Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы icon

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы



НазваниеҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы
Дата конвертации09.10.2012
Размер101.06 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының

2010 жылғы «4» маусымдағы

131 бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі


ВСТ-12 РЕД.1 АУҚЫМДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНАТТАР БОЙЫНША ТАУАРЛАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ

НОМЕНКЛАТУРАСЫ


Астана қ.

2010 ж.

Алғы сөз



  1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Тіркелімдер және сыныптамалар департаменті ӘЗІРЛЕДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗДІ




  1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 ж. «4»маусымдағы131 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ




  1. 2010 ж. «4» маусымда ^ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ




  1. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ




  1. ҚАЙТА ҚАРАУ МЕРЗІМІ ­­­2015 жыл




  1. ^ ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 жыл



Осы номенклатура көбейтуге (көшіруге) жатпайды, номенклатураны өз жарияланымдарында (басылымдарында) пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне сілтеме жасау міндетті.

Мазмұны



1. Қолданылу саласы 4

1.1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы (бұдан әрі – Номенклатура) ауқымды экономикалық санаттар бойынша халықаралық сауда туралы жиынтық деректерді құрастыруға арналған. Номенклатурада Ұлттық шоттар жүйесі шегінде бөлінетін, яғни тауарлардың үш санатына - өндіріс құралдарына, аралық тауарларға және тұтыну тауарларына дерлік сәйкес келетін, экспорт және импорт бойынша біріктірілген деректер түпкілікті пайдалану тауарларының санатына айналады. 4

1.2 Номенклатура экспортты-импортты жеткізілімдерде шикізаттық және өңделген тауарларды анықтау үшін тек сыртқы сауда статистикасында қолданылады. 4

2. Нормативтік сілтемелер 4

7. Номенклатураны жүргізу 8

8. Номенклатураны жою 8



^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СТАТИСТИКА АГЕНТТІГІНІҢ ВЕДОМСТВОЛЫҚ СТАНДАРТЫ


АУҚЫМДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНАТТАР БОЙЫНША ТАУАРЛАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ НОМЕНКЛАТУРАСЫ

____________________________________________________________________
^

1. Қолданылу саласы

1.1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы (бұдан әрі – Номенклатура) ауқымды экономикалық санаттар бойынша халықаралық сауда туралы жиынтық деректерді құрастыруға арналған. Номенклатурада Ұлттық шоттар жүйесі шегінде бөлінетін, яғни тауарлардың үш санатына - өндіріс құралдарына, аралық тауарларға және тұтыну тауарларына дерлік сәйкес келетін, экспорт және импорт бойынша біріктірілген деректер түпкілікті пайдалану тауарларының санатына айналады.

^

1.2 Номенклатура экспортты-импортты жеткізілімдерде шикізаттық және өңделген тауарларды анықтау үшін тек сыртқы сауда статистикасында қолданылады.




^

2. Нормативтік сілтемелер



Осы Номенклатурада келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылады:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 111 бұйрығымен бекітілген Ведомстволық статистикалық сыныптауыштар, номенклатуралар мен анықтамалықтарды әзірлеу және жүргізу жөніндегі нұсқаулық.


3. Анықтамалар


Осы номенклатурада тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

    1. Салалық (ведомстволық) номенклатура – министрліктердің (ведомстволардың) белгілі бір саласын басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қолдану үшін белгіленген тəртіпте енгізілген номенклатура;

    2. Өнім – тауарларды және қызмет көрсетулерді қамтитын экономикалық қызметтің нәтижесі.

    3. Тауар – сауда-саттық бұйымы болып табылатын өнім.

    4. Шикі тауарлар – өңдеу құнының болмашы бөлігіне қосылған, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, аң аулау немесе өндіруші өнеркәсіптің өнімі болып табылатын тауарлар. Қалдықтар және металл сынықтары сондай-ақ шикі тауарлар ретінде белгіленген.


4. Негізгі ережелер


4.1 Номенклатура халықаралық және мемлекеттік жіктеуіштер негізінде әзірленген:

  • ауқымды экономикалық санаттар бойынша сыныптама (бұдан әрі - АЭС 4);

  • Кедендік одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлар номенклатурасы (бұдан әрі – КО СЭҚ БТН);

  • Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚТ ӨЖ).

4.2 Тағамдық өнімдер, өндіріске арналған бастапқы өнімдер, негізгі құралдар, ұзақ немесе қысқа мерзім пайдаланылатын тұтыну тауарлары сыныптау объектісі болып табылады.

4.3 Номенклатура 19 негізгі санаттардан тұрады: 111, 112, 121, 122, 21, 22, 31, 32, 322, 41, 42, 51, 521, 522, 53, 61, 62, 63, 7 және үш туынды сыныптардан - өндіріс құралдары, аралық тауарлар және тұтыну тауарлары.


1 Тағамдық өнімдер және сусындар

11 Шикізаттық

111 Негізінен өндіріске арналған

112 Негізінен жеке тұтынуға арналған

12 Өңделген

121 Негізінен өндіріске арналған

122 Негізінен жеке тұтынуға арналған

2 Басқа санаттарға енгізілмеген, өндіріске арналған бастапқы өнімдер

21 Шикізаттық

22 Өңделген

3 Отын және жағармай материалдары

31 Шикізаттық

32 Өңделген

321 Автомобиль бензині

322 Өзгелері

4 Негізгі құралдар (көлік құралдарынан басқа) және тетіктер мен оларға арналған керек-жарақтар

41 Негізгі құралдар (көлік құралдарынан басқа) 42 Тетіктер және керек-жарақтар

5 Көлік құралдары және тетіктер мен оларға арналған керек-жарақтар

51 Жеңіл автомобильдер

52 Өзгелер

521 Өнеркәсіптік

522 Өнеркәсіптік емес

53 Тетіктер және керек-жарақтар

6 Басқа санаттарға енгізілмеген тұтыну тауарлары

61 Ұзақ пайдаланылатын

62 Жартылай ұзақ пайдаланылатын

63 Қысқа мерзімді пайдаланылатын

7 Басқа санаттарға енгізілмеген тауарлар


4.4 ҰШЖ-дағы тауарлардың негізгі сыныптарының Номенклатураның 19 негізгі санаттарына сәйкестігі (өндіріс құралдары, аралық тауарлар және тұтыну тауарлары) кестеде келтірілген.


Номенклатура

ҰШЖ-дағы тауарлардың негізгі сыныптары

1 Тағамдық өнімдер және сусындар




11 Шикізаттық




111 Негізінен өндіріске арналған

Аралық тауарлар

112 Негізінен жеке тұтынуға арналған

Тұтыну тауарлары

12 Өңделген




121 Негізінен өндіріске арналған

Аралық тауарлар

122 Негізінен жеке тұтынуға арналған

Тұтыну тауарлары

2 Басқа санаттарға енгізілмеген, өндіріске арналған бастапқы өнімдер




21 Шикізаттық

Аралық тауарлар

22 Өңделген

Аралық тауарлар

3 Отын және жағармай материалдары




31 Шикізаттық

Аралық тауарлар

32 Өңделген




321 Автомобиль бензині




322 Өзгелері

Аралық тауарлар

4 Негізгі құралдар (көлік құралдарынан басқа) және тетіктер мен оларға арналған керек-жарақтар




41 Негізгі құралдар (көлік құралдарынан басқа)

Өндіріс құралдары

42 Тетіктер және керек-жарақтар

Аралық тауарлар

5 Көлік құралдары және тетіктер мен оларға арналған керек-жарақтар




51 Жеңіл автомобильдер




52 Өзгелер




521 Өнеркәсіптік

Өндіріс құралдары

522 Өнеркәсіптік емес

Тұтыну тауарлары

53 Тетіктер және керек-жарақтар

Аралық тауарлар

6 Басқа санаттарға енгізілмеген тұтыну тауарлары




61 Ұзақ пайдаланылатын

Тұтыну тауарлары

62 Жартылай ұзақ пайдаланылатын

Тұтыну тауарлары

63 Қысқа мерзімді пайдаланылатын

Тұтыну тауарлары

7 Басқа санаттарға енгізілмеген тауарлар






4.5 Төменде Номенклатураның негізгі санаттарындағы ҰШЖ-дағы негізгі тауарлардың үш сыныбы келтірілген:

1. Өндіріс құралдары

Біріктірілген санаттар:

41 Негізгі құралдар (көлік құралдарынан басқа)

521 Көлік құралдары, өнеркәсіптік

2. Аралық тауарлар

Біріктірілген санаттар:

111 Азық-түлік тағамдары және сусындар, шикізаттық, негізінен өндіріске арналған

121 Азық-түлік тағамдары және сусындар, өңделген, негізінен өндіріске арналған

21 Басқа санаттарға енгізілмеген, шикізаттық, өндіріске арналған бастапқы өнімдер

22 Басқа санаттарға енгізілмеген, өңделген, өндіріске арналған бастапқы өнімдер

31 Отын және жағармай материалдары, шикізаттық

322 Отын және жағармай материалдары, өңделген (автомобиль бензинінен басқа)

42 Негізгі құралдарға арналған тетіктер және керек-жарақтар (көлік құралдарынан басқа)

53 Көлік құралдарына арналған тетіктер және керек-жарақтар

3. Тұтыну тауарлары

Біріктірілетін санаттар:

112 Тағамдық өнімдер және сусындар, шикізаттық, негізінен жеке тұтынуға арналған

122 Тағамдық өнімдер және сусындар, өңделген, негізінен жеке тұтынуға арналған

522 Көлік құралдары, өнеркәсіптік емес

61 Басқа санаттарға енгізілмеген тұтыну тауарлары, ұзақ пайдаланылатын

62 Басқа санаттарға енгізілмеген тұтыну тауарлары, жартылай ұзақ пайдаланылатын

63 Басқа санаттарға енгізілмеген тұтыну тауарлары, қысқа мерзімді пайдаланылатын


Жоғарыда келтірілген топтар Номенклатураның 19 негізгі санаттарының тек 16-сын қамтиды, 321 «Автомобиль бензині», 51 «Жеңіл автомобильдер» және 7 «Басқа санаттарға енгізілмеген тауарлар» санаттары ҰШЖ сыныптарында келтірілмеген. 321 және 51 санаттары өндірісте де жеке тұтынуда да кең қолданылады. Автокөлік жанармайы маңызы зор сауда заты болғандықтан жеке санатқа бөлінген. Бұл тауар, әдетте, өндірісте де, жеке тұтынуда да қолданылатын, яғни, ол аралық та, тұтыну тауары да бола алады. Ол номенклатураның жеке санатына бөлініп шығарылғанмен, ҰШЖ-ның нақты сыныбына жатқызылмаған.

Жеңіл автокөліктер халықаралық саудада маңызды орын алатындықтан 51 санаты жеке санатқа бөлініп шығарылған. Бұл тауарлар, әдетте, өндірісте Негізгі құралдар ретінде немесе ұзақ пайдаланылатын тұтыну тауарлары ретінде қолданылады, бұл - осы тауарлардың өндіріс құралы да, тұтыну тауары да болатынын білдіреді. Бұл кіші санат номенклатураның сыныптамасында жеке бөлініп шығарылған, алайда ҰШЖ-ның нақты сыныбымен салыстырылмаған.

7 санат өзге тауарлардан басқа, түрлері бойынша сыныпталмаған әскери жабдықты, почта пакеттерін және арнайы операциялар мен тауарларды қамтиды және ҰШЖ-ның әр түрлі сыныптарын қамтиды.


^ 5. Номенклатура құрылымы.


5.1 Номенклатура негізгі санаттар бойынша топтастырылмаған 19 кестеден тұрады. Әрбір кесте төрт бағаннан тұрады:

1 баған - КО СЭҚ БТН бойынша код

2 баған - КО СЭҚ БТН бойынша атауы

3 баған - ЭҚТ ӨЖ бойынша код

4 баған - ЭҚТ ӨЖ бойынша атауы


5.2 1,3 бағандарды кодтау үшін алты цифрлы ондық белгілер қолданылады.


^ 6. Номенклатураны басып шығару


Номенклатураны басуды Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Тіркелімдер және сыныптамалар департаменті қамтамасыз етеді.

^

7. Номенклатураны жүргізу



7.1 Номенклатураны жүргізу Номенклатураның эталонды және бақылау даналарын жасауды, ондағы ақпараттардың дәйектілігі мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында өзгерістер енгізуді қарастырады.

7.2 Номенклатураның эталонды және бақылау даналарын жүргізуді Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Тіркелімдер және сыныптамалар департаменті қамтамасыз етеді.

7.3 КО СЭҚ БТН-дағы, ЭҚТ ӨЖ-ға, 4 АЭС-тегі өзгерістер Номенклатураның эталонды данасына өзгерістер енгізу үшін негіздеме болып табылады.




8. Номенклатураны жою



Номенклатураны жою Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бұйрығының негізінде жүргізіледі.


9. Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы




Похожие:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 қыркүйектегі №254 «Әлеуметтік статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың
Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 қыркүйектегі №254 «Әлеуметтік статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconНұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының
«Қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 18 тамыздағы
«Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті Бесқарғай ауданының статистика Басқармасы
Азаматтық кодексіне (ерекше бөлігі) сәйкес бұл материал көбейтуге (көшіруге) жатпайды, статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №233 «Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық
Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №233 «Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №232 «Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық
Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №232 «Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының м а. 2010 жылғы
«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconҚазақстан республикасы статистика агенттігі агентство республики казахстан по статистике
«Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулықты...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №230 «Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік
Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №230 «Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст-12 ред. 1 Ауқымды экономикалық санаттар бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 18 тамыздағы №224 «Ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік
«Ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы