Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница8/14
Дата конвертации17.05.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

               бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi иелiктен
               шығару

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      ^ 117-бап. Жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiк мүлiктiң
               құрамына түскен мүлiктi иелiктен шығару

      Осы Заңның 210-бабында көзделген жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түскен мүлiктi иелiктен шығару осы Заңның 213-бабында белгiленген рәсiмдер шеңберiнде жүзеге асырылады.

      ^ 118-бап. Дiни бiрлестiктердiң меншiгiне ғибадат үйлерiн
               (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы
               өзге де мүлiктi беру

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекет меншiгiндегi ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктердiң меншiгiне беруге құқылы. Дiни бiрлестiктердiң өздерiне ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) iргелес жатқан аумағымен қоса берiлуiне басым құқығы бар.
      2. Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктердiң меншiгiне беру тәртiбi «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес айқындалады.

      ^ 119-бап. Мемлекеттiк заттай грантты жеке меншiкке беру

      Республикалық немесе коммуналдық мүлiкке жататын мемлекеттiк заттай грантты жеке меншiкке беру «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және талаптармен жүргiзiледi.

      ^ 120-бап. Мемлекеттiк мүлiктi шағын кәсiпкерлiк
               субъектiлерiнiң меншiгiне өтеусiз беру

      1. Сауда-делдалдық қызметтi қоспағанда, бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерi өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету салаларын дамыту үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлiкпен басқаруға шарт жасалған кезден бастап бiр жыл өткен соң кейiннен меншiкке өтеусiз беру арқылы берiлуi мүмкiн.
      2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенiмгерлiкпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшелерi немесе жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.
      3. Өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету салаларын дамыту үшiн мүлiктiк жалдауға (жалға алу) немесе сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне өтеусiз беру мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенiмгерлiкпен басқару шарттары жасалған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн, оларда көзделген талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету салаларын дамыту үшiн кейiннен меншiкке өтеусiз бере отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлiкпен басқаруға беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      ^ 121-бап. Мемлекетке тиесiлi болмайтын мүлiктi және
               жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiк мүлiктiң
               құрамына түскен мүлiктi иелiктен шығару

      1. Егер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына орай мемлекетке тиесiлi болмайтын мүлiк мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түссе, осы мүлiкке құқықты иеленген кезден бастап бiр жыл iшiнде бұл мүлiк иелiктен шығарылуға тиiс, ал мүлiктi өткiзуден түскен қаражат бюджет есебiне жатқызылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiк осы Заңның 213-бабының қағидалары бойынша иелiктен шығарылады.

^ 5-БӨЛIМ. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

11-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТ МҮЛКIНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ

^ 1-параграф. Мемлекеттiк заңды тұлғалар туралы жалпы ережелер

      122-бап. Мемлекеттiк заңды тұлғалардың мүлкiне қатысты
               мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге асыру

      1. Республикалық заңды тұлғалардың мүлкiне қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң құқықтарын Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң құқықтарын жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк орган атқарады.
      2. Республикалық заңды тұлғаларды басқаруды тиiстi салалардың уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi саланың уәкiлеттi органын айқындамаған республикалық заңды тұлғаларға қатысты, сондай-ақ тиiстi саланың уәкiлеттi органында мемлекеттiк заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын құқықтар тоқтатылған кезде тиiстi саланың уәкiлеттi органының функцияларын мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган атқарады.
      4. Коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң құқықтарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
      5. Жергiлiктi атқарушы орган тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң коммуналдық заңды тұлғаларын басқаруды жүзеге асыратын орган ретiнде әрекет етедi.

      ^ 123-бап. Мемлекеттiк заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу
               және қайта тiркеу

      1. Мемлекеттiк заңды тұлға мемлекеттiк тiркелген кезден бастап құрылды деп есептеледi және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
      Мемлекеттiк заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, сондай-ақ «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттiк заңды тұлға қайта тiркелуге жатады.

      ^ 124-бап. Мемлекеттiк заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары

      1. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай құжаты – жарғы, ал мемлекеттiк мекеменiң құрылтай құжаты жарғы немесе ереже болып табылады.
      Республикалық мемлекеттiк мекеменiң жарғысын (ережесiн) – тиiстi саланың уәкiлеттi органы, ал коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң жарғысын (ережесiн) жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын – мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң құқықтарын жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк орган, ал коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
      2. Мемлекеттiк заңды тұлғаның жарғысында (ережесiнде):
      1) мемлекеттiк заңды тұлғаның түрi туралы нұсқау;
      2) атауы (фирмалық атауы);
      3) құрылтайшы және тиiстi саланың уәкiлеттi органы туралы мәлiметтер;
      4) тұрған орны;
      5) қызметiнiң нысанасы мен мақсаттары;
      6) басшысының өкiлеттiгi;
      7) байқау кеңесi құрылған жағдайларда оның өкiлеттiгi;
      8) жұмыс режимi;
      9) мүлiктiң құралу тәртiбi;
      10) қайта ұйымдастыру және тарату талаптары болуға тиiс.
      Жарғыда (ережеде) заңды тұлға мен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның), заңды тұлға мен тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның), заңды тұлғаның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар да айқындалады. Жарғыда (ережеде) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк орган болып табылатын мемлекеттiк мекеменiң құрылтай құжатына, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе оны құру жөнiндегi жеке актiде өзгеше көзделмесе, осы баптың қағидалары қолданылады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi жарғының (жалпы ереженiң) негiзiнде мемлекеттiк мекеме тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның) шешiмi бойынша, ал мемлекеттiк кәсiпорын мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) шешiмi бойынша қызметтi жүзеге асырады.

      ^ 125-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауы,
               мемлекеттiк мекеменiң атауы

      1. Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауында мемлекеттiк меншiк түрiне (республикалық немесе коммуналдық) тиесiлiлiгi, ведомстволық бағыныстылығы көрсетiлуге тиiс. Жедел басқару құқығындағы кәсiпорынның фирмалық атауында оның қазыналық екендiгi де көрсетiлуге тиiс.
      Мемлекеттiк мекеменiң атауында мемлекеттiк меншiк түрiне (республикалық немесе коммуналдық) тиесiлiлiгi, ұйымдық-құқықтық нысаны және ведомстволық бағыныстылығы көрсетiлуге тиiс. Мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелердiң атауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе оларды құру жөнiндегi жеке актiде айқындалады.
      2. Мемлекеттiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және заңды тұлғаның атауы жазылған мөрi болады.

      ^ 126-бап. Мемлекеттiк заңды тұлға қызметiнiң нысанасы мен
               мақсаттары

      1. Мемлекеттiк мекеме қызметiнiң нысанасы мен мақсаттарын тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) айқындайды және мемлекеттiк мекеменiң жарғысында (ережесiнде) бекiтiледi.
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын түрiнiң (шаруашылық жүргiзу құқығындағы немесе қазыналық кәсiпорын) анықтамасын – осы Заңның 134-бабының талаптарына сәйкес тиiстi саланың уәкiлеттi органының ұсынуы бойынша мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган, ал коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын түрiнiң анықтамасын жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
      2. Мемлекеттiк заңды тұлғаларға (мемлекеттiк органдардан басқа) мемлекеттiк бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берiлмейдi.
      3. Егер осы Заңның 135-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк заңды тұлға басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
      4. Мемлекеттiк заңды тұлғаларға жарғыда (ережеде) бекiтiлген өз қызметiнiң нысанасы мен мақсаттарына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелер жасауға тыйым салынады.
      5. Мемлекеттiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгiлi бiр шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк заңды тұлға басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметтi жүзеге асыруға бағытталған iс-әрекеттерi еңбек мiндеттерiн бұзу болып табылады және тәртiптiк және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

      ^ 127-бап. Мемлекеттiк заңды тұлғаның мүлкi

      1. Мемлекеттiк заңды тұлғаның мүлкiн заңды тұлғаның активтерi құрайды, оның құны өзiнiң балансында көрсетiледi.
      2. Мемлекеттiк заңды тұлғаның мүлкi бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерi, пайлар) бойынша, оның iшiнде мемлекеттiк заңды тұлғаның қызметкерлерi арасында бөлiнбейдi.
      3. Мемлекеттiк заңды тұлғаның мүлкi:
      1) оған меншiк иесi берген мүлiк;
      2) өз қызметi нәтижесiнде ие болған мүлiк (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптасады.

      ^ 128-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығына және жедел басқару
               құқығына ие болу және оны тоқтату

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, шаруашылық жүргiзу құқығына және жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде меншiк құқығына және өзге де заттық құқыққа ие болу және оны тоқтату үшiн көзделген талаптармен және тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншiк иесiнiң шешiмiмен өзгеше көзделмесе, меншiк иесi бұрын құрылып қойған мемлекеттiк заңды тұлғаға бекiтiп беру туралы шешiм қабылдаған мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оны жедел басқару құқығы осы мемлекеттiк заңды тұлғада мүлiк оның балансына бекiтiп берiлген кезде пайда болады.
      3. Шаруашылық жүргiзудегi (жедел басқарудағы) мүлiктi пайдаланудан алынған жемiстер, өнiм мен табыстар, сондай-ақ шарттар немесе өзге де негiздер бойынша мемлекеттiк заңды тұлға сатып алған мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында меншiк құқығына ие болу үшiн белгiленген тәртiппен мемлекеттiк заңды тұлғаның шаруашылық жүргiзуiне (жедел басқаруына) түседi.
      4. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу (жедел басқару) құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 249-бабында меншiк құқығын тоқтату үшiн көзделген негiздер бойынша және тәртiппен, сондай-ақ осы Заңның 144, 154, 162-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

      ^ 129-бап. Мемлекеттiк меншiк не ведомстволық бағыныстылық
               түрiнiң өзгеруi кезiнде мемлекеттiк заңды
               тұлғаның мүлiкке құқықтарды сақтауы

      Мемлекеттiк заңды тұлғаның мүлкiн республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке немесе керiсiнше, не тиiстi саланың бiр уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның) бағынысынан екiншiсiнiң бағынысына берген кезде мұндай мемлекеттiк заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке құқықтарды сақтайды.

      ^ 130-бап. Мемлекеттiк заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және
               тарату

      1. Республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген басқа негiздер бойынша да таратылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен тиiстi саланың уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
      Коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.
      2. Таратылған мемлекеттiк заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлкiн мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) қайта бөледi.
      Таратылған мемлекеттiк заңды тұлғаның мүлкiн өткiзу нәтижесiнде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақшасы тиiстi бюджет кiрiсiнiң есебiне жатқызылады.

      ^ 131-бап. Мемлекеттiк органдардың заңсыз әрекеттерiне
               (әрекетсiздiгiне) мемлекеттiк заңды тұлғаның
               шағымдануы

      Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның және тиiстi саланың уәкiлеттi органының, жергiлiктi атқарушы органның мүлiктi қайта бөлуге байланысты әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың заңсыз әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ мемлекеттiк заңды тұлғаның құқықтарын бұзатын басқа да әрекеттерге (әрекетсiздiкке) мемлекеттiк заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.

^ 2-параграф. Мемлекеттiк кәсiпорын туралы жалпы ережелер

      132-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар түрлерi

      Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
      1) шаруашылық жүргiзу;
      2) жедел басқару (қазыналық кәсiпорындар) құқықтарына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар жатады.

      ^ 133-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды құру, қайта ұйымдастыру
               және тарату

      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынды – Қазақстан Республикасының Үкiметi, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынды жергiлiктi атқарушы орган құрады.
      2. Мемлекет қоғам мен мемлекеттiң қажеттерiне қарай айқындалатын әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу мақсатында мынадай жағдайларда:
      1) мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн, қорғаныс қабiлетiн және қоғам мүддесiн қорғауды қамтамасыз етудiң өзге мүмкiндiгi жоқ болса;
      2) мемлекетке тиесiлi стратегиялық объектiлердi пайдаланғанда және оны күтiп ұстағанда;
      3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған салалардағы қызметтi жүзеге асыру үшiн;
      4) бәсекелестiк жоқ не бәсекелестiк жете дамымаған қоғамдық өндiрiс салаларындағы тауарларды өндiруге қоғамдық қажеттiлiк болғанда мемлекеттiк кәсiпорындар құрады.
      3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құрады.
      Қалған жағдайларда мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (республикалық кәсiпорындарды) немесе жергiлiктi атқарушы органдар (коммуналдық кәсiпорындарды) құрады.
      Мемлекеттiк кәсiпорындарды құру осы Заңның 134-бабында белгiленген шектеулер ескерiле отырып, «Бәсекелестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және тарату осы бапта белгiленген ерекшелiктерiмен қоса, осы Заңның 130-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      5. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру – мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген тиiстi саланың уәкiлеттi органының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      6. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру бойынша барлық шығыстар, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорынның өзiнде жеткiлiктi қаражат болмаған кезде қайта құрылатын мемлекеттiк кәсiпорынның өз кредиторларымен есеп айырысулары тиiстi бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
      7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның негiзiнде құрылатын қазыналық кәсiпорын оған бұрын бөлiнген мемлекеттiк мүлiк және ақша бойынша, сондай-ақ жер пайдалану, табиғат пайдалану, жер қойнауын пайдалану, квоталар, лицензиялар беру және бұрын жасалған шарттар бөлiгiнде, егер осылар жаңадан құрылған қазыналық кәсiпорын қызметiнiң нысанасы мен мақсаттарына сәйкес келетiн болса, қайта құрылатын мемлекеттiк кәсiпорынның құқықтық мирасқоры болып табылады.
      8. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру кезiнде оған бекiтiлiп берiлген мүлiктiң құқықтық режимi мемлекеттiк кәсiпорынды қайта құру туралы шешiм қабылданған кезден бастап шаруашылық жүргiзу құқығынан жедел басқару құқығына ауысады.

      ^ 134-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң мақсаты

      1. Осы Заңның 133-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттiк кәсiпорындар құрылуы мүмкiн, ал бұрын құрылғандары осы бапта көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн ғана жұмыс iстеуi мүмкiн.
      2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар өз қызметiн:
      1) елдi мекендердiң тыныс-тiршiлiгiн (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау және коммуналдық қалдықтарды көму) қамтамасыз ету;
      2) табиғат пайдаланудың және орман өсiрудiң шектеулi режимi бар орман саябақтары, жасыл және қорғаныш аймақтарын құру;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы мен оның ведомстволарының және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының өздерiне жүктелген функцияларын жүзеге асыруына ықпал ету;
      4) мемлекеттiк автомобиль жолдарын күтiп ұстау;
      5) денсаулық сақтау; жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру;
      6) спорттық-сауықтыру объектiлерiн, мәдениет және демалыс саябақтарын пайдалану;
      7) қолданбалы ғылыми зерттеулер;
      8) мемлекеттiк жер кадастрын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық деректер базасын, экологиялық ақпараттың мемлекеттiк қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттiк кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      9) мемлекет меншiгiндегi су шаруашылығы жүйелерiн және құрылыстарды күтiп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      10) өсiмдiктердi қорғау және өсiмдiктер карантинi, фумигация (зарарсыздандыру) және фитосанитариялық сараптама;
      11) тарих және мәдениет ескерткiштерiн ғылыми зерттеу, консервациялау, реставрациялау, қайта жасау, жөндеу және бейiмдеу жөнiндегi жұмыстарды орындау;
      12) теңiз портының қызметi;
      13) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға аэронавигациялық қызметтер ұсыну;
      14) мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыру және сақтау;
      15) техникалық реттеу және метрология саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;
      16) қылмыстық-атқару жүйесi саласында өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру және сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
      17) Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын дайындау;
      18) жануарлардың аса қауiптi аурулары мен энзоотикалық ауруларының диагностикасы, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары, байқаудан өткiзу, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасау;
      19) ұлттық гидрометеорологиялық қызметтiң функцияларын жүзеге асыру;
      20) радиожиiлiк спектрiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторингi бойынша жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, радиоэлектрондық құралдардың және радиожиiлiктi берулердiң тiзiлiмiн (деректер базасын) жүргiзу, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiнiң есебiн жүргiзу бойынша қызмет көрсету;
      21) мемлекеттiк авариялық жұмыс iстемей тұрған кенiштердi және көмiр кәсiпорындарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша жою және консервациялау, сондай-ақ олардың жұмысының зардаптарын жою саласында жүзеге асырады.
      3. Қазыналық кәсiпорындар өз қызметiн:
      1) төтенше және авариялық жағдайлар кезiнде тауда құтқару және өзге де арнайы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа да дүлей зiлзалалардан қорғау;
      2) денсаулық сақтау;
      3) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту, қосымша бiлiм беру, техникалық, кәсiптiк және орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру;
      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт;
      5) iргелi ғылыми зерттеулер;
      6) биологиялық әртүрлiлiктi және тектiк қорды сақтау мақсатында жануарлар, өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн қорғауды, тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсiрудi, сондай-ақ табиғатты (зоологиялық саябақтарды, ботаникалық бақтарды, дендрологиялық саябақтарды) қорғауды, орман қорын күзету және қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
      7) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу;
      8) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшiн арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      9) жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеу саласында жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк кәсiпорындарға - табиғи және мемлекеттiк монополия субъектiлерiне осы Заңда және «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.

      ^ 135-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкiне билiк ету

      1. Мемлекеттiк кәсiпорын өзi өндiрген өнiмдi дербес өткiзедi.
      2. Мемлекеттiк кәсiпорынның негiзгi құралдарға жататын мүлiктi сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негiзiнде иелiктен шығаруға құқығы жоқ.
      3. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
      Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын жергiлiктi атқарушы органның келiсiмiмен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
      Мемлекеттiк кәсiпорын – табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (жергiлiктi атқарушы органның) және табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органның келiсiмiмен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

      ^ 136-бап. Мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын

      1. Мүлiктiк меншiк ретiнде мемлекеттiк кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, оның iшiнде ғимараттар, құрылыстар, жабдық, құрал-сайман, шикiзат, өнiм, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлеулерге (фирмалық атауы, тауар таңбалары) құқықтар және басқа да ерекше құқықтар кiредi.
      2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты, онда осы кәсiпорын бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiнде қатысатын мәмiлелер (кепiлге беру, жалға алу және басқалары) жасау – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты – жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.

      137-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның заңсыз алған табыстарын
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы