Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница3/14
Дата конвертации17.05.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
16-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
               астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
               қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдарының
               коммуналдық мүлiктi басқару жөнiндегi құзыретi

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органы:
      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң коммуналдық мүлiктi басқару мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң коммуналдық мүлкiн дамытуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлейдi;
      3) жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн сатып алу туралы шарттардың жобаларын келiседi.

      ^ 17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
               астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
               құзыретi

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) өз құзыретi шегiнде облыстық коммуналдық мүлiктi басқару саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) аудандық коммуналдық мүлiктi басқару саласында өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының жұмысын үйлестiредi;
      3) облыстық коммуналдық мүлiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      4) облыстық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдайды;
      5) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзедi;
      6) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлiк қоғамдардың өздерiне тиесiлi акцияларын, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн иелiктен шығару туралы шешiмдер қабылдайды;
      7) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесiн), оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органға оcыған уәкiлеттiк бередi;
      8) облыстық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;
      9) облыстық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептерiн қарайды, бекiтедi және осы Заңда көзделген жағдайларда келiседi;
      10) облыстық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      11) облыстық коммуналдық мүлiктi облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп бередi;
      12) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкiлдiктер құруына келiсiм бередi;
      13) облыстық коммуналдық мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғамдардың акцияларын төлеуге беру туралы шешiм қабылдайды;
      14) акционерлiк қоғамдардың акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн облыстық коммуналдық мүлiк құрамына сатып алу туралы шешiм қабылдайды;
      15) осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда және тәртiппен облыстық коммуналдық мүлiктi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкiнiң деңгейiне беру туралы шешiм қабылдайды;
      16) тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иесiнен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдайды;
      17) облыстық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, жалға алуға, өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiкпен басқаруға беру туралы шешiм қабылдайды;
      18) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде осы Заңның 4-тарауында белгiленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешiм қабылдайды;
      19) осы Заңның 4-тарауында белгiленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланатын мүлiкке ақшалай өтем төлейдi;
      20) осы Заңның 6-тарауында белгiленген жағдайларда жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарған кезде өтем төлейдi;
      21) жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы немесе мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
      22) жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт жасайды;
      23) облыстық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етедi;
      24) облыстық коммуналдық мүлiктiң есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
      25) облыстық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      26) облыстық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен меншiгiне өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;
      27) сенiмгерлiкпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша мiндеттемелерiн орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      28) өзiне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      ^ 18-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
               жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) өз құзыретi шегiнде аудандық коммуналдық мүлiктi басқару саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;
      2) аудандық коммуналдық мүлiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      3) аудандық коммуналдық мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген, облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiмен жекешелендiру жүргiзiлуi мүмкiн аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiн алады;
      4) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдайды;
      5) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзедi;
      6) аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен меншiгiне өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;
      7) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлiк қоғамдардың өздерiне тиесiлi акцияларын, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн иелiктен шығару туралы шешiмдер қабылдайды;
      8) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесiн) бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органға осыған уәкiлеттiк бередi;
      9) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;
      10) аудандық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептерiн қарайды, бекiтедi және осы Заңда көзделген жағдайларда келiседi;
      12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
      13) аудандық коммуналдық мүлiктi аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп бередi;
      14) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкiлдiктер құруына келiсiм бередi;
      15) аудандық коммуналдық мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешiм қабылдайды;
      16) аудандық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiкпен басқаруға беру туралы шешiмдер қабылдайды;
      17) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде осы Заңның 4-тарауында белгiленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешiм қабылдайды;
      18) осы Заңның 4-тарауында белгiленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланған мүлiкке ақшалай өтем төлейдi;
      19) осы Заңның 6-тарауында белгiленген жағдайларда жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарған кезде өтем төлейдi;
      20) жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы немесе жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
      21) жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт жасайды;
      22) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастырады;
      23) сенiмгерлiкпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша мiндеттемелердi орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      24) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      25) өзiне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

^ 2-БӨЛIМ. МЕМЛЕКЕТТIҢ МҮЛIКТIК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУЫ

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIҢ МҮЛIКТIК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУ НЕГIЗДЕРI

      19-бап. Мемлекеттiң мүлiктiк құқықтарға ие болу
               негiздерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының республикалық мүлiк құқықтарына ие болуына:
      1) республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер;
      2) республикалық заңды тұлғалардың мүлiкке ие болуы;
      3) тәркiлеу;
      4) мүлiктi коммуналдық мүлiктiң құрамынан республикалық мүлiктiң құрамына беру;
      5) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердiгерлiк және басқа да шарттар) негiзiнде мүлiктi сатып алу және оны жасау;
      6) стратегиялық объектiлерге ие болуға басым құқықты iске асыру;
      7) күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мәдени құндылықтарды сот шешiмi бойынша алып қою;
      8) жеке меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне құқықты қайта ресiмдеген кезде, оған мемлекеттiк меншiк құқығына ие болу;
      9) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкiн мұраға қалдыру, сыйға тарту немесе оның республикалық мүлiктiң құрамына өзге де өтеусiз берiлуi не өзге де өтеусiз түсуi (өтуi);
      10) мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару;
      11) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн Қазақстан Республикасының мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруы;
      12) жарамсыз деп танылған мәмiле бойынша берiлген мүлiктi қайтару;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер негiз болып табылады.
      2. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң коммуналдық мүлiк құқықтарына ие болуына:
      1) жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер;
      2) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлiктi сатып алуы;
      3) иесi жоқ және тәркiленген мүлiктiң коммуналдық мүлiк құрамына түсуi;
      4) мүлiктi республикалық мүлiктiң құрамынан коммуналдық мүлiктiң құрамына беру;
      5) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердiгерлiк және басқа да шарттар) негiзiнде мүлiктi сатып алу және оны жасау;
      6) өз бетiнше салынған құрылысқа құқықтарға сот шешiмi бойынша ие болу;
      7) күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мәдени құндылықтарды сот шешiмi бойынша алып қою;
      8) жеке тұлғалар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мүлкiн мұраға қалдыру, иесiз қалған мүлкiнiң басқаға өтуi, сыйға тарту немесе оның коммуналдық мүлiктiң құрамына өзге де өтеусiз берiлуi не өзге де өтеусiз түсуi (өтуi);
      9) мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару;
      10) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруы;
      11) жарамсыз деп танылған мәмiле бойынша берiлген мүлiктi қайтару;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де       негiздер негiз болып табылады.

      ^ 20-бап. Бюджетке жататын мүлiк құқығына ие болу

      Бюджетке жататын мүлiк құқығына ие болу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалады.

      ^ 21-бап. Мемлекеттiк заңды тұлғалардың мүлiктi сатып алуы

      Мемлекеттiк заңды тұлғалардың өндiрiстiк-шаруашылық қызмет нәтижесiнде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де негiздер бойынша мүлiктi сатып алуы мемлекеттiң осы мүлiкке құқыққа ие болуына және оны мемлекеттiк мүлiкке жатқызуға негiз болып табылады.

      ^ 22-бап. Тәркiленген мүлiктiң мемлекеттiк мүлiк құрамына
               түсуi

      Тәркiленген мүлiктiң мемлекеттiк мүлiк құрамына түсуi осы Заңның 210 - 212, 214, 215-баптарында айқындалған тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

      ^ 23-бап. Иесi жоқ жылжымайтын заттарға мемлекеттiк меншiк
               құқығына ие болу

      1. Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiшi бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергiлiктi атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн бұл затты аудандық коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнедi. Жер учаскесi иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде, осы зат аумағында табылған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органының өтiнiшi бойынша, Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес есепке алынады.
      2. Жеке тұлғалардағы немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардағы өздерiнiң меншiктi мүлкi ретiнде иеленiп келген иесi жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және аудандық коммуналдық меншiкке берiлмейдi.
      3. Осындай мүлiкке басқа тұлғаның меншiк құқығы туындағанға дейiн кез келген уақытта меншiк иесi өзiне тиесiлi жылжымайтын затты иесi жоқ ретiнде есептен шығару туралы өтiнiш жасауға және оны өзiнiң iс жүзiндегi иелiгiне жаңадан қабылдауға құқылы.
      4. Иесi жоқ жылжымайтын заттар ретiнде есепке алынған жер учаскелерiне құқықтарға мемлекеттiң ие болу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленедi.

      ^ 24-бап. Меншiк иесi бас тартқан жылжымалы заттарға
               мемлекеттiк меншiк құқығына ие болу

      1. Меншiк иесi тастап кеткен немесе ол меншiк құқығынан бас тарту мақсатында өзгеше түрде қалдырып кеткен жылжымалы заттар (тасталған заттар) осы бапта көзделген жағдайларда және тәртiппен мемлекет меншiгiне айналдырылуы мүмкiн.
      2. Жер пайдалануында құнының мөлшерi тастап кеткен зат табылған күнi қолданылып келген айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма еселенген мөлшерiнен анық төмен, тастап кеткен зат не тастап кеткен металл сынықтары, жарамсыз өнiм орналасқан жер учаскесi бар мемлекеттiк заңды тұлға оларды пайдалануға кiрiсiп немесе заттардың шаруашылық жүргiзуге немесе жедел басқаруға айналдырылғанын куәландыратын өзге де iс-әрекет жасап, осы заттарды өзiнiң шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына айналдырады.
      Мемлекеттiк меншiктегi жерден және жер пайдалануға берiлмеген жерден осындай мүлiк табылған жағдайда, мүлiктi аудандық коммуналдық мүлiктiң құрамына қабылдау қажет болған кезде, ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша жергiлiктi қазынаға түседi.
      3. Мүлiктi аудандық коммуналдық мүлiктiң құрамына қабылдау қажеттiгi туралы мәселе қаралған кезде:
      1) экономикалық тұрғыдан орындылығы;
      2) мүлiктiң аудандық коммуналдық мүлiктiң құрамына қабылданғаннан кейiнгi мақсаты мен пайдаланылуы негiзгi өлшемдер болып табылады.
      4. Мүлiктi аудандық коммуналдық мүлiктiң құрамына қабылдау қажеттiгi болмаған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган мүлiктi осы Заңның 213-бабына сәйкес одан әрi өткiзу үшiн осы бапта белгiленген тәртiппен аудандық коммуналдық мүлiктiң құрамына қабылдай алады.
      5. Меншiк иесi тастап кеткен, құнының мөлшерi тастап кеткен зат табылған күнi қолданылып келген айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма еселенген мөлшерiне тең және одан да жоғары жылжымалы зат, егер мемлекеттiк заңды тұлғаның немесе жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшi бойынша осындай затты сот иесi жоқ деп таныған болса – оны иеленген мемлекеттiк заңды тұлғаның шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына немесе ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының иелiгiне түскен жағдайда аудандық қазынаның құрамына келiп түседi.

      ^ 25-бап. Мүлiктi бюджет қаражаты есебiнен сатып алу

      1. Мүлiктi бюджет қаражаты есебiнен сатып алу «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары мен қағидаларын сақтай отырып, мүлiктi сатып алу туралы азаматтық-құқықтық шарттар жасасу, жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету (сатып алу-сату, мердiгерлiк, өтеулi қызмет көрсету және басқа да мәмiлелер) негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Акционерлiк қоғамдардың акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн сатып алу, акционерлiк қоғамдардың акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымды бюджет қаражаты есебiнен төлеу осы Заңда және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      ^ 26-бап. Мұраның және иесiз қалған мүлiктiң мемлекеттiк
               мүлiк құрамына түсуi

      1. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi мүлiк өсиетке сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен мемлекетке өтуi мүмкiн.
      2. Егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер жоқ болса немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алу құқығы жоқ болса не олардың барлығы мұрадан бас тартса, жеке тұлға қайтыс болғаннан кейiн қалған мұра иесiз қалған мүлiк деп танылады. Иесiз қалған мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен мұра ашылған жердегi аудандық коммуналдық меншiктiң құрамына өтедi.

      ^ 27-бап. Сыйға тарту шарты бойынша мүлiк құқықтарына ие
               болу

      1. Жеке тұлғалардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың мүлiктi мемлекетке сыйға тарту шартына осы бапта белгiленген ерекшелiктерiмен қоса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 27-тарауының ережелерi қолданылады.
      Мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымдық жағдайына немесе қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты берiлген, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне берiлген сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi осы Заңның 216-бабында айқындалады.
      2. Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болуы Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Жер учаскелерiн сыйға тарту шарты негiзiнде жеке меншiктен мемлекет меншiгiне беру Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      4. Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк мүлiк құрамына жалпы пайдалану мақсатында (қайырмалдық) беру Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 516-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      ^ 28-бап. Мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен
               шығару кезiнде мүлiк құқықтарына ие болу

      1. Мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiнде мемлекеттiң (Қазақстан Республикасының немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң) мүлiк құқықтарына ие болуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiнде мүлiктi сатып алу бюджет қаражаты немесе осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де мемлекеттiк мүлiк есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiнде мемлекет сатып алатын мүлiк мемлекеттiк немесе жергiлiктi қазынаға түседi.

      ^ 29-бап. Көмбеге мемлекеттiк меншiк құқығына ие болу

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мемлекет меншiгiндегi жер учаскесiнен немесе өзге де жылжымайтын мүлiктен табылған көмбе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 247-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекет пен көмбенi тапқан адамның арасында жасалған шартпен өзгеше белгiленбегендiктен, олардың меншiгiне тең үлеспен түседi.
      2. Егер көмбе мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын болса, олар Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлуге тиiс. Осындай көмбе табылған жылжымайтын мүлiк иесiнiң және көмбенi тапқан адамның, егер олардың арасында жасалған шартта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 247-бабына сәйкес көмбе құнының елу пайызы мөлшерiнде тең үлеспен сыйақы алуға құқығы бар. Мәдени құндылықтарға жатқызылған заттардан тұратын көмбе мемлекетке тиесiлi жер учаскесiнен немесе өзге де жылжымайтын мүлiктен табылған жағдайда, көмбенi тапқан адам осы көмбе құнының елу пайызын алуға құқылы.
      3. Мәдени құндылықтарға жатқызылған заттардан тұратын көмбенi тапқаны үшiн сыйақы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған тәртiппен бюджет қаражатынан төленедi.

      ^ 30-бап. Олжаға мемлекеттiк меншiк құқығына ие болу

      1. Мемлекетке тиесiлi үй-жайдан немесе көлiктен табылған зат не меншiк иесiнiң тұрған жерi белгiсiз зат Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 245-бабына сәйкес жалпы негiзде аудандық коммуналдық меншiкке өтедi.
      2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 245-бабы 4-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда, олжа аудандық коммуналдық меншiкке өтедi.
      Зат аудандық коммуналдық меншiкке өткен жағдайда оны тауып алған адамның затты сақтауға, өткiзуге және сатуға байланысты қажеттi шығыстарды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына өтетуге құқығы бар.

      ^ 31-бап. Қараусыз қалған жануарларға мемлекеттiк меншiк
               құқығына ие болу

      1. Өзiнiң бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзiнiң бағуындағы жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншiкке түседi және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдары айқындаған тәртiппен пайдаланылады.
      2. Жануарлар мемлекет меншiгiне өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде – ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде сот тәртiбiмен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

      ^ 32-бап. Өз бетiнше салынған құрылысқа мемлекеттiк меншiк
               құқығына ие болу

      Мемлекетке тиесiлi және жер пайдалануда болмаған жер учаскелерiнде (мемлекетке тиесiлi жер учаскесi ретiнде қалыптастырылмаған жерлерде) тұлға өз бетiнше салған құрылыс, оның әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескерiле отырып, құрылысқа жұмсалған шығыстар сот айқындаған мөлшерде өтелiп, аудандық коммуналдық меншiкке берiлуi мүмкiн.
      Мемлекеттiк жер пайдаланушылардың жер пайдалануындағы жер учаскесiнде өз бетiнше құрылыс салуды жүзеге асырған кезде өз бетiнше салынған құрылыс әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескерiле отырып, құрылысқа жұмсалған шығыстар сот айқындаған мөлшерде бюджет қаражатынан өтелiп, аудандық коммуналдық меншiкке берiлуi мүмкiн.

      ^ 33-бап. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет
               ескерткiштерiнiң, мәдени құндылықтардың
               мемлекеттiк мүлiк құрамына түсуi

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше құндылыққа жатқызылған және мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң, мәдени құндылықтардың меншiк иесi осы ескерткiштер мен құндылықтарды күтiмсiз ұстап, бұл оларға өз маңызын жоғалту қатерiн төндiрген жағдайларда, мемлекет мұндай ескерткiштер мен құндылықтарды меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу арқылы алып қояды.
      2. Тарих және мәдениет ескерткiштерi, мәдени құндылықтар сатып алынған кезде – олардың құны тараптардың келiсiмiмен, ал дау туған жағдайда сот тәртiбiмен белгiленген мөлшерде меншiк иесiне өтеледi.
      3. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иесiнен алып қою тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын сақтауын және күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекет меншiгiне өтуiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      4. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйi мен күтiп ұстау тәртiбiн мемлекеттiк бақылауды тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган, ал жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
      5. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйi мен күтiп ұстау тәртiбiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде оларды күтiмсiз ұстау фактiлерi анықталған жағдайда тиiстi уәкiлеттi органдар:
      уәкiлеттi орган – халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иесiне;
      жергiлiктi атқарушы органдар – жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иесiне тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны және осындай бұзушылықтарды нұсқамада көрсетiлген мерзiм iшiнде жою туралы нұсқама бередi.
      6. Ұлттық мәдениет игiлiгi объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мәдени құндылықтарды тиiсiнше күтiп ұстамаған және сақтамаған жағдайда мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган мәдени құндылықтардың меншiк иесiне мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны және осындай бұзушылықтарды хабарламада көрсетiлген мерзiм iшiнде жою туралы хабарлама бередi.
      7. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң, мәдени құндылықтардың меншiк иесi олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi бұзушылықты жоймаған жағдайда:
      халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне, мәдени құндылықтарға қатысты – уәкiлеттi орган;
      жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне қатысты – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мәдени құндылықтарды меншiк иесiнен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi.
      8. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мәдени құндылықтарды мемлекет соттың шешiмi бойынша алып қойған жағдайда, олар – республикалық мүлiк құрамына, ал жергiлiктi маңызы барлары коммуналдық мүлiк құрамына түседi.

      ^ 34-бап. Жеке меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
               учаскесiне мемлекеттiк меншiк құқығына ие болу

      Жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде жеке меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттiк меншiк құқығына ие болу Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес жүзеге асырылады.

      ^ 35-бап. Шартты бұзу немесе өзгерту не мәмiленi жарамсыз
               деп тану кезiнде мүлiктi қайтарған жағдайларда
               мемлекеттiк мүлiкке құқықтың туындауы

      1. Шарт бұзылған немесе өзгерген кезге дейiн мемлекеттiк мүлiк жеке немесе заңды тұлғалардың жеке меншiгiне соның негiзiнде өткен шарт бұзылған немесе өзгерген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптар шарт бұзылған немесе өзгерген кезге дейiнгi мiндеттемесi бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтаруды талап етуге құқылы емес.
      2. Мемлекеттiк мүлiк жеке немесе заңды тұлғалардың жеке меншiгiне соның негiзiнде өткен мәмiленi сот жарамсыз деп таныған жағдайда, мұндай мүлiк мемлекетке қайтарылады, ал мүлiктi заттай қайтару мүмкiн болмаған кезде, оның құны ақшалай өтеледi.

      ^ 36-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығының презумпциясы

      1. Егер Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу жүйесiн енгiзгенге дейiн мемлекеттiк заңды тұлғаның балансына қойылған ғимаратқа, құрылысқа және өзге де жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын тану туралы дау болмаса, осы мүлiкке мемлекеттiк меншiк құқығы, қажеттi құқық белгiлейтiн құжаттар болмаған жағдайда, осындай мүлiктiң мемлекеттiк мүлiк құрамында болуы туралы мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) құжаттарымен расталуы мүмкiн. Дау туындаған жағдайда, көрсетiлген мүлiкке меншiк құқығы мүдделi тұлғаның талап-арызы негiзiнде сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағындағы әрi жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылмайтын барлық тарих және мәдениет ескерткiштерi, сондай-ақ қала құрылысы және сәулет, археология ескерткiштерi Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.

^ 4-тарау. РЕКВИЗИЦИЯЛАУ

1-параграф. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау

      37-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
               жағдайлар кезiнде реквизициялау туралы жалпы
               ережелер

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан кепiлдi түрде қорғауды қамтамасыз ету үшiн құрылған материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттiк резервi болмаған немесе жеткiлiксiз болған кездегi ерекше жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау төтенше жағдай аймағымен (төтенше жағдай туындаған белгiлi бiр аумақпен) және (немесе) төтенше жағдай аймағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен енгiзiлетiн төтенше жағдай кезеңiмен шектеледi. Төтенше жағдайлар кезiнде төтенше жағдай аймағынан тыс немесе төтенше жағдай кезеңiнен тыс реквизициялауға жол берiлмейдi.
      3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қамтамасыз ету үшiн азаматтығына және мемлекеттiк тiркеу орнына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне қатысты реквизициялауға жол берiледi.

      ^ 38-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
               жағдайлар кезiнде реквизициялаудың негiзгi
               мақсаттары мен шарттары

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында, оның iшiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты азық-түлiкпен, дәрi-дәрмекпен, тұрғын жайлармен қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың тұрақты жұмыс iстеуiне жағдайлар жасау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстар кезiнде өзге де материалдық проблемаларды шешу үшiн жүзеге асырылады.
      2. Реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесiне мүлiктiң нарықтық құнын өтеу мүлiктiң меншiк иесiнiң таңдауы бойынша реквизициялау күнiне немесе мүлiктiң құнын өтеу күнiне айқындалады.
      3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде мүлкi реквизицияланбайтын ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Мүлiктiң жекелеген түрлерiн реквизициялау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

      ^ 39-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
               жағдайлар кезiнде реквизициялау негiздерi

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталған кезде реквизициялауға «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес әзiрленетiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-қимылдар туралы жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес жол берiледi.
      2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимiн енгiзу кезiнде қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн төтенше жағдай режимiн енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде және соған сәйкес реквизициялауға жол берiледi.
      3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялауға төтенше жағдайларды жою басшысының шешiмi негiзiнде қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде де жол берiледi.

      ^ 40-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
               жағдайлар кезiнде реквизициялау тәртiбi

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жалпы басшылықты және реквизициялауды қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген төтенше жағдайлардың түрi (объектiлiк, жергiлiктi, өңiрлiк және жаһандық) мен сыныпталуына байланысты төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.
      2. Реквизициялау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимiн енгiзу кезiнде мүлiктi реквизициялау осы Заңның 42 және 43-баптарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Жергiлiктi атқарушы органның реквизициялау туралы шешiмi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысының шешiмi негiзiнде шығарылады.
      4. Шешiмде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiк туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      5. Реквизициялау туралы шешiм:
      1) реквизициялауға жататын мүлiктiң тiзбесiн, мүлiктiң меншiк иесi және оның орналасқан жерi, реквизицияланатын мүлiктi жинайтын орын туралы мәлiметтердi, сондай-ақ реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi;
      2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай аймағында реквизициялауды бақылауға және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
      3) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай аймағында мүлiктi алып қоюды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
      4) кемiнде бiр бағалаушы енгiзiлуге тиiстi бағалау комиссиясының саны мен дербес құрамын;
      5) реквизициялауды жүргiзу мерзiмiн;
      6) өтем төлеу мерзiмдерiн;
      7) реквизициялауды жүргiзуге қажеттi өзге де мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      6. Қажет болған жағдайда, оның iшiнде реквизициялануға жататын мүлiктiң тiзбесi, лауазымды тұлғалардың немесе бағалау комиссиясының дербес құрамы өзгерген кезде реквизициялау туралы шешiмге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.
      7. Реквизициялау туралы шешiм және оған кейiннен жасалатын барлық өзгерiстер мен толықтырулар қабылданған кезден бастап екi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға, сондай-ақ онымен еркiн танысу үшiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы қолжетiмдi жерлерде орналастырылуға жатады.

      ^ 41-бап. Реквизициялау туралы шешiм шығарылған мүлiктi
               алып қою

      1. Мүлiктi алып қойғанға дейiн меншiк иесi реквизициялау туралы шешiммен жеке қолын қойып танысуға тиiс.
      2. Мүлiктi алып қоюды осыған уәкiлеттi лауазымды тұлғалар мүлiктiң меншiк иесiнiң (немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң) және бағалау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен реквизициялау туралы актiнiң негiзiнде жүргiзедi.
      3. Реквизициялау туралы акт:
      1) реквизициялау туралы шешiмнiң деректемелерiн көрсете отырып реквизициялау жүргiзу негiздерiн;
      2) мүлiктi алып қоюды жүргiзудiң уақыты мен орнын;
      3) реквизициялауды жүргiзетiн лауазымды тұлғалар, бағалау комиссиясының құрамы мен мүшелерiнiң саны, реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесi, мүлiктi алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтердi;
      4) салмағы, өлшемi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесiн;
      5) мүлiктi бағалау туралы және өтемнiң мөлшерi туралы мәлiметтердi;
      6) өтемдi төлеу мерзiмiн және жауапты лауазымды тұлғаны көрсете отырып, оны төлеудi қамтамасыз ететiн, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тиiстi атқарушы органды көрсетудi;
      7) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      4. Реквизициялау туралы акт кемiнде екi данада жасалады, оған уәкiлеттi лауазымды тұлғалар, бағалау комиссиясының мүшелерi мен мүлiктiң меншiк иесi немесе оның уәкiлеттi өкiлi қол қояды және актiнiң бiр данасы реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне табыс етiледi. Уәкiлеттi лауазымды тұлға екiншi данасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есеппен бiрге жiбередi.

      ^ 42-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
               жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимiн
               енгiзген кезде реквизициялау ерекшелiктерi

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимiн енгiзген кезде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметiнiң басшысы қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi мүлiктi реквизициялауды өзiнiң жеке жауапкершiлiгiмен дербес жүргiзуге құқылы.
      2. Мүлiктi алып қою реквизициялау туралы актiнiң негiзiнде жүзеге асырылады, ол:
      1) реквизициялау жүргiзудiң негiздерiн;
      2) алып қоюды жүргiзудiң уақыты мен орнын;
      3) реквизициялауды жүргiзетiн лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкiлеттi тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелерi көрсетiлген, реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесi, алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтердi;
      4) салмағы, өлшемi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәлiметтер көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесiн;
      5) мүлiктi бағалау туралы және өтем мөлшерi туралы мәлiметтердi;
      6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      3. Реквизициялау туралы актiнiң бiр данасы реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне берiледi.
      4. Жүргiзiлген реквизициялау туралы есеп жасалады, ол қоса тiркелген реквизициялау туралы актiмен бiрге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына жiберiледi.

      ^ 43-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай
               аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтiру
               жұмыстарын жүргiзу кезiнде реквизициялау

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ерекше жағдайларда авариялық-құтқару қызметтерiнiң немесе шұғыл медициналық көмек қызметтерiнiң жекелеген жасақтарының (бөлiмшелерiнiң) мұқтажы үшiн реквизициялауды осы жасақтың (бөлiмшенiң, экипаждың) бастығы дербес жүргiзедi.
      2. Мүлiктi алып қою реквизициялау туралы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi, ол:
      1) реквизициялауға негiз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;
      2) алып қоюды жүргiзудiң уақыты мен орнын;
      3) реквизициялауды жүргiзетiн лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ өзге де қажеттi деректемелер көрсетiлген, реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесi, алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтердi;
      4) салмағы, өлшемi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәлiметтер көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесiн;
      5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      3. Реквизициялау туралы актiнiң бiр данасы реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне берiледi.
      4. Авариялық-құтқару қызметтерi немесе шұғыл медициналық көмек қызметтерi жасағының (бөлiмшесiнiң, экипажының) бастығы есеп пен реквизициялау туралы актiнi қоса бере отырып, жүргiзiлген реквизициялау туралы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органды дереу хабардар етуге мiндеттi.

      ^ 44-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
               жағдайлар кезiнде реквизицияланған мүлiктi
               қайтару

      1. Реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимiнiң күшi жойылған немесе табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай тоқтатылған кезде сақталған мүлiктi осы бапта көзделген қағидалар бойынша қайтаруды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
      2. Мүлкiн алып қойғаны үшiн өтем алмаған реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесi өзiнiң таңдауы бойынша мүлiктi қайтаруды және залалдарды өтеудi не өтемдi толық көлемде берудi талап етуге құқылы. Iшiнара өтем алған меншiк иесiнiң де осындай құқығы бар. Iшiнара өтем алған меншiк иесiне мүлiктi қайтару кезiнде залалдарды өтеу төленген сома ескерiле отырып жүргiзiледi.
      3. Толық көлемде өтем алған реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесi мүлiктiң қайтарылған күнгi бағасы бойынша сақталған мүлiктi басымдықпен, бiрақ алынған өтем сомасынан аспайтындай сомамен сатып алуға құқылы.
      4. Реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесiне мүлiктiң жекелеген түрлерiн қайтарудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленедi.

      ^ 45-бап. Реквизицияланған мүлiк үшiн ақшалай өтем төлеу

      1. Реквизицияланатын мүлiк үшiн ақшалай өтем Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес бюджет қаражатынан төленедi.
      2. Өтем реквизиция туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмде, бiрақ реквизициялау туралы актiге қол қойылған кезден бастап күнтiзбелiк алпыс күннен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.
      3. Өтемдi төлеудiң мерзiмi өткен кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыруының ресми ставкасы негiзге алынып есептелетiн мөлшерде нақты төленетiн күнге тұрақсыздық айыбы борыштың сомасына есептеледi.

      46-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы