мамандандыруды арттыру даму ажырамас серіктестері болып табылады. Бұл өзгерістер әсіресе Солтүстік бүгінгі күні Америкада, Батыс Еуропада және Солтүстік Шығыс Азияда байқалады. Алайда Шығыс және Оңтүстік Азия және Шығыс Еуропа елдерінде масштабтары мен қарқыны бойынша ұқсас өзгерістер болуда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа аумақтық ұйым қалыптастырылып жатқанын атап өткен жөн. Бұл, ең алдымен, ірі қалалар – агломерациялардың үдемелі өсуінен айқын көрінеді.

Қазіргі заманғы Қазақстанда қалалық агломерацияларды қалыптастырудың негізгі үрдістерін қарастыра отырып, аумақтардың анық көрінетін табиғи аймақтарына және жоспарлы экономикадан қалған қоныстандыру ерекшеліктеріне байланысты олардың әркелкі екендігін атап өткен жөн.

Экономикалық даму орталықтары арасында орналасқан, көліктік байланысты қамтамасыз ететін аумақтар жүк ағындарын көбейту, инновацияларды тарату, инфрақұрылымдарды дамыту арқасында қосымша серпін алады. Сондықтан олар «өсу полюстерімен» бірге өңірдің немесе елді тұтас алғанда экономикалық дамуының кеңістіктік қаңқасын анықтайтын даму осьтеріне (коридорларға) айналады.

Басқа жағынан алғанда, жоспарлы экономикадағы қалыптасқан орталықтардың, мысалы перспективасыз моноқалалардың, шағын қалалардың, АЕМ-нің ыдырауы депрессивті аумақтардың пайда болуына алып келді және қоғамда қиын әлеуметтік үдерістерді (көші-қон, инфрақұрылымның құлдырауы, жұмыссыздық, әлеуметтік маргиналдану) туғызды.

Елдің аумақтық ұйымдастырылуындағы жүргізіліп жатқан үдерістерге қарамастан, өңірлік саясатта, әсіресе өңірлерді қаржыландыру мәселелерінде (бюджет саясаты) бұрынғы тәсілдер сақталуда. Сонымен, бюджет қаражатын экономикалық өсу перспективалары мен тиісті демографиялық әлеуеті жоқ жекелеген елді мекендерді дамытуға жұмсау практикасы жалғасуда.

Осыған байланысты, мемлекет ресурстарын өңірлердегі шынайы қажетті және перспективалы жобаларға шоғырландыру қажет. Бұл түпкі нәтижесінде бюджет шығыстарының жоғары тиімділігіне әкеледі. Бұдан басқа, жобаларды анықтаған кезде инновациялық технологияларды қолданатын жобаларға басымдық берілетін болады.

Жаңа өңірлік саясатқа сәйкес экономикалық аумақтарды санаттарға жіктеу – «бірінші деңгейдегі» қалалар (Агломерациялар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары), «үшінші деңгейдегі» қалалар (моно және шағын қалалар), тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар.

«Бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)

Қазіргі уақытта Қазақстанда «бірінші деңгейдегі» қалалар бірінші деңгейдегі агломерацияларға жататын Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орталықтары бар және екінші деңгейдегі агломерацияға (перспективалық агломерацияға) жататын Ақтөбе қаласында орталығы бар агломерациялар болып белгіленді, себебі қалыптасып жатқан қалалық агломерациялар елдің барлық халқының үштен бір бөлігін шоғырландырады.

Олардың ішінде барынша ауқымдысы (халық санын және маңындағы қалалармен бірге өзек-қаланы қамтитын агломерациялар құрылымының күрделілігін есепке ала отырып) Алматы мен Шымкент маңында дамып келеді. Қарқынды өсуі қоныстандыру жүйесіндегі жаңа елорданың рөлін арттыруға бағытталған мемлекеттің заманауи саясатына негізделген Астана әлі дамыған қала маңы аймағын қалыптастырып үлгерген жоқ. Республиканың батысында Ақтөбе қаласында орталығы бар агломерация перспективалы болып табылады.

Бұл ретте Астана агломерациясының құрамына бірыңғай агломерациялық құрылым жасауға қабілетті Қарағанды қаласы және оның маңындағы елді мекендер (серіктес қалалар, кенттер) тартылады.

Екінші деңгейдегі (Ақтөбенің) агломерациялардың агломерациялық әсерлерін толыққанды іске асыру ұзақ мерзімді перспективада, шамамен 2017 жылдан ерте емес болжанады.

Қазақстанда агломерациялар қалалық агломерацияларды қалыптастыру және дамыту жөніндегі негізгі критерийлер бойынша анықталады:

1) Демографиялық сыйымдылық, өңір халқының жоғарғы тығыздығын, миграциялық ағынды, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтиды (1-кесте).





Атауы

Халық саны

Демографиялық сыйымдылық

(өзектің халық тығыздығы),

мың адам

агломерациялар

қалалар

мың адам.

үлесі,%

мың адам

үлесі,%

1.

Астана

859,2

5,2

742,9

8,2

2 460

2.

Алматы

2500

15

1450,3

15,9

10 087

3.

Шымкент

1400

8,4

1025,5

11,3

4 074

4.

Ақтөбе

525,8

3,2

415,8

4,6

1 331




Барлығы

5285

31,7

3634,5

39,9







Қазақстан Республикасы бойынша

16675,4

100

9114,6

100





1-кесте. Агломерациялардың 2012 жылдың басындағы саны мен демографиялық сыйымдылығы бойынша ақпарат
2012 жылы «бірінші деңгейдегі» қалалар халқының саны 5 554,5 мың адамды құрады, бұл Қазақстан Республикасы жалпы халқы санының 33,3 %-ын немесе елдің қала халқының санынан 41,8 % астамын құрайды. Бұл ретте, Астана, Алматы және Шымкент қалалары халқының саны Қазақстанның жағдайында агломерациялық әсер (500 мың адам) іске асырылатын деңгейден жоғары, ал Ақтөбе қаласы халқының саны осы деңгейге әзірше жеткен жоқ.

Қазақстан Республикасында агломерациялық даму проблемасына қатысты өзек қалаларда халық санының бақылаусыз өсуін шектеу мәселесі маңызды болып табылады, бұл қалалық инфрақұрылымға ауыртпалық салады.

2) Логистикалық әлеует, бұл ыңғайлы географиялық орналасуды, халықаралық көліктік дәліздердің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіреді.

Қазіргі уақытта, агломерациялардың және агломерациялардың ықпал ету аймағына кіретін (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) елді мекендердің шекаралары белгіленді. Агломерация ареалын делимитациялау (шекара белгілеу) үшін изохрон әдісі қолданылды, ол агломерация орталығына (өзекке) бару үшін қажет уақыт шығыны негізінде агломерация шекарасын анықтаудан тұрады. Агломерация шекарасы ретінде бірінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,5 сағаттық изохрона және екінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,0 сағаттық изохрона қабылданды. Аталған әдістің көмегімен агломерация аумағының шегінде елді мекендер сәйкестендірілген:

Астана агломерациясының көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохронына Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары кіреді;

Алматы агломерациясының ықпал ету аймағына: орталық (өзек) – Алматы қаласы, Алматы облысының: Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл бес әкімшілік аудандары, сондай-ақ Қапшағай қалалық әкімшілік аумағы жатады. Ықпал ету аймағы қала мен қала маңының тығыз байланысының негізінде (күнделікті еңбек маятниктік көші-қоны шамамен 250 мың адамды құрайды1) анықталды және Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Есік қалыптасқан серіктес қалаларының, Ұзынағаш ауылының және Gate City (қаржы орталығы), Golden City (мәдени орталық), Growing City (өнеркәсіптік орталық), Green City (туристік орталық) төрт жаңа серіктес қалалардың орналасуын ескереді;

Шымкент агломерациясының ықпал ету аймағына: орталық (өзек) – Шымкент қаласы, Арыс қаласы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандары кіреді;

перспективалы Ақтөбе агломерациясының көліктік қолжетімділіктің 1,0 сағаттық изохронасына орталық (өзек) – Ақтөбе қаласы, Хромтау, Алға, Қандыағаш қалалары, Алға, Қарғалы, Мартөк, Мұғалжар, Қобды мен Хромтау аудандарының бірқатар ауылдық елді мекендері кіреді;

Алматы, Шымкент, Ақтөбе2 қалалары арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін салуға байланысты агломерациялардағы логистикалық әлеуетті ұлғайту ұсынылып отыр.

Сонымен бірге, бүгінгі күні жолаушылар айналымы бойынша статистикалық деректердің болмауы өзек қала мен серіктес қалалардың арасындағы көліктік қолжетімділікті анықтауды қиындатады.

3) Экономикалық әлеует, яғни өзек қаланың дамығандығы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржылық, ғылыми әлеует).

Астана – республиканың астанасы, елді әлеуметтік-экономика дамыту көшбасшыларының бірі болып табылатын қала. Астананы көшіру туралы шешім қаланың, жақын орналасқан облыстардың және жалпы елдің кеңістік құрылымының серпінді дамуына айқындаушы ықпал етті. Тиімді экономикалық-географиялық орналасудың көп көлемді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарымен қосылғанда агломерациялық даму әлеуеті әлі іске асырылмаған Астана қаласын агломерация орталығы ретінде қалыптастыру үшін зор маңызы бар.

Республикалық көлемдегі қаланың ЖӨӨ үлесі 8,5 %-ды құрайды (2012 жылғы деректер). Қала экономикасының негізін мыналар құрайды: өзге қызметтер (26,9 %), көтерме және бөлшек сауда (22,7 %), көлік және байланыс (14,7 %), құрылыс (12,3 %).

Астана қаласы халқының өмір сүру деңгейін талдау барлық қарастырылатын көрсеткіштер бойынша оң серпінді анықтады. Астана қаласының экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2012 жылы 417,6 мың адамды құрады және 2000 – 2012 жылдар аралығында 2,3 есе өсті.

Алматы – агломерациялық орталық ретінде белсенді қалыптасып келе жатқан елдің ең ірі мегаполисі. Алматы қаласының тартылыс аймағына Талғар, Есік, Қаскелең, Қапшағай қалалары және тығыз экономикалық, еңбек және әлеуметтік байланыстары бар жанында орналасқан кенттер мен ауылдар жатады. Алматы қаласы ұлттық және әлемдік нарықтармен байланысты қамтамасыз ететін адами, қаржылық ресурстардың, білім беру және ғылыми әлеуеттің, дамыған инфрақұрылымның жоғары шоғырлануымен ерекшеленеді.

Алматы қаласы ЖӨӨ салалық құрылымын талдау ол қаланың экономикалық базасын қызметтер секторының құрайтынын көрсетеді (жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды, қаржыны, білімді, денсаулық сақтауды және өзге қызметтерді қоса алғанда, сауда мен жөндеуді қоспағанда – 45,5 %). Үлестік салмақ бойынша екінші ұстаным бөлшек/көтерме саудаға тиесілі – 33,9 %, одан кейін көлік пен байланыс – 15,0 %, өнеркәсіп – 5,6 %, құрылыс – 3,2 %.

Қаланың экономикалық белсенді халқы 2012 жылы 774,7 мың адамды және 2008 – 2012 жылдар кезеңінде 9,8 %-ға өсті.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының қала маңындағы аймағын дамыту Алматы қаласының қала маңындағы аймақтың аумақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарлаудың қабылданған кешенді жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Шымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім беру және мәдени орталығы. Бұл ретте, экономикалық әлеуеті бар қала елдің оңтүстігінің агломерация орталығы бола алады. Сонымен қатар, оның «жалған урбанизация» үлгісінде дамуына жол бермеу мақсатында аталған процессті реттеу қажет.

2008 – 2012 жылдар аралығында Шымкент қаласы халқының саны орта есеппен 2,1 %-ға артып отырғаны байқалған.

Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Ақтөбе қаласының аумағы, әкімшілік тұрғыдан бағынысты бес ауылдық округті қоса алғанда (Благодарный, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды) 2,3 мың шаршы км тең. Облыстық көлемдегі өнеркәсіптік өндірістің үлесі 17,7 пайызды, яғни 232,7 млрд. теңгені құрайды (2012 жылғы деректер бойынша). Негізгі үлестік салмақ өңдейтін өнеркәсіпке тиесілі – 77 пайыз.

4) Өзек қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі, бұл Қазақстанның жағдайында маңызды, себебі бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейді.

Қазіргі уақытта республикада өңірлерді қаржыландыру қалыптасқан бюджетаралық қатынастар жүйесі шеңберінде іске асырылады, ол донор өңірлерден реципиент өңірлерге (экономикалық тұрғыдан артта қалушы облыстарға бюджеттік субвенциялар беру) бюджет қаражатын қайта бөлуге негізделген. Республикадағы осындай бюджетаралық қатынастар жүйесі өздерінің аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу қарқынын ұлғайтуға жергілікті атқарушы органдарды (донор өңірлерді де, сондай-ақ реципиенттерді де) қажетті жағдайда ынталандырмайды. Осы жағдай көбінесе трансферттерді (жалпы сипаттағы трансферттерді қоспағанда) есептеудің бірыңғай жүйесінің және нысаналы трансферттерді қалыптастырудағы айқын басымдықтардың болмауынан қалыптасты.

Осыған байланысты, осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының бюджеттік тәжірибесіне айқын көрінетін экономикалық өсу әлеуеті бар аумақтарды қолдауды көздейтін арнайы қаржылық тетікті енгізуге арналған.

Бұл «тар жерлерді» анықтауға және даму әлеуеті бар өңірлерді одан әрі дамытуға серпін беруге мүмкіндік береді. Осындай өңірлер өзінің ерекшелігімен осы құралды пайдаланудан ең үлкен жиынтық мультипликативтік әсер бере алады.
Қазақстанда агломерациялар дамуының SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және бос уақыт салаларында қызмет көрсетудің жоғары деңгейі (елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда);

- халықтың табиғи және көші-қон өсуінің оң көрсеткіштері;

- шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар;

- кадрлық базаның болуы.

- қоныстандырудың төмен тығыздығы,

2 млн. адамнан астам халқы бар өзек-қалалардың болмауы

- өзек қалалардың және іргелес аумақтардың (елді мекен жүйелерінің) ортақ жүйелі инфрақұрылымының болмауы

- өзек-қалалар ішінде тиімсіз көліктік инфрақұрылым (көлік кептелістері)

- ірі қалалардағы жағымсыз экологиялық жағдай (газдану, «жасыл экономиканың» смарт-технологияларын қолданбау, қоғамдық көліктің дамымауы, қалалардың ішінде экологиялық емес және энергияны қажетсінетін өндірістердің болуы)

- қалаларда рекреация және жасыл аймақтардың жеткіліксіз дамуы

- елдің ірі қалаларында тартымды брендттердің (танымал халықаралық имидждің) болмауы

- елдің ірі қалаларының жаһандық және аймақтық нарықтардағы төмен бәсекеге қабілеттілігі

- өзек қала мен қала маңындағы елді мекендердің бірыңғай заманауи қала құрылысы құжаттамасының болмауы

Мүмкіндіктер

Қатерлер

- экономиканың толық қайта құрылуы (индустрияланудан кейінгі даму)

- көптеген және әртараптандырылған еңбек нарығының қалыптасуы

- тауарлар мен қызметтерді өткізудің сыйымды нарығының тартымдылығын арттыру

- «инфрақұрылымдық әсер» құру (қуатты көлік кешендері, мультимодалды тораптар, ақпараттық коммуникациялар)

- ірі орталықпен көрші болу әсері, яғни барлық агломерация тұрғындарының агломерациялардың әртүрлі аймақтарының еңбек, білім беру, сауда, мәдени және басқа да мүмкіндіктерге толық көлемде қол жеткізуі

- біліктілігі төмен еңбек ресурстарының бақылаусыз жаппай келуінің салдарынан «жалған урбанизация»

- тұрғын үй тапшылығы

- жоғары жұмыссыздық

- қалалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға шамадан тыс салмақ салу

- қала шетінде ретсіз құрылыс салу

- келетін халықтың маргиналдануы мен асоциализациясы (қылмыстың көбеюі)



«Екінші деңгейдегі» қалалар (облыстық орталықтар, Семей мен Түркістан қалалары)

Қазіргі уақытта Қазақстанда «екінші деңгейдегі» қалаларға 14 қала жатады, оның ішінде 12 қала облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылады (Көкшетау, Талдықорған, Атырау, Орал, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Ақтау), 2 қала облыстық маңызы бар (Семей, Түркістан) болып табылады.

«Екінші деңгейдегі» қалалардың халық саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3594,4 мың адамды құрады, бұл ҚР жалпы халық санының 21,3 %-ын немесе елдің қалалық халық санының шамамен 40 %-ын құрайды. Қаралып отырған кезеңде барлық екінші деңгейдегі қалаларда халық санының өсуі байқалады, бұл халықтың табиғи өсуінің оң мәндерімен және қалыптасқан халық көші-қонының оң сальдосымен байланысты.

Осы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау көптеген қалалар өз өңірлерінде өндірістік, қаржылық және еңбек ресурстарының тартылыс және шоғырлану орталықтары болып табылатынын көрсетті.
2-кесте. «Екінші деңгейдегі» қалалардың 2012 жылдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері



Қалалық әкімшіліктің атауы

Халық саны (жыл соңында)

Нақты жалақы

Өнеркәсіптік өнімнің көлемі

мың адам

үлес, %

мың тг

облыс бойынша орташа, мың тг.

млн. тг.

үлес, %

1.

Көкшетау

152,0

20,7

79,7

67,8

55 751,2

20,6

2.

Талдықорған

156,2

8,0

77,1

77,3

40 203,5

7,8

3.

Атырау

272,1

49,0

200,1

180,4

134 031,0

3,2

4.

Орал

265,9

43,4

73,5

87,5

89 321,7

5,5

5.

Тараз

343,3

32,1

76,3

72,3

131 018,4

63,3

6.

Қарағанды

479,2

35,2

96,3

92,4

259 481,2

19,4

7.

Қостанай

219,2

24,9

81,2

76,6

117 589,0

23,4

8.

Қызылорда

254,0

35,0

103,4

93,4

1 048 776,0

94,5

9.

Павлодар

345,8

46,2

88,0

85,8

627 740,0

52,2

10.

Петропавл

206,0

35,5

82,9

68,9

82 467,3

65,5

11.

Өскемен

321,2

23,0

96,2

84,9

620 125,9

64,2

12.

Семей

335,4

24,1

78,3

84,8

126 873,4

13,1

13.

Түркістан

244,1

9,1

68,8

75,5

7 153,1

1,4





Қалалық әкімшіліктің атауы

Бөлшек сауда

Негізгі капиталға инвестиция

Тұрғын үйлердің жалпы алаңын пайдалануға беру

млн. тг.

үлес, %

млн. тг.

үлес, %

шаршы метр

үлес, %

1.

Көкшетау

65 223,5

51,1

33 154,6

23,1

60 576,0

24,3

2.

Талдықорған

29 472,3

13,4

30 375,0

7,9

36 733,0

4,3

3.

Атырау

136 968,0

83,8

675 130,0

65,3

301230,0

58,8

4.

Орал

115 463,5

84,7

42 761,5

26,0

169 397,0

69,4

5.

Тараз

95 016,3

79,4

52 569,0

34,5

79 666,0

35,3

6.

Қарағанды

341 128,3

76,6

69 331,0

21,4

124 471,0

46,2

7.

Қостанай

97 999,1

61,3

42 774,0

26,1

119 137,0

58,2

8.

Қызылорда

94 845,3

79,5

195 144,0

76,2

174 052,0

59,3

9.

Павлодар

131 104,3

66,1

73 634,0

27,9

78 141,0

63,2

10.

Петропавл

72 447,2

59,4

32 378,7

33,0

54 261,0

53,9

11.

Өскемен

215 439,8

51,6

94 154,0

35,4

91 612,0

37,5

12.

Семей

99 893,7

23,9

39 524,0

14,8

75 679,0

31,0

13.

Түркістан

12 285,3

5,2

31 282,0

9,8

32 254,0

9,2


«Екінші деңгейдегі» қалалардың өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2012 жылы 3,33 трлн. теңгені, өнеркәсіп өндірісі жалпы республикалық көлемінің шамамен 20 % құрайды. 2008 – 2012 жылдары екінші деңгейдегі қалалардың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 30,5 %-ға ұлғайды.

Екінші деңгейдегі қалаларда өңдеуші өнеркәсіп салалары жақсы дамыған. Сонымен, осы қалалардың өнеркәсіп өндірісінің құрылымын талдау көбінесе өңдеуші өнеркәсіптің үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 70 %-дан артатындығын көрсетті. Атырау, Қарағанды және Ақтау қалаларында 2012 жылы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде өңдеуші саланың үлестік салмағы 46-50 %-ды құрады.

Су құбыры, кәріз, жылу және электр желілерінің, автомобиль жолдарының тозуы жоғары болуы «екінші деңгейдегі» қалалардың инженерлік инфрақұрылымының негізгі проблемалары болып табылады.

3-кесте. Коммуналдық инфрақұрылымның тозу дәрежесі




Қалалар атауы

Су құбыры желісі, %

Кәріз желілері, %

Жылу желілері, %

Электр желілері, %

Автомобиль жолдары (қанағаттанарлықсыз жағдайда), %

1.

Көкшетау

45

15

53

62

31

2.

Талдықорған

60

72

65

60

50

3.

Атырау

31

38,5

74

30

28,1

4.

Орал

69

67

55

95

41

5.

Тараз

68

74

70,9

72

25

6.

Қарағанды

78

74

75

60

73

7.

Қостанай

63,3

73,2

51

73

42

8.

Қызылорда

54

60

62

70

68

9.

Павлодар

46,4

41,6

71,2

53

29

10.

Петропавл

81,3

63,6

71

68,5

48

11.

Өскемен

72

75

59

61

27

12.

Семей

77

75

77

66

47

13.

Түркістан

92

40

75

61

67,4



«Үшінші деңгейдегі» қалалар (моно- және шағын қалалар)

Қазіргі уақытта Қазақстанда 41 шағын қала бар, олардағы халық саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 904,2 мың адамды құрайды. 33 шағын қала тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады. 8 шағын қала ауылдық аудандардың орталықтары болып табылмайды. Географиялық орналасу бойынша қалалардың мынадай типтерін атап өтуге болады:

агломерациялардың ықпал ету аймағында – Ақкөл, Алға, Қандыағаш, Есік, Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Ленгер;

республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль және темір жол магистральдары бойындағы – Ақкөл, Атбасар, Ерейментау, Есіл, Макинск, Щучинск, Алға, Қандыағаш, Шалқар, Жаркент, Қапшағай, Қаскелең, Сарқанд, Аягөз, Шу, Приозерск, Арал, Ембі, Үшарал, Үштөбе, Зайсан, Шар, Шемонаиха, Арыс, Сарыағаш, Булаево, Мамлютка, Тайынша;

шекара маңындағы аумақтарда – Жаркент, Үшарал, Зайсан, Сарыағаш, Шардара, Шар, Шемонаиха, Мамлютка, Булаево.

Моноқалалардың тізбесіне 27 қала енгізілген, олардың халық саны 1,53 млн. адамды немесе елдің қала халқының 16,8 %-ын құрайды, оның 16 қаласы тиісті аудандардың әкімшілік орталығы болып табылады. Моноқалаларда Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің3 басым бөлігі орналасқан.

Көліктік орналасу бойынша моноқалаларды екі топқа бөлуге болады: темір жол желілерінің бойында орналасқан қалалар (20 қала) және темір жолдан алыс немесе темір жол тұйғында орналасқан қалалар (7 қала).

Елдің 27 моноқаласының халықаралық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 7 қала, республикалық маңызы бар 14 қала, жергілікті маңызы бар 7 қала орналасқан.

1999 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 41 шағын қаладағы халықтың жалпы санының өсуіне қарамастан (14,3 %-ға), көптеген шағын қалаларда халық саны азайды. Сонымен бірге, он жылдық кезеңде моноқалалардағы халықтың жалпы өсуіне (4 %-ға) қарамастан, олардың 11-уінде халық санының 11,8 %-ға4 қысқаруы болды.

Шағын қалалар халқының бір адамға шаққандағы ақшалай табысы орташа республикалық деңгейдің 65 %-ын ғана құрайды, ал көптеген моноқалалардың адам басына шаққандағы кірістері орташа облыстық деңгейге жетпейді. Сонымен, Арқалық, Кентау, Балқаш, Саран қалаларында орташа жан басына шаққандағы ақшалай кірісі орташа облыстық деңгейге 80-85 % құрады. Моноқала халқы кірістерінің негізгі көзі кәсіпорындар мен мекемелердегі (негізінде бюджеттік) еңбекақы болып табылады, олардың үлесі кірістердің жалпы сомасының 50-60 %, кірістердің 20-30 % зейнетақылар, шәкірт ақылар, әртүрлі жәрдем ақылар, қосалқы шаруашылықтан түсімінің – 10-15 %, қалғаны – жақындар мен достарының көмегі.

Шағын қалалардың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемі 2012 жылы 719 311 млн. теңгені құрады, бұл өнеркәсіптік өндірістің жалпы республикалық көлемінің 4,26 %-ы. Шағын және моноқалалардағы өнеркәсіптік өндіріс бір-екі саланың ерекше мамандандырылуымен сипатталады, ал басқа салалар шамалы дамыған, немесе өнеркәсіптік кәсіпорындар мүлде жоқ.

Елдің көптеген шағын және моноқалаларында негізінен бұрынғы қала құраушы кәсіпорындардың немесе басым саланың жағдайына байланысты проблемалар кешені пайда болды.

Проблемалардың бірі – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыстың қанағаттанарлықсыз жағдайы. Су құбыры, кәріз, жылу және электр желілерінің жоғары тозуы айтарлықтай қаржылық салымды қажет етеді. Мәселен, моноқалалардың жартысында (14 қалада) электр желілерінің тозуы 70 %-ға дейін жетті.

Моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі – өндірістік инфрақұрылымның қанағаттанбаушылық жағдайы. Әсіресе көлік алыстығы және автомобиль жолдарының нашар жағдайының өткір проблемасы тұр.
4-кесте. Шағын/моноқалалар арасындағы аса сынды көрсеткіштер бойынша ақпарат





Шағын қалалар

Моноқалалар

Электр желілерінің тозуы, %

Степногорск (85), Зыряновск (82), Шемонаиха (87), Приозерск (82)

Ақсай (94), Риддер (82), Жітіқара (81,3)

Жылу желілерінің тозуы, %

Степногорск (80), Приозерск (80), Лисаковск (70,6), Текелі (80)

Ақсай (95), Текелі (80), Зыряновск (80), Серебрянск (78), Курчатов (68)

Су құбыры желілерінің тозуы, %

Атбасар (82), Макинск (80), Щучинск (64), Талғар (75), Қарқаралы (50), Приозерск (79), Ленгер (70)

Жаңатас (95 %), Зыряновск (82 %), Серебрянск (75 %), Курчатов (74 %), Қаратау (60 %), Кентау (60 %)

Үйлердің авариялығы, %

Қазалы (21), Зайсан (19), Приозерск (10,8), Шар (9), Есіл (6)

Арқалық (84,7), Абай (36,7), Жаңаөзен (10,9), Қаратау (8,4), Жаңатас (7,1)

Халық санының азаюы, %

Ерейментау (28,3), Степняк (24), Державинск (20,6), Сергеевка (22,5), Мамлютка (19,3), Булаев (18,9), Шар (16,7)

Арқалық (33,5), Қаражал

(19,5), Абай (19,3), Жаңатас (18,2), Серебрянск (16,3)


Қазақстандағы моно- және шағын қалалар дамуының SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

- өндіріс және көлік инфрақұрылымының болуы;

- перспективалы қалалардағы халықтың табиғи өсуінің оң көрсеткіштері;

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай;

- кадр базасының болуы;

- жаңа өндірістік қуаттарды орналастыру үшін бос аумақтардың болуы.

- өнеркәсіпті әртараптандырудың төмен деңгейі;

- шығарылатын өнімдер бәсекеге қабілетті болмауына байланысты қолда бар өндірістік қуаттардың жүктемесі толық емес;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардағы (моноқалаларда – шикізат нарықтарындағы жағдайға байланысты) өндірістің төмендеуі, шығарылған өнімдердің сұранысқа ие болмауы;

- экономикалық жағынан белсенді халық үлесінің төмен болуы;

- еңбек ету орындарының болмауы;

- халықты қолайлы өңірлерге кетуі;

- халықтың өмір сүру деңгейі көрсеткіштерінің төмен болуы;

- халықтың әлеуметтік мекемелер қызметтерімен әлсіз қамтамасыз етілуі;

- инженерлік, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның, қалаішілік жолдардың жоғары тозуы;

Мүмкіндіктер

Қатерлер

- экономиканы толық қайта құру, маркетинг және қалалардың әлеуетті брендтерін табу;

- экономиканы әртараптандыру және жаңа мамандықтарды меңгеру;

-  жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту, жаңаларын (стратегиялық, «зәкірлі» инвесторларды) тарту, аутсорсинг;

- білікті мамандарды тарту, жергілікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

- халықтың өмір сүру деңгейін арттыру;

- өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көлік, туризм және рекреация саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту;

- мемлекеттік-жеке меншік әріптестігін дамыту (МЖӘ)


- қала құраушы кәсіпорындардың тоқтауына байланысты жаппай жұмыссыздық;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық артта қалуы, бұл шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін азайтады;

- қалалардың депопуляциясы;

- инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі.



^ Ауылдық аумақтар

Әлеуметтік-экономикалық даму мониторингінің қорытындылары бойынша 6 838 ауылдық елді мекендер (АЕМ) бар, онда 7,7 млн. адам тұрады. АЕМ жалпы санының 1080 –жоғары, 5293 – орташа даму әлеуетіне сәйкес келеді, 119 – аудан орталықтары, ал 2382 – ауылдық және кент округтерінің орталықтары болып табылады. Бұл ретте, АЕМ-нің жартысынан көбінде халық саны аз және онда барлығы 9,3 % ауыл тұрғыны тұрады.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге 74 % ауыл халқы қол жеткізген, ал жергілікті маңызы бар 23 % автомобиль жолдары күрделі жөндеуді қажет етеді.

Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін шешу әртүрлі бағдарламалық құжаттарда көзделген, алайда осы бағытта кешенді тәсілдің болмауы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Мемлекеттік қолдауға қарамастан ауыл халқының көші-қон оң сальдосы тек қана Алматы мен Маңғыстау екі облыста ғана бар, бұл ауылдық елді мекендер бойынша өңірлік саясатта жеткілікті жұмыстың болмауына байланысты. Ауылдардан халықтың кетуі негізінен аграрлық өңірлерде (БҚО, ШҚО, СҚО, ОҚО, Қостанай облысы) байқалады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16



Похожие:

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconБАҒдарламаның паспорты
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы