Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



НазваниеӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница15/16
Дата конвертации20.08.2014
Размер3.6 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
^

6. Авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй


Осы Бағдарламаның шеңберінде Астана қаласында авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру көзделген.
^ Астана қаласы бойынша пилоттық жобаның жалпы сипаттамасы

Аталған бағытты әзірлеу кезінде авариялық және тозған тұрғын үйді бұза отырып, әлеуметтік тұрғын үй салуға негізделген «ТОКІ» мемлекеттік кәсіпорнының қатысуымен қалалық ортаны жаңарту бағдарламасын іске асыру бойынша Анкара қаласының тәжірибесі қолданылды.

Астана қаласының қалыптасқан бөлігін реконструкциялаудың пилоттық жобасы мемлекеттік инвестицияларды қайтару және авариялық тұрғын үйді бұзу қағидаттары негізінде Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы тұрғын үй салуды ұйымдастыруды, қаланың «ескі кварталдарын» кешенді реконструкциялауды көздейді.

Астана қаласының қалыптасқан бөлігінде алаңы 588 мың шаршы метр 2978 үй немесе 11264 пәтер реконструкциялауды және бұзуды талап етеді, олар реконструкцияланатын 42 ауданға, 315,6 га аумаққа бөлінген. Оның:

1) 5-қабатты – 66 үй;

2) 4-қабатты – 13 үй;

3) 3-қабатты – 19 үй;

4) 2-қабатты – 174 үй;

5) 1-қабатты (барак) – 127 үй;

6) усадьбалық типтегі үйлер – 2579 үй.

Бұзылатын тұрғын үйдің орнына жобаланып жатқан тұрғын үй алаңы 3,1 млн. шаршы метрді құрайды.

Пилоттық жобаның шеңберінде жобаны қайта қаржыландыру және қарыз қаражатын бюджетке қайтару үшін жылжымайтын мүлік нарығында сату үшін жайлылығы 3-4-сыныптағы тұрғын үй және элиталық және бизнес сыныпты кеңсе үй-жайлары мен паркингтері бар коммерциялық тұрғын үй салу көзделіп отыр.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде анықталады.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрін сату құны 192 400 теңгеден төмен емес көзделетін болады, бұл ретте сату бағасы салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылық деңгейіне және сатылатын сәтте жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан конъюктурасына байланысты болады.

Астананың «ескі» орамдарын реконструкциялаудың ұсынылып отырған тетігі мемлекет тұрғын үй салу үшін бөлген қаражатты қайтаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, құрылыс индустриясын дамытуға қарқын, жалпы тұрғын үй құрылысын дамытуда күшті мультипликативтік әсер береді. Осының бәрі, нәтижесінде, халықтың қалың жігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

Осы шаралар тұрғын үйді қолжетімді жасауға мүмкіндік береді, қаланың сәулеттік келбетін жақсартады, астананың сол және оң жағалауы арасындағы айырмашылықты азайтуға мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаны іске асыру:

1) авариялық тұрғын үйді бұзу жөнінде іс-шараларды орындауды – 2017 жылдың соңына қарай алаңы 150,0 мың м2 228 авариялық үйді бұзу және 3519 отбасының Астана қаласында жайлы жағдайда тұруын қамтамасыз ету жоспарланып отыр;

2) коммерциялық тұрғын үйді сатудан қаражатты қайта қаржыландыру арқылы авариялық тұрғын үйді бұзу және тұрғын үй салу жөніндегі жергілікті атқарушы органнан авариялық үй құрылыстарының иелерін көшіру үшін бюджеттік ауыртпашылықты алуды;

3) жобаның коммерциялық бағыты есебінен 2021 жылдан бастап бюджетке 40,0 млрд. теңге сомасында қарызды қайтаруды;

4) кредиттік қаражатты қайтарғаннан кейін уәкілетті ұйымның мемлекеттік тұрғын үй қорын 10 % мемлекеттік қорға, 90 % сатуға деген арақатынаста толтыру үшін тұрғын үй құрылысын салуды жалғастыруды;

5) астананың дәрежесіне сәйкес келетін сәулеттің қазіргі заманғы келбетін жасай отырып, астананың «ескі» орамдарын кешенді қайта жаңартуды қамтамасыз етеді.
^ Астана қаласы бойынша пилоттық жобаны қаржыландыру көздері мен көлемдері

2013 – 2014 жылдары «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен Астана қаласының уәкілетті ұйымы үшін 40 млрд. теңге бөлінді.

Кейін жобаны басқа көздер есебінен – жеке инвестицияларды тарту, ЕДБ қарыздары, уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын толтыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен нысаналы трансферттер, коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатудан түскен кіріс және жобаны іске асыру барысында тиісті қызметтер көрсету есебінен қаржыландыру жоспарланып отыр.
^ Авариялық тұрғын үйді бұзу және азаматтарды көшіру тетігін іске асыру.

Астана қаласының әкімдігі:

1) Астана қаласының қалалық ортасын қайта жаңарту жобасын, авариялық тұрғын үйді бұзуды және тұрғын үй қорын салуды іске асыру үшін уәкілетті ұйымды құрады;

2) үй құрылыстарын комиссиямен тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша олардың табиғи тозуын көрсете отырып және тұрғын үйді авариялық деп тану үшін негіздерді белгілей отырып, техникалық тексерулердің актілері жасалады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай шеңберінде жер учаскелерін алып қояды және босатады;

4) қайта жаңарту аудандарын белгілейді, құрылысты жүзеге асыру үшін жер учаскелерін бөледі;

5) магистральдық инженерлік желілердің құрылысын қамтамасыз етеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолда бар және кейін уәкілетті ұйым коммуналдық тұрғын үй қорынан берген үлестер есебінен авариялық үй құрылыстарының иелерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

7) авариялық тұрғын үйлерде тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне реквизицияланатын мүліктің құнын өтеуді ұйымдастырады. Авариялық тұрғын үйде орналасқан тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі келіскен жағдайда реквизицияланатын мүлік үшін өтемақы Бағдарламаның осы бағыты бойынша салынып жатқан объектілердегі тұрғын емес үй-жайлардың алаңы бойынша барабар көлемде тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

2. Уәкілетті ұйым (Астана қаласы әкімдігінің 100 % қатысуымен):

1) тұрғын үйлерді жобалайды және салады;

2) салынған тұрғын үйдің бөлігін нарықта сатады;

3) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен табыстарды қайта инвестициялау арқылы одан кейінгі құрылысты ұйымдастырады.
7. ЖТҚ салу

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі негізгі үлесті (50 % – 60 % дейін) жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) алады.

ЖТҚ-ны ынталандыру үшін мыналарды көздеу қажет:

1) аз қабатты тұрғын үйлер салудың үлгі жобаларын тарату бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің қызметін ұйымдастыру. Осы жобалар азаматтарға тегін берілуі тиіс;

2) ЖТҚ-ға арналған алаңдар бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес алаптармен бөлінуге тиіс;

3) ЖТҚ-ға бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс;

4) облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің азаматтарға жер учаскелерін беруі.
^ 8. Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

Салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру мақсатында тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды, кварталішілік жолдар мен өтетін жерлерді, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы көшелерді, аулаішілік аумақтарды абаттандыруды қамтитын тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен (бұдан әрі – ИКИ) қамтамасыз ету қажет.

ИКИ-ді жобалау, дамыту және салу, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан ИКИ-ді сатып алу (аулаішілік аумақтарды абаттандырусыз) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Бұл ретте жеке құрылыс салушылар құрылыстың сметалық құны бойынша мемлекеттік сараптаманың тиісті оң қорытындысын алуға тиіс.
^ 9. Серіктес қалаларда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 260 қаулысымен «Алатау» АҚ құрылды (мемлекеттік тұлғаны тіркеу туралы 2011 жылғы 22 желтоқсандағы куәлік). «Алатау» АҚ Алматы облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, оның ішінде «G4 City» төрт серіктес қаланы және «Алтын сай» серіктес қаланы жобалау және салу мәселелері жөніндегі уәкілетті ұйым болып белгіленді.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу жобаларын қаржыландыру Алматы облысының уәкілетті ұйымы «Алатау» АҚ-ты капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады.

Қосшы ауылын серіктес қала ретінде дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, республикалық бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, салуға және жеке құрылыс салушылардан сатып алуға қаражат бөлінетін болады.
^ 10. Коммерциялық көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын қолдау

Бағдарлама аясында коммерциялық көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын қолдау облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мен Бағдарлама операторларының мердігерлік құрылыс ұйымдарымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі арқылы жүзеге асырыла алады.

Осы мақсатта Бағдарлама аясында тұрғын үй объектілерін жобалау кезінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мен Бағдарлама операторлары оның шартты түрде екі бөлікке бөлінуін алдын ала көздеуі қажет, олардың бірі Бағдарлама бағыттары шеңберінде салынатын қолжетімді тұрғын үйге жатса, екіншісі құрылысының қаржыландырылуы мен ары қарай іске асырылуын мердігерлік құрылыс ұйымдары өздіктерінен жүзеге асыратын коммерциялық тұрғын үйге жататын болады.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидатын жүзеге асыру кезінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері немесе Бағдарлама операторы тұрғын үйдің екі бөлігіне мемлекеттік сараптаманың қорытындыларын бөлек рәсімдейді, конкурс шарттарында коммерциялық бөлікті жобалауға және оларды пайдалануға бөлек енгізуге жұмсалатын шығындарды мердігерлік құрылыс ұйымдарының өтеуін көздейді.

Бұл ретте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері немесе Бағдарлама операторлары және мердігерлік құрылыс ұйымдары бекітілген және келісілген кестеге сәйкес құрылысты қаржыландыруды жүзеге асырады.

Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының аясында коммерциялық тұрғын үй құрылысын дамыту үшін мердігерлік құрылыс ұйымдарын жеңілдікті несиелеу мүмкіндігін көздеу қажет.

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16



Похожие:

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconБАҒдарламаның паспорты
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы