Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi icon

Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi



НазваниеӨрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi
Дата конвертации22.06.2013
Размер115.35 Kb.
ТипДокументы
источник





Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2011 жылғы «___» ________ № ____

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және сауда

Министрінің 2011 жылғы

«___» ________ № ____

бірлескен бұйрығына


Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi


1. Жалпы ережелер


1. Осы Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi (бұдан әрі - Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Критерийлер жоспарлы тексерістер жүргізу үшін ұйымдарды, қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғыларды, Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын анықтағанда және жоспарлы тексерістер жүргізу үшін тәуекел дәрежесіне жатқызғанда қолданылады.

3. Тәуекел – адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, өрттің, авариялардың, қақтығыстардың туындауы және Бақылау субъектілерінің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамауы нәтижесінде мүлікке және қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы.


^ 2. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi


4. Жоғары тәуекел дәрежесiне мынадай объектiлер жатады:

1) өнеркәсiптiк ұйымдар - барлық құрылыстардың 50 % астам көлемiн алатын, жарылу, өрт шығу және өрт қауiптiлiгi бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттарындағы өндiрiстерiмен;

2) гидроэлектр станциялары - қуаттылығы екi жүз елу МВт және одан астам;

3) жылу электр станциялары - қуаттылығы елу МВт және одан астам немесе үш жүз Гигакалория және одан астам;

4) автокәсіпорындар – техника саны 50 бірліктен астам;

5) газ турбиналық электр станциялары - қуаттылығы елу МВт және одан астам;

6) бiлiм беру ұйымдары - ауданына қарамастан;

7) мәдени ойын-сауық, табыну және басқа да дiни мекемелер - бiр уақытта 100 адам және одан астам адам болады;

8) спорт және дене шынықтыру, сауықтыру кешендерi - бiр уақытта 100 және одан астам адам болады;

9) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 және одан астам адам;

10) стационары бар денсаулық сақтау ұйымдары - ауданына қарамастан;

11) сауда ұйымдары - құрылыстардың барлық ауданына 2500 шаршы метрден астам;

12) биiктiгi 28 метрден астам әкімшілік ғимараттарда орналасқан ұйымдар;

13) әуежайлар - ауданына қарамастан;

14) теңiз және өзен порттары - ауданына қарамастан;

15) темiржол және автомобиль вокзалдары - ауданына қарамастан;

16) мұнай базалары мен мұнай өнiмдерiн сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден астам;

17) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден астам;

18) мұрағаттар - ауданына қарамастан;

19) әлеуметтiк сала объектiлерi (қарттар мен мүгедектер үйлерi, балалар үйлері, интернат үйлері, балалар мен мүгедектерге арналған психоневрологиялық орталықтар) - ауданына қарамастан;

20) демалыс үйлерi мен аймақтары, жазғы сауықтыру лагерлерi мен туристiк базалар - бiр уақытта 100 және одан астам адам болады;

21) оқ-дәрілерді сақтау және жою (құрту, пайдаға асыру, көму және қайта өңдеу) объектілері;

22) тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жүргізуге арналған сараптама ұйымдары.

5. Тәуекел дәрежесі орташа объектілер:

1) өнеркәсіптік ұйымдары - барлық құрылыстардың 50 % аса көлемін алатын, жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттағы өндірістерімен;

2) гидро электр станциялары - қуаттылығы екі жүз елу МВт кем;

3) жылу электр станциялары - қуаттылығы елу МВт кем немесе үш жүз Гкал кем;

4) газ турбиналық электр станциялары - қуаттылығы елу МВт кем;

5) кернеуі бір мың жүз елу Киловольттан кем шағын электр станциялары;

6) мәдени ойын-сауық, спорт және дене шынықтыру сауықтыру кешендері, табыну және басқа да діни мекемелер - бір уақытта 100 адам кем болуы;

7) ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары;

8) тұрғы үй ғимараттары – биіктігі 28 метрден астам;

9) тұрмыстық қызмет көрсету объектілері - құрылыстардың жалпы саны 150 шаршы метрден асады;

10) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;

11) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 адамнан кем;

12) стационарсыз денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;

13) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;

14) сауда ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 асады және 2500 шаршы метрден кем;

15) биіктігі 28 метрден кем және ауданы 150 шаршы метрден астам әкімшілік ғимараттарда орналасқан ұйымдар;

16) автокәсіпорындар - техника саны 50 бірліктен кем;

17) автокөлікке қызмет көрсету объектілері (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен посттары және басқа) – ауданы мен жалпы сыйымдылығына қарамастан;

18) мұнай базалары мен мұнай сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден кем;

19) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден кем;

20) байланыс кәсіпорындары мен, теле радио орталықтары - ауданына қарамастан;

21) ғылыми-зерттеу және жобалау институттары - ауданына қарамастан;

22) демалыс үйлері мен демалыс аймақтары, жазғы сауықтыру лагерлері мен туристік базалар - сыйымдылығы 100 адамнан кем;

23) тұрғылықты орны бойынша балалардың аула маңындағы клубтары.

6. Тәуекел дәрежесі болмашы объектілер:

1) өнеркәсіптік ұйымдар - жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша «Г» және «Д» санаттағы өндірістерімен;

2) тұрғын үйлер – жеке тұрғын үй құрылыстарынан басқа, биіктігі 28 метрден кем;

3) сауда ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

4) тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

5) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

6) стационары жоқ денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

7) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;

8) құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем әкімшілік ғимараттарда орналасқан ұйымдар;

9) ашық автотұрақтар, бөлек тұрған жер үстіндегі және жер астындағы гараждар - ауданына және авто техника сақтау санына қарамастан;

10) бөлек тұрған авто жуулар;

11) саяжай және бақшалық қоғамдар - ауданына және учаскелер санынан қарамастан.


^ 3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері


7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті декларациялануға жататын объектілер жатады, оларда:

1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;

2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;

3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;

4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;

5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын.

Сондай-ақ тәуекелдің жоғары дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады:

0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер.

8. Тәуекелдің орташа дәрежесіне технологиялық үдерісті тоқтататын және өндірістік персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авариялар, инциденттер туындауы мүмкін объектілер міндетті декларациялануға жатпайтын объектілер жатады, оларда:

1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;

2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;

3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;

4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;

5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын.

Сондай-ақ тәуекелдің орташа дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан 100 %-ға дейін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады:

0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер.

9. Сондай-ақ тәуекелдің кіші дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан аспайтын мерзімде өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады:

1) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;

3) сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған және қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстарын жүзеге асырушы ұйымдар.

10. Объекті немесе техникалық құрылғы тәуекелінің аса жоғарғы тобына қатысы үшін негіз болуға жағдай жасаған қауіпті өндірістік фактордың зақымдану әсерін жою немесе төмендету кезінде объект немесе техникалық құрылғы тәуекелділіктің төменірек дәрежесі тобына өтеді.

Бір топтағы тексерістер техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың, авариялар мен қақтығыстар көрсеткіштерінің өсу үдерісі бар объектілерден немесе техникалық құрылғылардан басталады.


^ Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында

тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері


11. Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы бөлу кезінде Азаматтық қорғаныстың басқару органдары:

1) жоғары тәуекел тобы:

өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар әрi маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдарына;

тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдарына;

аумағында тыныс-тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдарға;

2) орташа тәуекел тобы:

Базасында Азаматтық қорғаныстың аумақтық ұйымдары мен штаттық авариялық-құтқару қызметтері құрылған кәсіпкерлік субъектілеріне;

3) төмен тәуекел тобы:

білім беру объектілеріне (Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар мектептері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары);

50 адам асатын стационарлық денсаулық сақтау объектілеріне бөлінеді.

12. Азаматтық қорғаныс саласындағы Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын кейінгі бөлу кезінде осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес әр Бақылау субъектіге тиісті балл беріледі.

13. Жиынтық қорытындының нәтижелері Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін қолданылады.

14. Тәуекел дәрежелері бойынша Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

жоғары тәуекел тобына 60-тан жоғары және одан көп балл;

орташа тәуекел тобына – 30-дан аса 60-қа дейінгі балл;

шамалы тәуекел тобына - 0-ден 30-ға дейінгі балл алған Азаматтық қорғаныстың басқару органдары жатады.

15. Бір тәуекел топ ішінде Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тексеруді басымды жоспарлау негіздері:

1) ең үлкен тексерілмеген кезең (тексерілмеген кезеңді айқындау кезінде жоспардан тыс тексерулер саналмайды);

2) ең үлкен баллдың сомасы болып табылады.


_________________________


Азаматтық қорғаныс саласындағы

жеке кәсіпкерлік қызметінің

аясындағы тәуекелдер дәрежесін

бағалау критерийлеріне қосымша


^ Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері




р/с

Критерийлердің атаулары

Баллдарды беру шарттары

Баллдар

1.

Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау

иә

0

жоқ

20

2.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу

иә

0

жоқ

10

3.

Бейбіт және соғыс уақытында басқару, байланыс және хабардар ету жүйелерінің дайындығы

иә

0

жоқ

20

4.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының бейбіт және соғыс уақытындағы іс-қимылдарға дайындығы

иә

0

жоқ

10

5.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, Азаматтық қорғаныс үшін қаржы және материалдық ресурстар резервтерінің бары

иә

0

жоқ

10

6.

Азаматтық қорғаныс саласындағы халықты (персоналды) оқыту

иә

0

жоқ

10

7.

Заманауи зақымдану құралдары ықпалынан және төтенше жағдай туындаған кезде халықты (персоналды) қорғау бойынша іс-шаралар өткізу

иә

0

жоқ

20


_________________________





Похожие:

Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconӨрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi
Ағалау критерийлерi (бұдан әрі Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік...
Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconӨрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясына жатпайтын объектілер үшін тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi
Ағалау критерийлерi (бұдан әрі Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік...
Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconАзаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парағы
Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау
Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconАзаматтық қорғаныс саласындағы 20 жылға арналған жеке кәсіпкерлік аясында тексерілетін субъектілерді тексеру

Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconҒарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері
Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төраға міндетін атқарушысының 2012 жылғы 16 сәуірдегі №46/НҚ және
Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconТұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері
Ша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) Қазақстан Республикасының «Тұрғын...
Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconАзаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік қызметінің аясындағы тексеру парағы
Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау
Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconӨрт қауіпсіздігі саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парағы
Адамдар жаппай жиналатын қоғамдық және өндірістік ғимараттарда, ұйымдарда, жарылыс, өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, б және в...
Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi iconДәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
Сы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) дәрілік заттар, медициналық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы