007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші icon

007 "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші



Название007 "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші
страница1/5
Дата конвертации04.10.2012
Размер0.59 Mb.
ТипКонкурс
источник
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшының

2012 жылғы «___»__________№ ____

бұйрығымен бекітілген


007 "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары"

республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды

конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА


Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, ЖСК KZ92070101KSN0000000, БСК KKMFKZ2A, СТН 600700010889, ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті, Астана қаласы, www.stat.gov.kz.

Тапсырыс берушiнiң өкiлi: Айдапкелов Н.С. тел. 8 7172 749030

^ Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, СТН 600700010889, ЖСК KZ92070101KSN0000000, БСК KKMFKZ2A, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті.

^ Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi: Е.М. Ултанов – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы, тел.: 8 (7172) 74-92-66. Электрондық мекен-жайы: eultanov@stat.kz

Конкурстық құжаттаманың құны: Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу жеткізушілерін таңдау мақсатында өткізіледі (бұдан әрі – Конкурс).

2. Сатып алуға бөлінген сома 3 870 000 000 (үш миллион сегіз жүз жетпіс мың) теңгені құрайды,:

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

     1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесін;

2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес қызметтерді жеткізу үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

 5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

6) объектiлер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерiн, түрлерiн және көлемдерiн, сондай-ақ егер кiшi жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын болса, әрбiр қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттiк сатып алудың сомасын көрсетуi қажет.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде көрсетілген нысандардың бірінде енгізеді:

1) мынадай банктік шотқа салынатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын ЖСК KZ700705016061001001, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті, БСК KKMFKZ2A, СТН 600700010889;

2) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

^ 2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi


5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің ^ 2012 жылғы 18 мамыр сағат 10:00-ден кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін тұсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, «Министрлiктер үйi», Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған кұнінен бастап ұш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп тұскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тқлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz. веб-сайтында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды 2012 жылғы 23 мамыр сағат 10:00-ден кешіктірмей енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тјртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген кұнінен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ґтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы ґзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік кїн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz веб-сайтында жариялайды.

8. Мемлекеттік сатып алуды ўйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардыѕ ујкілетті ґкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, № 914 каб. мекен-жайы бойынша 2012 жылғы 18 мамыр сағат 10:00-де кездесу өткізеді.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың кґздерін кґрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар кґрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күнінен бастап екі жұмыс кїнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ўйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында кґрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманыѕ көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болєан кездесу хаттамасыныѕ мәтінін тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz веб-сайтында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада кґзделген талаптар мен шарттарєа сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың тiзбесiн:
      құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлiгiнiң көшiрмесi) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға тиiс. Қазақстан Республикасының резидентi еместер мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынуға тиiс;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
      заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi. Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттiк тiркелгенi туралы өтiнiмнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзiндiсi не конверттердi ашу күнi алдындағы бiр айдан бұрын берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен нотариалдық куәландырылған үзiндi;
      төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:
      осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуеттi берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлуi тиiс;
      бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;
      не конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендiгi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
      Конкурстық құжаттама әлеуеттi өнiм берiшiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз процентiне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше банк-резиденттердiң банктiк кепiлдiктерi түрiнде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиiс. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге берiледi;
      3) әлеуеттi берушiнiң және (немесе) оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың толық тiзбесiн қамтитын осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;
      Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не қызмет көрсетулердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуы тиiс;
      осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шартын;
      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;
      5) банктiк кепiлдiк не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрiнде Заңда белгiленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi;

6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияны отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

12. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен бередi және соңғы бетiне оның қолымен, ал заңды тұлға үшiн - мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылады.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен, соңғы бетi әлеуеттi өнiм берушiнiң қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке берiледi.
      13. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң нысаны басылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы, әлеуеттi өнiм берушiнiң мөрiмен бекiтiлуi (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) тиiс.
      14. Конкурстық өтiнiмде әлеуеттi өнiм берушiнiң грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзетуi қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндiрме, өшiрiлген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиiс.
      15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекенжайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған кейінде қайтару маќсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудыѕ дјл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: 007 "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды КОНКУРС жӘне 2012 жылҒы 28 мамыр сағат 11:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардыѕ уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі № 806 каб. мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, Е.М. Ултановқа 2012 жылғы 28 мамыр сағат 10:00-ге дейінгі мерзімде береді.

17. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн алған барлық конкурстық өтiнiмдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерде көрсетiлген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуеттi өнiм берушiлердiң тиiстi уәкiлеттi өкiлдерiне жеке өздерiне қайтарылады.
      18. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi ұсынған конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, тиiстi журналға тiркейдi.

19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсќа ќатысуєа ґтінімдер салынєан конверттер ќабылданбайды жјне тіркелмейді.

^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

20. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Өзгерiс енгiзу конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуы, желiмделуi және ұсынылуы тиiс.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуеттi өнiм берушi заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi қол қойған және мөрiмен бекiтiлген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркiн түрде жазылған өтiнiш түрiнде ресiмделедi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiс енгiзу не конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу, егер оларды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.
      21. Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтарып алу сияқты, оларға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      22. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгiленген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей нақты уақыт кезеңiне арналған өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
      1) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу;
      2) осындай өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу.
      23. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi


^ 4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі № 914 каб. мекен-жайы бойынша 2012 жылғы 28 мамыр сағат 11:00-де жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны хабарландыруында хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы ґтінім де ашылады.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, № 914 каб. мекен-жайы бойынша 2012 жылғы 28 мамыр сағат 10:55-ке дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және јлеуетті өнім берушілердің тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

25. Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу ұшін пайдалануға ниет етіп отырєан аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оныѕ уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысыныѕ қызметіне араласуына жол берілмейді.

27. Конкурстық комиссияныѕ көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияныѕ құрамы, конкурстық комиссияныѕ хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстыќ комиссияныѕ өкілі не конкурстық комиссия мөшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардыѕ қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жґніндегі конкурстық комиссия отырысыныѕ хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мөшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасыныѕ кґшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынєан конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияныѕ отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген кїүннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс кїнінен кешіктірмей ұсынылады.
  1   2   3   4   5



Похожие:

007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise...
007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші icon007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі,...
007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші icon«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі,...
007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу...
007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы...
007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші icon011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған бағдарламалық
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған...
007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының м а. 2011 жылғы «21» қыркүйек №263 бұйрығымен бекітілген 007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары»
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8,...
007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
«Статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жалпымемлекеттік статистикалық...
007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconҚазақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігінің «Күрделі шығындар» 015 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде кеңсе техникасын бір дереккөзден алынған тәсіл бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
Ақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігі, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр д-лы, 19 үй, «А» блогы, 0301 каб., Қазақстан...
007 \"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары\" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, www stat kz, электронды адресі: mkozhabaeva@stat
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы