Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды icon

Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды



НазваниеҚазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
страница1/4
Дата конвертации13.12.2012
Размер0.51 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4

Источник: справочная правовая система ЮРИСТ, 21.07.2006 17:55:23


Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды

жүргiзуге арналған модельдiк келiсiм-шартты бекiту туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 31 шілдедегі N 1015 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. N 702; 09.08.02 ж. N 889

қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)


Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келiсiм-шарт (бұдан әрi - Модельдiк келiсiм-шарт) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Yкiметінің жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм-шарттарды жасасу және орындау жөнiндегі құзыреттi органы келiсiм-шарттарды дайындау және жасасу кезiнде Модельдiк келiсiм-шарттың ережелерiн басшылыққа алсын. Бұрын берiлген лицензиялар негiзiнде келiсiм-шарттар жасасарда тиiстi лицензиялардың шарттары сақталсын.

3. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған модельдiк контрактiнi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 3, 27-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

^ 2001 жылғы 31 шілдедегі

N 1015 қаулысымен

бекітілген

Модельдік

келісім-шарт

_________________________________________________________________________

                    мемлекеттік органның атауы,

                        (Құзыреттi орган)

                              және

_________________________________________________________________________

азаматтың аты-жөнi, заңды тұлғаның, мемлекеттiк және/немесе халықаралық

                           ұйымның атауы

                            (Мердiгер)

                             арасында

_________________________________________________________________________

     Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операциялардың түрi көрсетілсін

жүргiзуге арналған ______________________________________________________

                   әкімшілік-аумақтық бiрлiктің атауы, кен орны, учаскесi

                                     (блогы) көрсетілсiн

Қазақстан Республикасының _______________________________________________

                                Кен орнында, учаскесінде (блогында),

_________________________________________________________________________

     Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі көрсетілсін

арналған осы Келiсiм-шарт 200__ жылғы "__"_______________________________

                                             мемлекеттік органның атауы

(бұдан әрi - Құзыреттi орган) мен _______________________________________

                                 азаматтың аты-жөні, заңды тұлғаның атауы

(бұдан әрi - "Мердiгер") арасында _______________________________________

                           жер қойнауын пайдалану құқығын растайтын құжат

сәйкес жасалды.

Мазмұндама

Кіріспе

1-бөлiм. Анықтамалар

2-бөлiм. Келісім-шарттың мақсаты

3-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі

4-бөлім. Келісім-шарттық аумақ

5-бөлiм. Мүлік пен ақпаратқа арналған жеке меншік құқығы

6-бөлiм. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және

          иеліктен айыруға арналған құқығы

7-бөлiм.  Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

8-бөлiм. Жұмыс бағдарламасы

9-бөлiм. Барлау кезеңі

10-бөлiм. Коммерциялық табу

11-бөлiм. Өндіру кезеңі

12-бөлiм. Есепке алу және есеп беру

13-бөлiм. ________________________ Өлшеу

          Пайдалы қазбаның түрі

14-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау

15-бөлiм. Қаржыландыру

16-бөлiм. Салық салу

17-бөлiм. Бухгалтерлік есеп

18-бөлiм. Сақтандыру

19-бөлiм. Тарату және тарату қоры

20-бөлiм. Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау

21-бөлім. Тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі

22-бөлiм. Мердігердің келісім-шарттың

          Шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

23-бөлiм. Кездейсоқ оқиға

24-бөлiм. Құпиялылық

25-бөлiм. Құқықтар мен міндеттерді тапсыру

26-бөлім. Қолданылатын құқық

27-бөлiм. Дауларды шешу тәртібі

28-бөлiм. Келiсiм-шарт тұрақтылығының кепiлдiктерi

29-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату

          және тоқтата тұру шарттары

30-бөлiм. Келісім-шарт тілі

31-бөлiм. Қосымша ережелер

Кіріспе

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншiгi болып табылатындығын;

     2) Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларды, ұтымды әрi тиiмдi

пайдалануға, оның ішiнде _____________________________________________

                                Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

__________________________________ жүзеге асыруға ниет бiлдiретiндiгiн;

  операцияның түрі көрсетілсін

     3) Мердiгердiң Келiсiм-шартқа сәйкес ______________________________

                                         Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

__________________________________ ұтымды әрi тиiмдi жүргiзуге ниетi және

  операцияның түрі көрсетілсін

қаржылық мүмкiндiгi бар екендiгiн;

4) Қазақстан Республикасының Yкiметi Құзыреттi органға Келiсiм-шарт жасасуға және орындауға арналған құқық үлесiн бергендiгiн;

     5. Құзыреттi орган мен Мердiгер ___________________________________

                                       Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

___________________________________ жүргiзу кезiнде осы Келiсiм-шарт

   операцияның түрі көрсетілсін

олардың өзара құқықтары мен мiндеттерiн реттейдi деп уағдаласқандықтарын

назарға ала отырып,

Құзыреттi орган мен Мердiгер төмендегiлер туралы келiстi:

^ 1-бөлiм. Анықтамалар

Осы бөлiмде түсiнiк берiлмеген анықтамалар мен терминдердің Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығындағы (бұдан әрi - "Жер қойнауы туралы" Жарлық) және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен техногендiк минералдық құрылымдар туралы заңнамалық кесiмдердегi анықтамалар мен терминдер сәйкес келетiн мағынасы бар.

1. Жағалаулық сызық - су қоймасының ең көп құйылысы (толтырылған су) нәтижесiнде пайда болған жағалаулық сызықты бiлдiредi. Жағалаулық сызықтың нақты орналасу жерiн белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

     2. Өтелетiн шығындар - Келiсiм-шарттың ережелерiне және Мемлекеттiң

заңнамасына сәйкес белгіленген _________________________________________

                                   Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

___________________________________________ жүргізуге арналған Қазақстан

операцияның түрі көрсетілсін Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұстап қалуға жататын шығындарды білдіреді.

3. Мемлекет (Республика) - Қазақстан Республикасын білдіреді.

4. Келiсiм-шарттың қолданылу жылы - григориан күнтiзбесi бойынша тiзбектеле келетiн 12 айға тең кезеңдi бiлдiредi, Келiсiм-шарт мәтiнiнiң контекстiнде ол Келiсiм-шарттың күшiне енген күнiнен немесе осы енудiң кез келген жылынан басталады.

5. Тау-кендiк бөлiсiм - Өндiруге арналған Келiсiм-шартқа, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған, Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес Құрылысқа және (немесе) жерасты құрылыстарын пайдалануға арналған Келiсiм-шартқа, Жер қойнауын пайдаланушының Барлау және (немесе) Өндiрумен не Сервитутты жүзеге асырумен байланысты емес Өндiрудi, Жерасты құрылыстарын жүргiзуге құқылы Жер қойнауының участогын сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Сервитут ресiмделген жағдайда Келiсiм-шарттың ажыратылмас бөлiгi не дербес құжат болып табылатын коммерциялық мақсатта жалпы тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге арналған Келiсiм-шартқа қосымшаны бiлдiредi.

6. Мемлекеттiк орган - Мемлекет атынан белгiлi бiр функцияны жүзеге асыруға құзырет берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органын бiлдiредi.

7. Геологиялық бөлiсiм - Жер қойнауын пайдаланушы Барлау жүргiзуге құқылы Жер қойнауының учаскесiн сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Келiсiм-шарттың ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Барлауға, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған Келiсiм-шартқа қосымшаны бiлдiредi.

8. Келiсiм-шарттың күшiне ену күнi - Келiсiм-шарттың 3.1-тармағында көрсетiлген күндi бiлдiреді.

9. Өндiру - барлық технологиялық операцияларды және Минералдық шикiзаттарды уақытша сақтауды қоса алғанда, мемлекет меншiгiндегi Жер қойнауынан пайдалы қазбаларды, сондай-ақ Техногендiк минералдық түзiлiстердi жер бетiне шығарумен байланысты жұмыстардың барлық кешенiн (операцияларды) бiлдiредi.

10. Кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз қажеттерi үшiн өндiру - жалпы кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейін мәмiлелер жасау ниетiнсiз меншiкке не тұрақты немесе уақытша жер қойнауын пайдалану құқығына жататын жер учаскесiнде жүзеге асырылатын Өндiрудi бiлдiредi.

11. Кеңiнен тараған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта Өндiру өз қажеттерi үшiн кең тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге жатпайтын кең тараған пайдалы қазбаларды кез келген өндiрудi бiлдiредi.

12. Теңiздiң ластануы - теңiздiк ортаға материалдардың, заттардың, энергияның, шуылдың, дiрiлдердiң қосылуын, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, теңiздiң тiрi ресурстары мен экологиялық жүйесiне зиян келтiретiн не келтiруге қабiлеттi не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергi туғызатын немесе зиян келтiруге қабiлеттi түрлi тұрпаттағы сәулеленулер мен өрiстердiң пайда болуын бiлдiредi.

13. Жер қойнауын пайдалану туралы заңнама - Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлығын, оған өзгерiстер мен толықтыруларды және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен Техногендiк минералдық түзiлiстер туралы басқа да заңнамалық кесiмдердi бiлдiредi.

14. Коммерциялық табылым - Келiсiм-шарттық аумақта Өндiру үшiн экономикалық жағынан жарамды бiр немесе бiрнеше Кен орнының табылуын бiлдiредi.

     15. Құзыреттi орган - Келiсiм-шарт  жасасумен  және  оны  орындаумен

тiкелей байланысты құқықтар табысталған _________________________________

атқарушы      мемлекеттiк      __________________________________________

бiлдiредi.

органның атауы көрсетілсін

     16.  Келiсiм-шарт  -  Құзыреттi  орган  мен  Мердiгер       арасында

_________________________________________________________________________

Кен             орнында,             Учаскесiнде              (блоктарда)

_________________________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі  көрсетілсін  жүргiзуге

арналған  осы  Келiсiм-шартты,  сондай-ақ  осы  Келiсiм-шартқа     барлық

қосымшаларын бiлдiредi.

17. Келiсiм-шарттық аумақ - Жер қойнауын пайдаланушы Келiсiм-шартқа сәйкес келетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге құқылы Геологиялық не Тау-кендiк бөлiсiммен белгiленген аумақ.

     18. Кен орны - _________________________________ табиғи шоғырланудан

Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін тұратын  ______________________________

кен орнын бiлдiредi.

(егер ол ашылған болса)

19. Минералдық шикiзат - құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар Жер қойнауының жер үстiне шығарылған (тау жынысы, кендік шикізат және басқалар) бөлігі.

ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. N 889 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді

20. Салық заңнамасы - Салық кодексi және қабылдануы Салық кодексiнде көзделген басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдер.

ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. N 889 қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды

20-1. Салық кодексi - Келiсiм-шартқа қол қою (жасасу) күнiне қолданыстағы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық кодексi).

21. Жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болған кезде жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық дамуды ескере отырып, Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке дейiн созылған жер қыртысының бөлiгiн бiлдiредi.

     22. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар - _________________

Жер    қойнауын    ______________________________________________________

жүргiзуге арналған

     пайдалану  жөніндегі  операцияның  түрі  көрсетілсін  Келiсiм-шартқа

сәйкес Келiсiм-шарттық аумақта ___________________________

     Жер   қойнауын   пайдалану   _______________________________________

жатқызылған барлық  жұмыстарды  жөніндегі  операцияның  түрі  көрсетілсін

бiлдiредi.

     23.   Мердiгер   -   Құзыреттi   органмен   Келiсiм-шарт    жасасқан

_________________________________________________________________________

жеке    тұлғаның    аты-жөні,    заңды    тұлғаның,    оның        ішінде

_________________________________________________________________________

шетелдiк заңды тұлғаның, сондай-ақ шет  мемлекеттiк  халықаралық  ұйымның

атауы. Жер қойнауын пайдаланушыны бiлдiредi.

24. Үкiмет - Қазақстан Республикасының Yкiметiн бiлдiредi.

25. Пайдалы қазбалар - материалдық өндiрiсте пайдалануға жарамды жер қойнауындағы қатты, сұйық немесе газ күйiндегi (оның ішiнде жерасты сулары мен емдiк балшықтар) минералдық заттарды бiлдiредi.

26. Ілеспе пайдалы қазбалар - негiзгi Пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлетiн Пайдалы қазбаның құрамдас бөлiктерiн бiлдiредi.

27. Кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi - Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде әдетте Мердiгердiң әлем елдерiнде Барлау және Өндiру кезiнде қолданатын ең оңтайлы, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi тәжiрибесiн бiлдiредi.

28. Техногендiк минералдық түзiлiстер - тау-кен байыту, металлургиялық және өндiрiстiң басқа да түрлерiнiң құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар өнеркәсiп қалдықтары (қоқыстар, үйiндiлер, қалдықтар және басқалар).

29. Жұмыс бағдарламасы - Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу, Барлау және Өндiру жөніндегi жоспарларды қоса алғанда, Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн дайындалған жоспарлардың барлық түрiн бiлдiредi.

30. Барлау - Пайдалы қазбалардың Кен орындарын iздестiрумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстарды (операцияны) бiлдiредi.

31. Тараптар - олар жиынтықта айқындалған Құзыреттi орган мен Мердiгердi бiлдiредi.

32. Қосалқы мердiгер - Мердiгердiң Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелерiнiң қандай да бiр бөлiгiн орындау туралы Мердiгермен шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi.

33. Yшiншi жақ - Келiсiм-шарт бойынша Тараптарды қоспағанда кез-келген заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi.

34. Бекiтiлген қорлар - Пайдалы қазбалардың мемлекеттiк сараптамамен бағаланған геологиялық және алынатын қорларын бiлдiредi.

35. Жер қойнауының учаскесi (блок) - жер қойнауын пайдалануға беру үшiн тұйықталған шекарада бөлiнетiн Жер қойнауының геометрияланған бөлiгiн бiлдiредi.

ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. N 702 қаулысымен модельдік келісім-шарттың 2-бөлiмі толықтырылды

2-бөлiм. Келісім-шарттың мақсаты

2.1. Келiсiм-шарттың мақсаты Келiсiм-шарт күшiне енген күнi мемлекеттiң қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес Құзыреттi орган мен Мердiгер арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастарды белгiлеу және заңдық ресiмдеу болып табылады.

2.2. Қазақстан Республикасының Yкiметi Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша мемлекеттiң мүддесiн бiлдiретiн өкiлеттi органды белгiлей алады.

3-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі

3.1. Келiсiм-шарт Құзыреттi органда (уәкiлеттендiрiлген мемлекеттiк орган) Келiсiм-шарттың тiркелгенi туралы сертификатты мiндеттi берумен оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзген сәттен бастап, егер күшiне енудiң өзге де неғұрлым кеш мерзiмдерi Келiсiм-шартта ескерiлмесе, күшiне енедi.

     3.2. Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi _____________________________

                                            егер Тараптар Келісім-шартта

__________________________________________________ Келiсiм-шарт күшінің

неғұрлым ерте мерзімді ескермесе соңғы күні аяқталады.

3.3. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі тараптардың келісуі бойынша Мемлекет заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкін.

3.4. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде Келісім-шарттың ережелері Тараптардың жазбаша келісімімен өзгертілуі қажет.

4-бөлім. Келісім-шарттық аумақ

     4.1. Мердігер ____________________________________________________

                        Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның

                                      түрі көрсетілсін

Келiсiм-шарттың ережелерiне сәйкес Келiсiм-шарттық аумақ шегiнде орындайды.

     4.2. Егер ________________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргiзу кезiнде Кен орны шоғырының географиялық шекаралары Геологиялық немесе Тау-кен бөлiсiмiнде көрсетiлген Келiсiм-шарт аумағынан тысқары шығып жатса, онда оны кеңейту туралы мәселе Келiсiм-шарттың ережелерiн конкурс өткiзбей өзгерту жолымен шешiледi.

     4.3. ____________________________________________________________

                 (Барлауға немесе Барлау мен Өндiруге арналған

_____________________________________ Келiсiм-шарттық аумақты қайтару,

      Келісім-шарттар үшiн)

Коммерциялық ашу жасалған аумақты қоспағанда, мынадай график бойынша

жүзеге асырылады:

Келiсiм-шарттың қолданылуының екiншi жылының соңына             %

Келiсiм-шарттың қолданылуының үшiншi жылының соңына             %

Келiсiм-шарттың қолданылуының төртiншi жылының соңына           %

Келiсiм-шарттың қолданылуының бесiншi жылының соңына            %

Келiсiм-шарттың қолданылуының алтыншы жылының соңына            %

^ 5-бөлiм. Мүлік пен ақпаратқа арналған жеке меншік құқығы

     5.1. ____________________________________________________________

         Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін

_________________________________________________________________________

                   Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін

жүргiзу үшiн Мердiгердiң сатып алған барлық материалдық және материалдық

емес активтер Мердiгердiң меншiгi болып табылады.

     5.2. Келiсiм-шарттың 5.1-тармағында көрсетiлген мүлiкке меншiк

құқығы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес __________________________________

                                       Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

_______________________________________ қаржыландыруды қамтамасыз ету

     операцияның түрі көрсетілсін

үшiн Үшiншi тұлғаның пайдасына берiлуi немесе басқа тәсiлмен ауыртпалануы

мүмкін.

5.3. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, Кен орындарының геологиялық өлшемдерi, қорлардың шамасы, әзiрлеу шарттары, сондай-ақ Жер қойнауының өзге де ерекшелiктерi туралы геологиялық есептерде, карталарда және өзге де материалдарда бар ақпарат, егер ол бюджеттiк қаражат бөлу есебiнен алынса және егер ол Мердiгердiң өз қаражатының есебiнен алынса, Мердiгердiң меншiгiнде болады.

5.4. Мемлекет меншiгiндегi Келiсiм-шарттық аймақ бойынша Жер қойнауы туралы ақпаратты Мердiгер Мемлекеттің заңнамасында белгiленген тәртiппен

_________________________________________________________________________

          Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде уәкiлеттiлiк

___________________________ алады.

  берілген органның атауы

     5.5. Мердiгер ______________________________________________________

                              Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

_________________________________________ жүргiзу процесiнде алынған

       операцияның түрi көрсетiлсiн

Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты мiндеттi түрде

белгіленген стандарт бойынша ____________________________________________

                              Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде

__________________________________________ сақтау, жүйелеу және

    уәкілеттік берілген органның атауы

қорытындылау үшiн тегін табыс етедi.

     5.6. Мердiгердiң қаражаты есебiнен алынған және оларға

Келiсiм-шарттың 5.5-тармағына сәйкес табыс етiлген Жер қойнауы туралы

геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарға

пайдалану Мердiгер мен __________________________________________________

                           Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде

______________________________________________ арасында жасалатын бөлек

    уәкілеттік берілген органның атауы

келiсiмнiң негiзiнде айқындалады.

     5.7. Келiсiм-шарт күшiн тоқтатқан кезде барлық геологиялық ақпарат

Мемлекет меншiгiне көшедi. Мердiгер барлық құжаттар мен бастапқысын қоса

алғанда өзге де геологиялық, материалдық ақпарат көздерін ________________

                                                           Жер қойнауын

__________________________________________________________________________

    пайдалану және қорғау жөнінде уәкілеттік білдірген органның атауы

тегін беруге міндетті.

  1   2   3   4



Похожие:

Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды iconЖер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы
Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"...
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
Мет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 42, 44-баптарының, «Қазақстан Республикасында...
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды icon«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды iconКең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет стандарты
Ызмет стандарты кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының...
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды iconЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Ескерту. Актiнiң нысаны мен тақырыбы мына редакцияда берiлдi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды iconШығысқазжерқойнауы Өд батысқазжерқойнауы ӨД
«Шығысқазжерқойнауы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан...
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан...
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды iconЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы №2828 Қазақстан Республикасының Заңы
Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік...
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды icon«Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы