«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі icon

«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі



Название«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Дата конвертации30.05.2013
Размер136 Kb.
ТипДокументы
источник

Жангелдин ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 24 желтоқсан

№ 297 қаулысына қосымша


«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ


1.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынандай ведомстволары бар (егер болса)

1)Қостанай облысы Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны.

3.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосы, Алтынсарин көшесі, 4.

10.Мемлекеттік органның толық атауы - «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11.Осы Ереже «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.


2. «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мәні, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары


14.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

^ Бөлімнің мәні мен мақсаты:

Бөлім қызметінің мәні ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

Бөлімнің мақсаты елді-мекендер мен аумақтардың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз ету, әртүрлі меншік нысанындағы (меншіктік) тұрғын үй қорын және басқа да инфрақұрылым объектілерін пайдалануды ұйымдастыруға көмек көрсету және ат салысу болып табылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг және бағалау болып табылады.

15. Міндеттері:

1)стратегиялық дамудың ағымдық және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бағдарламаларды Жангелдин ауданының аумағында жүргізу;

2)ауданда мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық саясат, инфрақұрылым және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

3)ұйымдарға облыстық Департамент арқылы әлеуетті инвесторларды іздестіру және тартуды жүзеге асыруға көмектесу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

4)ресурстық және технологиялық базаны қайта ұйымдастыру негізінде инфрақұрылымның дамуына, кәсіпорындарды реформалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, осы салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілерін қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныстар даярлауға көмектесу;

5)аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аса маңызды бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға ат салысу;

6)өз құзырының шегінде кәсіпорындардың және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметтерін мониторингілеу;

7)меншік нысанына қарамастан ауданды жылу энергиясымен, сумен, отынмен тұрақты қамтамасыз етуде барлық қатысушылармен (жеткізушілер мен тұтынушылар) бірлесе отырып іс-қимыл жасауын жедел үйлестіру;

8)мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

9)заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;

10)мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;

11)мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;

12)заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;

13)мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады.

16. Функциялары:

1) орталық бөлімнің функциялары:

1) ауданның өзі басшылық жасайтын кәсіпорындарының қызметін талдауды;

2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері жөнінде аймақтық бағдарламалардың, өз құзырындағы мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Үкіметтің қаулыларын, аудан әкімиятының қаулылары мен аудан әкімінің шешімдерін орындау жөніндегі есептердің орындалуына және даярлануына мониторингті жүзеге асыруды;

3)ауданның инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларын дамыту басымдық бағдарламаларына талдау, түзету жүргізуді және оларды іске асыруға көмек көрсетуді;

4)аудан кәсіпорындарын күз-қыс жағдайында және су тасқыны кезеңінде жұмыс істеуге даярлау жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асыруды және бақылау жасауды;

5)тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, құрылыс және жобалау саласында бәсекелестік рынокты дамытуға көмек көрсетуді;

6)коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғын үй қорының, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының және құрылыстарының пайдаланылуын бақылауды;

7)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының дамуы шараларының орындалуына басшылық жасауды және бақылауды;

8)ауданның тұрғын үй саясатының іске асырылуына, өндірістік инфрақұрылымның дамуына талдау жүргізуді, түзету енгізуді және көмек көрсетуді;

9)ауданның стратегиялық даму жоспарына енгізілген басымдық объектілерді салуды аяқтау және құрылыс индустриясын дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға ықпал етуді;

10)тендерлер өткізуге ат салысады, сондай-ақ өз құзыры шегінде конкурстар өткізуді;

11)өз құзыры шегінде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне мониторингті жүзеге асыруды;

12)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыруды;

13)бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалау және мониторингті жүзеге асыруды;

14) Бөлім өзі уәкілетті органы болып табылатын кәсіпорындармен қатынаста мемлекеттік басқару органы функцияларын орындайды;

15)Бөлім өзі уәкілетті органы болып табылатын кәсіпорындармен қатынаста оларға мүліктің мақсатымен пайдаланылуына және сақталуына бақылау жүргізуді;

16)Әкімгерлері болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алушылар шегінде ақша қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жасауды;

17)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларына сапаның халықаралық стандарттарын еңгізуге;

18)өзі басқаратын саласында халықаралық стандарттарға сәйкес сапа жүйесін енгізуде мониторингті жүзеге асыруға;

19)қолданылып жүрген заңнамаларға қайшы келмейтін Бөлімнің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін басқа да функцияларды орындайды;

20)мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

21)заңнаманы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметті анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік қызметтің атауын өзгерту мәніне заңнамаға мониторинг;

22)мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

23)ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету;

24)ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету;

25)халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аудару бойынша ұсыныстар әзірлеу;

26)қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

27)Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

2) ведомстволардың функциялары:

1)Жылу энергиясын және суды өндіру, беру, бөлу, және іске асыру, канализация қалдықтарын тасып шығару;

2)От қазандығы мен жылу жүйелерін жөндеу және қолдану;

3)Су жүйелері мен кешендерді жөндеу және қолдану;

4)Қатты қоқыс қалдықтарын арнайы орындарда жинақтау;

5)Коммуналдық шаруашылық объекттерінің құрлысын және

жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1)аймақтың дамуының басымдықтары мен стратегиясы, әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар еңгізуіне;

2)аудан әкіміне, жергілікті және облыстық органдарға ауданның дамуының стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі жасайтын, олар қабылдаған актілерді өзгерту немесе күшін жою жөнінде ұсыныстар еңгізуіне;

3)өз құзырының шегінде міндетті түрде орындалуы үшін нұсқаулар беруіне және өндірістік нормативтік актілер жобасын дайындауға;

4)Бөлімнің құзырына қатысы бар мәселелерді шешу жөнінде аудан әкіміне, әкімдігіне және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуіне;

5)өз құзырының шегінде сыртқы экономикалық байланыстар орнату жөнінде тиісті ведомстволармен және ұйымдармен келіссөздер жүргізуіне;

6)ауданның кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық құрылымдар мамандарын олардың басшыларымен келісімі бойынша тексерулер мен сараптаулар жүргізу, конкурстық комиссияларға қатыстыру үшін тартуына;

7)өз құзырының мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізуіне және келісімдерге, басқа да заң актілеріне қол қоюына;

8)басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кәсіпорындарды іске қосу жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуына;

9)өз құзырының шегінде аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық қызметінің барлық субъектілері орындалуы үшін міндетті болып табылатын энергетика және тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауына;

10)өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда жол, су және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық саласының кез келген объектілеріне баруына;

11)басқада мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кәсіпорындардың экономикалық сауықтыру жөніндегі шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатынасуына;

12)бөлімге жүктелген міндеттерді орындауы үшін өз құзырының шегінде мемлекеттік биліктің тиісті органдарынан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұратуына және алуына;

13)бөлімнің осы Ережеде көрсетілген құқықтарымен қатар оған қолданыстағы заңнамаларымен берілген басқа да құқықтары бар;

14)мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;

15)мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы.


  1. «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру


18.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1)бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2)бөлімге жүктелген функциялардың орындалуы үшін жеке жауап береді;

3)заңға белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

4)бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

5)қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Бөлімді атқарушы органдарға және ұйымдарға ұсынады;

6)заңда белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза береді;

7)оның құзырына жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

8)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөнінде тиісті шараларды қабылдау мен сақтауды қамтамасыз етеді;

9)мемлекеттің гендерлік саясатын қолдайды.

Мемлекеттiк мекеменiң бастығы дара басшылық принциптерiне әрекет етедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көрсетiлген, оның құзырына сай мемлекеттiк мекеменiң мәселелерiн өз бетiнше шешедi.

Мемлекеттiк мекеменiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк мекеменiң басшысы белгiленген заң тәртiбiмен:

1)мемлекеттiк мекеме атынан сенiмхатсыз әрекет ете алады;

2)барлық ұйымдар мемлекеттiк мекеменiң мүдделерiн ұсынады;

3)заңнамада белгiленген жағдайда және шегiнде мүлiктi иеленедi;

4)шарт жасайды;

5)сенiмхаттар бередi;

6)қаржы құжаттарына бiрiншi қол қою құқығына ие;

7)оқу орындары қызметкерлердiң оқуын және қызметкерлердiң оқуын және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың басқа да түрлерi, тағлымдамалар, iс-сапарлар жөнiндегi мемлекеттiк мекеменiң тәртiбi мен жоспарын бекiтедi;

8)мекеменiң барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi тапсырмалар бередi және бұйрықтар шығарады;

9)мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және шығарады;

10)мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

11)мемлекеттiк мекеменiң басқа да қызметкерлерi өкiлеттiлiгi аясында мiндеттердi бөледi;

12)бастықтың болмаған уақытында оны бөлiмнiң бас маманы алмастырады;

13)заңнамада, осы Ережеде және уәкiлеттi органда оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;

14)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөнінде тиісті шараларды қабылдау мен сақтауды қамтамасыз етеді.

«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22.Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі


24.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

25.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


^ 5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


27.«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі


1)Қостанай облысы Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны.



Похожие:

«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconШығыс Қазақстан облысы, «Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің...
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған
«Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің...
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconХабарландыру алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ҚР
Алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік...
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconХабарландыру алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ҚР
Алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік...
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансына пәтерді қою туралы

«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі icon1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы мен пайымдауы
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»...
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі icon1. Жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
Данының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі ауданның тұрғын үй-коммуналдық...
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты» мем лекеттік мекемесінің балансынан Меңдіқара ауданы әкімдігінің «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
Меңдіқара ауданы әкімдігінің «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»...
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconХабарландыру алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңдарына сәйкес «Ақтасты,
Алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік...
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconПавлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мм
Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мм павлодар қаласы, Кривенко...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы