Байланыс icon

Байланыс



НазваниеБайланыс
Дата конвертации28.09.2012
Размер39.7 Kb.
ТипДокументы
источник

Байланыс



Байланыс – ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтімдерді қабылдау, жинау, сұрыптау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату.

Почта байланысы – почталық жөнелтілімдерді қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ мерзімдік басылымдарды жіберу, жеткізу және тарату.

Курьерлік байланыс – фирмалар жүзеге асыратын хаттарды, бандерольдарды және қаптарды алу, тасымалдау және жеткізу, ұлттық почтадан басқа.

Электр байланысы (телекоммуникациялар) – белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электрмагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау. Телефон, телеграф, факсимильдік байланысты, деректерді және құжаттық хабарламалардың басқа түрлерін беруді, сондай-ақ телевизиялық, дыбыстық және радио және сымдық хабар таратудың өзге де түрлерін қамтамасыз ететін желілер мен құралдарды қосады.

Телефон байланысы – жергілікті (қалалық және ауылдық), қалааралық және халықаралық телефонмен сөйлесулердің жүзеге асуын қамтамасыз ету, телефон арналары бойынша деректер беруді ұйымдастыру.

^ Радио байланысы, радио және телевизия хабарларын тарату – радио және телевидения бағдарламаларын эфирге беру, телефондық-телеграфтық хабарларды, сандық ақпараттарды беруге арналған радио арналар ұсыну.

Деректерді тарату – екі символ түрінде соңынан сұрыптауға арналған немесе есептеу құралдарымен сұрыпталғаннан кейін ұсынылған деректерді электр байланысы құралдарымен таратуды қамтамасыз ететін электр байланысының түрі.

Интернет – IP-Internet пакеттерін жалғаумен деректерді беру хаттамасында орналастырылған өзара байланыстағы компьютерлік желілердің жиынтығы.

Ұялы байланыс – радиотелефон байланысының жедел әрекетті жүйесі. Бұл жүйенің әрекет ету принципі АТС-қа шығатын қабылдау стансаларының аралардың ұялары сияқты қаланы (ауданды) жабуында. Ұялы радиотелефон иесі орын ауыстырған сайын ол автоматты түрде бір станциядан екіншісіне ауыстырылып-қосылып отырады.


^ Байланыс қызметтері


Байланыс кәсіпорындарының қызметінен түсетін табыстарға осы көрсетілген қызметтер төлемі мерзіміне қарамастан есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметтері үшін халықтан, кәсіпорындардан және ұйымдардан түскен қаражаттар жатады.

^ Халыққа көрсетілген байланыс қызметтерінен түскен табыстар көлеміне тек азаматтарға олардың қаражаты есебінен ұсынылатын қызметтерден ғана алынатын негізгі қызметтен түсетін табыстар қосылады.

^ Почта қызметтерінің барлық түрлерінен түскен кірістерге:

- почта төлемдерінің сатылған белгілері мен жазбаша хат-хабарлар үшін (соның ішінде экспресс-почтамен және EМS халықаралық экспресс-почтамен);

- сәлемдемелер (соның ішінде экспресс-почтамен және EМS) ;

- шарт негізіндегі мерзімдік басылымдар (жеткізу, салып жіберу, жіберу) ;

- арнаулы байланыс;

- қызметтен түскен өзге де кірістер жатады.

^ Почта жөнелтілімдері – жазбаша хат-хабарлар, сәлемдемелер, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамдағы баспасөз басылымдары.

Электр байланысы қызметінің барлық түрлерінен түсетін кірістерге таксофондарға арналған смарткарталарды өткізуден түскен, сондай-ақ көрсетілген қызметтерге:

- халықаралық, қалааралық телефон байланысы;

- жергілікті телефон байланысы;

- байланыс арналарын жалға беру;

- деректерді беру;

- сымсыз байланыс;

- телеграф байланысы;

- сымдық хабарлама тарату;

- радио байланыс, радио хабарламаларын тарату және телевизия;

электр байланысының өзге де қызметтері бойынша кірістер кіреді.

^ Халықтың тіркелген телефон желілерімен қамтамасыз етілуі тіркелген телефон желілері санының отбасы санына қатынасы ретінде есептеледі.


Трафик – байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен сигналдар ағыны.


Байланыстың желілері мен құралдары


Негізгі телефон аппараттары - телефон станцияларының жабдықтарында бөлінген порты бар және абоненттің шеткі жабдықтарын жалпы пайдаланушының желісімен байланыстыратын белсенді бағыт, соның ішінде сымсыз қолжетімділік жүйелерін пайдаланумен (WiFi, WiMax соған ұқсас), қосарланған кесте бойынша қосылған және автоматты телефон станцияларында әртүрлі нөмірлері бар телефон аппараттары болып табылады.



Похожие:

Байланыс iconБайланыс туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың...
Байланыс iconБайланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі №567-ii
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың...
Байланыс iconРеспубликасының Байланыс және ақпарат агенттігінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының байланыс мәліметтері

Байланыс iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Ыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы...
Байланыс iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi жанындағы Кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы, Сараптамалық кеңестiң Төрағасының...
Байланыс iconБайланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды
Р ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 шілдедегі №295 Бұйрығымен күші жойылды
Байланыс icon2013 жылдың қараша айына арналған Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясының байланыс саласындағы тексерілетін субъектілерін тексеру мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептілігі

Байланыс icon2013 жылдың қараша айына арналған Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясының байланыс саласындағы тексерілетін субъектілерін тексеру мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептілігі

Байланыс icon2014 жылдың қаңтар айына арналған Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясының байланыс саласындағы тексерілетін субъектілерін тексеру мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептілігі

Байланыс icon2013 жылдың желтоқсан айына арналған Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясының байланыс саласындағы тексерілетін субъектілерін тексеру мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептілігі

Байланыс iconБайланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдік дәрежесінің баға критерийлері
Осы байланыс саласындағы туәекелдік дәрежесінің баға критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы