Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница5/14
Дата конвертации17.05.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

              байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
              жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару
              туралы хабарлау тәртiбi

      1. Атқарушы орган немесе жоғары тұрған органның тапсырмасы бойынша төменгi тұрған орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулы жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей, меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы жазбаша хабарламаны оған жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарттың жобасын қоса тiркеп, пошта жөнелтiлiмiн алғаны туралы хабарламаны мiндеттi түрде алатындай етiп, пошта арқылы жiбередi. Пошта жөнелтiлiмiн алғаны туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген құжаттар қайтадан жiберiледi.
      2. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы хабарлама заңдық талап ретiнде «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жатады.

      ^ 65-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
              байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
              жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару

      1. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулыда белгiленген мерзiмдер өткеннен кейiн меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушының келiсiмiмен не сот шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Концессиялық жобаларды iске асыру мақсатында жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруды жергiлiктi атқарушы органдар концессия шартында көзделген талаптар мен мерзiмдерде, бiрақ концессия объектiсiн немесе концессия объектiсiнiң аяқталмаған құрылысын мемлекеттiк меншiкке беруден кешiктiрмей, олар сатып алған жер учаскелерiн концедентке беру шартымен концессионердiң қаражаты есебiнен жүзеге асыруы мүмкiн.
      3. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт немесе соттың шешiмi жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруға негiз болып табылады.
      Сотта дау айтылмаған немесе осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген, осы Заңның 63-бабының 4-тармағына сәйкес күшi жойылмаған қаулы, сондай-ақ осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiптi бұзу жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруды жүргiзуге негiз болмайды.
      4. Жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын, сондай-ақ мемлекеттiң жер учаскесiне және өзге де жылжымайтын мүлiкке құқығын тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарттың немесе сот шешiмiнiң және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулыны қабылдаған органның өтiнiшiнiң негiзiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органда мемлекеттiк тiркелуге жатады.
      5. Жергiлiктi атқарушы орган тиiстi жергiлiктi өкiлдi органға жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт жобасын меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер учаскесiн немесе оған құқықтарды мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап екi ай мерзiмде табыс етедi.
      Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт жобасын жергiлiктi өкiлдi органның тұрақты комиссиясы ол енгiзiлген сәттен бастап екi апта мерзiмнен кешiктiрмей, меншiк иесiн және иелiктен шығарылатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетiн тұлғаларды мiндеттi түрде шақыра отырып қарайды.
      Мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын мүлiктiң меншiк иесiмен немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушымен және мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiнде иелiктен шығарылатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетiн басқа да тұлғалармен келiсiмге қол жеткiзiлген кезде жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шартты атқарушы орган жергiлiктi өкiлдi органмен келiсiм бойынша бекiтедi және оған меншiк иесi немесе жер пайдаланушы қол қояды.
      6. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шартта:
      1) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 87-бабында және осы Заңның 67-бабында белгiленген тәртiппен айқындалатын алып қойылатын жер учаскесiнiң бағасы және жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң не меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға алып қойылатын жер учаскесiнiң орнына берiлетiн жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамасы;
      2) егер алып қойылатын жер учаскесiнiң бағасы оның орнына берiлетiн жер учаскесiнiң бағасынан (құнынан) жоғары болса, құнының айырмасы;
      3) өтелуге жататын залалдардың, оның iшiнде жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты алып қойылатын жылжымайтын мүлiк құнының мөлшерi, олар мәжбүрлеп иелiктен шығаруға байланысты келтiрiлген жағдайда;
      4) жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты алып қойылатын жер учаскесiнiң немесе өзге де жылжымайтын мүлiктiң бағасын (құнын) төлеу мерзiмi немесе мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын жер учаскесiнiң орнына меншiк иесiне ұсынылатын жер учаскесiн (өзге де жылжымайтын мүлiктi) беру мерзiмi;
      5) мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын мүлiк құрамы;
      6) иелiктен шығарылатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетiн адамдардың тiзбесi;
      7) мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктi сатып алуға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртiбi қамтылуға тиiс.
      7. Мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулымен келiспеген және (немесе) онымен мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң құны және өтеуге жатқызылатын залалдардың мөлшерi туралы келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы хабарлама алған кезден бастап үш ай өткеннен кейiн, бiрақ осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иелiктен шығаруды жүзеге асыру мерзiмiнен (күнiнен) кешiктiрмей жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
      Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арыздар бойынша азаматтық iстер iстi сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралады және шешiледi.
      8. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арыздан бас тартылған жағдайда, талап-арыз келтiру және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулының қабылдануы нәтижесiнде меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға келтiрiлген зиян бюджеттен өтелуге тиiс.
      9. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi iс жүзiнде беру мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiнде алып қойылатын мүлiкке қатысты құқығы тоқтатылатын немесе шектелетiн меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы осы Заңда айқындалған тәртiппен жүргiзiлген тең бағалы өтемдi алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушының құқықтарының тоқтатылуын және мемлекеттiң осы мүлiкке құқықтарының туындауын мемлекеттiк тiркеу жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға өтемнiң төленгенiн растайтын құжатты ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.

      ^ 66-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
              байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
              жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару
              кезiндегi меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес
              жер пайдаланушының құқығы

      1. Меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмiнiң басталуы туралы хабарлама алған кезден бастап мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң құны және өтеуге жататын залалдар мөлшерi туралы келiсiмге қол жеткiзiлгенге дейiн немесе жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы сот шешiм қабылданғанға дейiн жер учаскесiне немесе өзге де жылжымайтын мүлiкке қатысты өзiне тиесiлi құқықты жүзеге асыра алады және осы мүлiктi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындар шығара алады. Бұл ретте меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы аталған кезеңде жаңа құрылысқа, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және өзге жылжымайтын мүлiк объектiлерiн кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалдарды өздерi көтеруге тәуекел етедi.
      Егер меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер учаскесiнiң бiр бөлiгi мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылғаннан кейiн қалған бөлiгiн бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкiл жер учаскесi иелiктен шығарылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген уақыт iшiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтар иелiктен шығару жолымен немесе өзге де негiздер бойынша басқа тұлғаға өткен кезде, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлыққа байланысты құқық иеленушi ауысқан кезде жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмi жаңа құқық иеленушiге қатысты қолданылады (жалғасады).

      ^ 67-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
              байланысты жер учаскесiнiң және өзге де
              жылжымайтын мүлiктiң құнын өтеу мөлшерi

      1. Меншiк иесiнiң мемлекеттен сатып алған, мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын жер учаскесiнiң құны (залалдарды есептемегенде) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, мемлекетке төленген сома мөлшерiнде айқындалады.
      Мемлекет ақысын бөлiп-бөлiп төлеу тәртiбiмен сатқан жер учаскесi үшiн ақы толық төленбеген (залалдарды есептемегенде) және оны мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiнде алып қойған кезде мәжбүрлеп иелiктен шығарылатын жер учаскесiнiң бағасы мемлекетке төленген сома мөлшерiнде айқындалады.
      2. Жеке тұрғын үй құрылысына, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн (егiстiк телiмдерiнен басқа) берiлген, жеке тұрғын үй тұрған, мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын жер учаскесiнiң құны жер учаскесiнiң құны мөлшерiнде және онда тұрған жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құнынан аспайтын мөлшерде айқындалады.
      Меншiк иесiне азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша немесе сот шешiмi бойынша өткен, мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын жер учаскесiнiң құны азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешiмiнде көрсетiлген, бiрақ нарықтық құнынан аспайтын мөлшерде айқындалады. Егер азаматтық-құқықтық шартта жер учаскесiнiң бағасы көрсетiлмеген жағдайда, жер учаскесiнiң құны оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша айқындалады.
      3. Жер учаскесiнде тұрған жылжымайтын мүлiктiң құны оның нарықтық құнынан аспайтын мөлшерде айқындалады.
      Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты иелiктен шығарылатын жер учаскесiнiң немесе өзге де жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құнын меншiк иесi немесе жер пайдаланушы жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алдағы мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы хабарламаны алған сәтке осы Заңның 208-бабына сәйкес тәуелсiз бағалаушы айқындайды.
      4. Мүлiк құны және жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару салдарынан меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген және (немесе) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының үшiншi тұлғалар алдында мiндеттемелерiн орындауын мерзiмiнен бұрын тоқтатуынан туындаған толық көлемдегi залалдар негiзге алына отырып, өтеу мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 9-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес айқындалады.
      Мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылатын жер учаскесiне қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетiн өзге тұлғаларға өтеу мөлшерi оларда мұндай мәжбүрлеп иелiктен шығару салдарынан туындайтын залалдар негiзге алына отырып айқындалады.
      5. Өтеу мөлшерi теңгемен айқындалады.
      6. Жер учаскесiнiң меншiк иесiмен немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушымен келiсiм бойынша оған мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiнде алып қойылатын жер учаскесiнiң орнына берiлетiн жер учаскесiнiң құнын немесе оған құқықтарды иелiктен шығарылатын жер учаскесiнiң құнына немесе оған құқықтарды кадастрлық (бағалау) құны бойынша есепке жатқыза отырып, басқа жер учаскесi берiлуi мүмкiн.

      ^ 68-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
              байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
              жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару
              кезiнде өтемдi төлеу нысандары мен төлеу
              мерзiмдерi

      1. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiнiң немесе өзге де жылжымайтын мүлiктiң құнын және өтелуге жататын залалдарды өтеу аталған мүлiкке меншiк құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске өткен кезге дейiн толық көлемде жүргiзiледi.
      2. Өтемдi төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      3. Өтемдi ақшадан басқа өзге мүлiкпен төлеуге Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс атынан жергiлiктi атқарушы орган мен мүлiктiң меншiк иесi арасында жасалған келiсiм бойынша жол берiледi. Көрсетiлген келiсiм жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу шарты нысанында жазбаша жасалады.
      4. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап не соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей бiржолғы өтем төлеу жүргiзiледi.
      5. Өтемдi төлеу мерзiмiн ұзартуды көздейтiн, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруды жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

      ^ 69-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
              байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
              жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару
              кезiндегi келiсiм рәсiмдерi

      1. Алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап бiр ай iшiнде жергiлiктi атқарушы органға тиiстi өтiнiш беру арқылы келiсiм рәсiмдерiне бастамашылық жасауға құқылы. Аталған өтiнiш берiлген күнi тiркеледi.
      2. Жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарттың жобасына меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушының жылжымайтын мүлiк, алып қойылатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетiн тұлғалар құрамы және өтелуге жататын залалдар мөлшерi бойынша ұсыныстарын бiр ай мерзiмде қарауға мiндеттi. Ұсыныстарды алған сәттен бастап, жергiлiктi атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiк құнына тәуелсiз бағалау жүргiзiлуiн ұйымдастыруға және мүлiктi сатып алуға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртiбiн айқындауға және мүлiкке меншiк құқығының өтуiне байланысты өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.
      3. Жергiлiктi атқарушы орган және мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы, сондай-ақ алып қойылатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетiн басқа да тұлғалар арасында келiсiмге қол жеткiзiлген кезде жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт жобасы жергiлiктi өкiлдi органға келiсуге жiберiледi.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мүдделi тұлғалардың бiрде-бiреуiмен мүлiктi беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      5. Мүлiкке меншiк құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске өткенге дейiн өтем төлеу туралы талаптарды және осы Заңның 67 және 68-баптарында белгiленген өтем төлеудiң өзге де шарттарын тараптардың келiсiмi бойынша жоюға болмайды.

^ 3-БӨЛIМ. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТI ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТI ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      ^ 70-бап. Мемлекеттiк мүлiктi иеленудiң және (немесе)
              пайдаланудың тәртiбi, шектерi мен шарттары

      1. Жеке тұлғалар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мүлiктiң пайдалы қасиеттерiн табу, сондай-ақ одан табыс, өсiм, жемiс, төл алу түрiнде және өзге де нысандарда пайда алу үшiн мемлекеттiк мүлiктi иеленуге және (немесе) пайдалануға құқылы.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi иелену және (немесе) пайдалану осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен, шектерде және шарттарда жүзеге асырылады.

      ^ 71-бап. Мемлекеттiк мүлiктi иелену және (немесе)
              пайдалану негiздерi

      1. Жеке тұлғалар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың мемлекеттiк мүлiктi иелену және (немесе) пайдалану негiздерi:
      1) шарттар және өзге де азаматтық-құқықтық мәмiлелер;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық салдарларды туындататын әкiмшiлiк актiлер;
      3) азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлейтiн сот шешiмдерi;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық салдары болатын оқиғалар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен әмбебап немесе өзге де құқықтық мирасқорлық болып табылады.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Мемлекеттiк мүлiктi иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.
      3. Иеленуге және (немесе) пайдалануға берiлген мемлекеттiк мүлiк осы Заңның 15-тарауының қағидаларына сәйкес мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне енгiзiледi.

      ^ 72-бап. Мемлекеттiк мүлiктi пайдалануға беру туралы
              шарттар

      1. Мемлекеттiк мүлiк мынадай:
      1) мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдау (жалға алу);
      2) мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару;
      3) мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану (несие);
      4) мердiгерлiк;
      5) мемлекеттiк мүлiк болып табылатын табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шарттарының негiзiнде пайдалануға берiлуi мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi пайдалануға беруге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен басқа азаматтық-құқықтық шарттардың негiзiнде жол берiледi.
      3. Жекешелендiруге жатпайтын стратегиялық объектiлер мен мемлекеттiк мүлiктi немесе тек қана мемлекетке тиесiлi мүлiктi пайдалануға беруге концессия шарты, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты және Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген өзге де шарттар бойынша жол берiледi.
      4. Мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға пайдалануға беру осы тарауда белгiленген ерекшелiктер мен шектеулер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының қағидаларына сәйкес шарттардың немесе әкiмшiлiк актiлердiң негiзiнде жүзеге асырылады.

      ^ 73-бап. Мемлекеттiк мүлiктi пайдалануға беруге уәкiлеттi
              субъектiлер

      Мемлекеттiк мүлiктi пайдалануға беру жөнiндегi өкiлеттiктерге:
      1) республикалық мүлiкке қатысты – мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      2) коммуналдық мүлiкке қатысты – жергiлiктi атқарушы орган ие болады.

^ 8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТI ИЕЛЕНУДIҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГIЗДЕРI

      74-бап. Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдау (жалға алу)
              шарты

      1. Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартына осы бапта, осы Заңның 114-бабының 4-тармағында, 120, 145-баптарында белгiленген ерекшелiктерiмен қоса, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ережелерi қолданылады.
      2. Жылжымалы және жылжымайтын мүлiк (заттар) мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдау (жалға алу) объектiсi болуы мүмкiн.
      3. Республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, республикалық мүлiк Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен берiледi.
      Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлiк облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары айқындайтын тәртiппен берiледi.
      Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiк осы Заңның 135, 145, 153 және 161-баптарында айқындалған тәртiппен мүлiктiк жалдау (жалға алу) шарты бойынша берiлуi мүмкiн.
      Ақшалар, бағалы қағаздар және мемлекеттiң мүлiктiк құқықтары мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартының объектiсi (нысанасы) болып табылмайды.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдауға берушi (жалға берушi) бола алады.
      Мемлекеттiк мүлiктi пайдалану құқығы мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салым ретiнде берiлуi мүмкiн.
      5. Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартының талаптары осы Заңда айқындалған шектеулер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтетiн үлгi шартпен айқындалады.
      6. Күрделi жөндеудi жүзеге асыру жөнiндегi мiндет мемлекеттiк мүлiктi жалдаушыға (жалға алушыға) жүктелген жағдайда мемлекеттiк мүлiктi күрделi жөндеудiң құны мүлiктiк жалдау (жалға алу) шарты бойынша төлемдердiң есебiне жатқызылады. Мемлекеттiк мүлiкке күрделi жөндеу жүргiзудiң құны мен басқа да шарттары мемлекеттiк мүлiктi жалдауға берушiмен (жалға берушiмен) жазбаша келiсiлуге тиiс.
      7. Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдау (жалға алу) шарты осы Заңның 105, 106, 120, 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда жалдаушыға (жалға алушыға) жалдауға (жалға алуға) берiлген мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару туралы талапты көздеуi мүмкiн.
      8. Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 401 - 404, 556-баптарының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
      Мүлiктiк жалдау (жалға алу) шарты бойынша берiлген мемлекеттiк мүлiктiң нысаналы мақсатта пайдаланылмауы шартты елеулi түрде бұзу және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген қағидалар бойынша шартты бұзу үшiн негiз болып табылады.
      9. Жалдаушы (жалға алушы) жалдауға берушiнiң (жалға берушiнiң) келiсiмiмен жүргiзген мемлекеттiк мүлiктi ажыратуға болмайтын жақсартудың құны тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
      10. Мемлекеттiк меншiк болып табылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға беруге арналған шартты жасасудың ерекшелiктерi «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұралар объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады. Егер тарих және мәдениет ескерткiштерiне жойылу немесе бүлiну қаупi төнсе, пайдалануында тарих және мәдениет ескерткiштерi бар тұлғаны сот шешiмi бойынша оларды пайдалану құқығынан айырған жағдайда шарт бұзылған болып есептеледi.

      ^ 75-бап. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты

      1. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартына осы Заңның 120, 145, 176-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген ерекшелiктерiмен қоса Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ережелерi қолданылады.
      2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерi, мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздар, мүлiктiк құқықтар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерi), ақша мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының объектiсi болады.
      Өзге мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенiмгерлiкпен басқару шартының объектiсi болады.
      3. Республикалық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгiленбесе, республикалық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгiленбесе, коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушы болады.
      5. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы болып табылады.
      6. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының талаптары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың үлгi шартын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      7. Сенiмгерлiкпен басқарушы өзiне мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша берiлген жылжымайтын мүлiктi тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының жазбаша келiсiмiмен иелiктен шығаруға немесе кепiлге беруге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, сенiмгерлiкпен басқарушы жылжымайтын мүлiкке билiк етуге құқылы.
      8. Сенiмгерлiкпен басқарушының мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару кезiнде өзi шығарған қажеттi шығыстарды өзiне сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мүлiктi пайдаланудан түскен табыстар есебiнен ғана өтеуге құқығы бар.
      Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шартта көзделсе, сенiмгерлiкпен басқарушының сыйақы алуға құқығы бар.
      9. Сенiмгерлiкпен басқарушы мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы болып табылатын уәкiлеттi мемлекеттiк органға мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында белгiленген мерзiмде және тәртiппен өз қызметi туралы есеп бередi.
      10. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында сенiмгерлiкпен басқарушының мемлекеттiк мүлiкке билiк ету бойынша шектеулер белгiленедi.
      Сенiмгерлiкпен басқарушының өзiне белгiленген шектеулердi бұза отырып жасаған мәмiлелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жарамсыз деп танылады.
      Сенiмгерлiкпен басқарушының мемлекеттiк мүлiктi өзiне берiлген өкiлеттiктердi асыра пайдалану арқылы немесе өзiне белгiленген шектеулердi бұза отырып жасаған мәмiлелерiнен туындайтын мiндеттемелер бойынша құқықтар мен мiндеттер сенiмгерлiкпен басқарушыда туындайды.
      11. Сенiмгерлiкпен басқарушы мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды жеке өзi жүзеге асырады.
      Сенiмгерлiкпен басқарушы өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк мүлiктi басқару үшiн қажеттi iс-әрекет жасауды, егер оған мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында осыған уәкiлеттiк берiлген болса не құрылтайшының мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн мән-жайларға байланысты осыған мәжбүр болса және бұл ретте оның нұсқауларын сұратып алуға мүмкiндiгi болмаса, басқа тұлғаға тапсыра алады. Бұл ретте сенiмгерлiкпен басқарушы өзi таңдап алған сенiм бiлдiрiлген адамның iс-әрекетi үшiн де өзiнiң iс-әрекетiндей жауап бередi.
      Сенiмгерлiкпен басқарушы басқаға сенiм бiлдiру туралы құрылтайшыға дереу хабарлауға мiндеттi. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушының құрылтайшысы бұл жағдайда сенiмгерлiкпен басқарушыға бұрын шығарылған шығыстарды өтеп, ал мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында көзделген жағдайларда – залалдарды өтеп, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтату туралы мәлiмдеуге құқылы.
      12. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздер бойынша өзгертiледi және бұзылады.
      Мемлекеттiк мүлiктi оның бiр түрiнен екiншiсiне немесе жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне беру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтатпайды.
      13. Тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша шарт тоқтатылған жағдайда екiншi тарап, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шартта өзгеше мерзiм көзделмесе, кемiнде үш ай бұрын хабардар етiлуге тиiс.
      14. Осы Заңның 105, 106, 120, 145, 176-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда, мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты сенiмгерлiкпен басқарушыға сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару туралы талаптарды көздеуi мүмкiн.

      ^ 76-бап. Мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты

      1. Мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шартына осы Заңның 77, 120, 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген ерекшелiктерiмен қоса, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты (несие шарты) туралы ережелерi қолданылады.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты бойынша мемлекеттiк мүлiк осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда ғана берiлуi мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты осы Заңның 120-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда несие алушыға өтеусiз пайдалануға берiлген мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару туралы талаптарды көздеуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты бойынша берiлген мемлекеттiк мүлiктi кез келген жақсарту мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылады. Мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты тоқтатылған кезде мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) келiсiмiмен жүргiзiлген ажыратуға болмайтын жақсартудың құны тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтелуге жатады.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекет меншiгiндегi және тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктерге өтеусiз пайдалануға берген жағдайда мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты жасалады. ҒИбадат үйлерi (ғимараттары) мен өзге де мүлiктi өтеусiз пайдалануға беру тәртiбi «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.

      77-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды өтеусiз пайдалануға
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы