2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon

2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы



Название2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
страница1/37
Дата конвертации04.10.2012
Размер4.5 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 496-IV Заңы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 26 қарашадағы № 565-569 (26961); "Казахстанская правда" от 26.11.2011 г., № 378-380 (26769-26771); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 20 (2597), 152-құжат




      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 27-баптан қараңыз.

      1-бап. 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2012 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
      1) кiрiстер – 5 112 412 323 мың теңге, оның iшiнде:
      салықтық түсiмдер бойынша – 3 365 696 627 мың теңге;
      салықтық емес түсiмдер бойынша – 230 560 870 мың теңге;
      негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 19 590 311 мың теңге;
      трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 496 564 515 мың теңге;
      2) шығындар – 5 474 618 196 мың теңге;
      3) таза бюджеттiк кредит беру – 54 000 757 мың теңге, оның iшiнде:
      бюджеттiк кредиттер – 179 999 247 мың теңге;
      бюджеттiк кредиттердi өтеу – 123 998 490 мың теңге;
      4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 363 627 077 мың теңге, оның iшiнде:
      қаржы активтерiн сатып алу – 364 137 077 мың теңге;
      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 510 000 мың теңге;
      5) тапшылық – -779 833 707 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,5 пайызы;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 779 833 707 мың теңге.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.03.16 № 6-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшiн 17 077 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшiн 3 680 721 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдерi көзделсiн.
      3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2012 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:
      бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегi, сондай-ақ салық режимi тұрақтылығының кепiлдiгi сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша роялти;
      бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша – бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.
      Бұл ретте салық режимi тұрақтылығының кепiлдiгi сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер жоғарыда көрсетiлген аударымдарды немесе әлеуметтiк салықты «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;
      «Өндiрушiлер көтерме саудада өткiзетiн, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;
      «Өндiрушiлер көтерме саудада өткiзетiн, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.
      5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.
      6-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Алматы қаласының бюджетiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 102 114 759 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
      Атырау облысынан – 39 467 955 мың теңге;
      Маңғыстау облысынан – 16 076 180 мың теңге;
      Алматы қаласынан – 46 570 624 мың теңге.
      7-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен трансферттердiң түсiмдерi мыналарды:
      көлiк құралдарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi – 55 913 мың теңге;
      «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлiмшесiн – 921 164 мың теңге;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру жөнiндегi функцияларды – 864 612 мың теңге;
      жергiлiктi атқарушы органдардың:
      мемлекеттiк сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау мәселелерi жөнiндегi өкiлеттiктерiн – 756 683 мың теңге;
      педагог қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру мәселелерi жөнiндегi өкiлеттiктерiн – 1 520 109 мың теңге;
      халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi өкiлеттiктерiн – 10 331 275 мың теңге – беруге байланысты көзделсiн.
      Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен трансферттердiң аталған сомаларының республикалық бюджетке түсiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.03.16 № 6-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      8-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерi 1 380 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.03.16 № 6-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      9-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 17 439 теңге;
      2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 8 720 теңге;
      3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 17 491 теңге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 618 теңге;
      5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 17 439 теңге болып белгiленсiн.
      10-бап. Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 002 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қамсыздандыру» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      11-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары қызметкерлерiне тұрғын үйдi күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.
      ^ Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      12-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетiне берiлетiн субвенциялар көлемi 880 645 461 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
      Ақмола облысына – 53 579 911 мың теңге;
      Ақтөбе облысына – 31 721 533 мың теңге;
      Алматы облысына – 103 882 787 мың теңге;
      Шығыс Қазақстан облысына – 89 595 453 мың теңге;
      Жамбыл облысына – 85 094 218 мың теңге;
      Батыс Қазақстан облысына – 17 113 055 мың теңге;
      Қарағанды облысына – 61 399 259 мың теңге;
      Қостанай облысына – 52 272 915 мың теңге;
      Қызылорда облысына – 71 593 511 мың теңге;
      Павлодар облысына – 28 929 362 мың теңге;
      Солтүстiк Қазақстан облысына – 50 717 343 мың теңге;
      Оңтүстiк Қазақстан облысына – 216 436 264 мың теңге;
      Астана қаласына – 18 309 850 мың теңге.
      13-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:
      1) көшi-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға;
      2) режимдiк стратегиялық объектiлерге қызмет көрсетудi жүзеге асыратын штат санын ұстауға;
      3) оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталығын күтiп ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға;
      4) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
      5) жаңадан iске қосылатын спорт объектiлерiн күтiп-ұстауға;
      6) спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың мұғалiмдерiне бiлiктiлiк санаты үшiн қосымша ақы мөлшерiн ұлғайтуға;
      7) эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге;
      8) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялауға;
      9) тауарлы балық шаруашылығының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялауға;
      10) тұқым шаруашылығын қолдауға;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға;
      12) мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға;
      13) мамандарды әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшiн;
      14) азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға;
      14-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi ұйымдастыруға және жүргiзуге;
      15) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсетуге;
      16) облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елдi мекендер көшелерiн күрделi және орташа жөндеуге;
      17) метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға;
      17-1) моноқалаларды жайластыру мәселелерiн шешуге;
      18) қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерi жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң педагог қызметкерлерi штат санының берiлуiне байланысты;
      19) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын iске асыруға;
      20) Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға;
      21) қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшiн ай сайын ақша қаражатын төлеуге;
      22) техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының оқу-өндiрiстiк шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға;
      23) мектеп мұғалiмдерiне және мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының тәрбиешiлерiне бiлiктiлiк санаты үшiн қосымша ақы мөлшерiн ұлғайтуға;
      24) өндiрiстiк оқытуды ұйымдастыру үшiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының өндiрiстiк оқыту шеберлерiне қосымша ақы белгiлеуге;
      25) «Назарбаев зияткерлiк мектептерi» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша бiлiктiлiктi арттырудан өткен мұғалiмдерге төленетiн еңбекақыны арттыруға;
      26) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз етуге және кеңейтуге;
      27) жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
      28) тұрғын үй көмегiн көрсетуге 2012 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.03.16 № 6-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      14-бап. Мынадай:
      1) ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
      2) ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басқару жүйелерiн субсидиялау;
      3) астықты экспорттау кезiнде көлiк шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандату;
      4) «Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдау;
      5) «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде жобаларды iске асыру, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзiн басқаруды мемлекеттiк қолдау;
      6) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiне жөндеу жүргiзуге кредит беру бағыттары бойынша iске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
      15-бап. Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын iске асыруға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
      16-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылды iске асыруға 2012 жылға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
      17-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерiн базалық қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
      18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылға арналған резервi 86 931 317 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.03.16 № 6-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      19-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыруға және сақтауға 11 639 691 мың теңге сомасында, оның iшiнде республикалық бюджет кiрiстерiнде жаңарту тәртiбiмен шығарылған материалдық құндылықтарды өткiзуден түскен қаражатты көрсете отырып, 6 690 311 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.03.16 № 6-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      20-бап. Қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болды деп жариялаған жағдайда, мемлекеттiк бiлiм беру кредиттерi және студенттiк кредиттер бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң талаптары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады деп белгiленсiн.
      21-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте Республикалық бюджеттiк комиссияның оң ұсынысы болған күннен бастап алты ай iшiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жетiспейтiн құжаттаманы табыс етуi туралы кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестицияларды iске асыру көзделсiн, ол аталған шарт сақталмаған кезде түзетiлуге жатады.
      22-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 363 970 мың теңге көзделсiн.
      ^ 23-бап. 2012 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 60 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
      24-бап. 2012 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 3 900 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
      ^ 25-бап. 2012 жылы мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 50 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
      26-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2012 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.
      27-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 21-бапты қоспағанда, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                 Н. НАЗАРБАЕВ

"2012 - 2014 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы"
Қазақстан Республикасының  
2011 жылғы 24 қарашадағы  
N 496-IV Заңына      
1-ҚОСЫМША         

2012 жылға арналған республикалық бюджет

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР 2012.03.16 № 6-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Санаты

Сомасы,
мың теңге




Сыныбы




Iшкi сыныбы




Атауы

1

2

3










^ I. Кiрiстер

5 112 412 323

1







Салықтық түсiмдер

3 365 696 627




1




Табыс салығы

1 384 854 925







1

Корпорациялық табыс салығы

1 384 854 925




5




^ Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

1 259 297 692







1

Қосылған құн салығы

1 004 391 208







2

Акциздер

20 809 348







3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

226 486 491







4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

3 129 280







5

Ойын бизнесiне салық

4 481 365




6




^ Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар

706 216 465







1

Кеден төлемдерi

685 037 476







2

Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар

21 178 989




7




Басқа да салықтар

4 280







1

Басқа да салықтар

4 280




8




Заңдық мәндi iс-әрекеттердi жасағаны және (немесе) оған уәкiлеттiгi бар мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлемдер

15 323 265







1

Мемлекеттiк баж

15 323 265

2







Салықтық емес түсiмдер

230 560 870




1




Мемлекеттiк меншiктен түсетiн кiрiстер

203 861 126







1

Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнiң түсiмдерi

1 962 243







3

Мемлекет меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер

172 140 498







4

Мемлекет меншiгiндегi, заңды тұлғалардағы қатысу үлесiне кiрiстер

28 258







5

Мемлекет меншiгiндегi мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер

24 111 308







6

Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшiн сыйақылар

244 275







7

Мемлекеттiк бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар

1 885 866







9

Мемлекет меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер

3 488 678




2




^ Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер

1 542 401







1

^ Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер

1 542 401




3




^ Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi

10 867







1

^ Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi

10 867




4




Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар

2 338 485







1

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар

2 338 485




5




Гранттар

1 215 260







2

Қаржылық көмек

1 215 260




6

 

Басқа да салықтық емес түсiмдер

21 592 731







1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

21 592 731

3







Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер

19 590 311




1


 
 

^ Мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сату

150 000







1

Мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сату

150 000




2




^ Мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сату

19 440 311







1

Мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар caту

19 440 311

4







Трансферттердiң түсiмдерi

1 496 564 515




1




^ Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан алынатын трансферттер

116 564 515







1

Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен алынатын трансферттер

116 564 515




4




Ұлттық қордан трансферттер

1 380 000 000







1

Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер

1 380 000 000
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37



Похожие:

2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша қысқаша ақпарат (2012 жылғы 30 мамырдағы жағдайы бойынша нақтыланған бюджет )
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңын қабылдануына байланысты ОҚО мәслихатының шешімімен өзгертулер...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»
«2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың шешімі 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon201 2-2014 жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»
«2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың шешімі 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon2012 жылғы 24 тамыз №553 «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының
Тізілімінде 4307 нөмірімен тіркелген, «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon2011 жылғы 6 желтоқсандағы №36-1 «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon2011 жылғы 6 желтоқсандағы №36-1 «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін
...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon2012-2014 жылдарға арналған азаматтық бюджет құрметті сайт қонақтары!
Сіздердің назарларыңызға Теміртау қаласы бойынша 2012-2014 жылдарға арналған азаматтық бюджет ұсынылып отыр, ол бюджеттің негізгі...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon2012 жылға арналған Абай ауданының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы анықтама 19. 09. 2012 ж. «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Абай аудандық маслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №33-3 шешіміне мынандай...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon2012 жылға арналған Абай ауданының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы анықтама 10. 07. 2012 ж. «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Абай аудандық маслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №33-3 шешіміне мынандай...
2012 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы icon2012 жылға арналған Абай ауданының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы анықтама 10. 04. 2012 ж. «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Абай аудандық маслихатының 2011 жылғы №33-3 шешіміне мынандай өзгерістер мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы