Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



НазваниеӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница16/16
Дата конвертации20.08.2014
Размер3.6 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
^

11. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың басқа бағыттары


Тұрғын үйдің қолжетімділігі деңгейін арттыру және тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау жөніндегі жоғарыда көрсетілген іс-шаралармен қоса облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері тұрғын үй проблемасын дербес шешетін азаматтардың бастамаларына жәрдем жасауы керек. Осы бағытта тәуекел деңгейі үлестік құрылысына қарағанда мейлінше төмен тұрғын үй құрылыс кооперативтерін өздерін оң жағынан танытты. Мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін құрылыс үшін бөлу ТҚК құрудың міндетті шарты болуға тиіс. Бұл ретте құрылыс салынатын учаскеге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері қажетті инженерлік желілер және коммуникациялар жүргізуге тиіс. ТҚК-тың меншігіне жер учаскесін ресімдеу тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс.
^ 12. Жер ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Тұрғын үй құрылысына бөлінген, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің болуы тұрғын үйдің қолжетімділігін құрайтын элементтердің бірі болып табылады.

Осы мақсат үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:

1) жаппай құрылыс салуға жарамды жер учаскелеріне тексеру жүргізуге;

2) бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес жаппай тұрғын үйлер салынатын басым аудандарды анықтауға;
^

3) жер учаскелерін дайындау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізуге;

4) бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

^

5) құрылыс салушыға жер учаскелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес беруге тиіс.

Құрылысқа бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс.

^

13. Құрылыс индустриясын және индустриялық үй құрылысын дамыту жөніндегі шаралар туралы


Құрылыс материалдарының өнеркәсібі экономиканың ірі құрамдас бөлігі болып табылады және құрылыс үшін материалдық негіз бола отырып, қоғамның экономиканың басқа салаларының өсуіне және әлеуметтік жағдайға айтарлықтай әсер етеді.

Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі бағдарламада жиналмалы-қаңқалы үй құрылысымен қоса тұрғын үй құрылысының мерзімдерін қысқарту және құнын төмендету мақсатында басымдық ретінде ірі панельді үй құрылысын дамыту көзделген.

Өңірлерде мемлекеттің қаражаты есебінен тұрғын үйлерді іске қосу көлемдерін негізге ала отырып, осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде үй салу комбинаттарының оңтайлы саны, өте тиімді технология, өндірістің қуаты, қаржыландыру схемасы мен құрылымы, оның ішінде «Өнімділік 2020» бағдарламасының құралдары немесе ӘКК-тің жарғылық капиталына кіру есебінен қаржыландыру белгіленетін болады.


Өңірлерді дамытудың

2020 дейінгі бағдарламасына

3-қосымша

^ Тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі
Бағдарлама аясында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу (бұдан әрі – жөндеу) ғана жүзеге асырылатын болады.

Терможаңғырту элементтерімен күрделі жөндеуді жүргізу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеу 30 пайызға дейін жетеді.

Ағымдағы жөндеуді жүргізу үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтарымды қаражаттары есебінен рұқсат етіледі.

Ғимаратты (объектіні) күрделі жөндеу – қажет болған жағдайда конструкциялық элементтері мен инженерлік жабдық жүйелерін ауыстыра отырып, оның ресурсын қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ғимаратты жөндеу.

Тұрғын ғимараттарды күрделі жөндеу ұйымдастыру-технологиялық жобалау құжаттамасы – жобаға (жұмыс жобасына), күрделі жөндеуді ұйымдастыру жобасына және жұмыстарды жүргізу жобаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің келісімдерінің және жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдаған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің барлығы қол қойған шарттардың болуы көп пәтерлі тұрғын үйде жөндеу жүргізу үшін негіз қалаушы факторлардың бірі болып табылады.

Ортақ мүлікті жөндеу жұмыстары мыналарды көздейді:

1) жұмыс түрлерінің ең аз жиынтығы – бұл тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеу (жылылау);

2) жұмыс түрлерінің ең көп жиынтығы – бұл шатырды, кіреберісті, жертөлені, қасбетті, лифтіні (болған жағдайда) жөндеу (жылылау).

Үйдің шатырын, қасбетін және кіреберісін жөндеу жүргізу талап етілмеген жағдайда жертөлені (инженерлік желілерді қоса алғанда) жөндеу жүргізу жоғарыда баяндалғанға жатпайды.

Ғимаратты терможаңғырту жөнiндегi кешендi жұмыстар кезiнде тұтынылатын жылуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары орнатылады, оларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу тетігі республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған уәкілетті ұйымдарды капиталдандыруға бағытталатын нысаналы трансферттердің бөлуді көздейді.

Мамандандырылған уәкілетті ұйымды капиталдандыру үшін бюджеттік өтінімді қалыптастыру экономикалық сараптаманың қорытындысы мен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық тексеру актілерін қосымша бере отырып, қаржы-экономикалық негіздеменің (ҚЭН) негізінде жүргізіледі.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге қаржы қаражатын бөлген кезде жеке өңірлердің ортақ тұрғын үй қорында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің үлесі ескерілетін болады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары қажет болған жағдайда аталған тетікті жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланады.

Кондоминиум объектісін басқару органы мен бас мердігер болып табылатын мамандандырылған уәкілетті ұйым және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге шарт жасалады.

Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігерлерді тарту мүмкіндігімен ортақ мүлікке жөндеу жүргізеді.

Кондоминиум объектісін басқару органының әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте ашылған жинақ есепшоты болады.

Шартта белгіленген мерзім ішінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері екінші деңгейдегі банктегі жинақ есепшотына ай сайынғы жарналарды төлейді.

Жинақталған қаражат екінші деңгейдегі банктің есепшотынан мамандандырылған уәкілетті ұйымға орындалған жұмыстар үшін бөліп ақы төлеу ретінде аударылады.

Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкілетті ұйым кондоминиумның басқа объектілерін жөндеуге жұмсайды.

Бұл тетікті жүзеге асыру үшін оның қатысушылары келесі іс-әрекеттерді орындайды.

Жергілікті атқарушы органдар:

1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің өтінімдері бойынша жөнделуі тиіс үйлердің тізімін қалыптастырады;

2) тұрғын үй инспекцияларының тиісті актілерді беруімен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады;

3) тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізуді ұйымдастырады;

4) мамандандырылған уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту үшін ҚЭН әзірлейді;

5) ҚЭН-ге экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;

6) ҚР ӨДМ-ге растау құжаттарымен қоса, бюджеттік өтінімді жолдайды;

7) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде орната отырып, жөндеу жүргізуді ұйымдастырады. Кондоминиум объектісі ортақ мүлікке жөндеу жүргізуді қажет етпеген жағдайда, жөндеу жүргізусіз не инженерлік желілерді қоса алғанда (қажет болған жағдайда), жертөле жайларын жөндей отырып, аталған жабдықты орнату ғана жүргізіледі;

8) жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын бақылауды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен орындалған жұмыстар үшін қаражаттың қайтарылуына мониторингті қамтамасыз етеді;

9) аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді ұйымдастырады;

10) кондоминиум объектілері басқару органдарымен және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен жөндеу жұмыстарын орындауға шарттар жасаған кезде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің 8-ден 15 жылға дейін (күрделі жөндеу жұмыстары түрлеріне байланысты) қаражатты қайтару мерзімін сақтауын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, жөндеу үшін қаражатты одан әрі пайдалануды болжауға мүмкіндік беретін қаражатты қайтару кестелерін жасау қажет.

Мамандандырылған уәкілетті ұйым:

1) кондоминиум объектілерін басқару органдарымен және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен жөндеу жұмыстарын орындауға шарт жасасуды;

2) шартқа сәйкес жөндеу жұмыстарын орындауды;

3) қажет болған жағдайда, қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуды;

4) жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды;

5) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен – шартқа қатысушылардан берешектерді сот тәртібімен өндіріп алуды ұйымдастыруды;

6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы және шығыстар сметасын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен келіседі;

Кондоминиум объектісін басқару органы:

1) кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асырады;

2) екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ есепшоттарының ашылуын қамтамасыз етеді;

3) жергілікті атқарушы орган әзірлеген ЖСҚ, шығыстар сметасының, ақаулар тізімдемелерінің келісілуін ұйымдастырады;

4) мамандандырылған уәкілетті ұйыммен шартқа қол қойылуын қамтамасыз етеді;

5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады;

6) жалпы жиналыстың шешімін орындаудан бас тартқан және шартқа қатыспайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы талап арыз беруді жүзеге асырады.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысы:

1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды;

2) қосалқы мердігерлік ұйымның таңдалуын келісуді жүзеге асырады (оны тарту қажет болған кезде);

3) ЖСҚ немесе кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге шығыстар сметасын келіседі;

4) әрбір пәтерге (үй-жайға) жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жұмсалатын шығындар сомасын бекітеді, ол жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңының осы кондоминиум объектісіндегі үй-жайлардың барлық тұрғын және тұрғын емес алаңдарының пайдалы алаңдарының сомасына қатынасы бойынша анықталады;

5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қатарынан өкілдерді таңдауды жүзеге асырады.

Орындалған жұмыстарды қабылдауға тұрғын үй инспекциялары, кондоминиум объектісін басқару органдары, жөнделетін объектілердің үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерінің өкілдері және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары қатысады.

Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына бұдан былай жөндеу жұмыстары жүргізілетін үйлерде энергетикалық аудит жүргізуге трансферттер бөлінеді.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу аяқталып, жылыту маусымы өткеннен кейін жергілікті атқарушы органдар осы жөндеудің энергия тиімділігін бағалау үшін қайта энергетикалық аудит жүргізеді.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

Секторды технологиялық дамыту үшін кемінде 5-10 жылда бір рет барлық нормативтік-техникалық құжаттаманы қайта қарау қажет, бұл осы саладағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарауды бекітуді және жаңаларын әзірлеуді көздейді.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсанындағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

Пәтерлердің (үй-жайлардың) меншік иелерін тұрғын үй қорын терможаңғырту үдерісіне тарту мақсатында халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау шараларын жүргізу қажет. Халықтың қалың жігіне, кондоминиум объектілерін басқару органдарына, ТКШ мамандарына және оқып жатқан жастарға энергия үнемдеу саясатын насихаттау бойынша қызметтер көрсетілетін болады. Энергия үнемдеуді насихаттау жөніндегі іс-шаралармен қамтылған қалалық халықтың үлесі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде жыл сайын ұлғаятын болады.

Халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау Бағдарламаны табысты іске асырудың негізі болып табылады және мынадай негізгі іс-шараларды қамтиды: ағартушылық және арнайы әдебиетті тираждау және тарату, өңірлік семинарлар, көрмелер және конференциялар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық акциялар мен жарнамалық науқандар өткізу.
Саланы кадрлық қамтамасыз ету шеңберінде практикалық оқыту үлесін ұлғайту, ТКШ саласы үшін ғылыми кадрлар даярлау, ТКШ саласы мамандарының біліктілігі мен құзыретін арттыру жүйесін дамыту жолымен жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру қажет.

Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйге өзінің жеке меншік тұрғын үй ретінде иелік ету қатынасы және энергияны үнемдеу қатынасы қалыптасуға тиіс, жалпы осы іс-шаралардың барлығы тиімді меншік иесін қалыптастыруға және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің энергияны тұтынуын азайтуға бағытталатын болады.

Терможаңғырту бірінші кезекте осы қалалар халқының қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталады.

Бағдарлама шеңберінде күрделі жөндеуді қажет ететін көп пәтерлік тұрғын үйлер көрсеткіштерінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады, бұл жерде респонденттер ретінде жергілікті атқарушы органдар болуы мүмкін, ал кейін респонденттер ретінде кондоминиум объектісін басқару органдарын және сервистік қызмет субъектілерін тарту шаралары қаралатын болады.

Бұрын 2011 – 2012 жылдары Бағдарламаны іске асыру бойынша оператордың бірі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі – ӘКК) болып табылған. Оларда үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтарымды қаражаттарын жинау әлі де жүзеге асырылатын ӘКК рөлін ескере отырып, жөндеу жүргізу үшін ӘКК-қа қайтарылатын ақша қаражатын пайдалану бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ осы қаражатты мамандандырылған уәкілетті ұйымдар арқылы тікелей пайдалану тетіктерін қарау қажет.

Перспективада мамандандырылған уәкілетті ұйымның рөлін кәсіпкерлік құрылымдар, ал оларды қаржыландыруды мамандандырылған қаржы институттары (агенттіктер) және екінші деңгейдегі банктер өзіне алады.

Өңірлерді дамытудың

2020 дейінгі бағдарламасына

4-қосымша

^ Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту тетігі
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету өңірлердің негізгі даму факторларының бірі болып табылады.

Ауыз сумен қамтамасыз етудің белгілі бір дәрежеде жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының едәуір бөлігі әлі де тиісті сападағы сумен және толық көлемде қамтамасыз етілмей отыр. Көптеген тазарту құрылыстары өзінің пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеуді талап етеді, басқалары – артық жүктемемен жұмыс істейді, бұл сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректеріне сәйкес келмеуіне әкеліп соғады.

Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру секторы проблемалар кешенімен сипатталады.

Осыған орай сумен жабдықтау және су бұру секторында елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану, жобалау, салу және реконструкциялау жөніндегі Бірыңғай операторды құру қаралуда.

Елді мекендерде сумен жабдықтау көздері жер бетіндегі, жер астындағы сулар болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану үшін жоғары сапалы ауыз судың барынша қорғалған және сенімді көзі ретінде жер асты тұщы суларының кен орындарын шаруашылық айналымына тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.

Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етілетін көлемін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту және жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыс көлемін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп жыл сайын айқындайды. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы су жинағыштар бойынша жер асты сулары қорларының болуы туралы уақытша қорытындылар беретін болады.

Сумен жабдықтаудың жер асты көздері жоқ жерлерде сумен жабдықтаудың жер үсті көздері пайдаланылатын болады.

Сумен жабдықтаудың жер үстіндегі көздері сумен жабдықтаудың жер асты көздері жоқ жерлерде пайдаланатын болады.

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды жүргізетін болады.

Сонымен қатар, ауылдық сумен жабдықтау секторында жергілікті сумен жабдықтау көздерін барынша пайдалану, блокты тазарту құрылыстарын қолдана отырып, үлгі жобаларды әзірлеп, халық саны аз елді мекендерде қолдану қажет. Жергілікті сумен жабдықтау жөніндегі үлгі жобаларды әзірлеу және тираждау сумен жабдықтау жүйелерінің объектілерін жобалау және салу кезінде шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Бюджет қаражатын тиімсіз және ұтымсыз пайдалану фактілерін болдырмау, 2020 жылға дейінгі алдағы кезеңге арналған халықты ауыз сумен және су бұрумен қамтамасыз ету бойынша баламалы және үнемді шешімдерді іздеуді кеңейту мақсатында сумен жабдықтау және су бұру секторын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелі тәсілді енгізу.

2. Сумен жабдықтау және су бұру су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту. Қалалық және селолық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарын МЖӘ үлгісіне кезең-кезеңмен көшіру.

3. Сумен жабдықтау мен су бұру саласында нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, үлгі жобаларды және үлгі жобалық шешімдерді әзірлеу, сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін құру және пайдаланудың бірыңғай техникалық саясатын енгізу.

4. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану.

5. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жобалау сапасын арттыру және сумен жабдықтау және су бұру саласында қазақстандық үлесті дамыту.

6. Саланы кадрлық қамтамасыз ету.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту кезінде Бағдарламаның міндеттерінде көрсетілген басымдықтар (агломерацияларды, «екінші деңгейдегі» қалаларды, «үшінші деңгейдегі» қалаларды, селолық аумақтарды (ТАЕМ), шекара маңындағы аумақтарды дамыту) және Бағдарламаның негізгі ережелері қабылданады.

^ 1. Жүйелік тәсіл мынаны көздейді

1.1 қалалық жерлерде:

1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды қажет ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыру.

2. 53 қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне арналған инвестициялар негіздемелерін әзірлеуді аяқтау (басталуы 2011 жылдың екінші жартыжылдығында және аяқталуы 2014 жылы).

Қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштері (халық саны, өнеркәсіп және т.б.) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялардың негіздемелерін әзірлеу үшін негіз болып табылады, олардың негізінде тиісті деректер қалыптастырылады (су тұтынудың және су бұрудың жалпы көлемі, сарқындының сапалық және сандық сипаттамалары болжанады және т.б.).

Бас жоспарлары жоқ қалалар бойынша инвестициялардың негіздемелерін бекіту жергілікті атқарушы органдар бекіткен кемінде 2020 жылға дейін есептелген мерзімге арналған қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштерінің негізінде жүргізіледі.

3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланып отырған объектілердің тізбесін Бағдарлама басымдықтарының деңгейлеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен келісуі.

4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері инвестицияларының негіздемесіне сәйкес қалыптастыруы.

5. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тізбесін Өңірлік даму жөніндегі ведомствоаралық комиссиясында (бұдан әрі – ВАК) келісу. Өңірлік даму жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы келіскен сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тізбесіне қаржы жылының ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда нақтыланған тізбені өңірлік даму жөніндегі ВАК-пен келісуге енгізу қажет.

Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын тізбесін қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жергілікті атқарушы органдардың жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың бірінші тоқсанында алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерінің негізінде жүзеге асырады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдар тарапынан міндетті қоса қаржыландыру ескерілуі тиіс. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қоса қаржыландыру деңгейі өңірлік даму жөніндегі ВАК-та жыл сайын әрбір өңір бойынша жеке, оның ішінде алдағы жоспарланған бюджеттік кезеңге капиталды қажетсінетін объектілер бойынша жыл сайын қаралатын болады.

Мынадай құжаттары бар жобалар қаржыландырылуға рұқсат етіледі:

1) электрондық және қағаздағы жеткізгіштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

2) санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптаманың болуы;

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі өткен қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;

4) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасы;

5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;

6) түсіндіру жазба;

7) техникалық қарап тексерудің болуы;

8) жобаны бекіту туралы бұйрық;

9) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.

Басым бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылатын болады:

  1. Пайдалану кезінде сенімділік, жөндеуге жарамдылық, техникалық және экономикалық тиімділік талаптарына сәйкес келетін заманауи материалдарды, жабдықтарды және технологияларды қолдану көзделген жобалар;

  2. Аяқталмаған (ауыспалы) сумен жабдықтау және су бұру жобалары.

Уақтылы пайдалануға беру, сумен жабдықтау және су бұру жобаларының қымбаттауын болдырмау мақсатында аяқталмаған (ауыспалы) жобаларды міндетті қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

3) Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмалары бар, қалаларды және елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларына енгізілген жобалар.

4) Жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салуға бағытталған жобалар.

5) Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің авариялық учаскелерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі жобалар.

6) Құрылыс құны 100 млн. теңгеден аз, өңірдің жергілікті проблемаларын шешуге бағытталған, Бағдарламада көзделген жалпы өңір бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге елеулі әсер етпейтін жобалар жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылады.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестиция негіздемелерін әзірлеу кезеңінде (2011 – 2014 жылдар) қалалық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесіне жобаларды іріктеу жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Кейін қалалық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыру қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестиция негіздемелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

1.2. ауылдық сумен жабдықтау және су бұру объектілері үшін:

1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды талап ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыруы.

2. Жергілікті атқарушы органдардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланып отырған объектілердің тізбесін Бағдарлама басымдықтарының деңгейлеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрілігімен келісуі.

3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мынадай критерийлер бойынша сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тізбесін қалыптастыруы:

1) Пайдалану кезеңінде сенімділік, жөндеуге жарамдылық, техникалық және экономикалық тиімділік талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы материалдар, жабдықтар және технологиялар салынған жобалар.

2) аяқталмаған сумен жабдықтау және су бұру (ауыспалы) жобалары.

Уақытында пайдалануға беру, сумен жабдықтау жобаларының қымбаттауына жол бермеу мақсатында аяқталмаған (ауыспалы) жобаларды міндетті қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

3) Ауылдық елді мекендерді, әсіресе суды шеттен тасып әкелетін елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар.

Бұл ретте, осы мақсатқа аса тиімді қол жеткізу үшін саны ең көп халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамсыз ету қажет. Осыған байланысты, ерекше мән халқының саны жоғары, орта деңгейдегі елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне беріледі.

4) Аса авариялық учаскелерді реконструкциялауға бағытталған жобалар.

5) Жалпы өңір бойынша жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын Бағдарламамен көзделген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге елеулі әсер етпейтін өңірдің жергілікті проблемаларын шешуге бағытталған, құрылыс құны кемінде 100 млн. теңге болатын жобалар.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың тарапынан міндетті бірлесіп қаржыландыру ескерілуі тиіс. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірлесіп қаржыландыру деңгейі Өңірлік даму жөніндегі ведомствоаралық комиссияда жыл сайын жеке әрбір өңір бойынша, оның ішінде капиталды көп қажет ететін объекті бойынша қарастырылатын болады.

Жобаларды іріктеу кезінде келесі құжаттардың болуы қажет:

1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

2) экологиялық сараптаманың болуы;

3) бекітілген сумен жабдықтау көзінің немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялары Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті келісімінің, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытындының болуы;

4) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасының қорытындысы;

5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;

6) түсіндірме жазба;

7) техникалық қарап тексерудің болуы;

8) жобаны бекіту туралы бұйрық;

9) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.


Өңірлерді дамытудың

2020 дейінгі бағдарламасына

5-қосымша

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» басымдығы бойынша Бағдарламаны іске асыру кезінде қаржыландыру тетігі және қатысушыларының өзара іс-қимылы
1. Қаржыландыру лимитін бөлу:

1) облыс әкімі әрбір ауданға және облыстық маңызы бар қалаға қаржыландыру лимитін ауылдық округтерде, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарда және кенттерде тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді;

2) аудан әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі әрбір ауылдық округтерге қаржыландыру лимитін әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа әр ауылдық округте, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылда, кентте тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді.

Бұл ретте аудан әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі қаржыландыру лимитін бөлген кезде ауылдық округтің құрамына кірмейтін даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттерді алып тастайды және оны ауылдық округтерге, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарға және кенттерге қайта бөледі;

3) ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері барлық ауылдарға, кенттерге және ауылдық округтерге есептелген қаражат көлемін жергілікті қоғамдастық жиынының шешіміне сәйкес бөледі.

2. Іріктеу рәсімі:

1) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында аудан әкімі, облыстық маңызы бар қала әкімі жеткізген қаражат көлемінің шеңберінде жобалар (іс-шаралар) айқындалады және жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен ресімделеді;

2) мақұлданған жобалар (іс-шаралар) бойынша ұсыныс (жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі) ауылдық округтің әкіміне, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың және кенттің әкімдеріне түседі;

3) ауылдық округтің әкімі, ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың және кенттің әкімдері мақұлданған жобалар (іс-шаралар) бойынша ұсыныстарды (жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін) аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігіне жібереді;

4) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі бағытты ескере отырып, ұсынылған іс-шаралардың тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген құжаттармен қоса, Бағдарламаның үйлестірушісіне жібереді;

5) Бағдарламаның үйлестірушісі іс-шаралар бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша қорытынды қалыптастырады;

6) Бағдарламаның үйлестірушісі іс-шараларға берілген қорытындылардың нәтижесін аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігіне жолдайды.

Өз кезегінде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі Бағдарлама үйлестірушісінің қорытындысын ауылдық округтердің, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдардың және кенттердің әкімдеріне жібереді.

Ауылдық округтердің, сондай-ақ ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдардың, кенттердің әкімдері жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында қолдау көрсетілген және қолдау көрсетілмеген іс-шаралар туралы ақпаратты жеткізеді.

3. Бағдарлама үйлестірушісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде бюджеттік жоспарлау саласындағы жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді ұсынады.

4. Бюджет қаражатын пайдаланудың мониторингі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану мониторингін жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
__________________

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16



Похожие:

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconБАҒдарламаның паспорты
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы