|
Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі есеп Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – ЖҰЖ) орындауға қатысты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметовтің тапсырмасын орындау мақсатында келесіні хабарлайды. Агенттік ЖҰЖ-дың «Дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және үлгілік жобалар бойынша дене шынықтыру-сауықтыру, оның ішінде аула объектілерін салу жөніндегі шараларды көздей отырып, Дене шынықтыруды және спортты дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу» туралы 52-тармағын орындау мақсатында, мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 742 қаулысымен өзгерістер енгізді. |