«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші icon

«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші



Название«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші
страница1/4
Дата конвертации04.10.2012
Размер0.55 Mb.
ТипКонкурс
источник
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының

2012 жылғы «29» маусым № 159

бұйрығымен бекітілген


«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми

зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА


Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, ЖСК KZ92070101KSN0000000, БСК KKMFKZ2A, СТН 600700010889, ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті ММ, Астана қаласы, www.stat.gov.kz.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, СТН 600700010889, ЖСК KZ92070101KSN0000000, БСК KKMFKZ2A, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ.

^ Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi: Комиссия хатшысы - С.Ш. Имамбаев – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік сатып алулар басқармасының сарапшысы, тел.: 8 (7172) 74-95-49. Электрондық мекенжайы: s.imambayev@stat.gov.kz

Конкурстық құжаттаманың құны: Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс «004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді жеткізушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі (бұдан әрі – Конкурс).

2. Сатып алуға бөлінген сома 1 996 000 (бір миллион тоғыз жүз тоқсан алты мың) теңгені құрайды

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

     1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесін;

2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес қызметтерді жеткізу үшін әлеуетті жеткізушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

 5) әрбір өлшемнің пайыздық мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде көрсетілген нысандардың бірінде енгізеді:

1) мынадай депозиттік шотқа салынатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, ЖСК KZ 700705016061001001, БСК KKMFKZ2A, СТН 600700010889;

Банкі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті ММ;

2) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

^ 2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi жеткізушінің оның ережелерiн түсiндiруi


5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің ^ 2012 жылғы 18 шілдеде сағат 11:00-ден кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті жеткізушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, «Министрлiктер үйi», Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz. веб-сайтында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды 2012 жылғы 23 шілдеде сағат 11:00-ден кешіктірмей енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күнінен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті жеткізушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті жеткізушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсында жариялайды.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті жеткізушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, № 914 каб. мекенжайы бойынша 2012 жылғы 18 шілдеде сағат 11:00-де кездесу өткізеді.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті жеткізушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізілген күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті жеткізушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті жеткізушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті жеткізушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті жеткізуші осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті жеткізуші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған өзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;

әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті жеткізушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

Конкурстық құжаттама әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

әлеуетті жеткізушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

    4) көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;

5) конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;

6) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияны отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізушінің қол қоюы, әлеуетті жеткізушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

14. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
      15. Әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен почталық мекенжайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған кейінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекенжайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «004 «МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ТАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ» 2 ІС-ШАРАСЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ^ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС жӘне 2012 жылҒы 30 шілдеде сағат 12:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, № 806 каб. мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, С.Ш. Имамбаевқа 2012 жылғы 30 шілдеде сағат 10:00-ге дейінгі мерзімде береді.

17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімін біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті жеткізушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті жеткізушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

18. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

20. Әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті жеткізушінің заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті жеткізушінің қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
      21. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті жеткізушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті жеткізуші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

 2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

    23. Әлеуетті жеткізуші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, конкурстық комиссия хатшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

^ 4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, № 914 каб. мекенжайы бойынша 2012 жылғы 30 шілдеде сағат 12:00-де жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны хабарландыруында хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдері Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі 8, «Министрлiктер үйi», 4-кіреберіс, № 914 каб. мекенжайы бойынша 2012 жылғы 30 шілдеде сағат 11:50-ге дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті жеткізушілердің тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті жеткізушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

27. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілердің саны;

әлеуетті жеткізушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті жеткізушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті жеткізушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
  1   2   3   4



Похожие:

«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы...
«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші icon007 "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары" республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көшірмелі аппараттарды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі,...
«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
«Статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жалпымемлекеттік статистикалық...
«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу...
«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші icon011 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған бағдарламалық
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қолда бар лицензияланған...
«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconҚазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, №8...
«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconТөлеби аудандық ветеринария бөлімінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы №38 бұйрығымен бекітілген конкурстық ҚҰжаттама
«Төлеби ауданы бойынша эпизоотияға қарсы шараларды жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шегінде ветеринариялық препараттарды қолдану қызметін...
«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconХабарлама/ объявление 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жақ жағылау, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі»
Республикасы Статистика агенттігі 009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы...
«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ibm lotus Domino Enterprise...
«004 «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде талдамалы жұмыстар жүргізу» 2 іс-шарасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші iconҮкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс берушi
Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор к, 8, жск 140440026154 бск kkmfkz2A, жск kz890705016210001001, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы