2011-2012 оқу жылында Амангелді жалпы орта білім беру мектебінің ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ Информатика кабинеті жұмысын 2005 жылдан бастаған. Кабинеттің негізгі бағыты- оқу процесін іске асыру. Сол мақсатпен кабинетте информатика сабақтары толық өтілуде: 7-11 сыныптарда базистік жоспар бойынша 170 сағат оқылды, қолданбалы курстар 170 сағат оқылды. Танымдық функциясын іске асыруда бастауыш сынып оқушылары үшін экскурсиялар, сабақтар өткізілді (жаратылыстану, әліппе, бейнелеу өнері). Орта және жоғары буын оқушыларымен информатика сабағынан басқа математика, тарих, биология, химия, физика т.б. пәндерден электрондық оқулықтар, мұғалімдердің құрастырылған презентациялар арқылы сабақтар өткізілді. Сонымен қатар әр түрлі сабақтан тыс шаралар жоғары деңгейде өткізілуде. «Миллион кімге бұйырады» пішінді «Хакерге кім жетеді?» атты, «Брейн-ринг», «Білім биржасы» атты ойындар информатика кабинетінде өткізіліп оқушылармен тамашаланды. Компьютерлік техниканың оқу процесін іске асыруда әсері мол- пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, материалдың көрнекі түрде берілуі білім сапасын көтереді. Кабинетте 2009 жылы алынған 5+1 компьютерлік класс бар. Сонымен қоса 1 ноутбук, 2 әмбебап құрылғы, 2 принтер сатып алынды. Барлық техника сақтаулы күйінде жаңа оқу жылына дайын. Жылдағы жоспар бойынша ағымды жөндеуден кабинет өтті: қабырғалар эмульсионды бояумен, еден қоңыр эмальмен боялды. Жарық беру жүйесі күрделі жөндеуден өтті:люминисцент шамдары ауыстырылды. Программалық жабдықтама Интернет арқылы жаңартылып отырады, бірақ сатып алынған емес. Оқу-әдістемелік жабдықтау үнемі жаңартылып толықтырылады. Математика, физика, тарих, биология, химия пәндерінен жаңа электрондық оқулықтар алынды. Мұғалімдермен оқу-әдістемелік кешеңдері құрастырулыда. Компьютерлер жергілікті желіге және Интернет желісіне қосылуда. (Wi-Fi қосылуы). Оқушылар құрылған кесте бойынша Интернет желісіне қосылып мәлімет іздеді, сабақтарға қосымша материалдарды дайындады. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту бөлімі өткізген ақпан айындағы аудандық мұғалімдер олимпиадасына қатыстық. Кабинет мәселелерінің ең маңыздысы - лицензиялары бар программалық жабдықтама сатып алу(оперциялық жүйелер, антивирус бағдарламалары) ; - Кейбір процессорларды модификациялау; - жергілікті желіге әкімшілік, хатшы компьютерлерін қосу. Информатика пәнінің мұғалімі Алкенова Г.Ж. |