|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасына жария талқылау өткізу ![]() Азаматтар мен ұйымдар үшін жол көрсеткіш Астана 2013 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау (бұдан әрі – жария талқылау) дегеніміз не? Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – бұл мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейтін, яғни мемлекеттік қызмет алу үшін негізгі іс-қимылдарды сипаттайтын құжат (қажетті құжаттар пакеті, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі, уақыты, орны). Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қоғамдық пікірді есепке алу үшін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 15-бабында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасына жария талқылау өткізу бойынша норма көзделген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жақсарту бойынша әрқайсымызға пайымдауға мүмкіндік беретін ашық диалог алаңы болып табылады. ![]() Жария талқылауды кім өткізеді? Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган. Жария талқылауға кім қатысады? ![]() Құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қозғайтын азаматтар мен ұйымдар. Жария талқылау қорытындылары қандай? Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы жария талқылау нәтижелері бойынша алынған ұсыныстар мен ескертулерді есепке ала отырып, пысықталады. Жария талқылау қалай өткізіледі? ![]() ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейді МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫНЫҢ ЖОБАСЫ «электрондық үкімет» веб- порталында және мемлекеттік органдар сайттарында орналастырылады АЗАМАТТАР МЕН ҰЙЫМДАР күнтізбелік 30 күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасын талқылайды; өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін енгізеді ЕСЕП «электрондық үкімет» веб- порталында және мемлекеттік органдардың сайттарында орналастырылатын, жария талқылау қорытындылары бойынша есеп жасалады Жария талқылауды есепке ала отырып, пысықталған МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫН Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді Жария талқылау не үшін өткізіледі? Бізге мемлекеттік көрсетілетін қызмет жобасын жария талқылау: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына ұсыныстар беруге; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу кезінде бар проблемаларды жоюға; мемлекеттік қызмет көрсету процесінің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге; кері байланыс орнатуға: мемлекет – қоғам – мемлекет; мемлекеттік қызмет көрсету саласын мемлекеттік реттеуге қатысуға мүмкіндік береді. |
![]() | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты... | ![]() | Қазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі министерство экономики и бюджетного планирования республики казахстан «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының... |
![]() | «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ережелер «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика саласында басшылықты жүзеге асыратын... | ![]() | «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) өңірлік деңгейде стратегиялық, экономикалық және... |
![]() | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Республикасының Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер... | ![]() | «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (ары қарай Басқарма) миссиясы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін,... |
![]() | «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма)... | ![]() | Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды |
![]() | Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №354 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық... | ![]() | Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесінің Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің миссиясы – ауданның елді мекенінің өмірлік деңгейін көтеру мақсатында... |