Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы icon

Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы



НазваниеҚарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы
Дата конвертации29.09.2012
Размер72.83 Kb.
ТипДокументы
источник



Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру істері

агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы комиссиясының ережесін

және құрамын бекіту туралы


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының құрамы;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 02-02-18/211 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы» бұйрығының күші тоқтатылсын.

  1. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



^ Төраға Т. Ермегияев


Қазақстан Республикасы

  Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы « » ___________

№ ____________ бұйрығына

1-қосымша


 

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының құрамы


Пірметов Ә.Х. – Жауапты хатшы – комиссияның төрағасы;


^ Комиссия мүшелері:

Әбілова Ғ.Т. – Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры;

Қамзебаева Д.Ү. – Стратегиялық даму департаментінің директоры;

Сейсембеков А.С. – Спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаментінің директоры;

Жолдина А.Т. – Экономика және қаржы департаментінің директоры;

Есентаев Т.Қ. – Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві;

Қазбеков Қ.М. – Дене шынықтыру департаментінің директоры;

Бөкенов С.Д. – Ішкі бақылау басқармасының бастығы;


^ Комиссия хатшысы:

Ақанов Ә.М. – Заң басқармасының бастығы.


 


Қазақстан Республикасы

  Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы « » ___________

№ ____________ бұйрығына

2-қосымша


 

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының ережесі


1.1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен байланысты мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасы Спорт жән дене шынықтыру істері агенттігінің басшылығы үшін (бұдан әрі - Агенттік) ұсынымдық сипатта ұсыныстар енгізу мақсатында, сонымен қатар Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындау үшін құрылады.

1.2. Комиссия Агенттіктің Төрағасына есепті және өзінің қызметін Агенттіктің Жауапты хатшысының тікелей басшылық етуімен жүзеге асыратын алқалы-кеңесші орган болып табылады.

1.3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзге де құжаттарды және осы Ережені басшылыққа алады.


2. Комиссия қызметінің бағыттары


2.1. Комиссия қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Агенттікте сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал жасайтын себептер мен жағдайларды зерттеу және сыбайлас жемқорлыққа негіз болатын жағдайларды жою мақсатында Агенттік (оның бөлімшелері) қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

  • Агенттіктің лауазымды тұлғаларының және басқа да қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қызметке қатысуы туралы Комиссияға келіп түсетін өтініштер мен шағымдарды, өзге де мәліметтерді қабылдау және тексеру;

  • сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты жинау, талдау және Агенттіктің басшылығы үшін дайындау және оларды жою үшін ұсынымдар әзірлеу;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды құқықтық қамтамасыз ету саласында жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

  • Комиссия қызметінің бағыттарына сәйкес өзге де мәселелерді қарау.



^ 3. Комиссияның өкілеттіктері


3.1. Комиссия өз қызметінің бағыттарына сәйкес:

  • Комиссияға келіп түскен өтініштерді, хабарламалар мен өзге де құжаттарды алдын ала қарауды жүзеге асырады;

  • Агенттіктің лауазымды тұлғаларынан қарастырылып отырған мәселелер бойынша ақпаратты, түсіндірмелерді сұратады және қажет болған жағдайда оларды өз отырыстарына шақырады;

  • құзырына кіретін қарастырылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Агенттіктің басшылығы мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұсыныстар мен ұсынымдар жасайды;

  • Агенттік Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қабылдайтын шешімдердің орындалуын бақылайды;

  • Комиссия қызметін ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

  • Комиссияда қарастырылатын мәселелер бойынша жұмыс топтарын құрады;

  • Қазақстан Республикасында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

  • Комиссия жұмысына мамандарды, сарапшыларды, баспасөз, қоғамдық ұйымдар және саяси партиялар, басқа ұйымдар өкілдерін және жеке тұлғаларды тартады;

  • Комиссия қызметінің бағыттарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


^ 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру


4.1. Комиссия құру туралы, Комиссия туралы ережені жасау туралы, оның сандық және дербес құрамы туралы шешімді Агенттік Төрағасы қабылдайды.

4.2. Комиссия қызметін Агенттік Төрағасының бұйрығымен тағайындалатын Комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасы тағайындайтын Комиссия төрағаларының бірі ұйымдастырады.

Комиссия өз қызметін өзінің құзырына кіретін мәселелерді алқалы, еркін және жария талқылау негізінде жүзеге асырады.

4.3 Комиссия төрағасы:

  • Комиссия жұмысын ұйымдастырады;

  • Комиссияға келіп түскен материалдарды, құжаттарды алдын ала қарау тәртібін айқындайды және ұйымдастырады;

  • Комиссия отырыстарын шақырады;

  • Комиссия отырысы күн тәртібінің жобасын қалыптастырады және отырысты дайындауға жалпы басшылықты жүзеге асырады;

  • Комиссия отырысына шақырылған адамдардың құрамын айқындайды;

  • Комиссия отырысын жүргізеді;

  • Комиссия атынан жолданатын ұсынымдар, ұсыныстар, хаттар, өтініштер және өзге де құжаттарға қол қояды;

  • Осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4.4. Комиссия хатшысы:

  • Агенттік қызметкерлерінің өтініштерін, хабарламаларын, ұсыныстары мен өзге де құжаттарын қабылдайды және тіркейді;

  • Комиссия мәселелерін қарау үшін материалдарды дайындайды;

  • Комиссияның кезекті отырысына қатысты материалдарды Комиссия мүшелеріне жібереді;

  • Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;

  • Комиссияның құжаттамасын жүргізеді;

  • Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де құрылымдармен хат алмасуды жүзеге асырады;

  • Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де жұмысты жүзеге асырады.

4.5. Комиссияның мүшелері:

  • Комиссия жұмысына қатысады;

  • Комиссия қарастыратын барлық мәселелер бойынша дауыс беруге қатысады;

  • Комиссия қарауына ұсыныстар енгізеді, оларды дайындауға, талқылауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысады;

  • Комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды;

  • Комиссия оған жүктеген өзге де міндеттерді орындайды.

4.6. Агенттік Төрағасы немесе Комиссия төрағасының шешімі бойынша жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

Жұмыс тобының құрамына олар шешу үшін құрылатын мәселеге қатысы бар Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, өзге де тұлғалар енгізілуі мүмкін.

Жұмыс топтары қызметінің мақсаты Комиссия төрағасының оларды құру туралы шешімдерімен айқындалады.


^ 5. Комиссия жұмысының тәртібі


5.1. Комиссия қызмет жоспарына сәйкес өзінің жұмыс тәртібін дербес айқындайды.

5.2. Комиссия жұмысының негізгі нысаны Комиссияның отырыстары болып табылады, олар әр жылдың ІVтоқсанында өткізіледі.

5.3. Комиссия отырысының күн тәртібінің жобасы Комиссия мүшелерінің ұсыныстарының негізінде қалыптастырылады.

Комиссия отырысының күн тәртібі Комиссия отырысында бекітіледі.

Комиссия отырысына қатысты материалдарды хатшы Комиссия отырысына екі күн қалғанда Комиссия мүшелеріне жолдайды.

5.4. Комиссия отырысы ашық өткізіледі.

5.5. Комиссия отырысы егер оған Комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес қатысса, құқыққа сай болып табылады.

Комиссия отырысына белгілі бір себептермен қатыса алмайтыны туралы Комиссия мүшесі Комиссия төрағасын немесе хатшысын алдын ала хабардар етеді.

Егер Комиссия отырысы құқыққа сай болып танылмаса, онда Комиссия мүшелері Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша жұмыс кеңесін өткізуге құқылы.

5.6. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысқан санының көпшілік дауыс беруімен қабылданады.

Комиссияда қаралып отырған мәселе бойынша айрықша пікірі бар Комиссия мүшесі, айрықша пікірін жазбаша нысанда беруге құқылы.

5.7. Комиссияның әрбір отырысы Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, оған хатшы және Комиссия отырысында төрағалық еткен адам қол қояды.

5.8. Комиссия жұмысына кеңесте дауыс беру құқығымен мамандар, сарапшылар, ұйымдардың өкілдері, басқа да тұлғалар тартылуы мүмкін.


6. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету


6.1. Агенттіктің Заң басқармасы Әкімшілік жұмыс департаментімен бірлесе Комиссияның қызметін құқықтық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады.


________________________



Похожие:

Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconАудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 тамыздағы №1/14 «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconДағдарысқа қарсы жұмыс тобының құрамын өзгерістермен бекіту туралы аудандық мәслихаттың 21 қазан 2009 жылғы №16-7 санды шешімі

Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconПриказ №437 от 26. 11. 2013 г. Атақтар беру туралы «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы»
«Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға,...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconПриказ №438 от 26. 11. 2013 г. Атақтар беру туралы «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы»
«Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға,...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconПриказ №385 от 29. 10. 2013 г. Атақтар беру туралы «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы»
«Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға,...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconҚарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы icon362 приказ от 09. 11. 2012 года Атақтар беру туралы «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы»
«Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға,...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconРешение 110900 Қарабалық кенті Космонавтар көшесі, 31
Элиталық тұқымдардың әр түрі бойынша әрбір тұқым шаруашылығы мен тұқымдарды тұтынушылар үшін субсидиялар сомасын айқындау үшін ведомствоаралық...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconҚарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы iconСалыстырмалы кесте «Жер-кадастрлық істің құрылымы н, құрамын және мазмұнын белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
«Жер-кадастрлық істің құрылымын, құрамын және мазмұнын белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы