Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға icon

Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға



НазваниеЖеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға
Дата конвертации29.09.2012
Размер26.77 Kb.
ТипДокументы
источник


Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер


«Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124-111 Заңына сәйкес заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын дара кәсiпкерлер және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 60000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жекелеген қызмет түрлерін жүргізетін (акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме сатуы, ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi, радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi, аудиторлық қызметтi) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды.

^ Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам.

Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы және жауап беруші бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.

^ Шағын кәсіпкерлік кәсіпорны – заңды тұлға түріндегі шағын кәсіпкерлік субъектісі.

Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істейтін кәсіпорны – экономикалық қызметті жүзеге асыратын немесе әлуетті жүзеге асыра алатын шағын кәсіпкерлік кәсіпорны.

^ Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорны – экономикалық қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік кәсіпорны.

Шағын кәсіпкерлік кәсіпорнының мөлшері – кәсіпорында жылына орта есеппен жұмыспен қамтылғандар санымен байланысты ұғым. Кәсіпорын мөлшерлілігінің ведомстволық сыныптауышына (КМС) сәйкес сыныпталады.

^ Жеке кәсіпкерлер – жеке тұлғалардың табыс алуға бағытталған, олардың өз меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелімен және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.

Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелуін салық органдары жүзеге асырады.

^ Шаруа (фермер) қожалығы деп жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға, сондай-ақ осы өнімді өңдеуге және өткізуге тікелей байланысты адамдардың отбасылық-еңбек бірлестігі танылады.

^ Экономикалық қызмет түрі – онда жабдық, жұмыс күші, өндірістік процестер, ақпарат желілері және өнім бірігетін қызмет, бұл біртекті өнім (тауар, қызмет) жасауға алып келеді. Экономикалық қызмет түрі шығынмен, өндіріс процесімен және өндірілген өніммен сипатталады. Шағын кәсіпкерліктің әрбір тіркелген субъектісіне экономикалық қызметтің қосылған құнның ең жоғары өсімін қамтамасыз ететін, яғни негізгі болып табылатын түрі беріледі. Қызмет түрі ЭҚЖС мемлекеттік сыныптауышына сәйкес анықталады.

^ Шығарған өнімдер барлық шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өндірушінің бағасымен көрсетілетін құны.

Қызметкерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан басқа жеке еңбек шарты бойынша, оның жасалу мерзіміне қарамастан жұмысқа қабылданған адамдар саны.

Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша орындайтын адамдарға (яғни ұйымның тізімдік құрамында болмайтындар) ұйымның ішкі тәртібіне бағынбай жүзеге асырылатын, белгілі бір жұмысты (біржолғы, арнаулы шаруашылық, жұмыстың нақты бір көлемін орындау үшін) орындау мерзіміне ғана шарт немесе келісім-шарт бойынша қабылданған адамдар жатады.

Қызметті қоса атқарушылық – қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында басқа тұрақты төленетін жұмысты орындауы.



Похожие:

Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға iconЖеке кәсіпкерлік Жеке кәсіпкер
Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің...
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға iconШығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы
ЕҚта режімін бұзушылық- 51 оқиға, балық аулау және балық қорын қорғау ережесін бұзушылық- 67 оқиға, басқа бұзушылықтар- 1 оқиға....
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға iconЖәне нормативті-құқықтық актілерінің қабылдау туралы АҚпарат барлығы қабылданған нормативті-құқықтық актілер: 9
Есеп беру кезенінің басындағы қалдығы 2, сонын ішінде., жеке тұлға 1; заңды тұлға 1
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға icon«№1 ХҚКО» 2010 жылдың 1 жжартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Оның ішінде құжаттандыру бойынша 4190 адам, ахаж бойынша 681 адам, жылжымайтын мүлік тіркеу 955 адам, жылжитын мүлік тіркеу 1 адам...
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға icon«Ойын бизнесiн ұйымдастырушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Заңды тұлға үшін – жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру...
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға icon«Миссионерлерді және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептік тiркеуді және қайта тiркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Миссионерлерді және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептік тiркеуді және қайта тiркеуді жүргізу» мемлекеттік...
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға iconҚазақстан Республикасы Әділет Министрінің
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының...
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға iconХҚко арқылы көрсетілетін 59 мемлекеттік қызметтің тізбесі
Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және...
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға iconЖеке, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізу

Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға iconЖеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З
Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға”...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы