2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon

2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»



Название2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
страница2/8
Дата конвертации20.06.2013
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 3. Қалалық жердегі су бұру жағдайы


      Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.


      Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы қалалық жерлерде желілерінің жалпы ұзындығы 12 455,8 километр болатын 186 су бұру кәсіпорындары бар, олардың 8 712 километрі немесе 70% жөндеуді қажет етеді.
      Су бұру инфақұрылымына қосылу деңгейінің ауқымы қалаларда өте кең, Аякөз қаласында - 12 %, Сәтпаев қаласында - 98 %-ға дейін. Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында су бұру жүйесіне халықтың 60-94 %-ы қосылған. Риддер, Зырянов, Қаратау, Сәтпаев, Жезқазған, Жаңатас сияқты өндірістік бағыттағы көптеген қалаларда су бұру жүйесіне қосылу деңгейі жоғары - 90 %-дан асады.
      Бұл ретте, суды бұрумен бірге қалалық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлес салмағы республика бойынша орташа 73,4 % құрайды.
      39 қала мен кентте тазалау құрылыстары мүлдем жоқ, тиісінше сарқынды судың төгіндісі тазалаусыз жүзеге асырылады.
      Барлық сарқынды су көлемінен тазаланудан өтетін, нормативтік талаптарға дейін 64 %-ы жеткізіледі, тазаланбаған сарқынды судың қалған 36 %-ы, мәселен Тараз қаласында тікелей сүзгілеу алаңына, Көкшетау, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларында жинағыштарға ағызылады.
      Жұмыс істеп тұрған құрылыстардың көпшілігі қазір өзінің пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеуді талап етеді, басқалары - артық жүктемемен жұмыс істейді, ол сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректеріне сәйкес келмеуіне әкеліп соғады.
      Мәселен, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан сияқты облыстарда жеткіліксіз тазаланған сулардың пайызы 39-дан 72%-ға дейін жетіп отыр.
      Бұл қолданыстағы тазалау құрылыстарының артық жүктемемен жұмыс істейтінін көрсетеді.
      Тазартылған сарқынды су жинағыштары жиі өзінің шекті белгілеріне дейін толып қалады, бұл ұдайы қоршау бөгеттерінің авариялық жарылу, су объектілерінің ластану және елді мекендерді су басу қаупін туғызады.
      Сондай-ақ су бұру желілерінің негізгі қорлары тозуының салдары аварияның жоғарғы деңгейі болып табылады, мәселен 2009 жылы республика бойынша орташа алғанда 1 километрге 0,2-ден 29,5 аварияға дейін құрады.
      Өнеркәсіптік кәсіпорындардың сарқынды суларының едәуір көлемі тікелей қалалық тазалау құрылыстарына түседі, олар өнеркәсіптік сарқынды суларды тазалауға есептелмеген. Соңғы уақытта тұрмыстық сарқынды суларда шетелде өндірілген жуу заттарының сарқынды суы көп болып отыр, оларды тазалау қиын және табиғи ортаға зиянды әсерінің сақталу кезеңі ұзақ әрі тиісінше су көздерін ластайды.
      Қоршағанортаминінің деректері бойынша қазіргі уақытта 43 ірі өнеркәсіптік кәсіпорнының сарқынды суы төгінділерінің 50 %-ы қойылған талаптарға сәйкес келмейді, су бұру жүйесіне төгінділердегі зиянды заттардың шоғырлануы шекті жол жіберілетін нормадан асып кетеді. Тұтастай, республикадағы көптеген елді мекендердің су бұру жүйесінің негізгі қорларының тозуы 40-70%-ға, ал кейбіреулерінде 100%-ға дейін жетеді.


4. Ауылдық жердегі су бұру жағдайы


      Ескерту. 4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.


      Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы ауылдық жерлерде жалпы ұзындығы 2 075,5 километр болатын, су бұру желісі бар 163 кәсіпорын жұмыс істейді, бұл ретте 1 452 километр жөндеуді талап етеді.
      Су бұру жүйесі бар ауылдық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлес салмағы республика бойынша орташа 8,8%-ды құрайды.
      Ауылдық елді мекендердегі сарқынды сулардың барлық көлемінен нормативтік деңгейге дейін 45,4% тазартылады, қалған 54,6% тазартылмаған сарқынды сулар.
      Бұдан бұрын ауылдарда су бұру объектілерінің құрылысына қажетті деңгейде назар аударылмаған, яғни сумен жабдықтау басымдық болып табылған. Су бұру жүйелері аудандық орталықтарда және ірі кенттерде салынған. Ал сарқынды суларды әкімшілік-шаруашылық ғимараттардан, мектеп, аурухана және көп этажды құрылыстардан ғана бұру жүзеге асырылған.
      Қазіргі таңда, ауылдық кенттерде шығарылатын (ассенизациялық) қалдықтарды жоюдың жүйесі басым, кәріздік (ағым) аз пайызбен - 3-5% шамасында қамтылған.
      Сонымен қатар, кенттердің санитарлық жағдайы сумен жабдықтау бойынша алдағы шығындарды есепке ала отырып, су бұрудың орталықтандырылған жүйесінің құрылғыларынсыз қоғамдық және өндірістік объектілерде жергілікті тазалау құрылыстарын, септиктерді жетілдіру жолымен бірінші кезеңде жақсартылуы мүмкін.
      Мынадай жұмыс жүргізу қажет:
      1) ауылдық жерлерде су бұру жүйесін ұйымдастыру бойынша дамыған елдердің тәжірибесіне талдау жүргізу;
      2) қоршаған ортаның, атап айтқанда жер бетіндегі және жер астындағы сумен жабдықтаудың, топырақтың ластануына жауап беретін бақылау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру;
      3) тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.


^ 5. Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін жобалау сапасы


      Ескерту. 5-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.


      Сапасыз құрылыс себептерінің бірі сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттамасының әзірлену деңгейінің төмендігі болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша бүгінгі таңда сараптамаға ұсынылатын жобалардың жартысы дерлік мемлекеттік құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес келмей, пысықтауға қайтарылуда.
      Тек 2009 жылдың өзінде жобаларда 326 мыңнан астам әр түрлі кемшіліктер мен жобалау нормаларынан ауытқу анықталған. Негізінен, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеумен сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жобалау тәжірибесі жоқ ұйымдар айналысады.
      Қазіргі уақытта "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің құзыретіне кіреді.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар жобалау жұмыстарын өткізуге 12 мың лицензия берген. Бұл ретте, 50-ден аспайтын ұйым сумен жабдықтау объектілерін жобалауға маманданған және жақсы өндірістік базасы мен білікті мамандары бар.
      Жобалау-іздестіру жұмыстары деңгейінің төмендігі құрылыс жұмыстарының едәуір қымбаттауына, ал кейде оны жүргізудің мүмкін еместігіне алып келеді. Сумен жабдықтау объектілерін салу немесе қайта жаңарту жұмыстары сапасыз жасалған жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ) негізінде жоспарланып жүргізілген жағдайлар орын алған.
      Нәтижесінде жаңадан салынған желілер 1-2 жыл істеп, пайдаланудан шығады. Сумен жабдықтау объектілерін жер бөлінісінің және электрмен жабдықтау жүйелеріне қосу мәселелері шешілмей аудандық әкімдіктер әзірлеген ЖСҚ бойынша салу орын алған фактілері болды.
      Қазіргі кезде сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін жобалаған кезде жобаларға алыс және жақын шетелдік технологиялар, материалдар және жабдықтар қолданылады.
      Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жобалаған кезде алыс шетел және отандық өндірушілердің тиімсіз технологиялары негізінде үлгілік жобалар қолданылады, оларда энергия тиімділігі жоқ, бірақ бір артылықшылығы бар - бағасы арзан.
      Осыған байланысты, технологиялық шешімдері бар, қазіргі уақыттағы жабдықтарды шығаратын, бәсекелестігі бар отандық өндіруші нарығын құрып, қазіргі және болашақтағы өндірісті қолдайтын және ұзақ мерзімді кепілдігі бар отандық кәсіпорындардың өнімін қолдау қажет.
      Бұдан басқа бүгінгі күні ғимарат салу сметаларында іске қосу-баптау жұмыстарының шығыны мүлдем жоқ, бұл объектілерді пайдалануға беруде және оларды одан әрі пайдалануда кері әсер етеді. Көбінесе баптаусыз қабылданған күрделі объектілерге қызмет көрсетілмейді және жұмыс істемейді.


^ 6. Жер асты суларын пайдалануға байланысты жағдай


      Жер асты су объектілері суының сапасы жер үсті суынан едәуір жоғары, сондықтан оларды ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланған тиімдірек. Соған қарамастан, елді мекендердің елеулі бөлігі жер асты суларын ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланбайды.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің деректері бойынша республикада 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет теңгерімінде тұрған жер асты суларының 1282 кен орны барланған.
      Барланған ауыз судың пайдалану қоры республиканың жиынтық қажеттілігінен 2 есе артады және тәулігіне адам басына 1,12 м3 құрайды.
      Сонымен қатар, жер асты суларының барланған қорларын игеру баяу қарқынмен жүргізіліп жатыр, ал соңғы жылдары республиканың бірқатар өңірлерінде мүлдем дерлік тоқтатылған. Көптеген жер асты суларының кен орындары 10 — 15 жыл қатарынан пайдаланылмай келеді, ал жекелеген жағдайларда олардың пайдалануға берілу мерзімінің кешіктірілуі 25 -30 жылды құрайды.
      Сондықтан, барланған қорлар халықтың ауыз суға деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.
      Бұдан басқа, қазіргі уақытта барланған кен орындарының жалпы санынан (1282) 402 кен орны ғана пайдаланылуда (алынатын судың көлемі тәулігіне 2,0 млн. текше метрді құрайды), ол халықтың ауыз суды тұтынуының жалпы теңгерімінде 56 %-ды құрайды.
      Келтірілген фактілер жер асты су көздерінің қолда бар әлеуетін толық көлемде пайдаланбауының куәсі болуда.
      Пайдалану ұңғымаларын орналастыру көптеген жағдайда есептік схемаларға сәйкес келмейді, бақылау тораптары жоқ, бұл жер асты су көздері қорының тауысылуына әкелуі мүмкін.


^ 7. Су айдындарының санитарлық жағдайы


      Ескерту. 7-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.


      Жалпы сумен жабдықтаудың барлық жер үстіндегі көздері соңғы жылдары антропогендік сипаттағы әр түрлі заттармен айтарлықтай ластанғанын және олардың көбінің су сапасы нормативтік талаптарға сай келмейтінін атап еткен жөн.
      Аумағы бойынша жер асты суларының тым тепе-тең бөлінбеуі және әртүрлі сапа оларды шаруашылық қызметке толық тартуға мүмкіндік бермейді. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша республика шеңберінде жер асты суларының 700-ден аса әлеуетті ластану көзі табылды. Жер асты сулары сапасының нашарлану қаупі 10 шақты елді мекенде, жүзден аса су көзінде және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған бірқатар жер асты суларының су жинағыштарда анықталды.
      Қазіргі уақытта 291 бақылау пункті жер үсті суларына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның талабы бойынша Қазақстанда желі 740 гидрологиялық бекеттен тұруы қажет. Осыдан жер үсті суларының сапасын бақылау үздіксіз бақылауды бұзумен өтеді деген қорытынды жасауға болды. Бірнеше жылдар бойы көптеген су объектілерінде тіптен бақылау жүргізілмеген.
      Сумен жабдықтау жүйесіндегі құбырлардағы су сапасын бақылау маңызды проблема болып табылады. Ауыз су сапасын бақылайтын санитарлық-эпидемиологиялық зертханалардың жабдықтары, әсіресе ауылды мекендерде тіптен жаңартылмайды. Қалалық су арналары өз қаражаты есебінен зертханаларын ұстап тұра алса, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерде мұндай зертханалар мүлдем жоқ немесе уақыт талабын қанағаттандырмайды, тікелей су өткізу жүйесіндегі су сапасының автоматтандырылған үздіксіз бақылау құралдары мүлдем қолданбайды.
      Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бақылауында 2950 су құбыры бар, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 42 су құбырына артық (2010 жылы – 2908). Сумен жабдықтау объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырудың нәтижелері бойынша жұмыс істемейтін және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін су құбырларының саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Айталық, 2011 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істемейнтін су құбырларының саны су құбырларының жалпы санының 99-ның немесе 3,4 % (2010 жылы 139 немесе 4,7 %), ал санитарлық талаптарға сәйкес келмейтіндер – 126 немесе 4,2 % (2010 жылы 133 немесе 4,5 %) құрады.


^ 8. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі тарифтік саясат


      Бұрын атап көрсетілгендей, су шаруашылығы секторына сумен жабдықтау желілерінің тозуы мен су шаруашылығы секторы кәсіпорындарының активтерін жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын қаржының жетіспеушілігі туралы мәлімдейтін нормативтік техникалық шығындар жоғары деңгейге тән.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005-2009 жылдар кезеңдерінде сумен жабдықтау мен су бұру қызметін көрсетуге ел бойынша тарифтер орташа 27 теңгеден 33,8 теңгеге дейін көтерілді.
      Осыған байланысты, сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметтеріне тариф белгілеумен байланысты мәселелерге басты назар аудару қажет.
      Сумен жабдықтау саласындағы жағдай, сонымен қатар суды тиімсіз пайдалану проблемасына байланысты күрделене түсуде.
      Осылайша, бүгінгі таңда ауыз суды пайдалануда тарифтің төмен деңгейіне қатысты дамыған елдерге қарағанда бүгінгі күні Қазақстанда жан басына шаққанда 2345 м3 құрайды, Еуропада бұл көрсеткіштер жылына 455,5 м3 құрайды.
      Сол себепті, бүгінгі таңда сумен жабдықтау қызметтерін жеткізушілерді өз шығындарын қысқартуға ынталандырумен бірге, тұтынушылардың суды ұтымды пайдалануға, оның ішінде суды есептеу аспаптарын орнату жолымен ынталандыру, суды үлесті пайдалану нормаларын төмендету, пайдаланылған су көлеміне байланысты және тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді енгізу мәселесі де өткір тұр.
      Тұтынушы топтарға сараланған тарифтерді қолдану Алматы қаласы мен Ақмола облысының су арналарының жұмысын үлгі ретінде көрсетуге болады. Екінші жылдың өзінде заңды тұлғалардың суды тұтынуы төмендегені байқалды.
      Қолданған су көлеміне сай сараланған тарифтерге - яғни екінші кезеңге өту қажет. Егер де заңды тұлғаларға қатысты мәселенің түсініктілігі белгілі болса, онда осындай тарифтерді халыққа қолданған кезде, қызметтерді тұтынушылар сияқты пайдалану орындарында барлық тетіктері мен қатерлерін егжей-тегжейлі әзірлеу қажет. Нұсқаларды салыстыру, аспаптардың көрсеткіштерін қашықтан беретін су есептейтін автоматтандырылған жүйені енгізу немесе бірден бақылаушылар санын өсіру.
      Сезімталдығы жоғары, нақтылығы төмен класты суды есептеудің арзан аспаптарын пайдалану, аспаптарды дұрыс құрастырмау, үйдің жалпы есептегіш құралының (ЖЕҚ) болмауы немесе оны олардың көрсеткіштерін елемеу, пайдаланылған суды 30 %-ға дейін дұрыс есептемеу-коммерциялық шығындарға әкеледі, тиісінше пайдаланушы кәсіпорындар елеулі түрде табысын жоғалтады.
      Осылайша, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің деректері бойынша қалалардағы суды есептеу аспаптарымен қамту деңгейі республика бойынша орташа есеппен 82 %-ды құрады. Ауылдық елді мекендерде суды есептеу аспаптарымен қамту 40 %-ға да жетпейді.
      Тарифтік саясат - орта және ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруға арналған инвестицияларды өтейтін пайдаланушы кәсіпорындарының жұмыс өтімділігін қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифтерін қалыптастыруға бағытталған болуы қажет.


^ 9. Сумен жабдықтау және су бұру секторын кадрмен қамтамасыз ету


      Ескерту. 9-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.


      Қазіргі уақытта пайдаланушы кәсіпорындар, жобалық ұйымдар, жергілікті және республикалық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің аппараттары, оқу орындары «Су ресурстары және су пайдалану» мамандығы бойынша білікті кадрларға тапшы.
      Қазіргі уақытта, 7 ЖОО ҚР су секторы үшін кадрларды даярлауды қамтамасыз етуде: Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті - Алматы қаласы, Еуразия Ұлттық Университеті - Астана қаласы, Қызылорда мемуниверситеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті, Атырау және Тараз мемуниверситеттері.
      Сала үшін мамандар "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы шеңберінде даярланады. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануға беру үшін ЖОО мамандар даярламайды.
      Бұдан басқа, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мамандықтар бойынша 26 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнында, сондай-ақ 21 кәсіпкерлік лицейде және 5 колледжде кадрларды даярлау жүргізілуде, бұл ретте, 2008-2009 оқу жылдары «Сумен ресурстары және су пайдалану» мамандығы бойынша бітіргендер 19 адамды құрады.
      Тұрақты ғылыми-техникалық прогресс инновациялық есептеу аспаптарымен сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңғыртылған желісінің болуын талап ететінін ескере отырып, сала қазіргі уақытта суды есептеу аспаптарының жаңа жоғары дәлдікте жүргізе білетін сертификаттары бар жұмыскерлерді қажет етеді.
      Сезімталдығы жоғары, нақтылығы төмен классты суды есептеудің арзан аспаптарын пайдалану, үйге ортақ есептеу аспаптарының жоқтығы, аспаптарды дұрыс монтаждамау пайдаланылған суды дұрыс есептемеу коммерциялық шығындарға әкеледі, тиісінше пайдаланушы кәсіпорындар елеулі түрде табысын суды тұтынушыға қойылған құнынан оншақты пайызын жоғалтады.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің деректері бойынша геология саласы және су секторы саласы гидрогеолог мамандарына аса зәру. Соңғы жылдары жоғары білікті инженер-гидрогеолог мамандарын даярлау тоқтатылған, қазіргі жоғары білім сыныптамасында мұндай мамандық қарастырылмаған.
      Бүгінгі күні бұл саладан кадрлар көптеп кетуде. Негізінен салада жұмыс істейтін инженер-техник қызметкерлерінің білімі қажетті біліктілікке сай келмейді. Сонымен бірге республикада, жалпы, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі жоқ.
      Жалпы, өткен кезеңде мемлекеттің халықты ауыз сумен жабдықтауға және су бұруға бағытталған іс-шараларды іске асыруы кезінде мынадай кемшіліктер анықталды:
      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту мен дамыту жұмыстарын жоспарлаған кезде жүйелік тәсіл мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қажетті өзара іс-қимылының болмауы;
      су қорының (ашық су айдыны) шектеулі болуына байланысты сумен және суды бұру мәселесін шешуде кешенді тәсілдің жоқтығы;
      сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру барысы мониторингінің болмауы;
      сумен жабдықтау және су бұру жобалары ЖСҚ әзірлеу деңгейінің төмендігі;
      жер асты суларының қорларын растамай сумен жабдықтау жобаларын іске асыру;
      тұтынушыларға берілетін судың есепке толық алынбауы;
      кәсіпорындардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын инвестициялық ресурстарының жеткіліксіздігі;
      сумен жабдықтаудың және су бұрудың қолданыстағы жүйелерін техникалық пайдаланудың қажетті деңгейінің болмауы;
      білікті кадрлардың тапшылығы мен тұрақтамауы және салалық мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесінің жоқтығы.


2-кесте


^ 10. Су шаруашылығы секторының мүмкіндіктерін және ықтимал қатерлерін, күшті және әлсіз жақтарын талдау



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Қатерлер (Тәуекелдер)

Мүмкіндіктер

1

2

3

4

мемлекеттің қолдауы

су шаруашылығы секторының құрылысын және қайта жаңғыртылуын жоспарлауда жүйелі тәсілдің болмауы

сумен жабдықтау және су бұру жүйесі жобаларын іске асыруда бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану

жеке инвестициялар тарту

сумен жабдықтау және су бұру желілерінің қолданыстағы инфрақұрылымының болуы

сумен жабдықтау және су бұру желілері тозуының жоғары деңгейі;
жаңа және қолданыстағы сумен жабдықтаудың және су бұру жүйелерінің құрылысына және қайта жаңартуларға мемлекеттік инвестициялардың жеткіліксіздігі, ауылдық жерлерде мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдардың болмауы

сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің қанағаттанғысыз техникалық жай-күйі;
аварияның өсуі;
тәулік бойы су берудің болмауы;
тұтынатын су сапасының нашарлауы.

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жай- күйін жақсарту;
суды тазалау және суды әзірлеу шығындарын ұлғайту, материалдық — техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру

су шаруашылығы секторының өтімділігі

инновациялық-инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке операторларды тартудың төмен деңгейі, біліктілігі жоғары мамандардың болмауы

инновациялық-инвестициялық жобаларды енгізудің болмауы, қабілетті жас мамандарды жұмысқа тарту тетігінің болмауы

сумен жабдықтау және су бұру саласындағы бизнес ортаны дамыту; Мемлекеттік-жеке әріптестік (бұдан әрі -МЖӘ) шартында жүзеге асырылатын инновациялық-инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке операторларды тарту

сумен жабдықтау және су бұру объектілерін дамытуға және жаңғыртуға шетелдік қаржы институттарының мүдделілігі

қолайсыз инвестициялық ахуал; ауыл халқының төлем қабілеттілігінің төмендігі;
сумен жабдықтау және су бұру желілері тозуының жоғары деңгейі;
халықтың төмен тығыздығы және ауқымды қашықтықтарға су тасымалдау үшін су тарту құрылысының қажеттілігі

инфляцияның өсуі;
халықтың әлеуметтік наразылығы

шетел инвестицияларын тарту мүмкіндігі;
МЖӘ тетіктерін дамыту;
тариф белгілеудің прогрессивті әдістерін қолдану

сараланған тарифтерді пайдалану

5 және одан ұзақ жылдарға арналған ұзақ мерзімді тарифтердің болмауы және орта мерзімділер санының аз болуы

инфляцияның өсуі, халықтың әлеуметтік наразылығы

аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету

су факторына байланысты науқастануларды төмендету

пайдаланушы ұйымдардың болмауы

сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жабдықтарының қызмет мерзімінен бұрын істен шығуы

әрбір ауданда пайдаланушы ұйым және әрбір ауылдық елді мекенде пайдаланушы топ құру

жер асты тұщы су қорының жеткілікті деңгейі

ел аумағындағы жер асты су қорларының бірдей бөлінбеуі, жер асты тұщы суларының қазіргі қорын жеткілікті пайдаланбау

ұңғымаларды пайдалану режимдерін бұзу нәтижесінде жер асты су көздерінің сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көптігі, жер асты суларының техногендік ластануы

иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды шаруашылық айналымға тарту, жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру; су қорғау, техникалық және санитарлық іс - шараларды іске асыру; су тазалау станцияларында суды өңдеу технологияларын жетілдіру; жер асты суын жинау және мониторингілеу, тасымалдау және суды бөлу жүйелерін дамыту


1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Кет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
2011 2020 жылдарға арналған \"Ақ бұлақ\" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы