Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері icon

Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері



НазваниеМемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Дата конвертации22.06.2013
Размер161.27 Kb.
ТипДокументы
источник




Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының

2011 жылдың «___» _______ №_______

және Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және

сауда министрінің міндетін атқарушының

2011 жылдың «___» _______ № ______

бірлескен бұйрығына

3-қосымша


Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері


1. Мемлекеттік қадағалаудың (бұдан әрі – қадағалау) өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерии) Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау», «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңдарына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау үшін әзірленді.

2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел – жүргізілген фитосанитарлық іс шаралардың өсімдіктерге, адамның денсаулығы мен жануарларға, қоршаған ортаға өте жоғары дәрежеде зиян келтіруінің мүмкін болуы.

2) қадағалау субъектілері – өсімдіктерді қорғау саласында қызмет ететін, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіретін (формуляциясын жасайтын), өткізетін, сақтайтын, тасымалдайтын, пестицидтерді фумигациялық, аэрозольдық, авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолданатын, тіркеулік және өндірістік сынақтарды жүргізетін, пестицидтерді залалсыздандыратын жеке және заңды тұлғалар.

3. Қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу – алғашқы бөлгенде объективтік критериилердің негізінде жүргізіледі, ал келесі кезеңде бөлгенде - субъективтік критериилер бойынша жүргізіледі.

4. Қадағалау субъектілері алғашқы бөлген кезде 3 тәуекел дәрежеге жатқызылады:

1) жоғарғы дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:

пестицидтерді (улы химикаттарды) шығару (формуляциясын жасау) қызметі;

пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдық тәсілдермен қолдану қызметі;

2) орташа дәрежедегі қатерлік тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:

пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерден басқа) қолдану қызметі;

пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізу қызметі;

пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу қызметі;

пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау қызметі;

пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау қызметі;

3) төменгі дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:

рұқсат етілмеген, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметі.

5. Объективтік критерийлер бойынша алғашқыда жоғарғы және орташа дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері дәрежесі төмен қатерлік тобына ауыстырылмайды.

6. Қадағалау субъектілерінің кейіннен бөлінуі орын алған заң бұзушылықтардың негізінде мынадай баллдар беріліп жүргізіледі:

1) пестицидтерді (улы химикаттарды) (фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерден басқа) авиациялық және жер үсті тәсілдермен қолдану қызметімен айналысатын субъектілер үшін:

химиялық өңдеу жұмыстарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға қажетті жеке меншіктік немесе арендаға алынған арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға қажетті арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың шығарушы завод берген паспортының болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркелген регламентін сақтамай қолдану (жұмсау мөлшері, өңдеу тәсілі және қайталанылуы, шектеулер) – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті аппаратураларымен қолданған кезде желдің жылдамдығы 3 м/с, авиациямен қолданған кезде желдің жылдамдығы 2 м/с болған кезде өсімдіктерді бүркуді жүзеге асыруды ерте таңғы және кешкі сағаттарда жүргізбеу – 10 балл;

қолданылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтайтын арнаулы орынның болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтандыру құралдарының болмауы-10балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстары жүргізілетін орынның қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдары, нұсқамалар, естеліктерсіз дайындалуы – 10 балл;

сәйкес келетін білімі (агрономиялық) бар, квалификациялы мамандар құрамының болмауы – 10 балл;

пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген кітаптың болмауы – 5 балл;

2) пестицидтерді (улы химиткаттарды) мемлекеттік тіркеу мен өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер үшін:

химиялық өңдеу жұмыстарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға қажетті жеке меншіктік немесе арендаға алынған арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың болмауы – 10 балл;

пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеулік және өндірістік сынақтар жүргізуге қажетті пестицидтердің тәжірибелік үлгілерінің, эталондық пестицидтердің және пестицидтердің әсер етуші заттарының аналитикалық стандарттарының болмауы – 10 балл;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіретін аудандарда зиянды организмдердің ерекшеліктерін (ұрпақ санын, зияндылығын, резистенттігін, экономикалық әсерін, таралу ареалын) ескере отырып пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын өткізбеу – 10 балл;

пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының әдістемелерінің сақталмауы – 10 балл;

пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын пестицидтердің (улы химикаттардың) көрсетілген қолдану регламентін сақтамай жүргізу – 10 балл;

пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының жүргізілу мерзімін сақтамау – 10 балл;

пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының нәтижесі бойынша есептің болмауы – 10 балл;

сынақ жүргізіліп жатқан пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерін анықтамау – 10 балл;

білімі (агрономиялық), сәйкес келетін мамандығы (энтомолог, фитопатолог, герболог) бар, квалификациялы мамандар құрамының болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтық құралдарының болмауы – 5 балл;

3) пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу қызметімен айналысатын субъектілер үшін:

ауыл шаруашылығында, орман және коммуналдық шаруашылықтарда қолдануға қажетті пестицидтерді (улы химикаттарды) шығарушы өндіріс орнының қоймасынан немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгіленген талапқа жауап беретін пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға және босатуға арналған қоймалардан тыс жерден босатуды жүзеге асыруы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын қоймаға меншіктік құқық беретін мемлекеттік тіркеу куәлігінің болмауы, немесе қойманы жалдау келісім шартының болмауы – 10 балл;

өндірушінің ыдысында пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезіндегі сақтық шаралары туралы, пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру туралы ақпарат болмаған жағдайда пестицидтерді (улы химикаттарды) тұтынушыларға босату – 10 балл;

өткізілетін пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарының зақымдалуы, ыдыс зақымдалған жағдайда және ұсынушыға қайтарылғанда пестицидтерді (улы химикаттарды) басқа ыдыстарға салу шараларының қолданылмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) босатуға байланысты жұмыстарды жүргізгенде жеке сақтандыру құралдарының болмауы – 10 балл;

сәйкес келетін (агрономиялық) білімі бар квалификациялы маманның болмауы – 10 балл;

бақтарда және бақшаларда зиянды организмдермен, сонымен бірге жеке меншік шаруашылығы жағдайында кеміргіштермен күресуге арналған пестицидтерді (улы химикаттарды) азық түлік дүкендеріне жатпайтын арнаулы дүкендерсіз өткізу – 10 балл;

өткізілетін пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алатын жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл;

4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтаумен айналысатын субъектілер үшін:

пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау үшін арнаулы қойманың немесе оларды жалға алу келісім-шартының болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қойманың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) ыдыстың этикеткасында көрсетілген талаптарды және белгілі бір пестицидтің пайдалану әдістемесін орындамай сақтау – 10 балл;

физико-химиялық қасиетіне (ұшу, тотығу), өрт қауіптілігіне және жарылу қауіптілігіне, реакциялық белсенділігіне, сақтаудың температуралық режиміне байланысты топтастыруға келмейтін пестицидтерді бірге сақтау – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) азық-түлік өнімдерімен, мал азығымен, ауыз сумен бірге сақтағаны үшін – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) қоймаларда үйіп сақтауға жол берілсе – 10 балл;

пестицидтер (улы химикаттар) өз аралары және қабырғамен ара қашықтықтары 1,5 м кем болмайтын тұғырықтар мен стеллаждарда сақталмаса – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) қаптарда, темір барабандарда, сиымдылығы 5 л кем болмайтын бөшкелерде, картон және полимерлік қораптарда, бәктерде сақтағанда үйіндінің биіктігі үш қатардан көп болса – 10 балл;

пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарының этикеткасында көрсетілген мөлшердегі дезактивация жасайтын заттардың болмауы – 10 балл;

сақталатын пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемі мен қойма сыйымдылығының сәйкес келмеуі – 10 балл;

стеллаждардағы пестицидтердің (улы химикаттардың) жарамдылық мерзімі және сақталуға түскен мезгілі бойынша классификациясының болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға байланысты жұмыстарды жүргізуге қажетті жеке сақтық құралдарының болмауы – 10 балл;

қоймаға ауаны кіргізетін және шығаратын желдеткіштердің болмауы – 10 балл;

қоймада арту-түсіру жұмыстарының механизацияланбауы (штаблдеушінің, монорельстің, кран-балканың, электрокардың, автопогрузчиктің, тележка және автокардың болмауы) – 5 балл;

сақтауға түскен пестицидтердің (улы химикаттардың) есебін жүргізетін жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл;

5) пестициидтерді (улы химикаттарды) тасымалдайтын субъектілер үшін:

жеке меншік құқығына және жалға алынған аэрозольдік, фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану үшін арнайы техника мен жабдықтар арқылы пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін қолданатын көлік құралдарының болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) өндірушінің біртұтастығы бұзылған ыдыстарында тасымалдау жүргізілсе – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы жабдықталмаған және тиісті белгілері жоқ, қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін, транспорттың әр түрлерінде қолданылатын тасымалдау кезіндегі қауіп туралы ақпарат жүйесінің апат карточкасы жоқ («Сақ бол – пестицидтер (улы химикаттар)») транспорттық құралдармен тасымалдау – 10 балл;

көлік құралдарын пестицидтерді (улы химикаттарды), дәріленген тұқымдарды және азық-түлік өнімдерін, мал азығын, ауыз суды бірге тасу үшін пайдалану – 10 балл;

бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға пайдаланған көлік құралдарын азық-түлік өнімдерін, мал азығын, ауыз суды тасымалдау үшін пайдалану – 10 балл;

тағамға жатпайтын жүктерді тасымалдау үшін бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдаған көлік құралдарына алдын-ала тазалау және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізбеу – 10 балл;

физико-химиялық қасиеттері (ұшпалылығы, тотығуы), өрт қауіпі және жарылу қауіпі бойынша сәйкес келмейтін пестицидтерді (улы химикаттарды) бірге тасымалдау – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау кезінде көлік құралдарында бөтен адамдардың болуы – 10 балл;

дәріленген тұқымды тасымалдау үшін «дәріленген» деген анық белгісі бар, пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізбейтін мықты материалдан жасалған арнайы қаптың болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған көлік құралында удың күшін жоятын заттардың, өрт сөндіргіштердің, құм қорының және жүргізуші мен жүкке жауапты қызметкердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) қажетті жерге апарып түсіргеннен кейін, ыдыстың этикеткасында және тасымалдау құжатында көрсетілген талаптарға сәйкес тасымалдау көлігіне сулап тазалау және залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілмеуі – 5 балл;

тасымалданатын пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алатын жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл;

6) пестицидтерді және олардың бос ыдыстарын залалсыздандыратын субъектілер үшін:

тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын көметін арнаулы қоймалар мен (көмбелердің) болмауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) жеткізщушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынған қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын заласыздандыру әдістемелері мен технологиясының болмауы – 10 балл;

қауіптілігі бойынша әр түрлі классқа жататын тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы қоймаларда (көмбелерде) бөлмей көму – 10 балл;

қауіптілігі бойынша1классқа жататын тыйым салынған және қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) темір бетоннан жасалынған көмбелерді, қабырғаларының қалыңдығы 10 мм кем, ауа өткізбеуі екі рет тексерілетін толтырылғанға дейін және толтырылғаннан кейін, толтырылған контейнердің салмағы 2 тоннадан көп болатын, ауа өткізбейтін металдан жасалынған арнаулы контейнерлерді пайдаланбай көму – 10 балл;

контейнерге тыйым салынған және қолдануға жарамсыз пестицидтердің (улы химикаттардың) бір түрінен көп немесе бір химиялық тобынан басқа пестицидтерді (улы химикаттарды) жуылмайтын краскамен атын жазып орналастыру – 10 балл;

суда ерімейтін қауыптылығы 1 классқа жататын және суда еритін қауыптылығы 2 және 3 классқа жататын тыйым салынған және қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) суды өткізу коэфициенті секундына 10-8 см болатын (әрі қарай см/с), түбі және жанының қалыңдығы 1 м кем топыраққа көму – 10 балл;

суда ерімейтін қауыптылығы 2 және 3 классқа жататын қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) тапталған саздан жасалған қабаты бар, топырағы суды өткізетін, суды өткізу коэфициенті секундына 10-7 см көп, түбі және жанының қалыңдығы 1 м кем котловандарда көму – 10 балл;

қауіптілігі 4 классқа жататын тыйым салынған және қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) суды өткізу коэфициенті секундына 10-5 см көп, түбінің изоляциясы бар, тығыздалған жанының қалыңдығы 0,5м кем котлованда көму – 10 балл;

қауіптілігі 2 классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы қабаттары жоқ, полимерден жасалынған көп қабатты ыдысқа (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне байланысты) салу – 10 балл;

ыдыстары бұзылған пестицидтерді (улы химикаттарды) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін, бір тұтастығы бұзылған ыдыстарға қайтадан салу – 10 балл;

пестицидтердің (улы химикаттардың) қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағу арқылы құрту үшін, заңға сәйкес экологиялық және елдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қадағалайтын мемлекеттік орган белгілеп берген жерде, жағылатын қосылымдардың улы емес (қауыпсыз) заттарға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін, жоғары температуралы құрылғылардың болмауы – 10 балл;

пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарын өртеу барысында бөлінетін газ және күл түріндегі ластағыштарға жүйелі бақылау мен мониторингтің болмауы – 10 балл;

пестицидтердің (улы химикаттардың) металдан және полимерден жасалған арнайы ыдыстарын жоюдың алдында, оларды әрбір пестицидті (улы химикатты) залалсыздандыру (утилизациялау, жою) әдістемесінде көрсетілген талаптарды бұзып залалсыздандыру – 10 балл;

арнайы қоймаларды (көмбелерді) желдің елді мекенге басым соғатын бағытында және елді мекеннен 5000 м кем қашықтықта орналастыру-10 балл;

арнайы қоймалардың (көмбелердің) айналасында, химиялық қауып туралы белгісі бар қоршауларының болмауы – 10 балл;

тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтердің (улы химикаттардың) және олардың бос ыдыстарының көмбелеріне субъектілердің инвентаризация жүргізбеуі – 10 балл;

тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын залалсыздандырғанға дейін уақытша сақтайтын қоймалардың болмауы – 10 балл;

тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын бүтін ыдыстарда анық маркировкаларымен сақтау талаптарының орындалмауы – 10 балл;

тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын арту және түсіру жұмыстарының механизацияланбауы – 10 балл;

пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға қатысушы жұмыскерлердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл;

залалсыздандыруға (утилизациялауға, жоюға) жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тиісті жағдайы бар бір орталықта сақтауға арналған қоймаға бөтен адамдардың кіруіне жол беру – 5 балл;

мекеменің аты, залалсыздандырылатын пестицидтің аты, мөлшері, залалсыздандыру тәсілі мен орны, жұмысқа жауапты кісінің фамилиясы көрсетілген, әрі қарай қолдануға жарамайтын пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру (утилизациялау, жою) актісінің болмауы – 5 балл;

субъектіде көмуге келіп түскен, тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын есепке алатын жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл.

7. Жүргізілген тексерудің қорытындысы негізінде, жиналған баллдардың қосындысына байланысты қадағалау субъектілері тәуекел дәрежелері бойынша былайша бөлінеді:

1) пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерден басқа) қолдану, тіркеу және өндірістік сынақтан өткізу, өткізу, сақтау және тасымалдау қызметтерімен айналысатын қадағалау субъектілері алған баллдарының қосындылары бойынша:

6 және одан көп балл алғандар-жоғары дәрежелі қатерлік тобына жатады;

5-тен көп емес балл алғандар-орта дәрежелі қатерлік тобына жатады;

2) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметімен айналысатын қадағалау субъектілері алдған баллдары бойынша:

16 және одан көп балл алғандар-жоғары дәрежелі қатерлік тобына жатады;

6-тен 15-ға дейін балл алғандар-орта дәрежелі қатерлік тобына жатады;

жинаған қадағалау субъектілері жатады;

5-тен көп емес балл алғандар-аз дәрежелі қатерлік тобына жатады;

8. Бір дәрежедегі тәуекелге жататын қадағалау субъектілеріне жүргізілетін тексеру жұмыстарын жоспарлаған кезде, бірінші орынға қоюға негіз болады:

1) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметімен айналысатын субъектілер үшін:

олар осы қызмет түріне лицензиясыз пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асырған субъектілер;

қауіптілігі 1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) шығаратын субъектілер;

үлкен өндірістік қуаттылығы бар субъектілер;

ерекше қауыпты зиянды және карантиндік организмдерге қарсы қолданылатын пестицидтерді (улы химикаттарды) шығаратын (формуляциялайтын) субъектілер;

бұдан ертеректе пестицидтерді (улы химикаттарды) лицензиясыз өндірген (формуляциялаған) субъектілер;

алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;

2) пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданумен айналысатын субъектілер үшін:

олар осы қызмет түріне лицензиясыз пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдік тәсілмен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асырған субъектілер;

1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданушы субъектілер;

ерекше қауыпты зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын субъектілер;

бұдан ертеректе пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдік тәсілмен лицензиясыз қолданған субъектілер;

алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер; 3) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер үшін:

қауіптілігі 1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер;

ерекше қауыпты зиянды және карантиндік организмдерге қарсы қолданылатын пестицидтерді тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер;

пестицидтерді үлкен көлемде тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер;

бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізгенде әдістемені бұзғаны анықталған субъектілер;

алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;

4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын субъектілер үшін:

олар бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған арнайы қойма үй-жайларына санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын субъектілер;

қауіптілігі 1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын субъектілер;

пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде сақтайтын субъектілер;

пестицидтерді сақтау қоймаларына жасалынған санитарлық-эпидемиялогиялық қорытындыны бермеген субъектілер;

ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын субъектілер;

алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;

5) пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдайтын субъектілер үшін:

бұрын лицензиясыз пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдаған субъектілер;

қауіптілігі 1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдайтын субъектілер;

пестицидтерді (улы химикаттарды) көп мөлшерде тасымалдайтын субъектілер;

ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдайтын субъектілер;

алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;

6) пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізетін субъектілер үшін:

бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) лицензиясыз өткізген субъектілер;

қауыптылығы1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізетін субъектілер;

пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде өткізетін субъектілер;

алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;

7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыратын субъектілер үшін:

пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын көмуге арналған үлкен орындары бар субъектілер;

қадағалау объектілері елді мекендерге жақын орналасқан субъектілер;

алдыңғы тексеру кезінде осы қызмет түрінде бұзушылықтар анықталған субъектілер.







Похожие:

Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconМедициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Едициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі Критерийлер)...
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconБілім саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Білім саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі Критерийлер) білім беру ұйымдарында жоспарлы тексеру жүргізу...
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconЖерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
У критерийлері (бұдан әрі Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы...
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconБілім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі Критерийлер)...
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2011 жылғы
Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді...
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconГеодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Ау Критерийлері (бұдан әрі Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» және «Мемлекеттік бақылау және...
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconАвтомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Осы Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»...
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconҚазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес, бассейндік...
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
Дәрежесін бағалаудың осы критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала...
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылғы № Астана қаласы
Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парағының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы