|
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 285 бұйрығына 3-қосымша «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына, «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысына сәйкес әзірленген. 2. Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады: 1) тұтынушы - жаттықтырушылар, спортшылар, әдіскерлер, нұсқаушылар, спортшылар және спорттан төрешілер; 2) спорттықтар атақтар, разрядтар және санаттар - спорттың жекелеген түрлерінен шеберлік деңгейін, сонымен қатар жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушы-спортшылардың, әдіскерлердің және төрешілердің біліктілік деңгейін айқындайтын жүйе; 3) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі - Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар тиісті министрліктер және ведомстволардың халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ХҚО АЖ). 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 4. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі спорттық атақты беру туралы куәлікті, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға 5 жыл мерзімге санаттарды беру туралы куәлікті және спорттан төреші санатын беру туралы куәлікті беру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар 6. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. 7. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат уәкілетті органның www.sport.gov.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында орналасқан. 8. Қызмет Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде көрсетіледі. Уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және өтінішті дайындауға жәрдем көрсетуді уәкілетті органның заң басқармасы мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қ., Абай даңғылы, 33, 1506 каб., тел. 8 (7172) 753465, 753481. 9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 10. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға және тоқтатуға мыналар негіздеме болып табылады: 1) стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса; 2) ұсынылған құжаттардың жалғандығы анықталса. 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері: 1) тұтынушы Орталыққа өтініш береді; 2) Орталық инспекторы өтінішті тіркейді, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға береді; 3) уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері ХҚО АЖ-да тіркейді және алынған құжаттарды тіркейді, басшыға қарауға жібереді; 4) уәкілетті органның басшысы қарағаннан кейін, жауапты орындаушыға жібереді; 5) жауапты орындаушы Орталықтан немесе тұтынушыдан келіп түскен өтінішті қарайды, дәлелді бас тартуды дайындайды немесе хабарлама ресімдейді, кейіннен уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды; 6) уәкілетті органның басшысы хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді; 7) уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жібереді, бұл ретте ХҚО АЖ-да тіркейді немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға береді; Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін алған жағдайда, Орталық штрих код сканерінің көмегімен түскен құжаттарды тіркейді; 8) Орталық тұтынушыға «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде 2008 жылғы 18 қыркүйекте № 5306 болып тіркеліп, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 16 қазанда, № 158 (1384), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жария етілген, 2008 ж., № 10) 3-қосымшасына сәйкес атақты беру туралы куәлікті, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға 5 жыл мерзімге санаттарды беру туралы куәлікті және спорттан төреші санатын беру туралы куәлікті беру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді. 12. Тұтынушыдан құжаттарды Орталық қызметкері қабылдайды. ^ 13. Орталықтар арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкілерін толтыру талап етілмейді. 14. Әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) реттілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктердің (бұдан әрі - ҚФБ) өзара әрекеттесу сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ тізбесі: 1) Орталық қызметкері; 2) уәкілетті органның қызметкерлері: кеңсе қызметкері, жауапты орындаушы, уәкілетті органның басшысы. 16. Диаграмма-сызба осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес қоса беріледі. 17. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: 1) құпиялылығы (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау); 2) тұтастығы (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау); 3) қолжетімділігі (ақпарат пен ресурстарды рұқсатсыз ұстаудан қорғау). «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметінің регламентіне 1-қосымша ^
^ төлем беру расталған жағдайда
^ төлемді беруден бас тарту жағдайында
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметінің регламентіне 2-қосымша Атақ, санат беру кезіндегі функционалдық бірліктердің қарым-қатынас кестесі ![]() |
![]() | Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»... | ![]() | «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер... |
![]() | «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»... | ![]() | «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»... |
![]() | «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік... | ![]() | «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер... |
![]() | Мемлекеттік қызмет ін көрсету регламенті Жалпы ережелер Бұл «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» регламенті (әрі қарай-регламент) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру (әрі қарай–мемлекеттік... | ![]() | «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» «Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесімен және мемлекеттік мұрағаттармен (бұдан әрі қызмет... |
![]() | «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі электрондық мемлекеттік қызмет) «Қарағанды облысының мұрағаттар... | ![]() | «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі электрондық мемлекеттік қызмет) «Қарағанды облысының мұрағаттар... |
![]() | «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» «Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік мұрағаттары, баламалы негізде халыққа... |