Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері icon

Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері



НазваниеМедициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Дата конвертации22.06.2013
Размер132.32 Kb.
ТипДокументы
источник






№ исх: от: 05.04.2011 15:21:43

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2011 жылғы «____»___________№____

және Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және сауда министрінің

2011 жылғы «____»___________№____

бірлескен бұйрығына

1-қосымша


Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері


1. Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) көрсетілетін медициналық қызметтер сапасына жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесінің әр түрлі тобына жатқызу үшін әзірленді.

2. Осы критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) медициналық қызметтерді саласындағы тәуекел – сапасыз медициналық қызмет көрсету нәтижесінде оның салдарларының ауырлығын ескере отырып, пациенттің денсаулығына немесе өміріне жағымсыздық туу ықтималдығы;

2) тексерілетін субъектілер - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ же­ке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар.

3) медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары – медициналық қызметтердің тиімділігін, толық болуын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіштері.

3. Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесінің тиісті тобына жатқызу екі кезеңде жүзеге асырылады.

4. Бірінші кезеңде тексерілетін субъектілері тәуекелдің жоғары, орташа, болмашы дәрежесі топтарына бөлінеді.

5. Ұсынылатын медициналық көмек нысандары және денсаулық сақтау ұйымдары түрлеріне байланысты тексерілетін субъектілер тәуекел дәрежесі бойынша мынадай болып бөлінеді:

1) тәуекелдің жоғары дәрежелі тобына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010-2014 жылдарға сәйкес Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттарына (бұдан әрі - стратегиялық бағыттар) сәйкес стратегиялық бағыттар бойынша стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші, сондай-ақ жедел көмек көрсетуші денсаулық сақтау субъектілері, санитариялық авиация ұйымдары мен медициналық апаттар саласында денсаулық сақтау ұйымдары жатады;

2) тәуекелдің орташа дәрежелі тобына стратегиялық бағыттарды қоспағанда стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық- емханалық көмек көрсетуші денсаулық сақтау субъектілері жатады;

3) тәуекелдің болмашы дәрежелі тобына қалыпқа келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары, паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтім көрсетуші ұйымдар; инвазиялық әдістер, дәрілік заттар және медициналық мақсаттардағы бұйымдар мен медициналық техниканың көмегімен косметологиялық көмек көрсетуші ұйымдар жатады.

6. Екінші кезеңде тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі топтары бойынша бөлу пайыздармен көрсетілген, көрсетілген медициналық қызмет сапасы сәйкестігі көрсеткіші ескеріле отырып жүрізіледі (бұдан әрі – Сәйкестік көрсеткіші).

Сәйкестік көрсеткіші көрсетілген медициналық сапасын бағалаудың әрбір индикаторы бойынша пайыздарда көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторларының 100% және шекті мәндерінің (бұдан әрі - Шекті мән) айырмашылығы ретінде анықталады.

Көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары және олардың Шектік мәндері осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес анықталған.

Тексерулер жүргізуді жоспарлау үшін Сәйкестік көрсеткішінің орташа мәні пайдаланылады.

7. Тәуекел дәрежесінің жоғары тобына жататын тексерілген субъектілерінің ішінен тексеру жүргізу жоспарына орташа Сәйкестік көрсеткіші бар тексерілген субъектілер енгізіледі:

50 % және одан төмен;

соңғы 3 жыл бойы 50 %-дан 60 %-ға дейін.

Орташа және болмашы тәуекел дәрежелеріне жататын тексерілген субъектілердің ішінен тексеру жоспарына Сәйкестік көрсеткіші бар тексерілген субъектілер енгізіледі:

40 % және одан төмен;

соңғы 3 жыл бойы 40%-дан 60 % - ға дейін;

8. Бір топтың ішінде субъектілерді тексерулер жоспарына бірінші кіргізу негіздері:

1) соңғы тексеру жүргізілген кезеңнен кейін 18 айдан аса уақыт өткен мерзім;

2) бұдан бұрынғы тексерулер кезінде айқындалған елеулі бұзушылықтар;

3) ұлттық аккредиттеу туралы куәліктің болмауы болып табылады.

9. Елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады:

  1. көрсетілген медициналық қызмет түрлерінің (кіші түрлерінің), берілген лицензияға сәйкес келмеуі;

  2. азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығының бұзылуы;

  3. тексерілген субъектілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну шартының міндеттерін бұзуы;

  4. медициналық қызметкерде маман сертификатының болмауы;

  5. медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.


Медициналық қызмет көрсетудің

жеке кәсіпкерлік саласында

саласында тәуекел дәрежесін бағалау

критерийлеріне қосымша


^ Көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары және

олардың жеке кәсіпкерлік саласындағы Шектік мәндері



 Р/с№

^ Индикаторлардың атауы

Өлшем бірлігі

Шектік мәні


1. Жеке кәсіпкерлік саласындағы стационарлық көмек көрсетуші медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары


1

Негізсіз госпитальдау оқиғаларының саны

Барлық госпитальданғандардың жалпы саны ішіндегі негізсіз госпитальданғандардың есептілік кезіндегі пайызы

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс



2

Жоспарлы госпитальдау кезіндегі өлім- жітім оқиғаларының саны

Жоспарлы тәртіппен барлық стационарға түскендердің өлім-жітімі оқиғаларының есептілік кезіндегі пайызы

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс


3

Жоспарлы госпитальдау оқиғаларындағы операциядан кейінгі өлім- жітім саны

Есептілік кезіндегі жоспарлы тәртіппен барлық операция жасалғандардың ішінде операциядан кейін өлім-жітімі пайызы

Жоспарлы госпитальдау оқиғаларында индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс


4

Босану кезінде және босанғаннан кейінгі мерзімде өлген әйелдердің өлім- жітімі оқиғаларының саны, оның ішінде басқарылмалы себептерден:

-акушериялық қан кету;

- гестоздар;

- аборттар;

Жаңа босанып, шығарылған әйелдердің жалпы саны ішіндегі өлім-жітімі пайызы

Индикатордың мәні 1%-дан аспауы тиіс

5

0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың өлім- жітімі саны, оның ішінде есептілік кезінде басқарылатын себептер бойынша

0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың, оның ішінде 0-ден 14 жасқа дейінгі шығарылған балалардың саны ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі пайызы (оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың)


Басқарылатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс


6

Ауруханаішілік жұқпа оқиғаларының саны

Ауруханаішілік жұқпалармен тіркелген оқиғалардың саны/ шығарылғандардың саны 100-ге көбейтілсін

1 %-ға дейін

7

Қайталап түсу оқиғаларының саны (бір айдың ішінде сол ауруы бойынша қайта түсу)

Қайталап госпитальдаудың саны / есептілік кезіндегі госпитальданғандардың жалпы саны 100-ге көбейтілсін

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс



8

Негізгі клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздар айырмашылығы оқиғаларының саны

Есептілік кезіндегі диагноздар айырмашылығы оқиғаларының саны/ барлық патологиялық-анатомиялық зерттеулердің саны 100- ге көбейтілсін

2%

9

Өткен жылмен салыстырғанда есептілік кезеңдегі негізді шағымның жалпы саны

Есептілік кезіндегі негізді шағымдардың саны/ бұрынғы кезеңдегі негізді шағымдардың саны 100-ге көбейтілсін

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда мән 10%-ға төмендеуі тиіс


2. Жеке кәсіпкерлік саласындағы алғашқы медициналық- санитариялық және консультациялық көмек көрсетуші медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары


10

Есептілік кезеңдегі жалпы өлім- жітім көрсеткіші


1 000 халыққа есептік көрсеткіші

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс


11

Қан-айналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші


100 000 адамға шаққандағы есептеу көрсеткіші

Өз көрсеткішін 1% төмендету

12

Есептілік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы аналар өлім- жітімі саны, оның ішінде басқарылмалы себептерден:

-акушериялық қан кету;

- гестоздар;

- аборттар

100 000 тірі туғандарға есептік көрсеткіші

Басқарылатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс


13

Есептілік кезеңдегі тіркелген аумақта тұратын фертильдік жастағы, оның ішінде экстрагениталды патологиялары бар әйелдердің жасаған аборты саны

Фертильдік жастағы әйелдер саны 1000-ға көбейтілсін

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда мән 10%-ға төмендеуі тиіс


14

Есептілік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы сәбилер өлім- жітімі саны, оның ішінде басқарылмалы себептерден:

- тыныс алу ағзаларының аурулары;

- ішек жұқпалары;

- туа біткен даму кемістіктері;

-перинатальдық кезең себептері

1 000 тірі туғандарға есептік көрсеткіші


Басқарылатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс


15

Бұдан бұрынғы есептілік кезеңімен салыстырғанда негізді шағымның жалпы саны

Есептілік кезеңдегі негізді шағымның саны / бұдан бұрынғы мерзімдегі негізді шағымның саны 100- ге көбейтілсін

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда мән 10%-ға төмендеуі тиіс


16

Үйде өлген балалардың көрсеткіші

Үйде өлген балалардың көрсеткіші / 14 жасқа дейін өлген балалардың саны 100-ге көбейтілсін

Өз көрсеткіші 5% төмендетілсін


17

Артериялық гипертония науқастарын гипертониялық дағдарыс күйінде госпитальдау деңгейі

Артериялық гипертония науқастарын гипертониялық дағдарыс күйінде госпитальдау саны /барлық артериялық гипертензиямен «Д» есепте тұрғандардың саны 100- ге көбейтілсін

10%- дан көп емес

18

Халықты профилактикалық флюорографиямен қамту

Профилактикалық флюорографиямен қамтылған халық саны /тіркелген халық саны 100-ге көбейтілсін

60%- дан көп емес

19

Флюорография әдісімен тексерілген тұлғалардың арасында туберкулезбен ауырғандарды анықтау көрсеткіші

Жоспарлы флюорографиялық тексеру кезінде анықталған туберкулез оқиғаларының саны / тексеру кезеңінде жоспарлы флюорографиялық тексеру жүргізілген тұлғалар саны 100-ге көбейтілсін

60%- дан көп емес

20

Туберкулезбен ауырған науқастардың алғаш анықталғандары арасында асқындырылған оқиғалардың салыстырмалы салмағы

Асқынған туберкулез оқиғалары бар жаңа өкпе ауруларының саны / ересектер мен жасөспірімдердің арасында жаңа өкпе аурулары науқастарының ның саны 100-ге көбейтілсін

1,5%-дан көп емес

21

1-2 сатыдағы қатерлі ісікпен ауырғандардың алғаш анықталғандарының есептілік кезеңдегі салыстырмалы салмағы

-2 сатыдағы қатерлі ісік диагнозы алғаш қойылған аурулардың есептілік кезеңдегі саны / диагнозы алғаш қойылғандардың саны 100-ге көбейтілсін

Жеке көрсеткішін жыл сайын 1% ұлғайту

22

Қатерлі ісікпен ауырғандардың 5 жыл және одан көп өмір сүруінің салыстырмалы салмағы

5 жыл және одан көп уақытта қадағалаудағы қатерлі ісік науқастарының салыстырмалы салмағы /Қатерлі ісік себебі бойынша «Д» есептегілердің жалпы саны

Жеке көрсеткішін жыл сайын 1% ұлғайту

23

Есептілік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы акушериялық қан кету себебінен аналар өлім- жітімінің салыстырмалы салмағы

Есептілік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы акушериялық қан кету себебінен аналар өлім- жітімінің саны /жаңа босанғандардың саны 100-ге көбейтілсін

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 10% азаю

24

Есептілік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы гестоздар себебінен аналар өлім- жітімінің салыстырмалы салмағы

Есептілік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы гестоздар себебінен аналар өлім- жітімінің саны/жаңа босанғандардың саны 100-ге көбейтілсін

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда өз көрсеткішінің 10% азаюы

25

Есептілік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы аборттар себебінен аналар өлім- жітімінің салыстырмалы салмағы

Есептілік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы аборттар себебінен аналар өлім- жітімінің саны/жаңа босанғандардың саны 100-ге көбейтілсін

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 10% азаю

26

Қант диабеті асқынуларымен емдеуге жатқызылған, тіркелген халық ішіндегі науқастарды госпитальдау деңгейінің көрсеткіші

Қант диабеті асқынуларымен тіркелген халық ішіндегі емделіп шыққан науқастардың саны *100/ Қант диабетімен тіркелген халық ішіндегі емделіп шыққан науқастардың саны

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда қазіргі кезең көрсеткішінің мәнін 10% азайту

^ 3. Жеке кәсіпкерлік саласындағы жедел медициналық көмек көрсетуші медициналық ұйымдар үшін медициналық көмек сапасын бағалау индикаторлары

27

Бір тәулік ішінде сол ауруы бойынша бірінші шақыру сәтінен бастап бір ауру бойынша қайталап шақыру оқиғаларының саны

1000 шақыруларға есептілік көрсеткіштер

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс


28

Науқасқа жету уақытын орташа қалыптасқан уақытт

ан асыру 

1000 шақыруларға есептік көрсеткіштер

200 мыңнан аса халқы бар елді мекендерде индикатордың мәні 15%-дан аспауы тиіс және 200 мыңнан кем халқы бар елді мекендерде индикатордың мәні 2 %-дан аспауы тиіс

29

Шақырулар кезінде бригаданың көзінше болған өлім - жітім

1000 шақыруларға есептік көрсеткіштер

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс


30

Жеткізілгендердің ішінде госпитальданғандардың салыстырмалы салмағы

1000 шақыруларға есептік көрсеткіштер

Индикатордың мәні 5 %-дан аспауы тиіс



31

Жедел көмек және стационар бригадасы госпитальданған науқастардың диагноздары арасындағы айырмашылық

1000 шақыруларға есептік көрсеткіштер

Индикатордың мәні 5%-дан аспауы тиіс



32

Бұдан бұрынғы мерзіммен салыстырғанда есептілік кезеңдегі негізді шағымның жалпы саны

Есептілік кезеңдегі негізді шағымның жалпы саны/ өткен жылмен

салыстырғанда Есептілік кезеңдегі негізді шағымның жалпы саны 100-ге көбейтілсін

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда мән 10%-ға төмендеуі тиіс




Результаты согласования
05.4.2011: Ержанова С. А. (Департамент развития предпринимательства) - - cогласовано без замечаний
05.4.2011: Бекешев Б. Б. (Департамент развития предпринимательства) - - cогласовано без замечаний
05.4.2011: Кусаинов М. А. (Вице-Министр) - - cогласовано без замечаний



Похожие:

Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconДәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
Сы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) дәрілік заттар, медициналық...
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconБілім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі Критерийлер)...
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconМемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Керліктің тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі Критерии) Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау», «Қазақстан...
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconБілім саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Білім саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі Критерийлер) білім беру ұйымдарында жоспарлы тексеру жүргізу...
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconГеодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Ау Критерийлері (бұдан әрі Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» және «Мемлекеттік бақылау және...
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconЖерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
У критерийлері (бұдан әрі Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы...
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылғы № Астана қаласы
Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парағының...
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconҚазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес, бассейндік...
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconАвтомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Осы Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»...
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері iconЕсірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы