|
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, www.stat.kz, электронды адресі: MKozhabaeva@stat.kz) 011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде (серверлік жабдықтың жиынтығы) техникалық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс қайта өткізетіндігі туралы хабарлайды. Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі және егжей-тегжейлі ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілген (1, 2 - қосымша). Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес. Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін барлық өнім жеткізушілер жіберіледі. Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін 2012 жылғы 5 сәуірдегі сағат 11.00-ге дейінгі мерзімде, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, № 806 кабинеттен алуға болады. Конверттерге салынған конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді өнім жеткізушілер Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4 кіреберіс, № 806 кабинет мекенжайы бойынша ұсынады (жолдайды). Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2012 жылғы 6 сәуірдегі сағат 10.00-ге дейін. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер 2012 жылғы 6 сәуірдегі сағат 11.00-де мына мекен-жай бойынша Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, № 914 кабинетте ашылады. Қосымша ақпаратты және анықтаманы 8 (7172) 74-90-50, 74-93-83 телефондар бойынша алуға болады. Конкурстық комиссияның хатшысы - Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы – 8 (7172) 74-90-50. |