Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі icon

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі



НазваниеҚазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі
Дата конвертации22.06.2013
Размер106.55 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі


2011 жылғы «____»________


№_____


Астана қаласы




Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі


2011 жылғы «____» ________


№_____


Астана қаласы



БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ


Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы



«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А. Момышев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялағаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Мұнай және газ министрі


________________ С. Мыңбаев


2011 жылғы   «___» ___________

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушы

__________________ Д. Шәженова


2011 жылғы «___» ___________

Қазақстан Республикасы

Мұнай және газ министрлігінің

2011 жылғы «__» _____ № _____ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының

2011 жылғы «__» _____ № _____ бірлескен бұйрығымен бекітілді


^ Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері


1. Осы, мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;

2) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;

3) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы;

4) тексерiлетiн субъектi – қызмет түріне лицензиясы бар, лицензиялау және кейінгі лицензиялық тексеру Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрінің ведомствосымен жүргізілетін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану операциясы жүзеге асырылатын мұнай операцияларын жүргізу саласындағы қызметiне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

3. Жоспарлы тексерулер жүргiзудің мерзімі тәуекел дәрежесіне байланысты:

жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;

орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;

болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi болмайтын кезеңдiлiгi айқындалады.

4. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері 2 түрге бөлінеді:

1) объективті – тексерілетін субъектілер қызмет атқарған кезде мүмкін болатын тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;

2) субъективті – тексерілетін субъектілермен белгіленген талаптарды бұзуға жол берілгендігіне байланысты анықталады.

Субъективті өлшемдер елеулі және болмашы бұзушылықтардан тұрады.

5. Алғаш рет тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу объективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.

6. Тексерілетін субъектілер объективті өлшемдер бойынша мынадай тәуекел топтарына бөлінеді:

1) жоғары тәуекел дәрежесi тобына мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіруші, сондай ақ кезекті лицензияланатын қызмет түрлері мен қызметтің кіші түрлерін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жатады:

тау, мұнай-химия өндірісін пайдалану:

газ, мұнай-газ конденсатын өндіруші;

шахталарды жабу жөніндегі жою жұмыстары (мұнай-газ кенорындарында»;

кен орындарында (мұнай, газ, мұнайгазконденсаты) технологиялық жұмытсарды жүргізу;

мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;

мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;

мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;

ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу, жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу, мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымалар көтергiш орнату;

мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;

мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;

құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды тоқтатып қою;

органикалық химия (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты); каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсiбiнің, техникалық көмiртегiнiң, химиялық талшықтардың, полимерлiк материалдар мен пластмассаның өнiмдерiн пайдалануы;

құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу.

2) орташа тәуекел дәрежесi тобына барлау, сондай-ақ келесі лицензияланатын қызмет түрлері мен қызметтің кіші түрлерін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жатады:

мұнай-газ саласында бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты (мұнай-газ кен орындарын), көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см -ден жоғары және жылу жеткiзу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу:

дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтердi, түйiндердi, бөлшектердi, бөлiктердi, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);

монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйiндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндiрiстi, объектiнi пайдалану кезеңiнде құрастыру, реттеу және орнату);

жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйiнiң диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабiлетiн қалпына келтiру, элементтерiн ауыстыру, бұзылған жерлерiн жөндеу, жою).

3) болмашы тәуекел дәрежесiне мынадай лицензияланатын қызмет түрлері мен қызметтің кіші түрлерін жүргізетін лицензиаттар жатады:

тау-кен, мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн (технологиялық) жобалау;

тау кен өндірісін (технологиялық) жобалау;

мұнай, газ, мұнайгазконденсатын өндіруді жобалау;

мұнай-газ кенорындарын игеруге технологиялық регламенттер мен жобаларды жасау;

мұнай-газ кенорындарын игеруге техникалық экономикалық негіздемелер жасау;

Қазақстан Республикасында қолдануға енгізілетін басқа мемлекеттер аумағында орындалған мұнай-газ өндіруші, мұнай-химия өндірісі, жер қойнауы (мұнай, газ, мұнайгазконденсаты) саласындағы жобалау және жобалық-сметалық құжаттардың сараптамасы;

мұнай-газ өндеу өндірісін (технологиялық) жобалау;

мұнайды алғашқы және терең өндеу өнімдері;

октан санын арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге қосындылар, қоспалар және құрамдауыштар енгiзу;

белгiленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнiмдерiне қосындылар, қоспалар мен құрамдауыштар енгiзу жөнiндегi;

дизель отынына, мазутқа қосындылар мен қоспалар енгiзу жөнiндегi;

мұнай майларына қосындылар енгiзу;

Мұнай-газ саласында бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты (мұнай-газ кен орындарын), көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см -ден жоғары және жылу жеткiзу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбыржолдарды жобалау:

жобалау (жабдық дайындау үшiн қажеттi техникалық-экономикалық негiздеменi, есептердi, сызбаларды, макеттердi, сметаларды, түсiндiрме жазбаларды қамтитын кешендi техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу).

7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қайтадан жатқызу субъективті өлшемдерді ескер отырып жүзеге асырылады.

8. Елеулі бұзушылықтарға:

1) мерзімінде лицензияланатын қызмет жөніндегі есепті ұсынбау;

2) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін меншік немесе жалгерлік (жалгерлік шарты) құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) болмауы;

3) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін сәйкес құрылғының, механизмдердің, құралдардың, технологиялық құрылғылардың болмауы;

4) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін аварияларды жою жоспарының болмауы;

5) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болмауы;

6) лицензияға қосымшада көрсетілмеген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін жүргізу;

7) кен орнын барлау, сынамалы игеру, өндірістік және тәжірибелік-өндірістік игеру, ұңғымаларды, қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерін өндіру, дайындау және сақтауға қажетті басқа да объектілердің жобалау құжаттарының болмауы, сол сияқты бекітілген жобалық құжаттардың талаптарын бұзуы;

8) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағиданың талаптарын бұзу;

9) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы игеру кезінде, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде мұнай-газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;

10) мұнай-газ кен орынын өндірістік игеруді ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдеусіз жүргізу;

11) теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын бұзу;

12) мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі жер қойнауын пайдаланушы қолданатын құрылғының немесе басқа да мүліктің техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі;

13) кен орындарын бірыңғай объект ретінде барлаудың немесе өндірудің талаптарын бұзу;

14) құзыреттi органның жазбаша рұқсатынсыз iздеу, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы (тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда) бұрғылау, қат iшiндегi қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және табиғи газды айдау, теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе тарту, теңіз құрылыстарын салу жөнiндегi жұмыстарды жүргізу;

15) уақытша сақтауды қоспағанда, теңiз құрылыстарындағы мұнайды сақтау мен қоймада ұстау жатады.

9. Болмашы бұзушылықтарға:

1) көрсетілетін қызметтің біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін технологиялық регламенттердің болмауы немесе технологиялық регламенттің кәсіпорын басшысымен бекітілмеуі, орындалатын қызметтің кіші түрлеріне сәйкес келмеуі;

2) көрсетілетін қызметтің біліктілік талаптарына сәйкестігі талап етілетін тиісті техникалық құжаттың болмауы;

3) көрсетілетін қызметтің біліктілік талаптарына сәйкестігі талап етілетін өнім сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылайтын аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың) болмауы;

4) Машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылауды; метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы;

5) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсілген iлеспе газды өңдеудi дамыту бағдарламасының болмауы;

6) iлеспе газды өңдеудi дамыту бағдарламасын орындау жөніндегі есептілікті ұсынбау;

7) құзыреттi органның жазбаша рұқсатынсыз теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу;

8) келісім-шарттық аймақта өндірілген мұнайды өлшеу мен таразылау ережесін бұзу.

10. Әрбір жол берілген бұзушылық үшін тексерілетін субъект мынадай балл иеленеді:

бір елеулі бұзушылық үшін – екі балл;

бір болмашы бұзушылық үшін – бір балл.

11. Тексерілетін субъектілер субъективті өлшемдер бойынша жол берілген бұзушылықтың түрі мен санына байланысты бөлінеді.

Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған баллдары қосылады.

Тексеру кезеңінде 4 балдан жоғары жинаған болмашы тәуекел тобына жатқызылған субъектілер тексерілетін орташа тәуекел тобына жатқызылады.

Тексеру кезеңінде 4 балдан жоғары жинаған орташа тәуекел тобына жатқызылған субъектілер тексерілетін жоғары тәуекел тобына жатқызылады.

Тексеру кезеңінде жоғары топтағы тәуекел дәрежесiндегі субъектілер тексерілетін 2 балдан көп жинамаса орташа тәуекел дәрежесiне ауыстырылады.

Тексеру кезеңінде орташа тәуекел дәрежесiндегі тексерілетін субъектілер 3 балдан көп жинамаса болмашы тәуекел дәрежесiне ауыстырылады.

12. Бір топтың ішіндегі тексерілетін субъектілер тексеру жоспарына:

тексерудің ең соңғы мерзімі;

соңғы тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар саны бойынша енгізіледі.






Похожие:

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconҚазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан
Мұнай-газ саласының 2011 жылғы стратегиялық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған жұмыс жоспарлары
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconМинистрліктердің, қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум атырау қ. 3 қараша 2010 жыл
Орғау министрлігі атынан Министр Г. Н. Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атынан...
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconҚазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Мұнай-газ саласындағы мемлекеттік инспекциялау комитетінің 2011 жылы Республика бойынша тексеру жүргізу жоспары
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconҚазақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігінің «Күрделі шығындар» 015 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде кеңсе техникасын бір дереккөзден алынған тәсіл бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
Ақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігі, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр д-лы, 19 үй, «А» блогы, 0301 каб., Қазақстан...
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconҚызылорда қ. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрінің
Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жоспары
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconМұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу туралы куәлік беруге
Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетіне
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconҚазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2 және 7 тармақшаларына сәйкес, БҰйырамын
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы