Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница11/14
Дата конвертации17.05.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

               мемлекетке тиесiлi бола алмайтын қатысу
               үлестерiне (пайларға) құқықтарға мемлекеттiң ие
               болуының салдары

      Егер осы Заңның 19-бабында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк мүлiктiң құрамына акционерлiк қоғамға немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қарағанда өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттiк емес коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерi (пайлар) түскен болса, жарғылық капиталдағы көрсетiлген қатысу үлестерi (пайлар), егер заңды тұлға акционерлiк қоғам немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылмаса, немесе аталған тұлғаның мүлкi негiзiнде мемлекеттiк заңды тұлға құрылмайтын болса, сатудан түскен табысты бюджет есебiне жатқыза отырып, оларға құқыққа ие болған кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен шығарылуға жатады.

      ^ 174-бап. Акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi
               серiктестiктерге мемлекеттiң қатысуын тоқтату

      1. Акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге мемлекеттiң қатысуы акционерлiк қоғамдардың акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн сатқан кезде немесе осы Заңның 83-бабында көзделген өзге де негiздер бойынша акционерлiк қоғамдардың акцияларына және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiне құқықтарды тоқтатқан кезде тоқтатылады.
      2. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiн сату осы Заңның 10-тарауының қағидалары бойынша жүргiзiледi.
      3. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiн акционерлiк қоғам орналастыратын акцияларды төлеуге немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде беру осы Заңның 114-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

      ^ 175-бап. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi
               акцияларына және жауапкершiлiгi шектеулi
               серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы
               мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiне билiк ету

      1. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiне билiк ету осы Заңның 10-тарауында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      2. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiн) өтеусiз беруге жол берiлмейдi.
      3. Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң жарғылық капиталдарына берiлген ұлттық компаниялардың акцияларына, сондай-ақ стратегиялық объектiлер болып табылатын, акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларына (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiне) билiк етуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жол берiледi.
      4. Мемлекетке тиесiлi акцияларға (жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiне) кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлiкпен басқару нысанындағы үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға және оларды иелiктен шығаруға осы Заңның 10-тарауының қағидалары бойынша жол берiледi.
      5. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiн кепiлге қоюға жол берiлмейдi.

      ^ 176-бап. Акционерлiк қоғамның мемлекетке тиесiлi
               акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi
               серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекетке
               тиесiлi қатысу үлестерiн сенiмгерлiкпен
               басқаруға беру

      1. Акционерлiк қоғамның мемлекетке тиесiлi акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiн жеке тұлғалардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың сенiмгерлiкпен басқаруына берудi, егер берудiң нысанасы республикалық мүлiкке жататын – акционерлiк қоғамдардың акциялары немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерi болып табылса, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      2. Коммуналдық мүлiкке жататын – акционерлiк қоғамның акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн сенiмгерлiкпен басқаруға берудi жергiлiктi атқарушы орган жүргiзедi.
      3. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiн кейiннен сатып алу құқығымен жеке тұлғалардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың сенiмгерлiкпен басқаруына беру осы Заңның 10-тарауында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      4. Сыйақы мөлшерi, сондай-ақ сенiмгерлiкпен басқару әрекетiнiң мерзiмi акционерлiк қоғамдардың акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн сенiмгерлiкпен басқаруға беру туралы шартпен айқындалады.
      Акционерлiк қоғамдардың акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн сенiмгерлiкпен басқаруға мемлекеттiң дивидендтерге деген өз құқығынан бас тартуы арқылы беруге жол берiлмейдi.
      5. Сенiмгерлiкпен басқарушыға мынадай:
      1) акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысын өзгерту туралы;
      2) акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн өзгерту (ұлғайту немесе азайту) туралы;
      3) акционерлiк қоғамды немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi тарату, оларды қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ олардың атауларын өзгерту туралы мәселелердi шешуге байланысты мемлекеттiң құқықтарын беруге болмайды.

      ^ 177-бап. Мемлекет қатысатын акционерлiк қоғам мен
               жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi басқаруға
               мемлекеттiң қатысу құқығы

      1. Мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамды немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi басқаруға мемлекеттiң қатысу құқығын мемлекет «Акционерлiк қоғамдар туралы» және «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iске асырады.
      2. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығы берiлген тиiстi саланың уәкiлеттi органы мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша шешiм қабылданатын:
      1) қоғамның жарғысына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оны жаңа редакцияда бекiту;
      2) жарғылық капиталдың мөлшерiн өзгерту;
      3) жылдық қаржы есептiлiгiн бекiту және қоғамның есептi қаржы жылындағы таза табысын бөлу;
      4) қоғамға тиесiлi барлық активтердiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы активтерiнiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау;
      5) директорлар кеңесiнiң сан құрамын, өкiлеттiк мерзiмiн айқындау, оның мүшелерiн сайлау және олардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң мүшелерiне сыйақылар төлеу мөлшерi мен шарттарын айқындау;
      6) «алтын акцияны» енгiзу және оның күшiн жою;
      7) қоғамның iшкi қызметiне қатысты мәселелер бойынша директорлар кеңесi қабылдаған шешiмдердiң күшiн жою мәселелерiн қоспағанда, акционердiң құзыретiне жататын барлық мәселелер бойынша шешiмдi дербес қабылдайды.
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiк қатысу үлестерiн иелену және оларды пайдалану құқығы берiлген тиiстi саланың уәкiлеттi органы мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша шешiм қабылданатын:
      1) жарғыға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекiту;
      2) жарғылық капиталдың мөлшерiн өзгерту;
      3) жылдық қаржы есептiлiгiн бекiту және таза табысты бөлу;
      4) серiктестiктiң өзге де заңды тұлғаларға қатысуы туралы шешiм;
      5) серiктестiктiң барлық мүлкiн кепiлге қою туралы шешiм;
      6) серiктестiктiң атқарушы органын құру, оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;
      7) серiктестiктiң мүлкiн жалға немесе сенiмгерлiкпен басқаруға беру бойынша мәмiлелер туралы шешiмдер қабылдау;
      8) байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiнi) сайлау және олардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;
      9) қатысушыдан жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм;
      10) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекiту;
      11) серiктестiктiң iшкi қызметiне қатысты мәселелер бойынша байқау кеңесi қабылдаған шешiмдердiң күшiн жою мәселелерiн қоспағанда, қатысушының құзыретiне жататын барлық мәселелер бойынша шешiмдi дербес қабылдайды.
      3. Мемлекет қатысатын акционерлiк қоғам директорлары кеңесiнiң немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiнiң құрамына акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығы берiлген тиiстi саланың уәкiлеттi органының және мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлдерi кiредi.
      4. Акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнiң және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң байқау кеңесiнiң мүшелерi болып табылатын мемлекеттiк қызметшiлерге сыйақы төленбейдi.

      ^ 178-бап. Мемлекет жалғыз акционерi (қатысушысы) болып
               табылатын акционерлiк қоғамды немесе
               жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi басқару

      1. Қазақстан Республикасы тиiсiнше жалғыз акционерi немесе қатысушысы болып табылатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi тарату, қайта ұйымдастыру және олардың атауларын өзгерту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
      2. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тиiсiнше жалғыз акционерi немесе қатысушысы болып табылатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi тарату, қайта ұйымдастыру және олардың атауларын өзгерту туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы орган қабылдайды.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен акционерлiк қоғамның (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығы берiлген тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган акционерлiк қоғамның (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң) алған таза табысын бөлу туралы шешiмнiң уақтылы қабылдануын және акционерлiк қоғамның (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң) мемлекетке тиесiлi акцияларға (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiне) арналған дивидендтердi (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң таза табысының бiр бөлiгiн) жалғыз акционер (қатысушы) шешiм қабылдаған күннен бастап он күн iшiнде аударуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      ^ 179-бап. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық
               компанияны басқару

      1. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық компания өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде экономиканың белгiлi бiр саласындағы мемлекеттiк мүлiктi басқару аясында мемлекеттiң саясатын жүргiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Мемлекет жалғыз акционерi болып табылатын ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру және оның атауын өзгерту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары құрған ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру және оның атауын өзгерту туралы шешiмдердi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қабылдайды.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары құратын ұлттық компания (әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация) бiреуден артық болмайды.
      3. Акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесiнде құны қоғам активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң оннан жиырма беске дейiнгi пайызын құрайтын мүлiктi компания сатып алатын немесе иелiктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәмiленi немесе жиынтығында бiр-бiрiмен өзара байланысты мәмiлелердi жасауы туралы шешiмдi компанияның директорлар кеңесi қабылдайды. Акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесiнде құны қоғам активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң оннан аз пайызын құрайтын мүлiктi компания сатып алатын немесе иелiктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәмiленi немесе жиынтығында бiр-бiрiмен өзара байланысты мәмiлелердi жасауы туралы шешiмдi ұлттық компанияның басқармасы қабылдайды.
      4. Акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесiнде құны қоғам активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мүлiктi компания сатып алатын немесе иелiктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәмiленi немесе жиынтығында бiр-бiрiмен өзара байланысты мәмiлелердi жасауы туралы шешiмдi компанияның директорлар кеңесiнiң ұсынуы бойынша (ұлттық компанияның жалғыз акционерiнiң шешiмiмен) ұлттық компания акционерлерiнiң жалпы жиналысы қабылдайды.

      ^ 180-бап. Акционерi ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық
               холдинг болып табылатын ұлттық компанияны
               басқару

      1. Акционерi ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру және оның атауын өзгерту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
      2. Құны қоғам активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп пайызын құрайтын мүлiктi нәтижесiнде компания сатып алатын немесе иелiктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәмiленi немесе жиынтығында бiр-бiрiмен өзара байланысты мәмiлелердi ұлттық компанияның жасасуы туралы шешiмдi ұлттық компанияның директорлар кеңесi қабылдайды. Құны қоғам активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң оннан аз пайызын құрайтын мүлiктi нәтижесiнде компания сатып алатын немесе иелiктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәмiленi немесе жиынтығында бiр-бiрiмен өзара байланысты мәмiлелердi ұлттық компанияның жасасуы туралы шешiмдi ұлттық компанияның басқармасы қабылдайды.
      3. Құны қоғам активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлiктi нәтижесiнде компания сатып алатын немесе иелiктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәмiленi немесе жиынтығында бiр-бiрiмен өзара байланысты мәмiлелердi жалғыз акционерi ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияның жасасуы туралы шешiмдi ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң директорлар кеңесi қабылдайды.

      ^ 181-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық
               холдингтердi басқару

      1. Ұлттық басқарушы холдингтi, ұлттық холдингтi тарату, қайта құру және оның атауын өзгерту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметi қабылдайды.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акциялары мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерi осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша берiлуi мүмкiн.
      3. Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң директорлар кеңесiнiң құрамына мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның, тиiстi саланың уәкiлеттi органының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша өзге де мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.
      4. Акционерлердiң жалпы жиналысы үшiн белгiленген, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционерлерiнiң жалпы жиналысының ерекше құзыретiне «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағының 6) және 14) тармақшаларында көрсетiлген мәселелердi қоспағанда, осы Заңның 36-бабында көрсетiлген мәселелер жатады.
      5. «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 15-1) тармақшасында көрсетiлген мәселенi қоспағанда, осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көрсетiлген мәселелерден басқа ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң директорлар кеңесiнiң ерекше құзыретiне мынадай мәселелер:
      1) аудиттi жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
      2) штат санын бекiту;
      3) еншiлес ұйымдардың стратегияларын және даму жоспарларын әзiрлеу кезiнде олардың бiрыңғай (оның iшiнде еншiлес ұйымдар қызметiнiң салалары бойынша) қаржы, инвестициялық, өндiрiстiк-шаруашылық, ғылыми-техникалық саясатын қалыптастыру;
      4) даму жоспарын, сондай-ақ оның орындалу есептерiн бекiту;
      5) даму жоспарларының iске асырылуын бағалау;
      6) тәуекелдердi басқару жөнiндегi саясатты айқындау;
      7) қоғам акцияларды сатып алған жағдайда олардың құнын белгiлеу әдiстемесiн және әдiстемесiне енгiзiлетiн өзгерiстердi бекiту;
      8) активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн қоғамға тиесiлi барлық активтердiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада беру арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау жатады.
      Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң атқарушы органының құзыретiне «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мәселелер және акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң) он және одан да көп пайызы қоғамға тиесiлi заңды тұлға акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретiне жататын қызмет мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кiредi.

      ^ 182-бап. Мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдарды
               корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi
               мамандандырылған кеңестер

      1. Ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi басқару жөнiндегi қызметтi үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестер құрылуы мүмкiн.
      Корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестер туралы ереженi және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      2. Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардағы корпоративтiк басқаруды бағалау тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

      ^ 183-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық
               холдингтердiң бюджеттiк инвестициялық жобаларды
               iске асыру бойынша бюджеттiк инвестицияларды
               пайдалануы

      1. Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырмайтын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акцияларының эмиссиясын төлей алады.
      Ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң және ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке кiретiн акционерлiк қоғамдардың бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру туралы есебiн ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг тоқсан сайын ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң директорлар кеңесiнiң қарауына және бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне ұсынады.
      2. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн шығарған акциялар мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына жатқызылады.
      Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг шығарған акцияларды ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң акциялардың мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi органға бередi.
      3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған ақша ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың орналастыратын акцияларын төлеуге түскен, ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң атқарушы органы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке кiретiн акционерлiк қоғамдардың атқарушы органы осы бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуы үшiн жауаптылықта болады.

      ^ 184-бап. Акциялары ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық
               холдингке, сондай-ақ ұлттық компанияларға
               тиесiлi ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық
               холдингтердiң, ұлттық компаниялардың қызметiн
               жоспарлау

      1. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзiрлейдi.
      Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негiзiнде он жылға әзiрленедi.
      Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары олардың даму стратегияларын iске асыруы мақсатында бес жыл мерзiмге әзiрленедi.
      2. Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары:
      1) олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, қызметi нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды;
      2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерi) өздерiне тиесiлi заңды тұлғалардың, оның iшiнде ұлттық компаниялардың даму стратегиялары ескерiле отырып әзiрленедi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауының ережелерi ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму стратегияларын түзету үшiн негiз болып табылуы мүмкiн.
      Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму стратегияларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары:
      1) инвестицияларды, табыстарды, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтердi және басқа да мәлiметтердi қоса алғанда, мақсаттарды, мiндеттердi, нәтижелер көрсеткiштерiн және қаржы-шаруашылық қызметiнiң көрсеткiштерiн қамтиды;
      2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерi) өздерiне тиесiлi заңды тұлғалардың, оның iшiнде ұлттық компаниялардың даму жоспарларын ескере отырып әзiрленедi.
      4. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары жобаларының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкестiгi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi мемлекеттiк органмен және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкестiгi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiледi.
      5. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын олардың директорлар кеңесi бекiтедi.
      Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын олардың директорлар кеңесi бекiтедi.
      6. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшiн даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      7. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының iске асырылуын бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының iске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңесi жүзеге асырады.
      Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының iске асырылу мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептi ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      8. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының әзiрленуi, орындалуы үшiн, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептiң уақтылы ұсынылуы үшiн ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауаптылықта болады.
      Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционерi болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларының әзiрленуi, орындалуы үшiн ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауаптылықта болады.
      9. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық компаниялар қызметiнiң нәтижелерiн тыңдауды акциялардың мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган жыл сайынғы негiзде жүзеге асырады.
      Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционерлерi болып табылатын ұлттық компаниялар қызметiнiң нәтижелерiн тыңдауды ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң директорлар кеңесi жыл сайынғы негiзде жүзеге асырады.
      Ұлттық компаниялардың қызметiн тыңдау нәтижелерi туралы есеп осы тармаққа сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға және мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынылады.

      185-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы