|
20.12.2013 ж. №02-02/12 «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына бюджеттен бөлінген қаражаттың және активтерінің пайдалануының тиімділігіне бақылау нәтижесі туралы Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына бюджеттен бөлінген қаражаттың және активтерінің пайдалануының тиімділігіне бақылау нәтижесі қаралды. Бақылау нәтижесінде, Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамаларының талаптары сақталмағаны анықталды. Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысымен «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жарғылық капиталын қалыптастыруға бюджеттік инвестиция қаржылық–экономикалық негіздеме мен экономикалық қорытындысы дайындалмай, бөлінген. Кәсіпорын қызметкерлеріне жалақыларын, үстемақысын және іс- сапар шығындарын өтеуде жалпы сомасы 1858,6 мың теңге артық төлеген. Автокөліктерге шығындалатын жанар- жағар май нормалары сақталмай және қысқы мезгілді жанар- жағар май дұрыс анықталмау салдарынан жалпы сомасы 1168,9 мың теңгеге артық шығысталған. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек ақы есептеу Ережесі заңнамадағы өзгерістерге сәйкестендірілмеген. Кәсіпорында мемлекеттік сатып алуда жалпы сомасы 219 535,7 мың теңгеге заң бұзушылықтар жіберілген. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.«Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына бюджеттен бөлінген қаражаттың және активтерінің пайдалануының тиімділігіне бақылау нәтижесінің қорытындысы бекітілсін. 2.«Ақтау қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, алдағы уақытта мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды қаржылық-экономикалық негіздеме мен экономикалық қорытынды негiзiнде жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылсын. 3. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның заң бұзушылықтары мен кемшіліктеріне назар аудару ұсынылсын. 4. «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына: 1) Кәсіпорын қызметкерлеріне артық төленген жалпы сомасы 1858,6 мың теңге жалақы, үстемақы және іс- сапар шығындарын өтеуді; 2) Автокөліктерге нормадан тыс шығысталған 1168,9 мың теңгені құрайтын жанар- жағар май шығынын қалпына келтіруді; 3) Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек ақы есептеу Ережесі қолданыстағы Заңнамаға сәйкестендірілсін; 4) Мемлекеттік сатып алу заңнамасын қатаң сақтауды және жалпы сомасы 10732,9 мың теңге тұрақсыздық айыбын өтеуді ұсынамын. 5) Анықталған кемшіліктерді жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды ұсынамын. 5. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.С. Кошмагамбетоваға: Бақылау нәтижесімен анықталған кемшіліктер бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін мемлекеттік сатып алу және басқа да заң бұзушылықтар бойынша «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бақылау материалын Ақтау қалалық прокуратурасына жолдау тапсырылсын. 6. Қаулыды көрсетілген барлық мемлекеттік органдарға бақылау қорытындысы бойынша қабылданған шаралар туралы Маңғыстау облысының тексеру комиссиясына 2014 жылдың 20 қаңтарына дейін міндетті түрде хабарлау тапсырылады. 7. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 140 бабының 1 тармақшасына сәйкес қаулының орындалуы міндетті болып табылады. 8. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 356–бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар) өз құзыреті шегінде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 9. Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі Ж.К. Кошмагамбетоваға жүктелсін. Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Н. Жаңбырбаев |