Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
страница1/7
Дата конвертации16.05.2013
Размер1.39 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 Қаулысы

 

1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 61-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы»;

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу»;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.»;

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шет елге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн апостильдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 






























































































 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 9 қазандағы

1278 қаулысына

4-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

2315 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Мұрағаттық анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 215-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы, сонымен қатар осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген облыстардың Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО), «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі, Орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары (бұдан әрі - Мұрағат), мекен-жайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген, баламалы негіздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет: еңбек өтілі мен еңбекақысын, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық марапаттауларды, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуді, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында болғанын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал-жағдайы актілері туралы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі мұрағаттық құжаттар негізінде беріледі.

Шалғайда орналасқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабының 5-тармағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат:

1) уәкілетті органның www.mki.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызмет» бөліміндегі «Мұрағат ісі» кіші бөлімінде;

2) порталда;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - «ХҚКО» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 1, 2 және  3-қосымшаларына сәйкес Орталықтардың ғимараттарында қойылған стенділерде орналастырылады.

Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты call-орталығы телефоны (1414) арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) қағаз тасығышта мұрағаттық анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;

2) порталда - мұрағаттық анықтаманың дайын екендігі туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Анықтама өтініште көрсетілген мекенжай бойынша поштамен жіберіледі.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

уәкілетті органға, ЖАО-на немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда уәкілетті органның, ЖАО немесе Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарланады.

орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде, құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді.

2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут;

3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут.

Уәкілетті орган, ЖАО, Мұрағат мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір күн бұрын береді. Портал арқылы өтініш білдіргенде - күнтізбелік он бес күн ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда уәкілетті орган, ЖАО немесе Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарланады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет:

1) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

2) ЖАО немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

3) Орталыққа өтініш білдірген кезде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін, үзіліссіз, аптасына алты күн. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады; бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес;

1) порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет:

уәкілетті органда, ЖАО және Мұрағатта құқықтық тәртіпті қолдау үшін бөлмелерде тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберістері дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

Орталықта мемлекеттік қызметті алушылардың таңдауы бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай көзделген, күтудің тиімді жағдайлары мен күту залы және қажетті құжаттарды дайындау үшін толтырылған бланк үлгілері мен ақпараттық стенділері бар.

Порталда - жеке кабинетте.

 

 

^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

11. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін (жеке өзі келгенде) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілетті тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжатты көрсеткен кезде мынадай құжаттар тізбесін береді:

1) уәкілетті органға, ЖАО-ға немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш;

2) орталыққа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш.

Алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметін уәкілетті органның қызметкері ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы Орталықтың ақпарат жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен алады.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрауды толтыру қажет;

Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметін уәкілетті орган ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы Порталдың ақпарат жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен алады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілерді толтыру талап етілмейді, өтініштер еркін нысан бойынша қабылданады. Өтініште алушының аты, әкесінің аты, тегі, оның туған жылы мен туған жері, тұрғылықты жері, азаматтығы, сондай-ақ сұранысты орындауға қажетті құжаттарды іздестіруге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа өтініш білдірген кезде, бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электронды сұрау нысанын толтыру қажет.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы жіберіледі немесе уәкілетті органның кеңсесіне мына мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 224-кабинетке тапсырылады.

Мемлекеттік қызметті ЖАО немесе Мұрағат арқылы алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Мұрағатқа немесе ЖАО-ға тапсырылады.

Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залдағы «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Порталда электронды сұранысты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке жәшігінде жүзеге асырылады.

14. Уәкілетті органға өтініш білдірген кезде осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген күні мен уақыты, құжатты қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты жөні көрсетілетін алушыға (немесе нотариалды куәландырылмаған сенімхаты бойынша өкілге) берілетін талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

Орталықта өтініш берілген кезде тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат:

1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беретін күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

Портал арқылы өтініш берілген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алған күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы хабарлама есеп жолданады.

15. Уәкілетті органда, ЖАО немесе Мұрағат мұрағаттық анықтаманы алушыға жеке өзі келгенде (не нотариалды куәландырмай жазбаша сенімхат арқылы басқа тұлғаға) береді, пошта арқылы немесе Орталыққа жіберіледі.

Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді Орталық инспекторы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.

Алушы белгіленген уақытта қызметтің қорытындысын алмаған жағдайда, Орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды Орталықтың мұрағатына жібереді.

Көрсетілген қызметтің нәтижесі алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

16. Алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы стандарттың 11-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік органда, Мұрағаттарда немесе электрондық құжат түрінде порталдағы «жеке кабинетінен» алады.

Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Орталық қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

 

 

^ 3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган, ЖАО, Мұрағат және Орталық мемлекеттік қызметтерді алушыға қатысты мынадай:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;

5) жеке және заңды тұлғалар құжаттарын қорғау және құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.

 

 

  1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы №310 қаулысы
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қазандағы №1066 қаулысы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1796 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы iconК елісу парағЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы
Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы icon«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
«Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы icon2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы №1048 Қаулысы
...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы iconЖоба федоров аудандық мәслихатының шешімі мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы №380
Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №337 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
«Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №337 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
«Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №337 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
«Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы