007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server icon

007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server



Название007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server
страница1/3
Дата конвертации04.10.2012
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының

2012 жылғы «29» мамырдағы

№ 128 бұйрығымен бекітілген


007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары»

республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде IBM Lotus Domino Enterprise Server және IBM Lotus Notes Domino Enterprise Client

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді

конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА


Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, ЖСК KZ92070101KSN0000000, БСК KKMFKZ2A, СТН 600700010889, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ, Астана қаласы, www.stat.gov.kz.

^ Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, СТН 600700010889, ЖСК KZ92070101KSN0000000, БСК KKMFKZ2A, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ.

^ Конкурстық комиссия хатшысы: Комиссия хатшысы – Мира Сейітжанкызы Қожабаева – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы, тел.: 8 (7172) 74-90-50. Электрондық мекенжайы: MKozhabaeva@stat.kz

Конкурстық құжаттаманың құны: Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс 007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – Конкурс) IBM Lotus Domino Enterprise Server және IBM Lotus Notes Domino Enterprise Client лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің мемлекеттік сатып алу жеткізушілерін таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Сатып алуға бөлінген сома ^ 94 296 796 (тоқсан төрт миллион екі жүз тоқсан алты мың жеті жүз тоқсан алты) теңгені құрайды, соның ішінде лот бойынша:


Лот №

Лот атауы

^ Бөлінген сомма, теңге

1

IBM Lotus Domino Enterprise Server лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету

54 638 080

2

IBM Lotus Notes Domino Enterprise Client лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету

39 658 716

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

     1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізу үшін әлеуетті жеткізушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

 Әрбір өлшемнің пайыздық мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауарды ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдер;

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде көрсетілген нысандардың бірінде енгізеді:

1) мынадай депозиттік шотқа салынатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, ЖСК KZ 00705016061001001, БСК KKMFKZ2A, СТН 600700010889;

Банкі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті ММ;

2) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

^ 2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi жеткізушінің оның ережелерiн түсiндiруi


5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің ^ 2012 жылғы «19» маусым сағат 11:00-ден кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті жеткізушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, «Министрлiктер үйi», Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz. интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды 2012 жылғы «24» маусым сағат 11:00-ден кешіктірмей енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күнінен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті жеткізушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті жеткізушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсында жариялайды.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті жеткізушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, № 914 каб. мекенжайы бойынша 2012 жылғы «19» маусым сағат 11:00-де кездесу өткізеді.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті жеткізушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізілген күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті жеткізушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті жеткізушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті жеткізушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті жеткізуші осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті жеткізуші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған өзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;

әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті жеткізушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

Конкурстық құжаттама әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

әлеуетті жеткізушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

    4) көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;

5) конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;

6) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияны отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізушінің қол қоюы, әлеуетті жеткізушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

14. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
      15. Әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен почталық мекенжайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған кейінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекенжайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: 007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде IBM Lotus Domino Enterprise Server және IBM Lotus Notes Domino Enterprise Client ^ ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ сатып алуды өткізу жөніндегі КОНКУРС жӘне 2012 жылҒы «29» маусым сағат 11:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, № 806 каб. мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, М.С. Қожабаеваға 2012 жылғы «29» маусым сағат 10:00-ге дейінгі мерзімде береді.

17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімін біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті жеткізушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті жеткізушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

18. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

20. Әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті жеткізушінің заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті жеткізушінің қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
      21. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті жеткізушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті жеткізуші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

 2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

    23. Әлеуетті жеткізуші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, конкурстық комиссия хатшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

^ 4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, № 914 каб. мекенжайы бойынша 2012 жылғы «29» маусым сағат 11:00-де жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны хабарландыруында хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдері Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, № 914 каб. мекенжайы бойынша 2012 жылғы «29» маусым сағат 10:50-ге дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті жеткізушілердің тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті жеткізушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

27. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілердің саны;

әлеуетті жеткізушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті жеткізушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті жеткізушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберу

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілердің анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті жеткізушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті жеткізушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

  2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті жеткізуші Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

   


Конкурстық комиссия соманың бір пайызынан астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

31. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;
     2) конкурстық комиссияның:

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
     қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;

өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны;

3) конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) берілген соманың бір пайыздан кем мөлшерінде енгізілсе.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.

32. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті жеткізуші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті жеткізушінің туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

33. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізуші айқындайды;

2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің пайыздық мәнін қолданады;

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

34. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті жеткізушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсында орналастырады.


^ 6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

35. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес баға ұсынысы сатып алынатын қызметтердің бағасынан басқа оларды сақтандыруға арналған шығыстарды, сондай-ақ қызмет көрсету шарттарында көзделген өзге шығыстарды қамтуы, басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізушінің қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті жеткізушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

36. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтіні көрсетілуі тиіс: 007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде IBM Lotus Domino Enterprise Server және IBM Lotus Notes Domino Enterprise Client ^ ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі КОНКУРС - конкурстыҚ баҒа Ұсыныс (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ". Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

^ 7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

37. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

38. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

39. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс

40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

41. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің пайыздық мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты төмен шартты баға негiзiнде конкурстың жеңiмпазын анықтайды.

42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті жеткізушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

^ 8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

1) осы әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.

45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

1) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізуші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.

^ 9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

 46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 9-қосымшаға үлгі шарт негізінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

47. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

48. Заңның 37-бабының 6, 7-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

49. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

50. Егер әлеуетті жеткізуші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

51. Әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

                                                   

_________________________________________________________


Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша


^ Сатып алынатын тауарлардың тізбесі

007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде IBM Lotus Domino Enterprise Server және IBM Lotus Notes Domino Enterprise Client лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурс.

Лот



Тапсырыс

берушінің

атауы

Қызметтердің атауы

Өлшем

бірлігі

^ Саны,

көлемі

Тауарларды жеткізу

шарттары


Тауарларды жеткізу

мерзімі

Тауарларды жеткізу

орны

Аванс-тық

төлем мөлшері,

%

Сатып алуға

бөлін-

ген сома,

теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

ҚР Статистика агенттігі

Lotus Domino Enterprise Server лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу

жиын

8960


DDP

Астана қ. ИНКОТЕРМС 2000

2012 жылғы 31 тамызға дейін

ҚР Статистика агенттігі

Астана қаласы,

Есіл ауданы,

Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс.

715 каб.

30

54 638 080

2

ҚР Статистика агенттігі

IBM Lotus Notes Domino Enterprise Client лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу

дана

1 899

DDP

Астана қ. ИНКОТЕРМС 2000

2012 жылғы 31 тамызға дейін

ҚР Статистика агенттігі

Астана қаласы,

Есіл ауданы,

Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс. 715 каб.

30

39 658 716




ЖИНАҒЫ:






















94 296 796
  1   2   3



Похожие:

007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise...
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server icon007 "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі,...
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының м а. 2011 жылғы «21» қыркүйек №263 бұйрығымен бекітілген 007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары»
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8,...
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server iconҚазақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігінің «Күрделі шығындар» 015 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде кеңсе техникасын бір дереккөзден алынған тәсіл бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
Ақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігі, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр д-лы, 19 үй, «А» блогы, 0301 каб., Қазақстан...
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server icon011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған бағдарламалық
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған...
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server icon011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған бағдарламалық
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,...
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server icon011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі,...
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, www stat kz, электронды адресі: mkozhabaeva@stat
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде (серверлік...
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4 кіреберіс, www stat kz, электронды адресі: mkozhabaeva@stat
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған...
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise Server iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы