011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде icon

011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде



Название011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
страница1/6
Дата конвертации04.10.2012
Размер0.86 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшының

2012 жылғы 6 наурыздағы № 71

бұйрығымен бекітілген


011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

(серверлік жабдықтың жиынтығы) техникалық жабдықтарды

конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА


Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, ЖСК KZ92070101KSN0000000, БСК KKMFKZ2A, СТН 600700010889, ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті, Астана қаласы, www.stat.gov.kz.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, СТН 600700010889, ЖСК KZ92070101KSN0000000, БСК KKMFKZ2A, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті.

Комиссия хатшысы: М.С. Қожабаева – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы, тел.: 8 (7172) 74-90-50. Электрондық мекен-жайы: MKozhabaeva@stat.kz

Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу жеткізушілерін таңдау мақсатында өткізіледі (бұдан әрі – Конкурс).

2. Сатып алуға бөлінген сома 56 911 000 (елу алты тоғыз жүз он бір мың) теңгені құрайды, соның ішінде лот бойынша:

Лот №

Лот атауы

^ Бөлінген сомма, теңге

1

Техникалық жабдықтарды сатып алу (серверлік жабдықтытың жиынтығы)

56 911 000

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

     1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесін;

2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес қызметтерді жеткізу үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

 5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде көрсетілген нысандардың бірінде енгізеді:

1) мынадай банктік шотқа салынатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын ЖСК KZ700705016061001001, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті, БСК KKMFKZ2A, СТН 600700010889;

2) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

^ 2. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің 2012 жылғы 26 наурыздағы сағат 10:00-ден кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін тұсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, «Министрлiктер үйi», Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған кұнінен бастап ұш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп тұскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тқлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz. веб-сайтында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды 2012 жылғы 31 наурыздағы сағат 10:00-ден кешіктірмей енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тјртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген кұнінен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ґтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы ґзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік кїн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz веб-сайтында жариялайды.

8. Мемлекеттік сатып алуды ўйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардыѕ ујкілетті ґкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, № 914 каб. мекен-жайы бойынша 2012 жылғы 26 наурыздағы сағат 10:00-де кездесу өткізеді.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың кґздерін кґрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар кґрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген кїнінен бастап екі жұмыс кїнінен кешіктірмей конкурстық комиссияєа және мемлекеттік сатып алуды ўйымдастырушы конкурстық құжаттама алєан әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында кґрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманыѕ көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болєан кездесу хаттамасыныѕ мәтінін тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz веб-сайтында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада кґзделген талаптар мен шарттарєа сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сјйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардыѕ тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасыныѕ резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған өзінді кґшірмесін ұсынуға тиіс;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өѕдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардыѕ нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Өлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған өзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалыныѕ қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасыныѕ қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарыныѕ үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектіѕ жоқтығы туралы анықтаманың тұпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деѕгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердіѕ әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнніѕ алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылєан кґшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетаќы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегініѕ болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандаєы анықтамасының түпнұсқасын;

Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасыныѕ жүз процентіне теѕ мґлшерде Қазақстан Республикасыныѕ бір немесе бірнеше банк-резиденттердіѕ банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы тґлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардыѕ толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

    Егер әлеуетті өнім беруші қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды кґздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердіѕ (бірлесіп орындаушылардыѕ) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

осы конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудыѕ мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің өштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;

4) көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) қызметтерді көрсету кґлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;

5) конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын тґлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;

6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияны отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

12. Қазақстан Республикасы Резиденті емес - әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде Қазақстан Республикасы резиденттері ұсынатын құжаттары немесе Қазақстан Республикасы Резиденті емес - әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер бар құжаттарды ұсынады.

13. Әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін келесі құжаттардың бірін ұсыну арқылы растауға құқығы бар:

1) Әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтингтік ұйым берген рейтингті дәлелдейтін құжат;

2) Әлеуетті өнім берушіні биржаның ресми листингісіне қосу туралы қор немесе тауар биржасынан көшірме.

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

14. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген төрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген төрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

15. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе ґшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім беруші мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

Конкурсқа қатысуға ґтінім және қоса берілетін бүкіл құжаттама мемлекеттік тілде немесе ұйымдастырушының конкурстық құжаттамасы жасалған тілде болуы тиіс.

16. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді төзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сґздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
      Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекенжайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған кейінде қайтару маќсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудыѕ дјл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: 011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде техникалық жабдықтарды сатып алу (серверлік жабдықтытың жиынтығы) КОНКУРС жӘне 2012 жылҒы 6 СӘУІРДЕГІ сағат 11:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».

Конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде 45 күн.

Конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кейiнге қалдырылады.

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

17. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардыѕ уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі № 804 каб. мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, М.С. Қожабаеваға 2012 жылғы 6 сәуірдегі сағат 10:00-ге дейінгі мерзімде береді.

18. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алєан барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

19. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардыѕ уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

20. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсќа ќатысуєа ґтінімдер салынєан конверттер ќабылданбайды жјне тіркелмейді.

^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

21. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, ґзініѕ конкурсқа қатысуға ґтінімін ґзгертуі немесе қайтарып алуы мїмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ўйымдастырушыныѕ атына еркін тїрде жазылєан ґтініш тїрінде ресімделеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталєанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
      22. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

23. Мемлекеттік сатып алуды ўйымдастырушы конкурстык құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей наќты уақыт кезеңіне арналєан өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауєа қүқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоєалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуєа құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

 2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

    24. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуєа оныѕ қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, конкурстық комиссия хатшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудыѕ нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды ґтеу жґніндегі міндеттемелерді көтермейді.

^ 4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі № 914 каб. мекен-жайы бойынша 2012 жылғы 6 сәуірдегі сағат 11:00-де жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны хабарландыруында хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы ґтінім де ашылады.

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, № 914 каб. мекен-жайы бойынша 2012 жылғы 6 сәуірдегі сағат 10:55-ке дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және јлеуетті өнім берушілердің тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

27. Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу ұшін пайдалануға ниет етіп отырєан аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оныѕ уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысыныѕ қызметіне араласуына жол берілмейді.

29. Конкурстық комиссияныѕ көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияныѕ құрамы, конкурстық комиссияныѕ хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстыќ комиссияныѕ өкілі не конкурстық комиссия мөшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардыѕ қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жґніндегі конкурстық комиссия отырысыныѕ хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мөшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасыныѕ кґшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынєан конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияныѕ отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген кїүннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс кїнінен кешіктірмей ұсынылады.
  1   2   3   4   5   6



Похожие:

011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде icon011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған бағдарламалық
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған...
011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде icon011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған бағдарламалық
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,...
011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, www stat kz, электронды адресі: mkozhabaeva@stat
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде (серверлік...
011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі 010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, www stat kz, электронды адресі: mkozhabaeva@stat
Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, www stat kz, электронды адресі: mkozhabaeva@stat kz 011...
011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, www stat kz, электронды адресі: mkozhabaeva@stat
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған...
011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде iconКеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы
Жылғы 21 қыркүйекте Мәскеуде жасалған Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның...
011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде icon7-бөлім Бюджеттік бағдарламалар Бюджеттік бағдарламалар
Республикасы денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде Бірыңғай төлеуші функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ...
011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу...
011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы...
011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде iconҚазақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігінің «Күрделі шығындар» 015 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде кеңсе техникасын бір дереккөзден алынған тәсіл бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
Ақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігі, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр д-лы, 19 үй, «А» блогы, 0301 каб., Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы