|
Түсінік хат «Corel Draw векторлық графика» Corel Draw -Corel Сorporation каналдық фирманың көмегімен аты әлемге мәлім болған программа. Corel Draw графикалық редакторы компьютерде ірі қуатты жұмыстар атқаруға мүмкіндік жасайды. Мәні жағынан объектіге қатысты жұмыстар атқаруға, оны өңдеуге, құруға және ең жеңіл программаладарда сурет салуға қолайлы жағдай туғызады.Программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялар басқа графиктік редакторлармен салыстырғанда жоғары деңгейде жасалады. Сонымен бірге шығармашылық өнерді шынайы түрде құруға мүмкіндік жасайды. Corel Draw программасында кез келген тапсырманы орындауға арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Осы құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білу керек.Осы бағытта информатика пәнін оқытудың мемлекеттік білім стандартынан тыс 11-сыныптарға арналған «Corel Draw векторлық графика» практикалық курсының бағдарламасы құрылды.Курстың мазмұнына сәйкес бағдарлама 34 сағатқа құрылған (апталық жүктеме 1 сағат). «Corel Draw векторлық графика» практикалық курсы Corel Draw программасын толық меңгертуге, компьютерде практика дағдылары мен машықтарын игертуге арналған бірнеше зертханалық жұмыстар жиынтығынан тұрады.Курстың мақсаты:12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушылардың білім деңгейлерін жетілдіру.Курстың міндеттері: • оқушыларды Corel Draw программасының жұмыс жасау технологиясымен таныстырып, графикалық ортада ақпараттарды түрлендіруге үйрету; • оқушыларды информатика пәнін кәсіби бағытта оқытудың теориялық негіздерімен және дидактикалық бірліктерімен қаруландыру; • оқушыларды компьютерлік дизайнда жұмыс жасау технологиясымен таныстыру, оны ғылыми-теориялық және дидактикалық тұрғыдан негіздеп, таңдауға үйрету; • компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту.
Бекітемін: Келісемін: Бірлестікте Мектеп директоры: ОІМ қаралды: Тельгузинова Н.К. Бабашайықова С.А. Бәдеспаева А.М _______________ _______________ ______________ «____»__________ «____»__________ «____»________ Құрастырушы: Абилшаикова А.З. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Иса Байзақов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 11 –сынып оқушыларына арналған таңдау курсының күнтізбелік жоспары. Тақырыбы: Векторлы графикалық редактор - CorelDraw 2012-2013 оқу жылы |