Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница10/14
Дата конвертации17.05.2013
Размер2.05 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

               мүлiктi мемлекеттiң алып қою және қайта бөлу
               құқығы

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) қазыналық кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi тиiстi саланың уәкiлеттi органының келiсiмi бойынша алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
      2. Жедел басқару құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) қазыналық кәсiпорынға алып қойылған мүлiктi өзге тұлғаға бергенге дейiн оны күтiп ұстау және сақталуын қамтамасыз ету мерзiмдерiн белгiлеуге құқылы.

      ^ 155-бап. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi

      1. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда бекiтiлген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен айқындалады.
      2. Өзге шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

      156-бап. Қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн
               тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн
               қызметтердiң) бағалары

      1. Республикалық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын тиiстi саланың уәкiлеттi органы белгiлейдi.
      2. Коммуналдық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi.
      3. Табиғи монополия субъектiсiне немесе тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiне жататын қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағалары «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы», «Бәсекелестiк туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң немесе тиiстi тауар нарығында үстем не монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң баға белгiлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.

      ^ 157-бап. Қазыналық кәсiпорынның жарғылық капиталы

      Қазыналық кәсiпорынның жарғылық капиталы меншiк иесiнен жарғылық қызметтi жүзеге асыру үшiн басқаруға алынған мүлiктен қалыптастырылады.

      ^ 158-бап. Қазыналық кәсiпорынның жауаптылығы

      1. Қазыналық кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi.
      Қазыналық кәсiпорынды тарату жағдайларын қоспағанда, осы заңды тұлғаның қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
      2. Қазыналық кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      3. Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

^ 6-параграф. Мемлекеттiк мекеме

      159-бап. Мемлекеттiк мекеменi құру

      1. Республикалық мемлекеттiк мекеменi – Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi, коммуналдық мемлекеттiк мекеменi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрады.
      2. Мемлекеттiң жеке тұлғалармен және мемлекеттiк емес заңды тұлғалармен бiрлесiп мемлекеттiк мекеме құруына жол берiлмейдi.
      3. Мемлекеттiк орган болып табылатын мемлекеттiк мекеменi құрудың ерекшелiктерi мен мемлекеттiк органдардың мүлiктiк айналымға қатысуын құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi осы Заңның 163 және 164-баптарында белгiленедi.

      ^ 160-бап. Мемлекеттiк мекеменiң қызметiн қаржыландыру

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзi белгiленбесе, мемлекеттiк мекеменiң қызметiн тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелерге басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асырудан бөлек, табыс әкелетiн қызметтi (ақылы қызметтер көрсету) жүзеге асыру құқығы берiлуi мүмкiн.

      ^ 161-бап. Мемлекеттiк мекеменiң мүлiктiк құқықтарды iске
               асыруы

      1. Мемлекеттiк мекеме өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және өзiне смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге құқылы емес.
      2. Бiлiм беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кiтапханалар, мемлекеттiк мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндiретiн тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақшаны қоспағанда, табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен берiлген мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi бюджеттiң есебiне жатқызылады.

      ^ 162-бап. Мемлекеттiк мекеменiң жедел басқаруына берiлген
               мүлiктi мемлекеттiң алып қою және қайта бөлу
               құқығы

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) мемлекеттiк мекемеге бекiтiлiп берiлген мүлiктi тиiстi саланың уәкiлеттi органының келiсiмi бойынша алып қоюға не оны басқа мемлекеттiк заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

      ^ 163-бап. Мемлекеттiк органдардың мүлiктiк қатынастарға
               қатысуы

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына орай мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк органдар, егер Қазақстан Республикасының көрсетiлген заңнамасында және оларды құру туралы жеке құқықтық актiлерде олар заңды тұлғалар ретiнде айқындалса, мемлекеттiк мекемелер болып танылады.
      2. Заңды тұлға ретiнде айқындалған мемлекеттiк органдар, егер олар азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан емес, өз атынан қатысса (жалға алу, кеңсе керек-жарақтарын, жабдықтар сату-сатып алу шарттарын жасаса, зиян келтiргенi үшiн мiндеттемелер бойынша жауаптылықта болса, басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер жасаса) мемлекеттiк мекемелер ретiнде қарастырылады.

      ^ 164-бап. Мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк
               мекемелердi құрудың және олардың қызметiнiң
               ерекшелiктерi

      1. Осы Заңның 163-бабының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк орган болып табылатын мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттiк органды құру туралы жеке құқықтық актiлердiң негiзiнде құрылады және осы мекеме туралы ережелердiң негiзiнде жұмыс iстейдi.
      2. Мемлекеттiк орган болып табылатын мемлекеттiк мекеме өзiнiң атынан басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (акционерi, қатысушысы, мүшесi) ретiнде әрекет етуге құқылы емес. Мемлекеттiк заңды тұлғаларды, акционерлiк қоғамдарды және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi құру кезiнде мемлекеттiк органдар мемлекеттiң (Қазақстан Республикасының немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң) атынан ғана құрылтайшы (акционер, қатысушы) ретiнде әрекет етуге құқылы.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелер табыс әкелетiн қызметпен айналысуға құқылы емес. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртiппен табыс әкелетiн қызметпен айналысуға құқылы.
      4. Мемлекеттiк органның құзыретi, құрылымы, ведомстволық бағыныстылығы және функцияларын жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы мемлекеттiк органдарды құру туралы жеке құқықтық актiлерде айқындалады.
      5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, осы Заңның күшi мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелерге қолданылады.

      ^ 165-бап. Мемлекеттiк мекеменiң жауаптылығы

      1. Мемлекеттiк мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi.
      Мемлекеттiк мекеменiң қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
      2. Мемлекеттiк мекемеде ақша жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

12-тарау. АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСIЛI АКЦИЯЛАРЫНА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIКТЕРДIҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСIЛI ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРIНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

      ^ 166-бап. Акционерлiк қоғамдардың акцияларына және
               жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң
               жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiне
               мемлекеттiң өзiне тиесiлi құқықтарын жүзеге
               асыруын құқықтық реттеу

      1. Мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер құруды, акционерлердiң (қатысушылардың) құқықтарын, мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң басқару органдарын құру мен олардың өкiлеттiгiн құқықтық реттеу осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, «Акционерлiк қоғамдар туралы», «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлiк қоғамдарда және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде Қазақстан Республикасының Үкiметi арқылы акционердiң (қатысушының) акционерлiк қоғамды (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi) басқаруға қатысу құқығын мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Республикалық меншiктегi акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша тиiстi саланың уәкiлеттi органына беруi мүмкiн. Республикалық меншiктегi акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) мемлекеттiк пакетiне билiк ету құқығы мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органда қалады.
      Акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырушы тиiстi саланың уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердiң жалпы жиналысының (қатысушылардың жалпы жиналысының) құзыретiне жататын мәселелер бойынша акционер (қатысушы) ретiнде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi.
      3. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қатысатын акционерлiк қоғамдарда және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң акционерлiк қоғамды (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi) акционер (қатысушы) ретiнде басқаруға қатысу құқығын жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.
      4. Ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгi қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады.
      Жанама иелену әрбiр келесi ұйымның өзге ұйым акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызын меншiк немесе сенiмгерлiкпен басқару құқығымен иеленетiнiн бiлдiредi.

      ^ 167-бап. Мемлекеттiң акционерлiк қоғамдардың акцияларына
               және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң
               жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiне
               құқықтарының туындау негiздерi

      Мемлекет акционерлiк қоғамдардың акцияларына және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлесiне құқықтарды:
      1) мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердi акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер етiп қайта құру;
      2) мемлекеттiң акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер құруы;
      3) мемлекеттiң акционерлiк қоғамдардың акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн сатып алуы;
      4) жарғылық капиталындағы қатысу үлесi осы Заңның 19-бабында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түскен, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттiк емес коммерциялық ұйымдарды акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер етiп қайта құру;
      5) «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн мәжбүрлеп сатып алу;
      6) стратегиялық объектiлердi сатып алуға басым құқықты iске асыру;
      7) осы Заңның 19-бабында көзделген өзге де негiздер бойынша сатып алу жолымен ие болады.

      ^ 168-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк
               мекемелердi акционерлiк қоғамдар және
               жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер етiп
               қайта құру

      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердi акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер етiп қайта құру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      ^ 169-бап. Мемлекеттiң акционерлiк қоғамдардың акциялары
               мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң
               жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн сатып
               алуы

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың акциялары мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн республикалық және коммуналдық мүлiктiң құрамына сатып алу туралы шешiмдi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қабылдайды.
      2. Акционерлiк қоғамдардың акциялары мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн бюджет қаражаты есебiнен сатып алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      3. Акционерлiк қоғамдардың акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталын ақшадан басқа, өзге мүлiкпен төлеу туралы шешiм қабылданған жағдайда мемлекеттiк мүлiктi беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.
      4. Акционерлiк қоғамдардың акцияларын республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлiк қоғамдарды құрған кезде республикалық мүлiктiң құрамына түсетiн, акционерлiк қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмiндегi акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның жеке шотының есебiне жатқызылуға тиiс.
      Акционерлiк қоғамдардың акцияларын жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен сатып алған кезде, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қатысатын акционерлiк қоғамдарды құрған кезде коммуналдық мүлiктiң құрамына түсетiн, акционерлiк қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмiндегi акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органның жеке шотының есебiне жатқызылуға тиiс.

      ^ 170-бап. Мемлекеттiң акционерлiк қоғамдар мен
               жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi құруы

      1. Мемлекет акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi құрған кезде олардың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының атынан акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болады.
      3. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң атынан акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтайшысы жергiлiктi атқарушы орган болады.
      4. Акционерлiк қоғамдарды және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құратын мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органды және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдары және мемлекеттiк мекемелер акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң құрылтайшысы бола алмайды.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге мемлекеттiң қатысуына тыйым салулар мен шектеулер белгiленуi мүмкiн.
      6. Мемлекеттiң қатысуымен құрылатын акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталын төлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      7. Акционерлiк қоғамның акцияларын немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталын ақшадан басқа, өзге мүлiкпен төлеу туралы шешiм қабылданған жағдайда, мемлекеттiк мүлiктi беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.
      8. Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      ^ 171-бап. Мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар мен
               жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң
               түрлерi

      1. Акционерлiк қоғамдардың акциялары (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерi) кiмге тиесiлi екендiгiне қарай мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер:
      1) Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер;
      2) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қатысатын акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер болып бөлiнедi.
      2. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларының санына (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiнiң мөлшерiне) қарай акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер:
      1) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер – жарғылық капиталындағы акционерлiк қоғам акцияларының бақылау пакетi немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер болып бөлiнедi. Акционерлiк қоғамның акцияларының бақылау пакетi немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесi тиiсiнше акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының елу пайызынан астамы немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi екендiгiн бiлдiредi;
      2) мемлекет үстем емес үлеспен қатысатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген белгiлерi жоқ акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер болып бөлiнедi.

      ^ 172-бап. Мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер,
               ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бақылайтын
               акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi
               серiктестiктердiң өзге заңды тұлғалардың
               жарғылық капиталдарына қатысу ерекшелiктерi

      1. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлiк қоғам немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер нысанында құрылған коммерциялық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердiң аумағында құрылған ұйымдардың құрылтайшысы (акционерлерi және қатысушылары) бола алады.
      Ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң өзге ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесi) ретiнде әрекет етуiне жол берiлмейдi.
      2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлiк қоғам немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк акционерлiк қоғамға немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қарағанда өзге мемлекеттiк емес коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесiне құқықтарға ие болған жағдайда, жарғылық капиталдағы көрсетiлген қатысу үлесi, егер осы коммерциялық ұйым акционерлiк қоғам немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылмаса, оған құқыққа ие болған кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен шығарылуға жатады.

      173-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы