Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті icon

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті



НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Дата конвертации16.05.2013
Размер77.25 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы

бақылау комитетінің

2011 жылғы «23» қыркүйектегі

№ 904 бұйрығымен бекітілген


«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау

департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже


1. Жалпы ережелер


1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Департамент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі — Комитет) аумақтық органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, осы Ережеге, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2011 жылғы 7 шілдедегі № 778 қаулысына сәйкес іске асырады.

2. Департамент мемлекеттік мекеменің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған жедел басқару, жалға алу және өзге де негіздер құқығында өзіне тиесілі жеке мүлікке иелік етеді, жеке балансы, мемлекеттік тілдегі аталуы көрсетілген мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіпте аумақтық қазынашылық органдарда ашылған шоттары болады.

3. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

4. Департамент өз қызметінде Комитетке бағынысты.

5. Есеп беру мерзімдері мен нысандарын Комитет белгілейді.

6. Департаменттің құрылымының және штаттық санының лимитін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы (бұдан әрі — Жауапты хатшы) бекітеді.

7. Заңды тұлғаның толық атауы:

— мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі;

— орыс тілінде Государственное учреждение «Департамент по контролю в сфере образования Актюбинской области Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан».

8. Департаменттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағұлова даңғылы, 34, пошталық индексі 030000.

9. Осы Ереже Департаменттің құрылтайшылық құжаты болып табылады.


^ 2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқығы

10. Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалары мен білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) білім сапасына мониторинг және талдау жүргізу негізінде оқудың мазмұны мен технологиясын, педагог кадрларды даярлау және қайта даярлауды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

3) Комитетке атқарылған жұмыстары туралы уақытылы және сапалы ақпарат ұсыну;

4) облыстағы оқу-тәрбие процесінің сапасына мониторинг және талдау жүргізу;

5) білім сапасын сырттай бағалау рәсімін ұйымдастыру және өткізу.

11. Департамент облыс аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін тексеріс түрінде меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта білім, жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, сонымен қатар рухани білім беретін оқу орындары мен мектепке дейінгі мекемелерде Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормативтік құқықтық актілерінің және жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылауды өткізу үшін комиссия құрамдарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

3) тексеруді белгілеу туралы актінің құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін қарайды;

5) бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес хаттама жасайды, әкімшілік жаза қолданады және оларды сот органына жібереді;

6) білім беру ұйымына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыру барысында қажет болған жағдайда сот процестеріне қатысады;

7) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізу жоспарын әзірлейді және бекітеді;

8) тұрақты және үздіксіз негізде білім беру ұйымдарын тексеруге ведомстволық есеп жүргізеді, сондай-ақ тексеру парағына сәйкес анықталған кемшіліктерге әкімшілік жаза қолданады және белгіленген міндетті ведомствалық есепке байланысты аталған ақпарат бойынша Комитетке есеп береді;

9) ұлттық бірыңғай тестілеуді және мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

10) шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білім туралы құжаттарды жинауды іске асырады және оларды Ұлттық аккредиттеу орталығына тану және нострификациялау рәсімдеуінен өткізуге жібереді;

11) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізеді.

12. Негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында және өз қызметінде заңнамадағы белгіленген тәртіппен Департамент мыналарға:

1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту және толықтыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) Департаментке жүктелген міндетін атқару мақсатында басқа мемлекеттік органдардан, аймақтық ұйымдардан қажетті ақпараттар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;

3) Департамент құзыретіне енетін мәселелерді орындау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, жеке ғалымдарды, ұстаздарды, мамандар мен сарапшыларды белгіленген тәртіппен тартуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан облыстағы білім беру ұйымдарына кедергісіз кіруге;

5) Департамент құзыретіне енетін мәселелер бойынша комиссия жұмысына, жұмыс тобы құрамына қатысуға;

6) өз қызметі саласында консультативтік кеңестер (комиссиялар, кеңестер, алқалар) құруға;

7) Департамент құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсініктеме беруге;

8) білім беру ұйымдары және мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін білім және ғылым саласындағы білікті мамандардан сарапшылардың деректер базасын құруға құқылы.


^ 3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру


13. Департаментті Жауапты хатшының келісімі бойынша Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын директор басқарады.

14. Департамент директорының орынбасарын Жауапты хатшының келісімі бойынша Комитет төрағасы қызметке тағайындайды және босатады.

15. Департамент директоры департаменттің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық етеді және департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты.

16. Департамент директоры:

1) Департаменттің қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

3) Департаменттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және орындаушылық тәртіпке, кадр қызметінің жұмысына және құжат айналымының ұйымдастыруына бақылау жасайды;

4) Департамент қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау), көтермелеу, үстемақы және сыйақы беру сұрақтарын шешеді;

5) Департамент қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;

6) барлық Департамент қызметкерлері үшін міндетті түрде орындалуға тиісті құзыретіне енетін мәселелер бойынша құқықтық бұйрықтар шығарады;

7) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша әкімшілік құқық бұзылуына байланысты әкімшілік жаза қолданады;

8) Комитеттің келісімі бойынша Департаменттің жұмыс және тексеріс жоспарын бекітеді;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтауын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты.


^ 4. Департаменттің мүлкі


17. Департаменттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

Департаменттің мүлкі оған мемлекет берген жекеленген мүліктің есебінен қалыптасқан және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Департамент балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

18. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

19. Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті Комитеттің келісімінсіз иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

20. Департамент өзіне бөлініп берілген қаржы көлеміне жауап береді.


^ 5. Департамент қызметкерлерінің жауапкершілігі


21. Департамент директоры, директордың орынбасары және қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі Ережеге, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің Ережесіне және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығында қарастырылғандай жүктелген міндетті уақытылы және сапалы орындауға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгігленген тәртіпте жауапты.


6. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату


22. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

23. Таратылған ұйымның мүлкін қолданыстағы заңнама шеңберінде Уәкілетті орган қайтадан бөледі.



Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2012 жылдың II жартыжылдығына арналған тексеру жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 4 мамырдағы...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеру жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №1519...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2012 жылдың екінші жарты жылдығына арналған тексеріс жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 4 мамырдағы...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2012 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеріс жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2012 жылғы 07 желтоқсандағы №1181...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы №282 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жауапты...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті icon«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты
Орталық) көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті icon«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – комитет) уәкілетті орган...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті iconБілім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті iconҒылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын
Азақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Баяндамалары – Доклады Национальной академии наук Республики Казахстан (физика,...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 5 тармағына, 32-бабының 2 тармағына сәйкес,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы