Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт icon

Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт



НазваниеТауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт
Дата конвертации16.05.2013
Размер163.12 Kb.
ТипДокументы
источник

Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт

 

(Орналасқан жері) ОҚО Мақтарал ауданы , Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі №20 үй

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын: Мақтарал ауданы кәімі аппараты

(Тапсырыс берушінің толық атауы) Мақтарал ауданы әкімі аппараты атынан:

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)


бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын

атынан

(өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)


негізінде әрекет ететін

(Жарғының, Ереженің және т.б.)


(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңның (бұдан әрі - Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде_____жылы___ _______ өткен осы Мем­ле­кеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына тө­мендегілер туралы келісімге келді:

1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөл­шер­дегі сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) тауарларды/көрсетілетін қыз­меттерді Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды.

2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білд­іретін болады:

1) “Шарт” - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақ­стан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жа­салған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен жә­не толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құ­жат­тамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) “Шарттың бағасы” Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім бе­ру­­шіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс со­маны білдіреді;

3) “Тауарлар” нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фа­бри­каттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;

4) “Ілеспе көрсетілетін қызметтер” Тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;

5) “Қызмет көрсету” - Тапсырыс берушінің мұқтажын қанағаттан­ды­ратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;

6) “Тапсырыс беруші” - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

7) “Өнім беруші” - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

3) техникалық ерекшелік;

4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

4. Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Өнім беруші Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын қам­та­масыз етуді енгізуге міндетті. Өнім беруші Шарттың орындалуын қам­тамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мем­лекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Рес­публикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін ке­піл­дік ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға де­йін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жа­сауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақ­шалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құ­қығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қар­жы жылынан астам мерзімге:

1) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы, тауарларды келесі (ке­­йінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын тауарларды (мұндай фактіні рас­тайтын әзірлеушінің анықтамасы болуға тиіс);

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құра­лым­дарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді са­тып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мем­лекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, бір қар­жы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағ­дайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.

Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда бір қаржы жылынан астам қол­­­дану мерзімімен мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік не­гізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.

Конкурс нәтижелері бойынша жасалған Мемлекеттік сатып алу шарты өнім берушінің уәкілетті органға өтінім мен шартты баға арасындағы айырма ретінде алынған кірісті пайдалану бойынша ақпарат бергені туралы келісім шарттарын қамтуы тиіс, мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға.

7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акциясының (үлесінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жос­парда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары ор­гандары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

8. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

9. Өнім беруші тауарды (көрсетілетін қызметтерді) Өнім берушінің конкурстық өтініміне және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және беруді (көрсетуге), ал Тапсырыс беруші қабылдауды және төлеуді міндетіне алады. Ақы төлеу нысаны

(аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)

10. Төлеу мерзімі

(мысал: тауарды тағайындалған пунктте қабылдағаннан кейін % немесе алдын ала төлеу және т.б)

11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

(шот-фактура немесе қабылдау-беру актісі және т.б.)

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуге тиіс.

Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қыз­меттердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарт­тың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, көр­сетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өз­гертуге осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мем­лекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

2) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жа­сал­ған шартты орындау үдерісінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгертпеу шартымен, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың ны­санасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (не­месе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарт­тарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;

3) егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өз­ара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың ба­ғасын азайту бөлігінде;

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мем­лекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін не­гіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

12. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ере­желерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген тех­никалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді не­месе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түр­де және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қан­дай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шарт­ты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

15. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнім беруші жүктейді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиіс.

16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.

17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және Өнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.

18. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

19. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.

20. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.

21. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын Тауарлардың/Көр­сетілетін қызметтердің тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талап­та­рына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:

а) шетелден келетін Тауарлар үшін:

Тауарды түсіргеннен кейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, жөнелтілген портын және күнін, түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:

1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;

3) әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;

5) дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;

6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда Өнім беруші осы шығыстарға байланысты жауапты болады.

б) Жергілікті Тауарлар үшін:

1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжат, темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;

3) Дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;

4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

22. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзы­лу­дан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақ­тан­ды­рылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін көрсету). Сақтандыру полисінде Тап­сырыс беруші Өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы ала­тын тарап ретінде аталуға тиіс.

23. Сақтандыру әскери іс-қимылдарға және көтерілістерге байланысты қатерлерді қоса алғанда, “барлық қатерлерден” сақтандыру кезінде “қоймадан қоймаға” Шарт сомасының 110 % мөлшерінде болуға тиіс.

24. Өнім беруші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың баға­сына қосылады.

25. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.

26. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.

27. Тапсырыс беруші Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Өнім берушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөліктердің құны мен номен­кла­турасын беруді Өнім берушіден талап етуі мүмкін.

28. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді шығаруды тоқтатқан жағдайда:

а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;

б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.

29. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың бар­лық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табы­латындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша бе­рілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда бе­рілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, ма­териалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәй­кестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пай­да болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.

30. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай ішінде жарамды.

(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)

31. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.

32. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.

33. Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші Өнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.

34. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың ____ және________ -тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.

35. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің кон­курс­тық өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.

36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құ­жаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім бе­руші көрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

37. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі, немесе өз­гелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.

38. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің мін­деттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

39. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжат­тарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мер­дігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

40. Тауарларды беруді және қызметтерді көрсетуді Өнім беруші бағалар кес­тесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

41. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүк­телетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.

42. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте Тауарларды уақтылы жеткізуге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және се­бебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден ха­барлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қа­лауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.

43. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын бол­са, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

44. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санк­ция­ларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:

а) егер Өнім беруші Тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мер­зімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

45. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағ­дайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айы­рылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айы­бын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

46. Осы Шарттың мақсаты үшін “форс-мажор” Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тара­пынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әс­кери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауар­ларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

47. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқау­лықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орын­дауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағ­дайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

48. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шарт­ты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған не­месе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

49. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

50. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

51. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сон­­дай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.

52. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олар­дың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын бар­лық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

53. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн іш­інде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тара­птардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заң­намасына сәйкес шешуді талап ете алады.

54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

55. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.

56. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

57. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

58. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

59. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

60. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

61. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

62. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші осы Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

63. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

Тапсырыс беруші Өнім беруші


(толық атауы) (толық атауы)

(мекен-жайы) (мекен-жайы)

(телефоны, факсы) (телефоны, факсы)


(Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)

____________________________ ________________________

(қолы) (қолы)


________ж.”__”__________ _________ж.”___” _______


М.О. М.О.

Аумақтық қазынашылық органында тіркеу үшін (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):____________________

Осы Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Тапсырыс беруші осы Шартты пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде өзінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.



Похожие:

Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconТауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның (бұдан әрі Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен)...
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconТауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт
Заңның (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде...
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconТауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт
Заңның (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде...
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconТауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт
Заңның (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде...
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconТауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт
Заңның (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде...
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconТауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт
Заңның (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде...
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconКөрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы № шарт
Р «Мемлекеттік сатып алу» Заңының (бұдан әрі – Заң) электронды мемлекеттік сатып алу қорытындыларын баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен...
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconКөрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Орал қаласы сәуір 2008ж. Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы»
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы және спецификасы бойынша осы Мемлекеттік...
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconКөрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы № шарт жобасы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) және мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде...
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт iconТауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт №
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын мкқК «Шұғыла» мәдениет үйі рнн 150601100312 мемлекеттік тіркеу куәлігінің
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы