009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, icon

009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау,



Название009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау,
страница1/12
Дата конвертации05.10.2012
Размер1.46 Mb.
ТипКонкурс
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасы Статистика

агенттігі жауапты хатшысының міндетін атқарушының.

 2011 жылғы " "қантардағы № бұйрығымен бекітілген


009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, тираждау және тарату жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс, СТН 600700010889, ИИК KZ92070101KSN0000000, ММ ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2A, БСН 940940000522.

^ Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс, СТН 600700010889, ИИК KZ92070101KSN0000000, ММ ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2A, БСН 940940000522.

^ Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өкілі: Құрағанова Динара Кеңесқызы - Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы, конкурстық комиссияның хатшысы, телефоны: 8 (7172)749266, e-mail: d.kuraganova @stat.kz.

^ Конкурстық құжаттаманың құны:

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс 009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, тираждау және тарату жөніндегі қызметтерді жеткізушісіні таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурсқа бөленген сома 35 609 336,55 теңге (Отыз бес миллион алты жүз тоғыз мың үш жүз отыз алты) теңге 55 тиын құрайды, лоттар бойынша бөлімсінде:

№ 1 лот «Баяндаманы дайындау, тираждау және тарату, с. і. : 1)«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» (мемлекеттік және орыс тілдерінде) баяндамасын; 2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» (мемлекеттік және орыс тілдерінде) баяндамасына қосымшаларды CD-R; 3) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» (қазақ тілінде) бюллетенін ; 4)«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» (орыс тілінде) қысқаша статистикалық бюллетенін 7224290,10 теңге сомасында;

№2 лот "« Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыу жөніндегі 2010-2014 жыл арналған мемлекеттік бағдарламаның көрсеткіштері» бюллетенін дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 264870,00 теңге сомасында;

№3 лот "Қазақстан және ТМД елдері" (орыс тілінде) журанлын дайындау, тираждау және тарату» 723046,50 теңге сомасында;

№4 лот "Экономика және статистика" статистикалық жарияланымдарын дайындау, тираждау және тарату"(орыс тілінде) бюллетенін1045629,00 теңге сомасында ;

№5 лот "Statistical Indicators" дайындау, тираждау және тарату"(орыс және ағылшын тілдерінде) 369287,10 теңге сомасында;

№6 лот "2010 жылға алдын ала деректер" жылнамасын дайындау, тираждау және тарату" (мемлекеттік және орыс тілдерінде)" 399060,00 теңге сомасында;

№7 лот "Қазақстан 2010 жылы" жылнамасын дайындау, тираждау және тарату" (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жиынтықта CD-R 2420386,60 теңге сомасында ;

№8 лот ""Қазақстан 2010 жылы" жылнамасын дайындау, тираждау және тарату" (ағылшын тілінде) жиынтықта: CD-R 396867,00 теңге сомасында ;

№9 лот "Қазақстан өңірлері 2010 жылы" жылнамасын дайындау, тираждау және тарату" (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жиынтықта: CD-R 2162110,00 теңге сомасында;

№10 лот "Қазақстан тәуелсіздік жылдарында" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде) жиынтықта CD-R 1779736,00 теңге сомасында ;

№11 лот "Қазақстан цифрларда" кітапшасын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде )" 110922,15 теңге сомасында ;

№12 лот "Қазақстан өңірлері" кітапшасын дайындау, тираждау және тарату (қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде) 118065,00 теңге сомасында ;

№13 лот "Бүгінгі Қазақстан " дайындау тираждау және тарату" (10 атау) (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) 123553,00 теңге сомасында ;

№14 лот"Экономика салалары бойынша буклеттер дайындау, тираждау және тарату" ( қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде) 215640,00 теңге сомасында;

№15 лот "Демографиялық жылнама" жылнамасын дайындау, тираждау және тарату" (мемл. және орыс тілдерінде) жиынтықта: CD-R (PDF, EXL)" 3070772,80 теңге сомасында ;

№16 лот "ҚазақстанРеспубликасының жастары" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 221770,00 теңге сомасында;

№17 лот "Қазақстанның ерлері мен әйелдері " жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде) жиынтықта CD-R мини" 1334589,60 теңге сомасында;

№18 лот "Қазақстан Республикасында халықтың тұрмыс деңгейі" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде) жиынтықта CD-R" 1058095,00 теңге сомасында;

№19 лот "Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеу" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде) жиынтықта CD-R" 1278917,50 теңге сомасында;

№20 лот"Қазақстан халқының экономикалық белсенділігі" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде) жиынтықта CD-R" 1712957,50 теңге сомасында;

№21 лот "ҚазақстанРеспубликасының тұрғын үй қоры" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 66510,00 теңге сомасында;

№22 лот "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыгы жинағын дайындау, тираждау және тарату" (қазақ және орыс тілдерінде)" 106416,00 теңге сомасында;

№23 лот "Қазақстанның тұтыну нарығындағы бағалар" жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде) жиынтықта: CD–R" 1904162,00 теңге сомасында;

№24 лот "Қазақстан Республикасында өнеркәсіптегі баға және өндірістік сипаттағы қызметтерге тарифтер"жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде) жиынтықта: CD–R" 1206890,00 теңге сомасында;

№25 лот "Қазақстан Республикасында ауыл және орман шаруашылығындағы бағалар" жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде) жиынтықта: CD–R" 566366,00 теңге сомасында;

№26 лот "Қазақстан Республикасында көтрме және сыртқы саудадағы бағалар" жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде) жиынтықта: CD–R" 427290,00 теңге сомасында;

№27 лот "Қазақстан Республикасында кұрылыстағы, көлік және байланыстағы бағалар" жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде) жиынтықта: CD–R" 688474,50 теңге сомасында;

№28 лот "Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі" жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде)" 581953,50 теңге сомасында;

№29 лот "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және құлыс қызметі" жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде)" 659250,00 теңге сомасында;

№30 лот "Қазақстан Республикасының ауыл, орман және балық шаруашылығы" жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде)" 332550,00 теңге сомасында;

№31 лот "Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның тұрақты дамуы" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 266040,00 теңге сомасында;

№32 лот "Қазақстан туризмі" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 159624,00 теңге сомасында;

№33 лот "Қазақстан Республикасының көлік және байланысы" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 146322,00 теңге сомасында;

№34 лот "Қазақстан Республикасында көтерме және бөлшек сауда" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 305946,00 теңге сомасында;

№35 лот "Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 332550,00 теңге сомасында;

№36 лот "Қазақстанның жанармай-энергетикалық балансы" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 332550,00 теңге сомасында;

№37 лот"Қазақстан Республикасы бойынша шикізаттың маңызды түрлерін, өндірістік техникалық мақсаттағы және тұтыну тауарларының ресурстары және пайдалану баланстары" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 199530,00 теңге сомасында;

№38 лот "Қазақстанның ғылымы және инновациялық қызметі" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 133020,00 теңге сомасында;

№39 лот "Қазақстанның ақпараттық қоғамы" жинағын дайындау, тираждау және тарату (қазақ және орыс тілдерінде)" 106416,00 теңге сомасында;

№40 лот "Қазақстанның негізгі қорлары" жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде)" 119893,50 теңге сомасында;

№41 лот "Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігі" жинағын дайындау, тираждау және тарату (мемл. және орыс тілдерінде)" 119893,50 теңге сомасында;

№42 лот "Өнеркәсіптік өнімдер жіктеуіші"(тауарлар, қызметтер) жинағын дайындау, тираждау және тарату" (қазақ тілінде)" 792036,00 теңге сомасында;

№43 лот "Пайдаланушыға статистика (қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде) буклеттер дайындау, тираждау және тарату" 25158,00 теңге сомасында.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:   

1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызмет тізбесін; 2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 5 қосымшаға сәйкес қызмет үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) әрбір өлшемнің пайыздық мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы қызмет ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

6) келісім-шарт жобасы (10-қосымша).

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді: 1) мынадай банктік шотқа салынатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын ИИК KZ700705016061001001, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2A, СТН 600700010889, БСН 940940000522;

2)осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

^ 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

      5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2011 жылғы «21» ақпан 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 804 кабинет.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз: 1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге; 2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті: www.stat.gov.kz.

      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2011 жылғы «25» ақпандағы 10 сағат 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.
      Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды. 8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін «21» ақпандағы 2011 жылы 10 сағат 00 мин. Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 804 кабинетте кездесу өткізеді.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің Интернет -ресурсында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім

      10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
      1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттаманың 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;
      2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
      құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;
      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын.

 Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;
      3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
      әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;
      Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
      осы конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын; 4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;
      5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;

6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

      12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
14. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс. 15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: 009 «сТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ТАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕР» ^ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІК бағарлама ШЕҢБЕРІНДЕ КОНКУРС тәсілІмен сТАТИСТИКАЛЫҚ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ДАЙЫНДАУ, ТИРАЖДАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ КЫЗМЕТТЕРін САТЫП АЛУ КОНКУРСЫ (лоттың нөмірін және атауын көрсету қажет) ЖӘНЕ 2011 ЖЫЛҒЫ «3» НАУРЫЗ сағ. 11.00 ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН».

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

      16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 804 кабинет конкурстық комиссияның хатшысы Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы –Құрағанова Д.К., 2011 жылғы «3» наурыздағы сағ. 10.00 бастап береді.

17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.
      18. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
      19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

     20. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
      Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
      21. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
      2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.
      23. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

^ 4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

      24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2011 жылғы «3» наурыз 11 сағ. 00 мин. Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс, 914 кабинетте жүргізеді.

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына 2011 жылғы «3» наурыз 10 сағ.45 мин. дейін Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс, 804 кабинетте тіркелуі тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.
      26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

27. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
      1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
     конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
     конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
     әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;
      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
      тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;
      2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:
      конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
     3) конкурстық комиссияның хатшысы: тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
      әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
      Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

^ 5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Похожие:

009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, icon009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде статистикалық жарияланымдарды дайындау, тираждау және
«Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде статистикалық жарияланымдарды...
009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы...
009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, iconХабарлама/ объявление 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағылау, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі»
Республикасы Статистика агенттігі 009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы...
009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
«Статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жалпымемлекеттік статистикалық...
009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу...
009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, iconMKozhabaeva@stat kz
«Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік...
009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, icon7-бөлім Бюджеттік бағдарламалар Бюджеттік бағдарламалар
Республикасы денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде Бірыңғай төлеуші функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ...
009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, icon001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі,...
009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, icon001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі,...
009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау, icon001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы