Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



НазваниеӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница14/16
Дата конвертации20.08.2014
Размер3.6 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

^ 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй

Мемлекеттік жалдамалы үйден пәтерлер облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.

Жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салу және сату тетігінің өзі мынадай:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жалға берілетін үйлерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға және салуға және/немесе сатуға бюджет қаражатын бөледі;

2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөледі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, жалға берілетін үйлерді жобалайды және салады және (немесе) жеке құрылыс салушылардан пәтерлерді (үйлерді) сатып алады, құрылыс жұмыстарының барысына және сапасына бақылау жасайды, салынған тұрғын үйлерді балансқа қабылдайды, жоғарыда көрсетілген санаттардағы азаматтарға пәтерлерді бөледі, жалдау ақысын өндіріп алады;

3) жалдау төлемі түріндегі қаражат бюджетке қайтарылады.

Жалға берілетін (коммуналдық) үйлер және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салған кезде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын тартуы мүмкін.

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы құнының өсуіне жол бермеу және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Қазақстанның барлық өңірлері үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып, тұрғын үйлердің үлгі жобалары әзірленді. Энергия үнемдеу шараларын қолдану жалға берілетін (коммуналдық) тұрған үйлерді күтіп-ұстауға арналған пайдалану шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді.
^ 3. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй
ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үйлер 2-кіші бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй;

2) жас отбасылары үшін тұрғын үй.
^ Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің тұрғын үй салу және оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сату тетігі мынадай:

1. Тұрғын үйді жобалау, салу және/немесе дайын тұрғын үйді жеке құрылыс салушылардан сатып алуды және оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатуды жүзеге асыру үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне:

- «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытын іске асыру бойынша республикалық бюджеттен кредиттер;

- «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» кіші бағытын іске асыру үшін нысаналы трансферттер беріледі.

Жоба әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы іске асырылған жағдайда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері кіші бағыттарға байланысты тиісінше тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін ӘКК-ге бюджеттік кредит немесе нысаналы трансферт бөледі.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мен ҚТҚЖБ-ның:

- «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және сату жөніндегі;

- «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу жөніндегі жобаның шеңберінде ынтымақтастық бойынша ниеттері туралы келісімге қол қоюы.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және ҚТҚЖБ әрбір құрылыс объектісі бойынша тұрғын үй салу және сату бойынша ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және ҚТҚЖБ тұрғын үйді сатып алу-сату, жалдау шарттарының үлгі нысандарын келіседі.

3. ҚТҚЖБ тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулдарын қалыптастырады және ІІ топтағы қатысушылар үшін пәтерлерді бөледі, ал Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері – І және ІІІ топтағы қатысушылар үшін қалыптастырады және бөледі.

4. Пулға қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуы мынадай бағыттар бойынша:

1) тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражат есебінен;

2) тұрғын үй қарыздары, жиналған тұрғын үй құрылыс жинақтары мен меншікті қаражат есебінен кейін сатып ала отырып, тұрғын үйді жалдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалдаудың ең ұзақ мерзімі тұрғын үй пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдан артық болмауға тиіс.

5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің тұрғын үй құрылысын және оны пайдалануға берілуін қамтамасыз етуі.

6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің тұрғын үй сатып алатын сатып алушылар пулына қатысушылармен пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасауы немесе тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзімі аяқталған соң тұрғын үйді сатып алуды көздеп отырған пулға қатысушылармен кейіннен сатып ала отырып жалдау шарттарын жасауы.

Тұрғын үй объектісін пайдалануға енгізгеннен кейін:

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ҚТҚЖБ ұсынған әрбір тұрғын үй объектісі бойынша пулға қатысушылардың тізімдерінің негізінде сатып алу-сату (немесе тұрғын үйді жалдау) шарттарын жасайды, Бағдарламаға қатысушының қаражаты есебінен тұрғын үйге меншік құқығын ресімдеу мен тіркеуді қамтамасыз етеді.

ҚТҚЖБ Бағдарламаға қатысушы қаражаты есебінен кепілдік шартын тіркеуді қамтамасыз етеді.

7. Бөлінген пәтерлерді сатып алу үшін ҚТҚЖБ-ның пулға қатысушыларға қарыздар беруі.

ҚТҚЖБ сатып алушылар пулына қатысушылардың қарыздары мен жинақтарының және меншікті қаражатының сомасын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне сатып алынатын пәтер төлеміне есебіне аударуды жүзеге асырады.

8. «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің бюджеттік кредитті өтеуі.

9. Құрылыс кезінде «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытының тұрғын үйлерін сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылардың өкілі ретінде ҚТҚЖБ тұрғын үйдің әрбір объектісі құрылысының барысын мониторингілеуді жүзеге асырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері салынған тұрғын үй объектісінің, пайдалануға қабылдауға қатысу үшін тұрғын үй объектісі пайдалануға беруге дайын екендігі туралы ҚТҚЖБ-ға жазбаша хабарлайды.
ҚТҚЖБ-ның «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша жалдаушылар мен сатып алушылар пулын қалыптастыру тәртібі.

ҚТҚЖБ 1-бөлімнің 8-тармағы 2) тармақшасының, 9, 10-тармақтарының және ішкі құжаттардың талаптарын ескере отырып, ІІ-топтағы Бағдарламаға қатысушылар қатарынан тұрғын үй сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдаушылардың пулдарын қалыптастырады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен жасалған келісімде көрсетілген құрылыстың аяқталған күніне дейін 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде пулдарды қалыптастырумен іс-шараларды жүзеге асырады.

ҚТҚЖБ бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы Бағдарламаның бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күн туралы хабарлама жариялайды.

Пулдарды қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар:

1) тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылардың пулдары Бағдарламаға қатысу үшін берген өтініштердің негізінде ҚТҚЖБ салымшыларының ішінен қалыптастырады;

2) пулдарды қалыптастырған кезде пулға қосудың басым құқығы төмендегі көрсеткіштер ескеріле отырып, ең жоғары балл жинаған ҚТҚЖБ салымшыларында болады: бағалау көрсеткішінің мәні (көлемі), тұрғын үй құрылыс жинағының ең төменгі қажетті көлемін жинақтау, тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзімі. Баллды есептеу өтініш берушілердің пулдарға қатысуға өтініштерін қабылдау аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күніндегі жағдай бойынша жасалады;

3) балл есептеліп болған соң Бағдарламаға қатысушының 1-бөлімнің 4-тармағының, 6-тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Бағдарламаға қатысушылар 1-бөлімнің 5-тармағына сәйкес құжаттарды, сондай-ақ ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарына сәйкес өзге құжаттарды ұсынады.

4) пулға қосу үшін басымдық қатысушылар арасында мынадай ретпен анықталады:

тұрғын үйді ҚТҚЖБ қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражаттар есебінен алатын сатып алушылар;

кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылар.

Осы тармақпен анықталған топтар ішінде пулдарға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу кезінде таңдау басымдығы пулдарды қалыптастыру кезінде жинаған балл санымен анықталады.

ҚТҚЖБ қарыздары, Бағдарламаға қатысушылардың меншікті қаражаты және жинақталған жинақтары сомаларының арақатынасы ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.
«Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер» кіші бағыты бойынша тұрғын үйді жалдаушыларды іріктеу тәртібі

Өтініш берушілерді іріктеуді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері балдық жүйе бойынша (балдың ең көп саны бойынша) жүргізеді:

1) тұңғыш бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл;

2) мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл;

3) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін – қосымша 5 балл;

4) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл.

Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу кезектілігі жиналған балл санымен анықталады. Үміткерлерде балл саны тең болған жағдайда, тізімге енгізу туралы шешімді тұрғын үй комиссиясы көпшілік дауыспен шешеді.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің тұрғын үйді тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы сатып алатын Бағдарламаға қатысушылармен жалдау шарттарын жасасу тәртібі

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері салған және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатылатын тұрғын үйді кейін сатып алу құқығымен жалға берудің ерекшелігі:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:

«Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер» кіші бағыты бойынша жүргізілген іріктеудің негізінде;

«Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша І және ІІ топтан жүргізілген іріктеудің негізінде жалдаушылардың тізімдерін қалыптастырады.

ҚТҚЖБ ІІ топ бойынша жалдаушылар тізімдерін Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне жолдайды;

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Бағдарламаға қатысушылармен жалдау шартын жасайды, оның ішінде төмендегілер көзделеді:

1) «Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер» кіші бағытының жалдаушылары үшін жалдау төлемін нөлдік мөлшерлеме бойынша 8 жылдан аспайтын кезеңге;

2) жалдаушылардың Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері белгілеген, бірақ 8 жылдан аспайтын кезеңге 1 ш.м. үшін 100 теңгеден артық емес жалдау төлемін төлеуді;

3) коммуналдық қызметтерді (электр қуаты, су, жылу) және өзге пайдалану шығыстары;

4) жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу үшін жалдау шартын жасаған күннен бастап 8 жылға дейін мерзім ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналар жинақтау міндеттемесі;

Салымға жарналарды жинақтау тәртібі тұрғын үй құрылыс жинақ туралы шартпен және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен анықталады;

5) ҚТҚЖБ-дан 3 ай ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналарды жинақтау бойынша төлемдердің болмауы туралы ақпарат түскен кезде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің жалдаушыны және оның отбасы мүшелерін жалға берілген тұрғын үйден шығару тәртібі.

Бұл жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жалға алушыны пәтерден шығарады.

Жалдаушы шарт міндеттерін орындамаған немесе ол ерікті түрде шыққан кезде ҚТҚЖБ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне оның жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін жалдаушы жинақтаған тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және/немесе кепілдік жарнадан өтемақы аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде жинақ жинақтаудың стандарт талаптарында есептелген салымға ай сайынғы жарна көлемінің бір еселік мөлшерінде есептеледі.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жалдаушыны тұрғын үйден шығару немесе оның шығуы туралы, оның ішінде өтемақыны Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне аудару үшін тұрған ай саны туралы ақпаратты ҚТҚЖБ-ға береді;

6) жалдамалы тұрғын үйде тұру тәртібі мен талаптары және өзге қажетті шарттар.

Жалдау шартының және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын орындамағаны үшін Бағдарламаға қатысушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару рәсімін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жүзеге асырады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жасалған тұрғын үйді жалдау шарттарының көшірмелерін Банкке береді.

3. ҚТҚЖБ-ның Бағдарлама қатысушыларымен кейін сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдау, жарналар жинақтау бойынша төлемдер жасалмаған жағдайда, жалға алушыдан тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау бойынша 6 еселік ай сайынғы жарна көлемінде кепілді жарна қабылдау талаптарын қамтитын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына қосымша келісімдер жасауы.

Бағдарламаға қатысушыда кепілдік жарнаның мөлшеріне тең немесе одан асатын мөлшерде жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары сомасы болған кезде кепілдік жарнаны төлеу талап етілмейді.

4. Жалға алушының пәтерге кіруі, жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартына сай тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтауды жүзеге асыруы.

5. Алдынғы жалдаушы шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе өз еркімен шықпауына байланысты кейінгі жалдаушыны іріктеу 1-бөлімде белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жаңа жалға алушы үшін тұрғын үй құнын алдыңғы жалға алушының нақты тұрғаны үшін алынған өтемақы мөлшеріне азайтады.

6. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау мерзімінің аяқталуына және жалдамалы тұрғын үйді сатып алу мақсатында тұрғын үй қарызын алу талаптарына қарай жалдамалы тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарын жасау үшін ҚТҚЖБ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне тізімдер жолдауы.

7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Бағдарламаға қатысушылармен сатып алу-сату шарттарын рәсімдеуі және қол қоюы, банктік қарыз және кепіл шарттарын рәсімдеу үшін оларды ҚТҚЖБ-ға беруі.

8. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес 15 жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй қарыздарын беру.

Сатып алынатын жалдамалы тұрғын үй Банкке кепілге беріледі.
^ Тұрғын үй қарыздарын алу үшін негізгі өлшемдер:

1) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының нормаларын, қарыздар алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарын және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарын орындау;

2) ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес қарызға қызмет көрсету үшін төлем қабілетін растау;

3) сатып алынатын тұрғын үйді немесе сатып алынатын жалдамалы тұрғын үйді ҚТҚЖБ ішкі талаптарына сәйкес кепілге беру.

Осы схема халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттырады.

Тетіктің басты артықшылығы мемлекеттің тұрғын үйдің сатып алуы қаржыландыру қажеттілігінің болмауы болып табылады. Тұрғын үйді сатып алу сатып алушылардың жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары, меншікті қаражат және ҚТҚЖБ беретін тұрғын үй қарыздары есебінен жүргізіледі. Азаматтардың барлық санаттары және жас отбасылар үшін ҚТҚЖБ салымшыларының тарифтік бағдарламасына байланысты тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақылар ставкалары жылына 4 % бастап 6,5 % дейін құрайды.

Жалға берілетін тұрғын үйде тұрып жатып 8 жылдан көп емес мерзім ішінде тұрғын үйді сатып алу үшін қаражат жинақтау мүмкіндігі жалдаушылар үшін күмәнсіз артықшылық болып табылады, мұнда тек коммуналдық төлемдерге, содан кейін 15 жылға дейін мерзімге тұрғын үй қарызын алу.
ҚТҚЖБ Жарғылық капиталының қаражатын пайдалану
ҚТҚЖБ Жарғылық капиталының қаражаты мынадай қайта бөлінеді:

1) 6,0 млрд. теңге – ЕДБ-да шартты депозиттер орналастыруға;

2) 26,0 млрд. теңге – 2008 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар үшін жылына 4 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруге;

3) 25 млрд. теңге – алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйлықақы ставкасын төмендетуге.
^ 4. «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі
Тұрғын үй салуды «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы («ҚИК» ИҰ» АҚ) жүзеге асырады – 2030 жылға дейін сату мерзімімен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу.
«ҚИК» ИҰ» АҚ сатып алу құқығымен (бұдан әрі – сатып алу құқығымен жалдау) жалға берілетін тұрғын үй салу және сату тетігі

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға мақсатты трансферттер бөледі;

2) 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін республикалық қаражат есебінен 65,786 млрд. теңге мөлшерінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ты капиталдандыруды жүзеге асырады;

3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа облигация шығару үшін 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін 56,504 млрд. теңге мөлшерінде мемлекеттік кепілдік береді.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:

1) «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың меншігіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы салынған және абаттандырылған, сондай-ақ қайтадан қолдану үшін жобалау-сметалық құжаттамасы бар жалға берілетін тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін береді;

2) жалға тұрғын үй берілуі мүмкін Бағдарламаға қатысушыларды іріктейді және олардың есебін жүргізеді.

3. «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тәуелді және еншілес ұйымдар құруы және олармен өзара іс-қимылы.

Бағдарламаның шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында «ҚИК» ИҰ» АҚ қолданыстағы құрылымдық бөлімшенің базасында төлемдерді автоматтандыру және жүйелендіру жөніндегі компанияны (бұдан әрі – еншілес ұйым) құрады, оған әлеуетті жалға алушылармен жұмыс, жалдау және коммуналдық (пайдалану) шарттарын жасау, жалдау, коммуналдық (пайдалану) төлемдерін және ипотека бойынша ағымдағы операцияларға қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді жүйелендіру, сондай-ақ ақша ағымдарының толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша функциялар берілетін болады.

Еншілес ұйым өз кезегінде қажетті тендерлерді ұйымдастыру және өткізу, құрылыстың барлық кезеңдерінде техникалық қадағалау, жалға берілетін тұрғын үйді қабылдау және іске қосу, ал олар аяқталғаннан кейін «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа тапсыруды қамтамасыз ету функциялары бар «Қазақстан Тұрғын үй-Құрылыс Корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – тәуелді ұйым) құрды.

Келешекте, «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың құрылымынан осы еншілес/тәуелді ұйымдарды, оны ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі шеңберінде шығару көзделіп отыр.

Бұл ретте «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың және оның еншілес/тәуелді ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынас жеке келісімдердің, оның ішінде мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарының негізінде қамтамасыз етіледі. Еншілес/тәуелді ұйымдар шеккен шығындардың жалпы сомасы Бағдарламада көзделген сомалардың шегінде жалға берілетін тұрғын үйдің өзіндік құнына жатқызылады.

«ҚИК» ИҰ» АҚ» және/немесе оның еншілес/тәуелді ұйымдары сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салған кезде:

1) жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге және оның мемлекеттік сараптамасын жүргізуге тендер өткізеді;

2) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымдарын (бұдан әрі – мердігер) анықтауға тендер өткізеді;

3) өткізілген тендерлердің қорытындылары бойынша жалға берілетін тұрғын үй салуға мердігерлермен тиісті шарттар жасайды;

4) мердігерлердің есебінен транш түрінде қаражат бөлу арқылы жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын қаржыландырады;

5) жалға берілетін тұрғын үй құрылысының барысын және кезеңдерін бақылайды;

6) Бағдарламаны іске асыру барысында пайда болатын өзге іс-шараларды жүзеге асырады.

Бағдарламаның шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін құрылысы аяқталмаған тұрғын үй құрылыс объектілері салынған және пайдалануға берілмеген тұрғын үй құрылыс объектілері салынған және пайдалануға берілген (дайын) тұрғын үйді (бұдан әрі – сатып алынатын объектілер) әрі қарай сатып алу құқығымен жалға беру үшін үшінші тұлғалардан ала алады (сатып ала алады). Сатып алынатын объектілер жайлылығы 3 және 4-сыныпқа сәйкес келуге тиіс.

ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оған тәуелді ұйым Бағдарламаны іске асыру мақсатында жеке инвесторлармен бірлесіп, Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін тұрғын үйдің құрылысына (құрылысы аяқталмаған құрылысты қоса қаржыландыруға) қатыса алады.

«ҚИК» ИҰ» АҚ және/немесе оның еншілес/тәуелді ұйымдары объектілерді жобалау кезінде жапсарлас салынған коммерциялық алаңдар мен қосымша қабаттарды көздей алады. Бұл ретте тұрғын бөлікке және коммерциялық алаңдарға мемлекеттік сараптаманың жеке қорытындыларын алады, конкурстың шарттарында коммерциялық алаңдар немесе қосымша қабаттар бөлігінде жобалауға арналған шығындарды мердігерлік ұйымның өтеуін, тұрғын және коммерциялық аудандарды пайдалануға жеке енгізуді көздейді. Коммерциялық алаңдар мен қосымша қабаттардың құрылысын қаржыландыруды мердігер/инвестор дербес жүргізеді.

4. Тұрғын үй құрылысының құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасына Мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысының негізінде анықталатын болады.

5. Құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс объектілерін пайдалануға беру және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6. «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдауды/беруді және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуді белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.

7. Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алаңы 35-тен 75 шаршы метрге болуға тиіс.
«ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үй сату тәртібі

1. Осы бағыт бойынша Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу тәртібі 1-бөлімге сәйкес жүзеге асырылады.

2. «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жалға берілетін тұрғын үйді бөлгеннен кейін және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Бағдарламаға қатысушылар – әлеуетті жалдаушылардың бекітілген тізімдерін ұсынғаннан кейін олармен сатып алу құқығы бар, оның ішінде ай сайынғы жалдау төлемдерінің қалған сомасына тең келетін қалдық құны бойынша 10 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін мерзімінен бұрын сатып алу құқығы бар жалдау шарттарын мемлекеттік тіркеуге байланысты тиісті іс-шараларды жүргізе отырып, жалдау шарттарын жасайды.

3. «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары:

1) ай сайынғы жалдау төлемдерін қабылдауды және оларға мониторингті жүзеге асырады;

2) жалдаушы жалға алу шарты бойынша өз міндеттемелерін орындаған жағдайда жалға берілетін тұрғын үйді оның меншігіне береді.

4. Бағдарламаға қатысушылар:

1) төлем қабілетін растағаннан кейін әлеуетті жалдаушылардың тізіміне енгізу кезінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-мен және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдарымен сатып алу құқығы бар тұрғын үйді жалдау шарттарын жасайды;

2) 6 айлық жалдау төлемінің мөлшеріне тең келетін бастапқы кепілдік жарнаны енгізуді қамтамасыз етеді;

3) «ҚИНКҚ» АҚ-ты немесе сақтандыру ұйымдарын тарта отырып, жалдау сомасын төлемеу тәуекелін сақтандыруды қамтамасыз етеді.

5. Сатып алу құқығымен жалдау мынадай негізгі шарттарды көздейді:

1) сатып алу құқығы бар жалдау шартының мерзімі 15 жылды құрайды. Кіріс жеткіліксіз болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жасы жиырма тоғызға толмаған, кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар үшін сатып алу құқығы бар жалдау шартының мерзімі 15 жылдан 30 жылға дейін болуы мүмкін;

2) қоныстанған кезде ең аз бастапқы жарна 6 айлық жалдау төлемінің мөлшерінде;

3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдарының келісімімен сатып алу құқығы бар жалға алу құқығын үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі;

4) ағымдағы қаржылық жағдайға байланысты үлкен/шағын алаңы бар жалға берілетін тұрғын үйге қоныстану мүмкіндігі;

5) ай сайынғы жалдау төлемдерінің қалған сомасына тең келетін қалдық құны бойынша 10 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін жалға берілген тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;

6) кірісі жеткілікті болмаған жағдайда қосымша жалдаушыларды тарту мүмкіндігі.

Сатып алу құқығымен жалдау шартын қолдану кезеңінде жалға берілетін тұрғын үй бойынша коммуналдық және пайдалану қызметтерді төлеу белгіленген тарифтер бойынша жалдаушылар жүргізеді.

6. Жалға берілетін тұрғын үйдің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін сату бағасы мынаны құрайтын болады:

1) Астана қаласында жайлылығы 4-сыныпты – 140 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Алматы қаласында – 150 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде), Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында – 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде), қалған өңірлерде – 130 мың теңге (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) болады;

2) Астана қаласында жайлылығы 3-сыныпты – 150 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Алматы қаласында – 155 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде), Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында – 130 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде), қалған өңірлерде – 135 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) болады;

3) Алматы қаласының шекарасына іргелес Алматы облысының аумағында қала құрылысын ерекше реттеу аймағында таза әрленген тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін баға Алматы қаласы бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдің бағасы сияқты көзделеді. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағы «Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары туралы (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысымен айқындалған.

Жоғары сейсмикалық аудандар үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу құнына:

1) 10 балл – 1,27;

2) 9 балл – 1,22;

3) 8 балл – 1,16;

4) 7 балл – 1,1 түзету коэффициенттері рұқсат етіледі.

Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» Қазақстан Республикасының ҚНжЕ-сіне 2.03-30-2006 сәйкес анықталады.

Жалға берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы метрін сату құны 2016 жылдан бастап жылдар бойынша инфляция коэффициентіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
«ҚИК» ИҰ» АҚ-ты капиталдандыру тетігі

1. «ҚИК» ИҰ» АҚ инвесторлардың шектелмеген тобының арасындағы сыртқы және ішкі қор нарығында қамтамасыз етілген облигацияларды, оның ішінде мемлекеттік кепілдігі бар, секьюритилендірілген облигацияларды орналастыру арқылы жеке инвестицияларды, халықаралық қаржы институттарының қарыздарын және исламдық қаржыландыру құралдарын тартады. 2015 – 2030 жылдар аралығында жалпы сомасы 1 080,456 млрд. теңге, оның ішінде: 2015 – 2020 жылдары – 318,452 млрд. теңге және 2021–2030 жылдары – 762,004 млрд. теңге болатын жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың
2021 – 2030 жылдарға арналған сатып алу құқығы бар әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының тетігін әрі қарай іске асыру үшін іс-шаралар қабылдайды, олар:

1) 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін республикалық бюджеттің есебінен 167,160 млрд. теңге мөлшерінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ты капиталдандыруға;

2) 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін облигация шығару үшін
87,655 млрд. теңге көлемінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға мемлекеттік кепілдік беруге байланысты.

3. «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың жарғылық капиталын толтыру және жеке инвестицияларды тарту арқылы 2013 – 2030 жылдары Бағдарламаның аталған тетігіне қаржылық құйылымдардың жалпы сомасы 994,950 млрд. теңгені, оның ішінде 2013 – 2020 жылдары – 65,786 млрд. теңгені, 2021 – 2030 жылдары – 929, 164 млрд. теңгені құрайды.
^ 5. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үйі

Осы бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-тың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты пайдаланылатын болады.

Тұрғын үй объектілерін салу тетіктері:

1. Жеке құрылыс салушылардың (инвесторлардың) инвестициялық өтінімдері бойынша құрылысты ұйымдастыру.

Жылжымайтын мүлік қоры ішкі рәсімдерге сәйкес жеке құрылыс салушылар (инвесторлар) ұсынған тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларды (бұдан әрі – жобалар) іріктейді және қарайды.

Жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) ауыртпалықтан бос, жергілікті атқарушы органдардың инфрақұрылымды дамыту жоспарларына сәйкес тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскесінің болуы;

2) мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

3) тұрғын үйдің жайлылық сыныбы – «Тұрғын үй ғимараттары» Қазақстан Республикасының ҚНжЕ 3.02-43-2007 бойынша 3-сыныптан жоғары емес. Жылжымайтын мүлік қорының бір пәтерінің жалпы ауданы 120 шаршы метрден және бір пәтерлі аз қабатты үйдің (коттедждің) жалпы ауданы 200 шаршы метрден аспауға, Қазақстан Республикасының ҚНжЕ талаптарына сәйкес коммерциялық үй-жайлар және машина орындары болуға тиіс. Тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың базалық құны 2012 жылғы бағада Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары мен қала маңы аймақтарында 150 000 теңгеден, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде – 120 000 теңгеден аспауы тиіс. Одан арғы жылдары тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құны құрылыстағы баға индексінің өзгеруі ескеріле отырып, түзетілетін болады;

4) құрылыс салушының (инвестордың) жобаға қатысу үлесі жер учаскесін (кадастрлық құны бойынша) сатып алуға, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге жұмсалған шығындарды және/немесе объектінің құрылысы аяқталғанға дейінгі мерзімге берілген тиісті кепілдіктермен не қаржыландырудың расталған көздерімен қамтамасыз етілген ақшалай қаражатты және/немесе жобаны Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен іске асыру басталған сәтке дейін объектіде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі бойынша жасалған техникалық аудит қорытындысымен расталған аяқталмаған құрылысты қоса алғанда, жоба құнының 20 %-ынан кем болмауға тиіс.

Іріктеу кезінде құрылыс салушының (инвестордың) қаржыландырудағы үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің жер учаскелерінде Жылжымайтын мүлік қорының жобаларды іске асыруы.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Жылжымайтын мүлік қорына тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскелерін берген жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры жобаларды іске асыруға қатысу үшін құрылыс компанияларын (инвесторларды) тарта отырып, осы бөлімнің 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй салуды ұйымдастырады. Бұл ретте, Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс компанияларын инвесторлар және/немесе жоба бойынша бас мердігерлер ретінде тартуы мүмкін.

3. Жобаларды нысаналы депозит арқылы іске асыру.

Құрылысты қаржыландыру үшін Жылжымайтын мүлік қоры нысаналы жедел банк салымдары туралы шарттар жасау арқылы екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттер орналастырады, осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктер нысаналы салымның қаражаты есебінен тұрғын үй объектілерін салу үшін құрылыс салушыларға кредит беруді жүзеге асырады.

Нысаналы депозиттің сомасын өтеу есебінен Жылжымайтын мүлік қорының меншігіне берілетін тұрғын үй осы бөлімнің 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Жылжымайтын мүлік қорының екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттер орналастыру шарттары мен тәртібі Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттамасына сәйкес регламенттеледі.

3-1. Жылжымайтын мүлік қорының салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінен осы бөлімнің 1-тармағы 1-3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуды жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін қажетті сыртқы инженерлік желілермен және сыртқы көше-жол инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді.

5. Құрылыс аяқталып, объектілер пайдалануға берілгеннен кейін үй-жайлар жобаға қатысу үлесіне сәйкес бөлінеді.

Сонымен бірге, құрылыс салушыға (инвесторға) Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландырған коммерциялық үй-жайлар мен машина орындарын еркін бағамен, бірақ жалпы алаңның 50 % аспайтындай етіп өткізу құқығы берілуі мүмкін, бұл ретте Жылжымайтын мүлік қорына үй-жайдың құны және тиісті шарт жасалған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың қолданыстағы ставкасымен кем болмайтын мөлшерде сыйақы төленеді.

Жылжымайтын мүлік қоры салынған инвестицияның сақталуы мен қайтарымдылығы қағидаттарын басшылыққа ала отырып, объекті құрылысының барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.

6. Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерді және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды сатуы жалға беру, сатып алу құқығымен жалға беру және тікелей сату арқылы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы сату:

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісімге қол қою;

Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттарына сәйкес сату бойынша сипаттамалары (саны мен алаңы, әр ай сайын жалдау төлемдерінің мөлшерлері немесе сату бағасы, сондай-ақ пәтерлердің әрбір түрі бойынша сату тәсілі) туралы ақпараты бар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы сату анықталған тұрғын үй-жайлар тізімдерін құрылыс аяқталатын күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне жолдау;

тиісті қаржы институттарына Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларымен анықталатын жалдау төлемдерінің ең жоғары сомасын есептеу әдістемесін жолдау;

1-бөлімде көзделген мерзімдер мен тәртіпте Бағдарламаның іріктелген үміткерлердің бекітілген тізімдерін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінен алу;

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ұсынған тізімдердегі реттік нөмірімен анықталған кезекке сәйкес үміткерлерге пәтер таңдау мүмкіндігін, оның ішінде аффилирленген компаниялардың ұсынуы, оларға тұрғын үйлерді бекіту және олардың шарттары Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларымен анықталатын сатып алу құқығымен жалдау немесе сатып алу-сату шарттарын жасау.

2) Жылжымайтын мүлік қоры (аффилирленген компания) тұрғын үй-жайларды бөлуде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері пулынан жеке тұлғаға:

ай сайынғы жалдау төлемдері үшін төлем қабілеті жетіспеген;

сатып алу құқығымен жалдау шартын жасаған кезде кепілді жарнаның қажетті сомасын немесе сатып алу-сату шартын жасау үшін қажетті қаражат сомасын төлемеген;

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері тізімі бекітілген күннен бастап 40 (қырық күн) күнтізбелік күн мерзімде талап етілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда бас тартуға құқылы.

Жылжымайтын мүлік қоры облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне сатып алу-сату немесе кейін сатып алу құқығымен жалдау шарттарын жасаудан бас тартылған адамдар туралы тиісті ақпаратты жолдайды.

3) Жылжымайтын мүлік қорының облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы сатуға белгіленбеген тұрғын үйі, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес бөлінбеген және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайлары Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларына сәйкес сатуға жатады.

Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тұрғын үйі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж адамдарға басым құқық беру қағидаты сақтала отырып, жүргізіледі.

Жылжымайтын мүлік қоры (Жылжымайтын мүлік қорының аффилиирленген компаниясы) мен жалдаушының арасында сатып алу құқығымен жалдау шарты жасалады. Бұл ретте сатып алу құқығымен жалдау шартында жалдаушының жеке меншігіне үй-жайды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы көзделуі мүмкін.

Жеке тұлғалар өздерінің тұрғын үйді сатып алу, оның ішінде сатып алу құқығымен жалдау шартындағы құқығын бір реттен асырмай қолдана алады.

Жылжымайтын мүлік қорының сатып алу құқығымен тұрғын үй-жайларды өткізуі 15 жылға дейін жүзеге асырылады. Жалдау ақысының мөлшері құрылысты қаржыландыруға бөлінген қаражаттың қайтарылу және Жылжымайтын мүлік қорының қаржылық тұрақтылық қағидаттары негізге алына отырып, анықталады. Пәтердің (үй-жайдың) жалпы алаңының 1 шаршы метрін тікелей сатудың базалық құны Жылжымайтын мүлік қоры өткізетін алғашқы жылы Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және қала маңы аймақтарында 180 мың теңгеден аспайды, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде 144 мың теңгеден аспайды. Одан кейінгі жылдары тікелей сатудың құны тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құнының өзгеруі ескеріле отырып, нақтыланатын болады.

Жалдаушы сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдау шарты бойынша өзінің міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй-жайды жалдаушының жеке меншігіне беретін болады.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16



Похожие:

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconБАҒдарламаның паспорты
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы