Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница12/14
Дата конвертации17.05.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

               холдингтердi және ұлттық компанияларды
               қоспағанда, мемлекет бақылайтын жауапкершiлiгi
               шектеулi серiктестiктердiң және акционерлiк
               қоғамдардың қызметiн жоспарлау

      1. Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер бес жылға арналған даму жоспарларын әзiрлейдi.
      2. Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен мiндеттерге және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкес әзiрленедi және мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң директорлар кеңестерi (байқау кеңестерi) бекiтедi.
      Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларын әзiрлеу және бекiту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      3. Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының iске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңестерi (байқау кеңестерi) жүзеге асырады.
      Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер жоспарларын iске асыру мониторингi мен бағалау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуы бойынша есептi ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының әзiрленуi, орындалуы, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептiң уақтылы ұсынылуы үшiн мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң атқарушы органдары жауаптылықта болады.
      5. Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қызметiнiң нәтижелерiн тыңдауды акциялардың мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға және мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға тыңдаудың есебiн ұсына отырып, жыл сайынғы негiзде жүзеге асырады.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi акционерi (қатысушысы) болып табылатын мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң қызметiн жоспарлау тәртiбi, сондай-ақ көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) даму жоспарларының iске асырылу мониторингi және оны бағалау, қызметiнiң есептерiн тыңдау және нәтижелерiн ұсыну тәртiбi осы баптың ережелерi ескерiле отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      ^ 186-бап. Акционерлiк қоғам (жауапкершiлiгi шектеулi
               серiктестiк) табысының бiр бөлiгiн алуға
               акционердiң (жауапкершiлiгi шектеулi
               серiктестiкке қатысушының) құқықтарын
               мемлекеттiң iске асыруы

      Акционерлiк қоғам (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк) акцияларының мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен акционерлердiң (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткiзу кезiнде акционерлiк қоғамның (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң) таза табысының бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi пайыздық қатынаста белгiлеген мөлшерде дивидендтердi (табысты) төлеуге бағыттау үшiн шаралар қабылдайды.

^ 6-БӨЛIМ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСIЛI СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТIЛЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШЕКТЕУ

13-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСIЛI СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТIЛЕРГЕ АУЫРТПАЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ИЕЛIКТЕН ШЫҒАРУ

      ^ 187-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды
               тұлғаларға тиесiлi стратегиялық объектiлерге
               үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу
               не оларды иелiктен шығару тәртiбi

      1. Жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға тиесiлi стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иелiктен шығару осы бапта, осы Заңның 188-бабында және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде мүмкiн болады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иелiктен шығаруға рұқсат беру туралы не осындай рұқсат беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      3. Стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иелiктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешiм, егер осындай ауыртпалық салу немесе иелiктен шығару Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның iшiнде елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келiсiмдердi сақтамауға әкеп соғатын жағдайларда қабылданады.
      Стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту осы тармаққа сәйкес бас тарту себептерiнiң дәлелдi негiздемелерiн қамтымауы мүмкiн.
      4. Стратегиялық объектiге ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық объектiнiң меншiк иесi (құқық иеленушi) не кепiл ұстаушысы, конкурстық немесе оңалтушы басқарушысы шағымдана алады.
      5. Стратегиялық объектiнiң меншiк иесi (құқық иеленушi) орналастырылатын акциялардың санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жария етiлген акцияларды орналастырады.
      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында одан әрi мәмiлелер жасасу, бiр тұлға немесе аффилиирленген тұлғалар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында эмитенттiң дауыс беретiн акциялары жалпы санының жиырма пайызынан астамын құрайтын акциялар сатып алатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатын талап етпейдi.
      Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында стратегиялық объектiлерге жататын акциялармен мәмiлелер жасасу кезiнде мәмiлелер эмитенттiң дауыс беретiн акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын мөлшерде жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсаты талап етiлмейдi.
      7. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы, оңалтушы және конкурстық басқарушылары кепiлге салынған осы мүлiктi иелiктен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң иелiктен шығарудың ерекше шарттары және стратегиялық объектiнi сатып алушыларға қосымша талаптары белгiленген рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.
      Кепiлге салынған мүлiктi сот актiсiнiң негiзiнде иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен белгiленген иелiктен шығарудың ерекше шарттары және кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар бойынша жүзеге асырылады.
      Стратегиялық объектiнi иелiктен шығарудың ерекше шарттарын және сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлеу жөнiндегi ұсынысты уәкiлеттi мемлекеттiк орган және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.

      ^ 188-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды
               тұлғаларға тиесiлi стратегиялық объектiлерге
               үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу
               не оларды иелiктен шығару рәсiмi

      1. Стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға рұқсат алу үшiн стратегиялық объектiнiң меншiк иесi (құқық иеленушi) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;
      2) заңды тұлға үшiн – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн;
      3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      4) стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасауға негiз болатын не оған үшiншi тұлғаның құқықтарымен ауыртпалық салуға әкеп соғатын шарттың жобасын;
      5) стратегиялық объектiге меншiк құқығын немесе өзге де мүлiктiк құқықтарды растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      6) стратегиялық объектiнiң нарықтық құнын айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы объектiнi бағалау туралы есептi;
      7) стратегиялық объектiнi ықтимал сатып алушы туралы мәлiметтердi жiбередi;
      8) жарияланған акцияларды орналастырған жағдайда стратегиялық объектiнiң меншiк иесi (құқық иеленушi) жарияланған акциялардың шығарылымын және оған енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге акциялар шығарылымының проспектiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiн де табыс етедi;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарында аудиттi мiндеттi түрде өткiзу белгiленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылының аудиторлық есебiнiң түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшiрмесiн де табыс етедi. Егер өтiнiш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн берiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есебiнiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi ұсынылады. Аудиторлық есептiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi, егер заңды тұлға ағымдағы қаржы жылында құрылса не заңды тұлға өткен қаржы жылында құрылса және өтiнiш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейiн берiлген болса, ұсынылмайды;
      10) директорлар кеңесiнiң немесе байқау кеңесiнiң шешiмiн (болған жағдайда);
      11) банктiң кредиттiк комитетiнiң шешiмiн;
      12) ауыртпалық салынатын мүлiкке кепiлдiң (ауыртпалық салудың) жоқ немесе бар екендiгi туралы растауды;
      13) стратегиялық объектiнiң меншiк иелерiнiң пайыздық арақатынастағы құрылымын;
      14) стратегиялық объект сенiмгерлiк басқаруда болған жағдайда стратегиялық объектiнiң меншiк иесiнiң стратегиялық объектiнi иелiктен шығаруға немесе ауыртпалық салатын тұлғаны көрсете отырып, үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға жазбаша рұқсатын табыс етедi.
      Оңалтушы (конкурстық) басқарушы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы тармақтың 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерi (конкурстық iс жүргiзiлгенi туралы) қолданылғаны туралы сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжалды бағасын және борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн табыс етедi.
      2. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы кепiлге салынған мүлiктi иелiктен шығаруға арналған рұқсатты алу үшiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ кепiл шартын, кепiлге салынған мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжалды бағасын, стратегиялық объектiнi әлеуеттi сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
      Сот актiсiнiң негiзiнде әрекет ететiн сот орындаушысы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ кепiл шартын және (немесе) сот актiсiн, кепiлге салынған мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжалды бағасын, стратегиялық объектiнi әлеуеттi сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
      3. Стратегиялық объектiге ауыртпалық салуға негiз болатын шартта тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ стратегиялық объектiнiң сақталуы мен одан әрi пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар мiндеттi түрде қамтылуға тиiс.
      Стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәмiле жасауға негiз болған не оған ауыртпалық салуға әкеп соққан шарттың талаптарын өзгертуге ниет бiлдiрген жағдайда стратегиялық объектiнiң меншiк иесi (құқық иеленушi) осы бапта және осы Заңның 187-бабында айқындалатын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтадан жүгiнедi.
      Кепiл ұстаушы оның негiзiнде стратегиялық объектiге ауыртпалық салынған шартқа сәйкес кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға ниет бiлдiрген жағдайда кепiл ұстаушы осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жүгiнедi.
      Стратегиялық объектiнi жария сауда-саттықта сатқан кезде шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент еместер немесе олармен аффилиирленген тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар сауда-саттыққа жiберiлмейдi.
      4. Стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға берiлген өтiнiштердi қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiм қабылдауы құжаттар мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап алпыс жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттардың толық топтамасын алған күн құжаттардың келiп түскен күнi болып есептеледi.
      Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      5. Стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды және ол қаулы түрiнде ресiмделедi.
      6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған шешiм туралы өтiнiш берушiнi шешiм шығарылған күннен бастап бес күн мерзiмде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

      ^ 189-бап. Стратегиялық объектiлердi мемлекет меншiгiне алу

      Стратегиялық объектiлер осы Заңның 5-тарауында көзделген тәртiппен мемлекет меншiгiне алынуы мүмкiн.

      ^ 190-бап. Стратегиялық объектiлердiң мониторингi

      Стратегиялық объектiлердiң мониторингi Қазақстан Республикасының экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

^ 14-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСIЛI СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТIЛЕРДI САТЫП АЛУҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫ

      191-бап. Жеке тұлғаға немесе мемлекеттiк емес заңды
               тұлғаға тиесiлi стратегиялық объектiнi сатып
               алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын
               қолдану шарттары

      1. Мемлекеттiк емес заңды тұлға немесе жеке тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығаруға ниет бiлдiрген жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу жүргiзiлген немесе стратегиялық объектiнi оңалтушы немесе конкурстық басқарушы иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сот тәртiбiнен тыс өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу жүргiзiлген жағдайда Қазақстан Республикасы осы тарауда айқындалған шарттармен стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығына ие болады.
      Стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы немесе конкурстық басқарушылардың стратегиялық объектiнi иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының атынан стратегиялық объектiнi сатып алуға басым құқықты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның тапсырмасы бойынша ұлттық басқарушы холдинг iске асырады.

      ^ 192-бап. Стратегиялық объектiнi сатып алуға Қазақстан
               Республикасының басым құқығын iске асыру тәртiбi

      1. Уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асыру туралы шешiмiнiң жобасын қажеттi бюджет қаражатын бөлу негiздемесiмен бiрге ұсынады.
      Республикалық бюджеттiк комиссия тиiстi шешiм қабылдайды. Республикалық бюджеттiк комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынылады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Республикалық бюджеттiк комиссия шешiм қабылдаған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешiмi осы құқықты пайдалану себептерiнiң дәлелдi негiздемелерiн қамтымауы мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған шешiмнiң қорытындылары туралы тиiстi саланың уәкiлеттi органы стратегиялық объектiнi иелiктен шығаруды жүргiзетiн тұлғаны шешiм шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша түрде хабардар етедi.
      4. Стратегиялық объектiнiң меншiк иесi (құқық иеленушi) шарт жасалғанға дейiн кез келген уақытта стратегиялық объектiнi иелiктен шығарудан бас тарта алады. Меншiк иесi (құқық иеленушi) стратегиялық объектiнi иелiктен шығарудан бас тартқан жағдайда оған ие болуға мемлекеттiң басым құқығын iске асыру тоқтатылады.
      5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығын пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап екi жылдан аспауға тиiс.
      Стратегиялық объектiлердi оңалтушы немесе конкурстық басқарушы сатқан кезде сатып алу мерзiмдерi «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген оңалту рәсiмдерiн немесе конкурстық iс жүргiзу мерзiмдерiнен аспауға тиiс.
      6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу жүргiзiлген немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлер) стратегиялық объектiге өндiрiп алуды жүргiзу туралы хабарлама алған кезден бастап немесе соттың банкроттық туралы iс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органды стратегиялық объектiге өндiрiп алудың жүргiзiлуi немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалуы туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабардар ету жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарға әкелiп соғады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты осы бапта көзделген тәртiппен iске асырады.
      Стратегиялық объектiге өндiрiп алуды жүргiзу немесе стратегиялық объектiнi конкурс (тарату) массасы құрамында иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асыру немесе басым құқықты iске асырудан бас тарту туралы шешiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi.
      7. Қазақстан Республикасы стратегиялық объектiге өндiрiп алуды жүргiзу немесе стратегиялық объектiнi конкурс (тарату) массасы құрамында иелiктен шығару кезiнде басым құқықты iске асырудан бас тартқан жағдайда, стратегиялық объектiнi иелiктен шығару «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      ^ 193-бап. Нарықтық құнды айқындау

      1. Стратегиялық объектiнi сатып алудың басым құқығын iске асыру кезiнде стратегиялық объектiнiң нарықтық құны өтелуге жатады.
      2. Стратегиялық объектiнiң нарықтық құны стратегиялық объектiнi сатып алудың басым құқығын iске асыру кезiнде мемлекет ие болатын мүлiктi осы Заңның 206-бабының қағидаларына сәйкес бағалау негiзiнде айқындалады.

      ^ 194-бап. Мемлекет сатып алған стратегиялық объектiлердi
               басқару

      Қазақстан Республикасының Үкiметi сатып алынған стратегиялық объектiлердi осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша акцияларды төлеуге немесе мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен арнайы құрылған заңды тұлғаның не ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң немесе ұлттық компанияның жарғылық капиталына мүлiктiк салым ретiнде бередi.

      ^ 195-бап. Стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың
               құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды
               иелiктен шығару туралы және стратегиялық
               объектiлердi сатып алудың басым құқығы туралы
               ережелердi бұзудың салдары

      Стратегиялық объектiлерге құқықтарды иеленушiнiң стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иелiктен шығару туралы және стратегиялық объектiлердi сатып алудың басым құқығы туралы талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлесi, ол жасалған кезден бастап сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.

^ 7-БӨЛIМ. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТI ЕСЕПКЕ АЛУ, МҮЛIКТIҢ МОНИТОРИНГI, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ

15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТI ЕСЕПКЕ АЛУ, МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТI БАСҚАРУ ТИIМДIЛIГIНIҢ МОНИТОРИНГI, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТIҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ

      ^ 196-бап. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу және мемлекеттiк
               мүлiктi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi туралы
               жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу мемлекеттiк мүлiктi бақылау және тиiмдi пайдалану мақсаттары үшiн жүзеге асырылады. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу туралы деректер мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi, оның iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Осы тараудың қағидаларында Қазақстан Республикасының және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң мемлекеттiк мүлкiн есепке алу тәртiбi, мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiн түзудiң және оның жұмыс iстеуiнiң негiзгi принциптерi, сондай-ақ есепке алу объектiлерiнiң құрамын, тiзбесiн, олар туралы мәлiметтердi жинау, өңдеу және өзектi ету тәртiбiн айқындайды.
      Есепке алу объектiлерi туралы мәлiметтердi өзектi ету мемлекеттiк мүлiктiң құрамы туралы нақты, объективтi және оған барабар ақпаратты есепке алу деректерiнде көрсетуге мүмкiндiк беретiн жаңарту, толықтыру, өзгерту және өзге де iс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады.

      ^ 197-бап. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алудың түрлерi

      1. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмi нысанында бiрыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Осы Заңның 210 – 212-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мүлiктi ведомстволық есепке алуды мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi туралы мәлiметтердi беретiн тиiстi саланың уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнде мемлекеттiк мүлiктiң түрлерi бойынша – республикалық және коммуналдық мүлiктi бөлек есепке алу, ал жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша облыстық және аудандық коммуналдық мүлiктi бөлек есепке алу жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 17-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнде көрсету үшiн коммуналдық мүлiктi есепке алуды жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады.

      198-бап. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алудың және
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы