«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ icon

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ



Название«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ
страница1/3
Дата конвертации21.10.2013
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

«Дене шынықтыру және спорт туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы

МАЗМҰНЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

(баптар)

2-тарау. Дене шынықтыру және спорт жүйесі

(баптар)

3-тарау. Спорт резерві және жоғары жетістіктер спорты

(баптар)

4-тарау. Кәсіпқой спорт

(баптар)

5-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік талаптар

(баптар)

6-тарау. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау

(баптар)

7-тарау. Дене шынықтыру мен спортты кадрлық, ғылыми және медициналық қамтамасыз ету

(баптар)

8-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жүйесі

(баптар)

9-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

(баптар)

10-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық қызмет

(баптар)

11-тарау. Қорытынды ережелер

(баптар)

     Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

^ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы олимпиада - мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдар қатарындағы спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

      2) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесiнiң жалпы жүйесiндегi өзiнiң спорт шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк беретiн сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;
      3) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрiнен әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуiне жауап беретiн жаттықтырушы;
      4) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

      5) бұқаралық спорттық iс-шаралардың күнтiзбесi - дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтiзбелiк жылға жоспарлауы мен өткiзуiн регламенттейтiн ресми құжат;

      6) дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерi - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрiгерлiк бақылауға, емдiк дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым;

      7) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген, моральдық жағынан табанды жеткiншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетiн арттыруға, шығармашылық ғұмыры мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық үдеріс;
      8) дене тәрбиесiнiң құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштерi және гигиеналық факторлар;
      9) дене шынықтыру - мәдениеттiң ажырамас бөлiгi, адамның дене бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, адамның үйлесiмдi дамуына ықпал ететiн рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы;

10) әскери қызметшілердің дене тәрбиесі даярлығы –қоршаған ортаның физикалық факторларындағы өзгерістерді ескере отырып, әскери қызметтің ерекшеліктерімен және жауынгерлік міндеттерді орындаумен байланысты әскери қызметшілердің ағзасының әр түрлі жағдайларға тұрақтылығын арттыру мақсатында өткізілетін әскери дайындықтың негізгі пәні;

      11) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - тұрғындардың дене шынықтыру деңгейiн арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi нысаналы қызметiне жәрдемдесетiн әлеуметтiк қозғалыс нысаны;
      12) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi – әдiскер) - спорт ұйымдарында дене шынықтыру-сауықтыру мен спорттық іс-шараларды өткізуді және дене шынықтыру мен спорттық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда оқу-жаттығу үдерісiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
      13) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

14) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелердiң және өзге де заңды тұлғалардың жиынтығы;

15) дене шынықтыру және спорт саласындағы аккредиттеу - дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның республикалық спорттық федерациялардың Қазақстан Республикасындағы спорт түрiн (түрлерін) дамыту және тиiстi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiру жөніндегі өкiлеттіктерін ресми тануы;

16) өңірілік спорттық федерацияларды акредиттеу - дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасындағы спорт түрiн (түрлерін) дамыту және тиiстi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiру жөніндегі өкiлеттіктерін тану рәсімі;

17) дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру және спорт құралдарымен сауығуы мақсатына арналған объектiлер;
      18) спорттық ғимараттар - спорттық іс-шараларды, оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге арналған арнайы (соның ішінде спорттық мүкәмалмен) жабдықталған объектілер (алаңдар, ғимараттар, құрылыстар).

19) дене шынықтыру-спорт ұйымы – өзінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

20) жаттықтырушы - кәсiптік бiлiмi бар және оқу-жаттығу процесі барысында спортшының даярлығын және спорттық нәтижелерге қол жеткiзу үшiн оның жарыстағы іс-әрекетiне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

21) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы- кәсіптік білімі бар және спорт түрі бойынша аттестаттаудан өткен, спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін жарысушылық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
      22) спортшы – спорттық федерацияда тіркелген, спорт түрімен (түрлерімен) жүйелі түрде айналысатын және спорттық жарыстарда өнер көрсететін жеке тұлға;

23) жоғары дәрежедегі спортшы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесi болып табылатын, спорттық атағы бар және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында спорт жарыстарында өнер көрсететiн спортшы;

24) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы;

25) кәсiпқойлық спорт - спорттық ойын-сауық iс-шараларының экономикалық тиiмдiлiгiн және жоғары ақпараттық-көңiл көтеру құндылығын көздейтiн спорттық-кәсiпкерлiк қызмет;

26) кәсiпқойлық спорт - спорттық ойын-сауық іс-шараларды (жарыстарды) ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған спорттың құрамдас бөлігі, онда спортты кәсіби (еңбек) қызмет ретінде таңдаған спортшылар дайындалғаны және қатысқаны үшін еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы (сыйақы) алады;

27) кешендi ғылыми топ - ғылыми-әдiстемелiк және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргiзу, спортшының функционалдық жай-күйiн және даярлығының техникалық деңгейiн айқындау үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы;

28) мемлекеттiк жаттықтырушы - Қазақстан Республикасында спорт түрiне жалпы басшылық жасау және оның дамуы үшін жауап беретiн жаттықтырушы;
         29) оқу-жаттығу базасы - құрама командалардың оқу-жаттығу процесін тамақтану және сонда тұруымен қоса қамтамасыз етуге арналған спорт ғимараты;

30) олимпиадалық даярлау орталығы - республикалық деңгейде құрылып, Қазақстан Республикасының жастар, юниорлар мен жасөспiрiмдер құрама командаларының спортшыларын халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдiстемелiк қызметтi жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

31) олимпиадалық резерв даярлау орталығы - жергiлiктi деңгейде құрылып, өңiрдiң жастар мен жасөспiрiмдер құрама командаларының спортшыларын республикалық және халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдiстемелiк қызметтi жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

32) ^ Паралимпиадалық ойындар - тiрек-қозғалу аппараты және көру органдары зақымданған мүгедек-спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

33) президенттiк тестілер - бақылау нормативтерi арқылы халықтың дене шынықтыру дайындығының жалпы деңгейiн айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы;

34) салалық көтермелеу жүйесi - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерiн саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн ынталандыру нысаны;
      35) спорт – жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың (зияткерлік қабілеттерінің) ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгі;

36) спорт - дене шынықтырудың органикалық бөлігі, спорттық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жарыстарға және жарыс қызметіне дайындығының арнайы практикасы нысанында қалыптасқан адамдардың спорт түрлерінен жетістіктерін көрсету мен сәйкестендіре салыстырудың ерекше саласы. Осы қызмет оқу-жаттығу және тәрбие процесімен, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық-білім, ғылыми-әдістемелік, медициналық, материалдық-техникалық және басқа жағдайлармен қамтамасыз етіледі;

37) спорт төрешiсi - арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорт түрiнiң және спорттық iс-шараның ережелерiн
(регламентін) сақтауды қамтамасыз етуге спорттық iс-шараларды ұйымдастырушы уәкiлеттiк берген жеке тұлға;

38) спорт түрi - жаттығу ортасы, жарыс қызметіндегі дене жаттығулары мен зияткерлік қабілеттердің жиынтығы және жарыс ережелері айрықша белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;

39) спорттық федерация – бір немесе бірнеше спорт түрлерін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым немесе одақ (қауымдастық) нысанында құрылған заңды тұлғалар бірлестігі;

40) спорттық индустрия – спорттық-ойын-сауық іс-шараларын өткізу, дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы өнiмді өндiру қызметтерін жүзеге асыратн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жиынтығы;

41) спорт қызметi туралы келiсiмшарт - кәсіпқой спортшымен немесе кәсіпқой жаттықтырушымен немесе өзге спорттық қызметкермен заңды тұлға арасында жасалатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт;
      42) спорт қызметі туралы шарт – кәсіпқой спортшымен, кәсіпқой жаттықтырушымен немесе өзге де спорттық қызметкермен дене шынықтыру-спорттық ұйым арасында жасалатын еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт;

43) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері – дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету, дәрігерлік бақылау, емдік дене шынықтыру мен оңалтуға арналған медициналық ұйым;

44) спорт медицинасы және оңалту орталығы – спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, дәрігерлік бақылауды, спортшыны қалпына келтiру, алдын алу және оңалту iс-шараларын, медициналық-биологиялық препараттарды қолдану қауiпсiздiгiн және олардың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн медициналық ұйым;

45) спорттық сыныптама – спорт түрлерiнде шеберлiк деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн айқындайтын спорттық атақтар, разрядтар және санаттар жүйесi;

46) техникалық және қолданбалы спорт түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып, жарыстарға арнайы даярлығын талап ететiн спорттың бiр бөлiгi;

47) әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы спорт түрлері – атқарушы биліктің кейбір ведомстволық органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің (бұдан әрі – арнайы қызметтен өтетін тұлғалар) өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты арнайы іс-қимылдар (соның ішінде тәсілдер) негізі болып табылатын және атқарушы биліктің бір немесе бірнеше ведомстволық органдары қызметінің шеңберінде дамытылатын спорт түрлері;

48) ^ Сурдолимпиялық ойындар - есту органдарына зақым келген мүгедек-спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

49) Универсиада – спорттың әр түрi бойынша өткiзiлетiн дүниежүзiлiк студенттiк қысқы және жазғы спорт жарыстары;

50) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын білдіретін спорт түрлері;

51) халықаралық спорт жарыстары – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасында спорт түрiнен өтетiн сайыстар;

52) олимпиадалық қозғалыс – адамның дене бітімі және рухани жағынан жетілу құралдарының бірі ретінде спортты дамытуға, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық қоғамдық қозғалыс;

53) паралимпиялық қозғалыс – әлеуметтік бейімделу, дене және рухани күштерді дамыту және дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында өзінің қатарына ұйымдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды біріктіретін халықаралық қоғамдық қозғалыстың бөлігі;

54) спорттық пән – айрықша белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше жарыс (бағдарлама) түрлерін қамтыған спорт түрінің бөлігі;

55) спортшыны жарыстан шеттету – республикалық қоғамдық бірлестік (спорттық федерация) өткізетін спорт жарыстарынан спорт түрі қағидаларын, спорт жарысының ережелерін (регламенттерін) бұзғаны үшін, спортта тыйым салынған құралдарды (допингті) және (немесе) әдістерді (бұдан әрі – допингтік құралдар және (немесе) әдістерді) пайдаланғаны үшін, халықаралық спорт ұйымдары бекіткен нормаларды және республикалық спорт федерацияларының бекіткен нормаларын бұзғаны үшін спорт жарыстарына қатысудан спортшыны шеттету;

56) жаттықтырушыны, спорт дәрігерін шеттету – жаттықтырушыны, спорт дәрігерін спортта тыйым салынған құралдарды (допингті) және (немесе) әдістерді (бұдан әрі – допингтік құралдар және (немесе) әдістерді пайдаланғаны үшін, халықаралық спорт ұйымдары бекіткен нормаларды және республикалық қоғамдық бірлестіктердің, спорт федерацияларының бекіткен нормаларын бұзғаны үшін өздерінің еңбек (кәсіби) қызметінен шеттету;

жеке бапқа

57) спорт жарысы – ұйымдастырушы бекіткен ереже (регламент) бойынша өтетін жарыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрлерінен спортшылар немесе командалар арасындағы жарыс;

58) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың оқу-жаттығу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;

59) мамандандырылған мектеп-интернат – олимпиада резервінің колледжі – меншік нысанына қарамастан, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командалары үшін спорт резервін даярлау, сондай-ақ орта буынның білікті дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау кезеңдерінде оқушылардың спорт негіздерін терең меңгеруге бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыратын мамандандырылған білім беру ұйымы.

60) спорттық ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалану арқылы спорт саласында ақпаратты сақтау, іздеу, тарату, табыстау және ұсынуға арналған жүйе;

61) спортшыны тіркеу – спортшыны тіркеу туралы куәлікті бере отырып, спортшыға спорт түрінен спорт федерациясы өткізетін немесе оның қатысуымен өтетін спорт жарыстарына және өзге де спорттық іс-шараларға қатысу құқығын беру мақсатында осындай федерациялардың спортшының аталған спорт түріне лайық екенін тану процедурасы;

62) спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының құрама командалары – Қазақстан Республикасының атынан халықаралық жарыстарға дайындықты жүзеге асыратын және қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың ұжымы;

63) Қазақстан Республикасы штаттық құрама командалары – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген қаржылық шарттарда спорттық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының астында халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың ұжымдары;

64) ынтымақтас армиялардың спартакиадасы – әртүрлі мемлекеттердің әскери қызметшілерінің арасындағы спорт түрлерінен спорт жарыстары;

65) ^ Полицейлер мен өрт сөндірушілердің дүниежүзілік ойындары – құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасындағы спорт түрлерінен халықаралық спорттық жарыстар;

66) жүйелі айналысатын адам – спортпен аптасында кемінде үш рет айналысатын жеке тұлға.


      ^ 2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат қағидаттары


Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат келесі қағидаттардың негізінде жүргiзiледi:

1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану теңдiгi мен жалпыға қолжетімділігі;

2) халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң үздіксіздігі мен сабақтастығы;

3) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданудың ерiктiлiгi;

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы кемсітушілік пен зорлыққа тыйым салу;

5) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттiк, қоғамдық және жеке меншік нысандарын тану;

7) бұқаралық дене шынықтырумен, әуесқой және кәсiби спортпен шұғылдануға тең құрметпен қарау;

8) халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы;

9) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

10) дене шынықтыру мен спортты мемлекеттiк қолдау және ынталандыру, демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;

11) дене шынықтыру-спорт қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;

12) спорттың бірегейлігін, оның әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ оның субъектілерінің еркін қызметіне негізделген құрылымдарының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға көмектесу.

13) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау.


      ^ 3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.


      ^ 4-бап. Дене шынықтыру және спорт саласын мемлекеттiк қолдау

1. Мемлекет дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды оның жүйесін дамыту, мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан тиісінше қамтамасыз ету жолымен реттейдi.

2. Мемлекет барлық үлгiдегi және тұрпаттағы балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, балалар мен жастарға арналған сауықтыру лагерьлерiнiң, мамандандырылған топтардың және мүгедектерге арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.

3. Мемлекет дене шынықтыру-спорт ұйымдарының сыртқы байланыстарын дамытуға, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру-спорттық қозғалыстың өсуіне ықпал ететін халықаралық спорт ұйымдары мен мекемелерге қосылуына қолдау көрсетедi.

4. Мемлекет халықаралық стандарттарға жауап беретін спорт ғимараттарын, спорттық мақсаттағы тауарлар мен жабдықтарды, спортшыларға арналған жоғары сапалы өнiмдерді шығаратын кәсiпорындарды жобалау мен салуға өз қаражатын салатын отандық және шетелдiк инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал жасайды.


^ 5-бап. Азаматтардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары

Қазақстан Республикасының азаматтары:

дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағыттағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;

дене шынықтырумен және спортпен, соның iшiнде кәсiби қызмет ретiнде шұғылдануға;

дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға;

мемлекеттiк, коммуналдық және жеке меншіктегі спорттық ғимараттарды және қызметтердi, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді тегiн және ақылы негiзде пайдалануға құқылы.

     

  1   2   3



Похожие:

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ iconСпортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы Ереженi бекiту туралы
Азақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2004 жылғы 15 наурыздағы n 06-2-2/91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының...
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ iconШымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы
Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын орындай отырып, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі 2012 жылдың 6 айында...
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ icon«Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»
«Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұдан әрі «Бөлім» дене шынықтыру және cпорт саласында...
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ icon2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Үлкен Нарын 2010ж Мазмұны
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ iconБiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының " Дене шынықтыру және спорт туралы " 1999 жылғы 2 желтоқсандағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы