Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница13/14
Дата конвертации17.05.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

               мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгi
               мониторингiнiң объектiлерi

      1. Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң есепке алу объектiлерi:
      1) мемлекеттiк заңды тұлғалар және оларға бекiтiлiп берiлген мүлiк;
      2) жер пайдаланудағы жер учаскелерi;
      3) акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акциялары және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерi;
      4) мемлекетке тиесiлi ұлттық мәдени игiлiк объектiлерi;
      5) мемлекетке тиесiлi зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерi;
      6) мемлекеттiк материалдық резерв;
      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында айқындалған мемлекеттiк мүлiктiң өзге де түрлерi (санаттары) болып табылады.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу объектiлерi туралы деректер осы объектiлердi сипаттайтын мәлiметтер болып табылады. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу объектiнi басқа объектiлерден айырып тануға мүмкiндiк беретiн жеке сипаттамаларын көрсете отырып, есепке алу объектiсiнiң сипаттамасын қамтуға тиiс.
      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды тиiстi саланың уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
      4. Осы тараудың қағидалары мемлекеттiк немесе жергiлiктi қазынаны құрайтын мүлiкке қолданылмайды. Бұл мүлiктi есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттiк материалдық резервтi құрайтын мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды тиiстi саланың уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
      6. Реквизициялау тәртiбiмен мемлекетке өткен мемлекеттiк мүлiктi есепке алу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгi мониторингiнiң объектiлерi:
      1) мемлекеттiк кәсiпорындар;
      2) мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi қоса алғанда, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
      3) мемлекеттiк мүлiктiң құрамына кiретiн, оның iшiнде сенiмгерлiкпен басқарудағы, жалдаудағы, концессиядағы мүлiктiң барлық түрлерi болып табылады.

      ^ 199-бап. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнде көрсетiлетiн
               мәлiметтер

      1. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк мүлiктi есепке алу объектiсi бойынша мынадай мәлiметтер:
      1) объектiнi сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн оның сипаттамасы;
      2) объектiнiң белгiлi бiр мемлекеттiк емес заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаға шартқа сәйкес тиесiлiгi немесе бекiтiлiп берiлуi туралы мәлiметтер;
      3) объектiнiң баланстық құны;
      4) мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарымен салынған ауыртпалықтың болуы туралы мәлiметтер және ауыртпалықтар салу түрi;
      5) объектiнiң күтiп ұсталуына немесе сақталуына жауапты тұлғалардың реквизиттерi;
      6) объектiге құқықтардың туындау және тоқтатылу негiздерi, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттiк мүлiкке құқықтарды мiндеттi түрде тiркеу жағдайында – объектiнi және (немесе) оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      2. Есепке алу объектiлерi үшiн мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнде көрсетiлетiн қосымша мәлiметтердiң құрамына мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептерi кiредi.
      Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу объектiлерi үшiн мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнде көрсетiлетiн қосымша мәлiметтердiң құрамы мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында айқындалады.
      3. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiне мәлiметтердiң сапалы және уақтылы ұсынылуы үшiн мемлекеттiк кәсiпорындардың басшылары, мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң атқарушы органдарының басшылары жауаптылықта болады.

      ^ 200-бап. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу

      1. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары мемлекеттiк мүлiктi басқаруға және оның сақталуына бақылау жасауға байланысты шешiмдер қабылдау кезiнде мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң деректерiн пайдаланады.
      2. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiне есепке алу тiркеу және ақпараттық мақсаттарды жүзеге асыруға арналған және оның құқық белгiлеушiлiк немесе құқық куәландырушылық мәнi болмайды.
      3. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган құқықтық кадастр деректерi, сондай-ақ жер ресурстарын басқару, мемлекеттiк статистика, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау, бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың мәлiметтерi базасында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қалыптастырады және жүргiзедi. Бұл деректер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысанда, көлемде және кезеңдiлiкпен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға берiлуге жатады.
      4. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу кезiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейiндегi республикалық және коммуналдық мүлiк объектiлерi бөлек есепке алынуға жатады.
      Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алынуына жатады.
      5. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiне мемлекеттiк заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тiзбесi кiредi. Мемлекеттiк заңды тұлғаларды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, қайта тiркеу, атауларын өзгерту мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiне есепке алынуға жатады.
      6. Мемлекеттiк заңды тұлғалар есепке алу объектiлерi деректерiнiң мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне енгiзiлуiн, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiрыңғай мерзiмде, бiрыңғай әдiстеме және деректер пiшiмi бойынша мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Мемлекеттiк мүлiктi түгендеу мемлекеттiк мүлiктiң нақты бар екенiн анықтауды, сондай-ақ ескерiлмеген және бекiтiп берiлмеген мемлекеттiк мүлiктi анықтауды және оны одан әрi мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiп берудi қамтамасыз етуге тиiс.
      7. Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң деректерi мемлекетке тиесiлi.
      8. Мемлекеттiк органдар, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң деректерiн пайдаланушылар болып табылады. Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң деректерiне қол жеткiзудi мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай оператор мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң веб-порталы арқылы қамтамасыз етедi.
      9. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай оператор:
      1) мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу үшiн қажеттi бағдарламалық қамсыздандыруды әзiрлеудi, енгiзудi және жаңғыртуды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      3) мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң веб-порталын құруды, оның жұмыс iстеуiн және техникалық сүйемелденуiн қамтамасыз етедi;
      4) мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
      5) мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн пайдаланушылардың мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң деректерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
      6) мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы мемлекеттiк органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетедi;
      7) мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды жүзеге асыру кезiнде техникалық жобаларды басқару функциясын жүзеге асырады;
      8) мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
      9) мемлекетке тиесiлi немесе мемлекеттiң оларға қатысты мүлiктiк құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн қалыптастыруға және жүргiзуге арналған шығыстарды қаржыландыру тиiстi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      ^ 201-бап. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi

      1. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу:
      1) тiзiлiмге есепке алу объектiсi туралы деректердi енгiзу;
      2) есепке алу объектiсi туралы деректердi өзектi ету;
      3) есепке алу объектiсiн тiзiлiмнен алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
      2. Объектiнi мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiне қосу осы Заңның 199-бабында көзделген мәлiметтердi тiзiлiмге енгiзудi бiлдiредi.
      3. Есепке алу объектiсiне мемлекеттiң құқықтарының тоқтатылуына байланысты оны тiзiлiмнен алып тастаған кезде осы объектiнi байқау тоқтатылады.
      Есепке алу объектiсiн бiр мемлекеттiк органның басқаруынан екiншiсiне беру, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беру есепке алу объектiсiн тiзiлiмнен алып тастауға негiз болып табылмайды.
      Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнен алып тасталған есепке алу объектiсi туралы деректер тiзiлiм деректерi базасының мұрағатына ауыстырылады.
      4. Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын, мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасау және пайдаланушыларға мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнен мәлiметтер ұсыну тәртiбiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      ^ 202-бап. Мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгiн бағалау
               және мемлекеттiк мүлiктiң пайдаланылуын бақылау

      1. Мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгiн бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
      Бағалау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгi туралы жылдық есеп ұсынылады.
      2. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк заңды тұлғалар мүлкiнiң сақталуына және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарының орындалуына бақылау жасауды тиiстi саланың уәкiлеттi органы және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк мүлiктiң мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмаған не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлiктi алып қоюды, республикалық мүлiкке қатысты – мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган, коммуналдық мүлiкке қатысты жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен кемiнде үш жылда бiр рет жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк мүлiктiң пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

^ 16-тарау. МЕМЛЕКЕТ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГIЗДЕР БОЙЫНША САТЫП АЛАТЫН НЕМЕСЕ ИЕЛIКТЕН ШЫҒАРАТЫН МҮЛIКТI БАҒАЛАУ

      203-бап. Мемлекет жекелеген негiздер бойынша сатып алатын
               немесе иелiктен шығаратын мүлiктi бағалау туралы
               жалпы ережелер

      1. Осы тараудың қағидалары стратегиялық объектiнi сатып алуға басым құқықты iске асыру, мемлекет меншiгiне алу, реквизициялау, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскелерiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару, мүлiктi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына мүлiктiк салым ретiнде не акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатып алу төлемiне беру, мемлекеттiк заттай гранттарды табыс ету кезiнде мүлiктi бағалауға қолданылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мемлекет сатып алатын немесе иелiктен шығаратын мүлiктi бағалауды «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргiзедi.
      3. Бағалаушыға сыйақы төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      4. Бағалау нәтижелерiнiң дәйектiлiгi туралы, сондай-ақ қайта бағалау жүргiзу және оның дәйектiлiгi туралы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шешiледi.
      5. Мемлекеттiң мүлiкке құқықтарға ие болуы және олардың тоқтатылуы, мемлекеттiк мүлiктi иеленуге және (немесе) пайдалануға беру кезiнде туындайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қатынастарға «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қағидалары қолданылады.

      ^ 204-бап. Мемлекет жекелеген негiздер бойынша сатып алатын
               немесе иелiктен шығаратын мүлiктi бағалаушыны
               айқындау тәртiбi

      Осы Заңның 203-бабының 1-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекет сатып алатын немесе иелiктен шығаратын мүлiктiң жекелеген түрлерi үшiн бағалаушы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      ^ 205-бап. Мемлекет меншiгiне алу кезiнде мемлекет сатып
               алатын мүлiктi бағалаудың ерекшелiктерi

      1. Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiкке бағалау жүргiзу кезiнде осы мүлiктiң алдағы мемлекет меншiгiне алу туралы хабарландырудың нәтижесiнде өзгеруi ескерiлместен оның нарықтық құны белгiленуге тиiс.
      2. Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң меншiк иесiнiң талап етуi бойынша мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң өтем төленген күнгi құнына қайта бағалау жүргiзiледi. Бағалаушыға сыйақы төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      3. Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiк құнының өтемiн өзге мүлiкпен төлеу кезiнде меншiк иесiне мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң орнына берiлетiн мүлiктi бағалау осы Заңның 203 және 204-баптарының қағидалары бойынша жүргiзiлуге тиiс.

      ^ 206-бап. Стратегиялық объектiнi сатып алуға басым құқықты
               iске асыру кезiнде мемлекет сатып алатын мүлiктi
               бағалау ерекшелiктерi

      1. Стратегиялық объектiнi сатып алуға басым құқықты iске асыру кезiнде мемлекет сатып алатын мүлiкке бағалау жүргiзу кезiнде осы Заңның 188-бабының 1-тармағына сәйкес стратегиялық объектiнiң меншiк иесi табыс еткен стратегиялық объектiнi бағалау туралы есепте айқындалған стратегиялық объектiнiң нарықтық құны, мемлекеттiң стратегиялық объектiнi сатып алудың басым құқығын iске асыруы туралы хабарландырудың нәтижесiнде оның өзгеруi ескерiлмей белгiленуге тиiс.
      2. Стратегиялық объектiге қайта бағалау жүргiзу осы Заңның 203 және 204-баптарының қағидалары бойынша айқындалатын бағалаушыға тапсырылуы мүмкiн. Стратегиялық объектiге бастапқы бағалауды жүргiзген бағалаушы стратегиялық объектiнi қайта бағалауды жүзеге асыра алмайды.
      3. Стратегиялық объектiнiң меншiк иесiнiң талап етуi бойынша стратегиялық объектiнiң өтем төленген күнгi құнына қайта бағалау жүргiзiлуi мүмкiн. Бағалаушыға сыйақы төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      ^ 207-бап. Реквизициялау кезiнде мемлекет сатып алатын
               мүлiктi бағалау ерекшелiктерi

      1. Реквизициялау кезiнде бағалаушыны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес реквизициялауды жүргiзетiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      2. Реквизициялау кезiнде мүлiктi бағалауды реквизициялауды жүргiзетiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      3. Реквизицияланатын мүлiктi бағалау және оның құнын өтеу мөлшерiн айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      ^ 208-бап. Мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн алып қою кезiнде
               мемлекет ие болатын мүлiктi бағалау
               ерекшелiктерi

      1. Мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын жер учаскесiне немесе өзге де жылжымайтын мүлiкке бағалау жүргiзу кезiнде осы мүлiктiң нарықтық құны осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулыны қабылдау нәтижесiнде оның өзгеруi ескерiлмей белгiленуге тиiс.
      Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi бағалау, бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн бағалау стандартына сәйкес жүргiзiледi.
      2. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын жер учаскесiнiң немесе өзге де жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесiнiң атқарушы органға жiберiлетiн талабы бойынша мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын мүлiктiң өтем төленген күнгi құнына қайта бағалау жүргiзiлуге тиiс. Мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi қайта бағалауды мүлiктi бастапқы бағалауды жүргiзген бағалаушы жүзеге асыра алмайды.
      3. Өтемдi ақшадан өзгеше мүлiкпен ұсыну кезiнде оны бағалау осы Заңның 203 және 204-баптарының қағидалары бойынша жүргiзiлуге тиiс.

      ^ 209-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң
               жарғылық капиталына мүлiктiк салым ретiнде не
               акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне
               берiлетiн мемлекеттiк мүлiктi бағалау
               ерекшелiктерi

      1. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына мүлiктiк салым ретiнде не акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне берiлетiн мемлекеттiк мүлiктiң құнын бағалаушы растауға тиiс.
      2. Мүлiктi пайдалану құқығын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына мүлiктiк салым ретiнде не акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне беру кезiнде осы салымның мөлшерi немесе акциялар төлемiнiң мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 59-бабы 1-тармағының қағидалары бойынша және «Акционерлiк қоғамдар туралы» және «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары бойынша осындай мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлеммен айқындалады.

^ 17-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТIҢ ҚҰРАМЫНА ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГIЗДЕР БОЙЫНША ТҮСКЕН МҮЛIКТI ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      210-бап. Мемлекеттiк мүлiктiң құрамына жекелеген негiздер
               бойынша түскен мүлiктi есепке алу ерекшелiктерi

      1. Осы тарауда көзделген мүлiктi есепке алу ерекшелiктерi мынадай:
      1) тәркiлеу;
      2) сот актiлерiнiң негiзiнде заттай айғақтарды мемлекет кiрiсiне айналдыру;
      3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелердi табу;
      4) лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне берiлген, арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жататын сыйлықтар;
      5) республикалық мүлiктiң құрамына - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын өтеусiз беру;
      6) коммуналдық меншiкке түскен жылжымайтын затты соттың иесi жоқ деп тануы;
      7) өсиет бойынша мұрагерлiк;
      8) иесiз қалған мүлiктiң мемлекетке өтуi;
      9) олжаның мемлекетке өтуi;
      10) қараусыз қалған жануарлардың мемлекетке өтуi;
      11) мүлiктi коммуналдық меншiк құрамына өтеусiз беру (сыйға тарту);
      12) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұрмайтын көмбелердi табу негiздерi бойынша мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түскен мүлiктерге қолданылады.
      2. Осы Заңның 15-тарауының қағидалары, осы мүлiк дереу жойылуға немесе өткiзiлуге жататын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мүлiктiң құрамына жекелеген негiздер бойынша түскен мүлiктi есепке алуға қолданылады. Мұндай жағдайларда осы мүлiк туралы мәлiметтер есепке алынуға жатады, бiрақ мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiне ұсынылмайды.

      ^ 211-бап. Мемлекеттiк мүлiктiң құрамына жекелеген негiздер
               бойынша түскен мүлiктi есепке алуды, сақтауды
               және одан әрi пайдалануды жүзеге асыратын
               органдар

      1. Атқарушылық iс жүргiзу органдары республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай мүлiктi:
      1) тәркiленген мүлiктi;
      2) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай айғақтарды;
      3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелердi;
      4) лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне берiлген, арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жататын сыйлықтарды;
      5) республикалық меншiкке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өтеусiз өткен мүлiктi, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.
      2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай мүлiктi:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған;
      2) мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен, сондай-ақ иесiз қалған мүлiктi;
      3) олжаларды;
      4) қараусыз қалған жануарларды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткен мүлiктi;
      6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелердi (қазыналар үлесiн) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша түскен мүлiктi одан әрi пайдалану, осы тарауда белгiленген жағдайларды қоспағанда, оны өткiзу арқылы жүзеге асырылады.
      4. Осы бапта көрсетiлген негiздер бойынша мемлекет алған мүлiктi заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.

      212-бап. Мемлекеттiк мүлiктiң құрамына жекелеген негiздер
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы