\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon

" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті



Название" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
Дата конвертации31.05.2013
Размер153.01 Kb.
ТипДокументы
источник

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 09 сәуір
N 63 қаулысымен бекітілген
 


" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
 


1. Жалпы ережелер


      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) Маңғыстау облысының аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – ЖАО), сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша ЖАО болмаса, өтініш беруші электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі) өтініш жасайды.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).
      4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: интерактивті.
      5. Осы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
      2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      3) интерактивті қызмет – өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша және тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      4) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, жіберу және ұсыну үшін арналған жүйе;
      5) ЖАО АЖ – жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесі/Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" шлюзінің қосалқы жүйесі ретіндегі аймақтық шлюз", атап айтқанда жергілікті атқарушы орган қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орнын қосады;
      6) ҰКО АЖ – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының ақпараттық жүйесі;
      7) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;
      8) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      9) ЭҮАШ – "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі;
      10) құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;
      11) "электрондық үкiметтiң" шлюзi (бұдан әрi – ЭҮШ) – электрондық қызметтi iске асыру аясында "электрондық үкiметтiң" ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
      13) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.


^ 2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі


      6. ЖАО арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың N 1 диаграммасы) осы Регламентке 2 – қосымшада келтірілген:
      1) тұтынушы электрондық мемлекеттік қызмет алу үшiн өтiнiш және қажеттi құжаттардың түпнұсқаларымен ЖАО-ға өтiнiш жасауы тиiс. Тұтынушының өтiнiш және құжаттарының түпнұсқалығын ЖАО-ның қызметкерi тексеруі;
      2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін ЖАО қызметкерiнiң ЖАО АЖ - да ЖСН және парольді енгiзу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы ЖАО АЖ-дан ЖАО -ның тіркелген қызметкері туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-үдеріс – ЖАО қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЖАО АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3- үдеріс – ЖАО қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сканерден өткізілген құжаттарды қосу);
      6) 4- үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ арқылы қол қою;
      7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ЖАО АЖ-да тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;
      8) 5-үдеріс – ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
      10) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) қалыптастыру. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады;
      11) 8-үдеріс – ЖАО қызметкерiнiң электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін қолма-қол немесе тұтынушының электрондық поштасына жiберу арқылы беру.
      7. ЭҮП арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың N 2 диаграммасы) осы Регламентке 2 – қосымшада келтірілген:
      1) тұтынушы ЖСН және парольдің көмегімен ЭҮП-те тіркелуі жүзеге асырылады (ЭҮП-те тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЖСН және парольді ЭҮП-те енгізу үрдісі (авторизациялау үрдісі);
      3) 1-шарт – ЭҮП-те ЖСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП-те авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сканерден өткізілген құжаттарды қосу);
      6) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) тұтынушының ЭЦҚ арқылы қол қою;
      7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ЭҮП-те тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;
      8) 5-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮАШ/ЭҮШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
      10) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) қалыптастыруы. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады және ЭҮП-те жеке кабинетке жіберіледі.
      8. Осы Регламентке 3-қосымшада тұтынушыға мемлекеттік және орыс тілінде көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметке экрандық нысандар келтірілген:
      сұрау салуды толтыру – ЖСН тұтынушының ЭҮП-ке тіркелу нәтижесі бойынша автоматты түрде таңдалады;
      сұрау салуға қол қою – тұтынушы "қол қою" кнопкасының көмегімен ЭЦҚ сұрау салуға қол қоюды жүзеге асырып, одан кейін сұрау салу өңдеуге жіберіледі;
      сұрау салуды өңдеу – сұрау салуды өңдегеннен кейін тұтынушы дисплейдің экранына келесі ақпарат енгізіледі: ЖСН, сұрау салудың нөмірі, қызмет түрі, сұрау салу мәртебесі, қызмет көрсету мерзімі;
      "мәртебені жаңарту" кнопкасының көмегімен тұтынушыға сұрау салуды өңдеу нәтижесін қарау мүмкіндігі беріледі.
      9. Электрондық мемлекеттiк қызмет бойынша сұрау салуды орындау мәртебесiн тұтынушының тексеру тәсiлi: ЭҮП-те "Қызметтер алу тарихы" бөлiмiнде, сондай-ақ ЖАО-ға немесе ауылдық округтің әкіміне өтiнiш жасағанда.
      10. Электрондық мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты алу, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) үшін байланыс телефонының нөмірі: 8(7292) 605253.
 


^ 3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


      11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
      1) ЖАО;
      2) ЭҮП
      3) ЖАО АЖ;
      4) ҰКО АЖ;
      5) ЭҮАШ/ЭҮШ.
      12. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, ҚФБ іс-қимылы дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1 – қосымшада келтірілген.
      13. ҚФБ сипаттамасына сәйкес олардың (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) іс-қимылының қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар осы Регламентке 2 – қосымшада (N 1, 2 диаграммалар) келтірілген.
      14. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі соған сәйкес ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері осы Регламентке  4 – қосымшадакелтірілген.
      15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламентке 5 – қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) тұтынушының құжаттарындағы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      2) тұтынушының құқықтарын қорғау үшін қажетті өзге де талаптар.
      17. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары: ЭҮП-ке қол жетімділік; тұтынушыда ЭЦҚ-ның болуы.


" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
 


ҚФБ іс-қимылы дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы


1-кесте. ЖАО арқылы іс-қимылдардың сипаттамасы



Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

3

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮАШ (ЭҮШ)

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының өтiнiш және құжаттарының түпнұсқалығын тексеру, ЖАО АЖ-ға деректерді енгізу

ЖАО қызметкерінің жүйеде авторизациялану және электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың нысанын толтыру

Сұрау салудың мәртебесін ЖАО АЖ-дан ХҚКО АЖ-ға ауыстыру туралы хабарламаны бағдарлау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшы лық ету шешiмi)

Қызметті алуға өтінішті және құжаттарды қабылдау

Өтінішке нөмір бере отырып, сұрау салуды тіркеу

Сұрау салуды бағдарлау

5

Орындау мерзiмдерi

15 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

2

3

4




Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) N

4

5

6

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮАШ (ЭҮШ)

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Сұрау салуды орындау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдау

Шығыс құжатын қалыптастыру

-

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешiмi)

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны не дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Жүйеде шығыс құжатын қалыптастыру

-

5

Орындау мерзiмдерi

10 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

-

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

5

6

7




Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) N

7

8

9

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮАШ (ЭҮШ)

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шығыс құжатын жасау

Шығыс құжатына ЖАО қызметкерiнiң ЭЦҚ қол қою.

--

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешiмi)

ЖАО қызметкерiнiң электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қолма-қол немесе тұтынушының электрондық поштасына жiберу арқылы беру

ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ қойылған шығыс құжат

-

5

Орындау мерзiмдерi

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

-

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

8

9

-



^ 2-кесте. ЭҮП арқылы іс-қимылдардың сипаттамасы



Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

3

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЭҮП

ЭҮАШ (ЭҮШ)

ЖАО АЖ

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының ЭҮП-те авторизациялануы, сұрау салудың нысанын толтыру. Электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру

Сұрау салуды ЖАО АЖ-ға бағдарлау (енгізіл ген деректер дұрыс болған жағдайда)

Өтінішке нөмір беру (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда)

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшы лық ету шешiмi)

Сұрау салудың сәтті қалыптасқандығы туралы хабарламаны көрсету немесе сұралып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Сұрау салуды бағдарлау (енгізіл ген деректер дұрыс болған жағдайда)

ЭҮП-ке хабарламаны жіберу (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда)

5

Орындау мерзiмдерi

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

2

3

4




Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) N

4

5

6

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО

ЖАО АЖ

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтінішті орындауға қабылдау (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда)

Сұрау салуды орындау. Мемлекет тік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдау

Шығыс құжатын қалыптастыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшы лық ету шешiмi)

Жұмыстануға қабылдау(ен гізілген деректер дұрыс болған жағдайда)

Хабарлама ны не дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Жүйеде шығыс құжатын қалыптастыру

5

Орындау мерзiмдерi

15 минуттан артық емес

10 күнтізбе лік күн ішінде (селолық округ қарасты  рылмаған)

1 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

5

6

7




Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) N

7

8

9

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЭҮАШ (ЭҮШ)

ЭҮП

ЖАО

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЭҮП те "жұмыстануда" мәртебесін ауыстыру туралы хабарлама бағдарлау

"Жұмыстануда" мәртебесін көрсету

Шығыс құжатын жасау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшы лық ету шешiмi)

Бағдарлау

Мәртебесін көрсету

Қол қойылған шығыс құжаты

5

Орындау мерзiмдерi

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

8

9

10




Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) N

10

11

12

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО АЖ

ЭҮАШ (ЭҮШ)

ЭҮП

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шығыс құжатына ЖАО қызметкерiнiң ЭЦҚ қол қою. Қызмет көрсетудің мәртебесін ЭҮП-те ауыстыру туралы хабарламаны қалыптастыру

Шығыс құжатын  ЭҮП-те шығара отырып, мәртебесін ауыстыру туралы хабарлама ны бағдарлау

Шығыс құжатын қарау мүмкіндігімен қызмет көрсету аяқталғаны туралы хабарламаны көрсету

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшы лық ету шешiмi)

ЭҮП-ке шығыс құжатымен хабарламаны жолдау

Бағдарлау

Шығыс құжатын көрсету

5

Орындау мерзiмдерi

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

11

12

-



      Ескертпе:
      Осы кестеде электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң технологиялық тiзбегiнде келесi әрекеттердiң аяқталу үлгiлерi, орындалу мерзiмдерi және нөмiрлерi көрсетiлiп ЭҮП және барлық ҚФБ әрекеттерi (функциялары, рәсiмдерi, операциялары) атап көрсетiледi.
      Кесте негiзiнде электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiндегi функционалдық өзара iс-қимылдың диаграммалары құрылады.
 


" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
 


^ ЖАО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл N 1 диаграммасы



 


^ ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл N 2 диаграммасы



 


^ Шартты белгілер





" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
 


^ Электрондық мемлекеттік қызметке экрандық нысандар


1-қадам. Мемлекеттік органды таңдау





^ 2-қадам. Электрондық мемлекеттік қызметті таңдау





3-қадам. Электрондық мемлекеттік қызмет түрін таңдау



 


^ 4-қадам. Сұрау салуды толтыру – жеке тұлғаның деректерін енгізу



 


5-қадам. Сұрау салуға қол қою



 


" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша
 


^ Электрондық мемлекеттік қызметке оң жауаптың шығыс нысаны



 


Электрондық мемлекеттiк қызметке теріс жауаптың (бас тартудың) шығыс нысаны



 


" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
5-қосымша
 
 


^ Электрондық мемлекеттік қызметтерінің "сапа" және "қолжетімділік" көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны


_______________________________________________________
(қызметтің атауы)
 
 


      1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.
 
      2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара канағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.
 



Похожие:

\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Жао), баламалы негізде «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі
\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен...
\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі...
\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет «ШҚо күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» электрондық мемлекеттік қызметінің осы регламентінің 1 қосымшасында көрсетілген...
\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін...
\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
\" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау\" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы